Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы




НазваниеСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ektu.kz/files/MethodBook/44909/Силлабус .doc
  1   2   3   4




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет 25 тен




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан


Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

ЭжМ факультетінің деканы


____________Е. Варавин

_______________2014 ж.


ҚАЗАҚ ТІЛІ

Силлабус


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

Силлабус


Мамандық: 5В074500 «Көлік құрылысы»


Оқу түрі: күндізгі


Курс: 1

Семестр: 1,2

Кредит саны: 6

Тәжірибелік сабақтар: 45

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 2 семестр


Өскемен

Усть-Каменогорск

2014

Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу» кафедрасында дайындалып, 5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011) және «Қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы» негізінде құрастырылған.


Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедра отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі А. Жанабилова


1 хаттама 05 қыркүйек 2014 ж.


Экономика және менеджмент факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрайымы Г.Пестунова


№____ хаттама ______________2014ж.


Дайындаған оқытушылар: А. Жанабилова


Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ


«Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу» кафедрасы, Экономика және менеджмент факультеті (Г-2-320 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушылар:

Жанабилова Айжан Кенесовна – қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының доценті.

Жұмыс телефоны: 540-392

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.


1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Бакалавр деңгейіндегі студенттерді дайындауда «Қазақ тілі» пәні міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған силлабус қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне сәйкес, орташа (А1, А2, В1, В2) деңгей бойынша оқитын орыс бөлімі 5В080500 «Су ресурстары және суды пайдалану», 5В042000 «Сәулет өнері», 5В042100 «Дизайн», 5В042900 «Құрылыс» мамандықтары бакалаврларына арналған. Курстың мазмұны қазақ тілін мәдениаралық, болашақ кәсіптік қызметінде кәсіби-іскерлік қатынас құралы ретінде игеруді қамтамасыз етуге бағытталған.





    1. Оқылатын пәнге сипаттама


Қазақ тілі пәні жалпы білім беру пәндерінің ішінде міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларын байытады. Оқытуда студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын дамыту, жетілдіру негізгі мақсат болып табылады.


1.2 Пәнді оқытудағы мақсаты мен міндеттері


Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану; қоғамдық саяси, әлеуметтік, кәсіби-іскерлік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; кәсіби бағдарлы мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрену.

Қазақ тілін үйрену нәтижесiнде типтік бағдарламада қарастырылғандай, орташа ( А1, А2, В1, В2 ) деңгей көлемінде студенттер:

1. Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін меңгерулері;

2. Типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына қажетті минимумды меңгерулері: а) оқылымның барлық түрлерін игеруі; б) диалог, монолог, полилог түріндегі баяндалған мәтіннің мазмұның түсініп тыңдауы, сондай-ақ тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруі; в) қатысымдық міндеттерді орындауда типтік бағдарламада көрсетілгендей тіл дамытуға қажетті минимумды (сұхбат құра білуді, пікірталас жүргізе білуді, сипаттама, хабарлама жасай білуді) игеруі; г) фонетика, орфография, грамматика, лексика тұғысынан типтік бағдарламада көрсетілген минимум көлемінде сауатын жетілдіруі қажет.


1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері


Білімі (мысалы):

Білім алушылар білуге тиіс:

  • грамматикалық білімдерін, жазбаша сауаттылықтарын арттыру;

  • терминдерді меңгерту;

  • студенттердің сөздік қорларын жетілдіру.

Дағдылары:

- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

- қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

  • қазақ тіліндегі әр түрлі мәліметтерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:

  • сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру;

  • студенттердің білімдерін практикалық жолмен меңгерту;

  • ақпараттарды саралауға, оларды орнымен қолдана алу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау.


1.4 Пререквизиттар


Қазақ тілі пәнін оқу үшін студентке келесі пәндер бойынша білім қажет: қазақ тілінен орта мектеп бағдарламасы бойынша алынған білімі, орыс және шет тілінен, мамандықтану пәнінен.


1.5 Постреквизиттар


Қазақ тілі бойынша алған білімі өзге тілдерді үйренуде, мамандық бойынша пәндерді, «Кеңселік және құжаттамалық жұмыс негіздері», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерін оқытуда қажет болады.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Көп еңбекті қажет ететін пән, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Тәжірибелік сабақтар

1 семестр Негізгі деңгей

Тақырып 1







Тәуелсіз Қазақстан.

Л.Т.: Менің елім – егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Г.Т.: Фонетика.Үндестік заңы. Буын түрлері. Тасымал. Екпін. Дыбыстардың үндесуі.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтінмен жұмыс. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. 3. Студенттердің білім деңгейін тексеру тесін өткізу

1,2 апта, 4 сағ.

1. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

2. Мұратбекова А, Әлмұрзина Г. Қазақ тілі. –Өскемен: ШҚМТУ, 2011.

Тақырып 2







Тәуелсіз Қазақстан.

Л.Т.: Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.

Г.Т.: Зат есімнің жалғаулары. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

3, 4 апта,

4 сағ.

1. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

3. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі (оқулық) –Алматы: 2012.

Тақырып 3







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Қазіргі жастардың қоғамға қосатын үлесі. Астананың – Бәйтерек монументі. Менің отбасым.

Г.Т.: Тәуелдік жалғау. Зат есім, грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер.

1. Мамандыққа байланысты терминдер. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

5, 6 апта

4 сағ.

1.Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.

2.БектұровШ., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

Тақырып 4







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Қоғам және жастар.

Г.Т.: Септік жалғау. Жай және тәуелді септеу. Етістіктің осы шағы. Жай және күрделі түрлері.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3.Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

7,8 апта

4 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Байбатанова Ф. И. Қазақ тілі (студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау) Өскемен, 2012.

Тақырып 5







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Техникалық білім ошағы. Біздің топ.

Г.Т.: Келер шақ. Келер шақ түрлері.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін құрастыру, сұхбат жасау.

9,10 апта

4 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). – Алматы: Әділет, 1998.

2. Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.


Тақырып 6







Салауатты өмір – денсаулық кепілі.

Л.Т.: Өзі туралы жеке ақпарат. Денсаулық – зор байлық. Ауруханада.

Г.Т.: Өткен шақ түрлері. Есімше. Сөйлемдегі қызметі.

Ағымдағы тест. Қарым-қатынас жасау: қатысымдық жаттығулар, жоспарланған жобаға дайындық. Іскерлік қатынасты іске асыру: а) «Аурухананың тіркеу орны» рөлдік ойыны

б) «Дәрігер және науқас» рөлдік этюді.

11,12 апта

4 сағ

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Мұрзалина Б., Нұркеева С., Нұрғазина Г., Сағындықова М., Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы). – Алматы, 2003.


Тақырып 7







Мінез және келбет.

Л.Т.: Менің досымның келбеті.

Г.Т.: Сын есім. Негізгі, туынды сын есімдер. Дара, күрделі сын есімдер. Сын есімнің шырайлары.

1. Іскерлік қарым-қатынастың тілдік этикеті. Ісқағаздары: өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, сауалнама.

Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға жаттықтыру. «Жақсы дос – жарым ырыс» тақырыбында әңгімелесу.

3. Ағымдағы тест.

13 апта

2 сағ.

1. Мұрзалина Б, Нұркеева С Нұрғазина Г., Сағындықова М. Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы) – Алматы, 2003.

2. Маселова К, Байбатанова Ф. Ісқағаздарын жүргізу (мемлекттік тіл де ісқағаздар пәнін таңдап оқитын студенттерге арналған әдістемелік құрал) –Өскемен: ШҚМТУ, 2011.

3. Қазақ мақал-мәтелдері. құраст. Ө.Тұрманжанов. - Алматы, 1993.

Тақырып 8







Қазақ халқының өнері мен мәдениеті.

Л.Т.: Қазақстанның мәдениеті және жаhандану. Тарихи-мәдени ескерткіштер. Көне түркі ескерткіштері. Берел ескерткіштері.

Г.Т.: Көмекші сөздер. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы. Болымсыз етістік. Сөздің көп мағыналылығы.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3.Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

4. Аралық бақылау.

14,15 апта

4 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы –Өскемен, 2009.

3. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы). – Өскемен, 2008.

2 семестр Кәсіби бағдарлы деңгей

Тақырып 1

Бос уақыт және қызығушылық.

Л.Т.: «Менің демалыс күнім».

Г.Т.: Үстеу және оның мағыналық түрлері.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3. "Кинода", "Театрда", "Мұражайда " тақырыптарына сұхбат құрастыру. 4. Этнографиялық мұражайға саяхат.

5. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

1 апта

2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). – Алматы: Әділет, 1998.

2. Мұрзалина Б., Нұркеева С., Нұрғазина Г., Сағындықова М., Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы). Алматы, 2003.


Тақырып 2







Бос уақыт және қызығушылық.

Л.Т.: «Қаланың мәдени орындары».

Г.Т.: Көмекші есімдер.

1. Мамандыққа байланысты терминдер.

2. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

3. Мәтінмен жұмыс (аудару, мазмұндау).

4. Қаланың өлкетану мұражайына саяхат жасау.

2 апта

2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы –Өскемен, 2009.


Тақырып 3







Қазақстанның көне қалалары.

Л.Т.: Қазақстанның көне қалалары. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам, Самарқан қаласы.

Г.Т.: Рай категориясы. Ашық рай. Бұйрық рай. Синонимдер.

1. Тақырыпқа байланысты жаттығуларды орындау.

2. Берілген мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру, сұхбат құрастыру.

3. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс (аудару, мазмұндау), сұхбат жасау. Ағымдағы бақылау.

3-4 апта,

4 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі (оқулық) –Алматы: 2012

3. Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ө.Тұрманжанов. - Алматы, 1993.


Тақырып 4







Қазақ халқының ұлы тұлғалары.

Л.Т.: Бес арыс. Үш бәйтерек.

Г.Т.: Қалау рай. Антонимдер.

1. Мамандыққа байланысты терминдер.

2. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

Қорытынды бақылау: лексика-грамматикалық тест.

5-6 апта

4 сағ.


1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Газет, журнал материлдары.

3. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі (оқулық) –Алматы: 2012


Тақырып 5







Менің мамандығым.

Л.Т.: Сәулет-құрылыс факультеті. Мамандық тарихы. Осы саладағы мамандардың қоғамдағы рөлі. Кәсіби бәсекелестік.

Г.Т.: Дара және күрделі етістік. Есімдік, мағыналық топтары.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2.Мәтінмен жұмыс. “За знание” газетінен университет туралы мақалаларынан қосымша мәлімет алу.

3. “Білім - байлығымыз” тақырыбы бойынша қарым-қатынас жасауға жаттығу. “Менің жобам” рөлдік ойыны.

4. Ағымдағы бақылау.

7 апта

2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы).

3. “За знание” газетінің материалдары.

Тақырып 6







Қазақ өнері.

Л.Т.: Сурет өнері. Зергерлік өнері. Қолөнер. Қазақ ұлттық театры. Кино өнері.

Г.Т.: Үстеу, мағыналық түрлері. Шылау сөздер туралы түсінік. Септеулік шылаулар. Жалғаулықтар. Демеулік шылаулар.

1. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай топтау. 2. Мәтінді аудару, мазмұндау.

8-9 апта

4 сағ.

1. Мұса А.О., Төленов І.М., Е.Қ.Құдайбергенов, Дәркенбаева Г.Қ. Қазақ тілі.- Алматы, 2003.

2. Мурзалина Б., Нуркеева С. Қазақ тілі учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку. Алматы, 1998.

Тақырып 7







Қазақстанның сәулет өнері.

Л.Т.: Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларының сәулет өнері.

Г.Т.: Еліктеу, одағай сөздер.

1. Мәтінге жоспар құрау. Сөздікпен жұмыс.

2. Мәтінді оқыту арқылы студент түсінігін тексеру, грамматикалық құрылымдарды таба білу.

3.Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау. Студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ағымдағы бақылау.

10,11 апта

2 сағ.

1. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы).

2. Бектұров Ш.К, Бектұрова А. Қазақ тілі (Лексика. Фонетика. Морфолдогия. Синтаксис). – Алматы: «Атамұра», 2006.

3. Газет, журнал материалдары.

Тақырып 8







Қазақстанның әйгілі суретшілері.

Л.Т.: Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Мақы Уәлиханов.

Г.Т.: Сөйлем түрлері. Хабарлы сөйлем.

1. Сөздікпен жұмыс.

2. Мәтінді оқып түсіну және ондағы грамматикалық құрылымдарды таба білу.

3. Студенттерді кәсіби тілде қарым-қатынас жасай білуге дайындау.

12,13 апта

4 сағ.

1. Бектұров Ш.К, Бектұрова А. Қазақ тілі (Лексика. Фонетика. Морфолдогия. Синтаксис). – Алматы: «Атамұра», 2006.

2. 1. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы).

Тақырып 9







Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Л.Т.: Ерлердің және әйелдердің сырт және бас киімдері.

Г.Т.: Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.

1. Сөздікпен жұмыс.

2. Мәтінді оқып түсіну және ондағы грамматикалық құрылымдарды таба білу.

3. Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу

14,15 апта

4 сағ.

1. Бектұров Ш.К, Бектұрова А. Қазақ тілі (Лексика. Фонетика. Морфолдогия. Синтаксис).

– Алматы: «Атамұра», 2006.

2. Маселова К.М, Байбатанова Ф.И. Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын оқытуға арналған мәтіндер мен жатығулар

(әдістемелік құрал) – Өскемен, 2011.
  1   2   3   4

Похожие:

Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) ОӘК 25. 03. 09 бекіткен №7 хаттамаға сәйкес пәннің жұмыс оқу бағдарламасы...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) ОӘК 25. 02. 09 бекіткен №6 хаттамаға сәйкес пәннің жұмыс оқу бағдарламасы...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
М020500 Филология мамандығының магистранттарына арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
М020500 Филология мамандығының магистранттарына арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының студенттері үшін «Геотектоника және металлогенич» пәні бойынша силлабус...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Мамандық: 5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көліктік пайдалану
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Мамандық: 5В073100 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Мамандықтар: 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы», 5В050600 «Экономика»
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасында дайындалып Сәулет құрылыс факультетіндегі...
Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Философия және адамды дамыту мәселелері» кафедрасында дайындалып барлық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница