Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус




Скачать 274.75 Kb.
НазваниеМолекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус
страница1/2
Дата конвертации15.02.2016
Размер274.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/01/29/54c9c87d532ce.doc
  1   2

G-041.07.05.16-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖББС

Тек.1

Бет тен




СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



молекулярлы биология және микробиология кафедрасы


Силлабус

(Syllabus)


Пән:микробиология

Пәннің коды: Mikb 2218

Мамандығы: қоғамдық денсаулық сақтау

Оқу сағатының саны/кредиттер-135/3

Курс және оқу семестрі 2 курс, 3 семестр


Семей 2013


Силлабус (студенттің жұмыс жоспары) микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасының негізінде молекулярлы биология және микробиология кафедрасымен жасалды.

Автор (ы): Рахимжанова Б.К


Кафедра отырысында талқыланды _______ _______________2014.

№____Хаттама

Кафдра меңгерушісі _____________________ проф.Мынжанов М.Р


Оқытушылар туралы мәәлімет




Аты жөні

Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми қызығушылықтары және жетістіктері/категория

1.

Заворохина Ольга Алексеевна

доцент

Вирусты инфекциялар эпидемиологиясы

2.

Рахимжанова Баян Куралтаевна

Оқытушы

Ауруханішілік инфекциялар

3

Абишева Майра Тлеубаевна

Аға оқытушы

Ішек инфекциялар диагностикасы


Байланыс ақпараты: Семей қаласы . Абай көшесі 103, Семей қ. ММУ бас ғимараты, 3 қабат, 320-354 ауд. Тел-562890


Пән саясаты: оқу процессінде студенттерге қойылатын кафедраның жалпы талаптары, жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайдағы төлем ақы шаралары (өтеулер), емтиханға жібермеу критерилері және т.б. (студенттің сыртқы түрінен бастап, формасына , клиникалық кафедраларда санитарлық кітапшаларына қойылатын талаптар). Алдымен Университетте қабылданған пән саясатын, содан кейін кафедра ерекшеліктерін қою керек.

Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған кафедра мүмкіншіліктері. Студенттік ғылыми үйірменің болуы. Апта күнін және жүргізу уақытын көрсетумен оқу пәні бойынша жүргізілген кеңес туралы мәліметті енгізу қажет.


1. Кіріспе. Микроорганизмдерді жүйелеу және номенклатурасы. Микробиологияның, вирусологияның және иммунологияның пәні және міндеттері. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Отандық және шетелдік ғалымдардың микробиологияның дамуына қосқан үлесі. Қоғамдық денсаулық сақтау маман дәрігері қызметіндегі микробиолгияның рөлі. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар).

2. Пәннің мақсаты:

Студентте адамның инфекциялық және инффекциялық емес патологиясында микроорганизмдердің рөлі туралы заманауи білімді қалыптастыру ; клиникалық диагнозды нақтылауда микробиологиялық әдістердің мүмкіндіктері; инфекциялық процестердің арнайы терапия және алдын алу принциптері; қоршаған орта объектілерінің биологиялық ластануының индикация деңгейі, және оларды тұрғындардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуде қолдану; биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері.

3. Оқу міндеттері

Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру;

Микроорганизмдердің табиғатта таралуы туралы және адам өміріндегі олардың рөлі және инфекциялық аурулардың пайда болуындағы мәні туралы түсінік беру;

Қоршаған ортаның әртүрлі объектілеріндегі, медициналық мекемелердегі және объектілердегі санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер туралы білімін қалыптастыру;

Нормафлораның рөлін зерттеу (микроэкология) және оның адам организіміне әсері;

Кең таралған микробты этиологиялы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың заманауи микробиологиялық диагностика әдістерімен таныстыру және оларды тәжірибелік денсаулық сақтауда қолдану;

Микроорганизмдердің химиопрепараттарға сезімталдығы/төзімділігі туралы түсінік беру;

• макро және микроорганизмдердің өзара әсерлесуінің молекулярлық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

• инфекциялық агенттерден микроорганизмдердің негізгі қорғану механизмдеріне және иммунологиялық реакциялар түрлеріне сипаттама беру;

• микроорганизмдермен шақырылған аурулардың арнайы алдын алу және терапия принциптері туралы түсінік беру;

• студенттерге мүмкін болатын микробтық ластануды бағалаудың қажет әдістерін игеруді үйрету, патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен биологиялық контаминациялаудың алдын ала білу;

• гендік инженерия және биотехнология туралы түсінік беру;

• биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету негізі бойынша білімін қалыптастыру.

4. Реквизитке дейінгі:

Биологияның мектептік курсы, физиология.


5.Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена, эпидемиологияға кіріспе

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Бактериялардың, вирустардың, бактериофагтардың, саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың морфологиясы.

Спирохеталардың, актиномицеталардың, риккетсиялардың, хламидиялардың, микоплазмалардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері. Бактерия жасушасының, вирустардың, саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың құрылымы және химиялық құрамы; зерттелетін құрылымдардың жеке компоненттерінің функционалдық мәні. Микроорганизмдердің морфологиясын зерттеу әдістері. Микроскопия түрлері. Микропрепараттарды дайындау әдіәстері. Препартаттарды бояу әдістері.

Бактериялардың метаболизмі. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі.

Гендік инженерияны микробиологияда және биотехнологияда тәжірибелік қолдану. Микробиологияның және медицинаның прогрессі үшін молекулярлы-генетикалық әдістің бағалығы.


7. Сабақтың тақырыптық жоспары


Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәрістердің тақырыптарының атауы

Сағат саны

1

Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиологияның ғылыми қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қоғамдық денсаулық сақтау маманы үшін микробиологияның мәні.

1

2

Микроорганизмдердің морфология және физиология негіздері. Прокариоттардың, эукариоттардың, вирустардың, фагтардың құрылымы. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі.

1

3

Дезинфекцияның, стерилизацияның, антисептиканың және асептиканың микробиологиялық негізі. Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері.

Антибиотиктер.Бактериялардың дәріге төзімділік механизмдері.

1

4

Инфекция туралы оқу негізі. Макроорганизм және инфекциялық процесс. Қоршаған орта және инфекциялық процесс. Инфекция формалары және түрлері. Эпидемиологиялық процесс.

1

5

Инфекциялық иммунология. Иммунитет түрлері және механизмдері. Организмнің арнайы емес резистенттілік факторлары. Антигендердің және антиденелердің жалпы сипаттамасы. Иммундық жауап формалары.

1




Барлығы

5




2 кредит




1

Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері. Иммунобиологиялық препараттар туралы түсінік.

1

2

Клиникалық микробиология негізі. Вирустық, бактериялық, саңырауқұлақтық және паразитарлы аурулардың диагностикасы үшін материалды алу және тасымалдау ережелері.

1

3

Бактериалды және саңырауқұлақтық инфекциялардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері. Этиологиялық диагноз қою.

1

4

Вирусты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері. Этиологиялық диагноз қою.

1

5

Паразитарлы аурулардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері. Этиологиялық диагноз қою.

1




Барлығы

5




3 кредит




1

Санитарлық микробиология пәні, міндеттері. Жағдайы, рөлі, . оның дамуының перспективасы. Негізгі түсініктер және терминдер. Санитарлық-микробиологиялық бақылаудың мақсаты және міндеттері. Санитарлық-микробиологиялық бақылаудың әдістері. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы. Ауаның, топырақтың және судың санитарлық микробиологиясы. Микробиологиялық бақылауға жататын объектілердің мәні. Суды, топырақты микробиологиялық бақылаудың негіздері.

1

2

Ауаның, топырақтың және судың санитарлық микробиологиясы. Микробиологиялық бақылауға жататын объектілердің мәні. Суды, топырақты микробиологиялық бақылаудың негіздері.

1

3

Тағам өнімдері объектілерінің санитарлық микробиологиясы. Тағам индустриясындағы микроорганизмдердің рөлі. Микробиологиялық бақылауға жататын объектілердің мәні. Тағам өнімдері объектілерінің микробиологиялық бақылауының негізі.

1

4

Санитарлық вирусология негіздері. Санитарлық-паразитологиялық зерттеу әдістері. Қоршаған орта объектілерін санитарлық-вирусологиялық қадағалау. Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерін вирус қоздырғыштарынан залалсыздандыру әдістері.

1

5

Санитарлық паразитология негізі. Қоршаған ортаға антророгенді әсер ету, онда паразит қоздырғыштарының циркуляциялану және инвазияның таралу жағдайлары. Қоршаған орта объектілерін санитарлық-паразитологиялық қадағалау.

1




Барлығы

5



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.



Сабақ тақырыбының атауы

Сағат саны

1

Бактериологиялық зертхананың құрлысы. Микроскопиялау әдістері. Қарапайым және күрделі бояу әдістері.

1

2

Микроорганизмдер физиологиясы. Бактериологиялық әдістің негізі. Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістері, бактериялардың дақылдық қасиеттері.

1

3

Микроорганизмдер физиологиясы. Вирусологиялық әдістің негізі. Вирустарды индикациялау және идентификациялау әдістерінің негізі.

1

4

Микроорганизмдер генетикасының негізі. Иммунобиотехнология негізі. Гендік инженерия және конструирлеу.

1

5

Химиотерапия туралы оқу негізі. Антибиотиктер, жіктелуі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің даму механизмі. Антибиотикке сезімталдықты\резистенттілікті зерттеу әдістері.

1

6

Дезинфекция, асептика, антисептика, стерилизация туралы оқу негіздері. .Оларды бағалаудың микробиологиялық әдістері.

1

7

Микроорганизмдердің экология негіздері. Адамның денесінің, қоршаған ортаның қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз.

1

8

Инфекция туралы ілім. Микроорганизмдердің патогенділік факторлары, мәні, анықтау әдістері.

1

9

Инфекциялық аурулардың иммунодиагностика және иммунопрофилактика негіздері. Иммунодиагностика әдістері (агглютинация, преципитация, ИФР, радиоиммунды әдіс, ИБР,БР, лизис реакциясы және комплемент байланыстыру реакциясы, ИФТ,ТПР және т.б.).

1

10

Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттеу материалын алу және тасымалдау ережелері. Іріңді-қабыну аурулары. Ауруханаішілік инфекциялар. Лабораториялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1




Барлығы

10




2 кредит




1

Ішек инфекциялары (бактериалды, вирусты). Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

2

Патогенді кокктар. Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

3

Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштары. Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

4

Анаэробты инфекция қоздырғыштары (газды гангрена, сіреспе, ботулизм). Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

5

Биоқауіпсіздік негізі. Әртүрлі патогенді топтардың дақылдарымен жұмыс кезіндегі тәртіп. Зоонозды инфекция қоздырғыштары (оба, бруцеллез, туляремия, сібір жарасы). Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

6

Тұмау, паратұмау, аденовирусты инфекция, қызылша, қызамық қоздырғыштары. Микробиологиялық диагностика, алдын алу, емі.

1

7

Гепатит қоздырғыштары. Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

8

АҚТҚ-инфекциясы. Онкогенді вирустар. Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

9

Туберкулез және алапес қоздырғыштары. Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1

10

Протозойлы инфекция қоздырғыштары (малярия, лейшманиоз, трипаносомоз). Микробиологиялық зерттеулер үшін зерттеу материалын алу және жеткізу ережелері . Микробиологиялық диагностика принциптері, алдын алу, емі.

1




Барлығы

10




3 кредит




1

Суды, ауаны, топырақты санитарлық-микробиологиялық зерттеу. Судың, ауаның , топырақтың ластануын сипаттайтын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Жалпы микроб санын, коли-титр, коли-индексті анықтау бойынша жинау, тасымалдау және лабораториялық зерттеу. Судың, ауаның, топырақтың санитарлық жағдайын бағалау критерилері.

1

2

Тағам өнімдерін санитарлық-микробиологиялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері) ластануын сипаттайтын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Жинау, тасымалдау және лабораториялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері) санитарлық жағдайын бағалау критерилері.

1

3

Тағам өнімдерін санитарлық-микробиологиялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (сүт өнімдерінің) ластануын сипаттайтын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Жинау, тасымалдау және лабораториялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (сүт өнімдерінің) санитарлық жағдайын бағалау критерилері

1

4

Тағам өнімдерін санитарлық-микробиологиялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (сыра және алкогольсіз сусындар) ластануын сипаттайтын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Жинау, тасымалдау және лабораториялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (сыра және алкогольсіз сусындар) санитарлық жағдайын бағалау критерилері

1

5

Нан ауруының микробиологиялық аспектілері. Тағам өнімдерінің (нан) санитарлық жағ,дайын бағалау критерилері.

1

6

Тағам өнімдерін санитарлық-микробиологиялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (консервілер) ластануын сипаттайтын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер. Жинау, тасымалдау және лабораториялық зерттеу. Тағам өнімдерінің (консервілер) санитарлық жағдайын бағалау .

1

7

Медициналық ұйымдардағы санитарлық-микробиологиялық зерттеулер. Эпидемиологиялық маңызды объектілер (персонал, құрал -жабдықтар, аппаратура және т.б.). Микробиологиялық бақылау және залалсыздандыру әдістері.

1

8

Санитарлық вирусология. Санитарлық-вирусологиялық зерттеу әдістері. Қоршаған орта объектілерін санитарлық-вирусологиялық қадағалау. Әртүрлі қоршаған орта объектілерін вирус қоздырғыштарынан залалсыздандыру әдістері.

1

9

Санитарлық паразитология. Санитарлық-паразитологиялық зерттеу әдістері. Қоршаған орта объектілерін санитарлық-паразитологиялық қадағалау. Әртүрлі қоршаған орта объектілерін паразиттер қоздырғыштарынан залалсыздандыру әдістері.

1

10

Санитарлық микробиология бойынша нормативтік құжаттар. Құжаттар. Микробиологиялық бақылаудың мәні.

1




Барлығы

10

  1   2

Похожие:

Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен
Силлабус оқу бағдарламаға сәйкес құрастырылған. Кафедра мәжілісінде бекітілген. 26. 08. 2010ж
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconКурсы және оқу семестрі 1/2 Семей 2013
Пәннің Жұмыс бағдарламасы микробиология бойынша Типтік оқу бағдарламасы негізінде молекулярлы биология және микробиология кафедрасымен...
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconШ. И. Сарбасова атындағы микробиология,вирусология кафедрасы
Силлабус микробиология пәнінен 051101 «Мейірбеке іс» мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына (Астана, 2006),...
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconБиология кафедрасы силлабус
Силлабус 051101- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулярлық...
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconБиология кафедрасы силлабус
...
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconШ. И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бакалавриат (Астана, 2009)....
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В060700 – «Биология» мамандығы үшін құрастырылған
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В060700 – «Биология» мамандығы үшін құрастырылған
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус iconПән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 08. 389-2006 Қр ммос және 2007 жылғы...
Молекулярлы биология және микробиология кафедрасы Силлабус icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен
Силлабус Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген және ұсынған. Республикалық оқу әдістемелік жоғары және жоғары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница