Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр




НазваниеКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр
страница1/3
Жумамбаева Р М
Дата конвертации15.02.2016
Размер310 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/03/54d04d147da9e.doc
  1   2   3

G-041.07.05.21-2013

Жұмыс бағдарламасы

Бакалавриат МЖМБС

1 Бас.

Бет тен




СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКА КАФЕДРАСЫ


Жұмыс бағдарламасы


Элективті пән: Клиникалық медицинаға кіріспе

Пәннің коды: VKM 2219

Мамандығы: қоғамдық денсаулық сақтау

Оқу сағатының/кредитінің*көлемі: 135 сағат (3 кредит)

Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр


Cемей,

2013 ж.


Пәннің Жұмыс бағдарламасы Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы құрастырылды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚР 2012 жылғы мемлекеттік жалыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Клиникалық медицинаға кіріспе типтік оқу бағдарламасының негізінде


Автор(лар): Жумамбаева Р.М., Орынбасарова Б.А., Кайдарова С.Б.


_______. _______________201_ кафедра отырысында талқыланды

№____Хаттама

Каф. меңгерушісі _____________________ Жумамбаева Р.М.


«________» мамандығы бойынша ББК талқыланды __________________________________________

____ _________ 201_ № ______хаттама


Төрағасы ________________________ Кырыкбаева С.С.


Оқу Әдістемелік Кеңесте бекітілді

______ __________201_ № ____хаттама


Төрағасы ________________________ Жунусова А.Б.


1.Кіріспе

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалаврлары практикалық клиникалық қызметпен айналыспайды, дегенмен клиникалық қызмет мазмұнын дұрыс тандау үшін клиникалық медицина негіздерімен танысу керек. Оған пациенттерді тексерудің жалпы қағидаттары, ішкі ағзалардың кең тараған ауруларының клиникалық-зертханалық әйгіленімі мен емдеу қағидатгары туралы негізгі білім енеді. Бакалаврларда ішкі ағзалардың әлеуметтік әні бар ауруларының этиологиясы мен эпидемиологиясы туралы түсінігі болуы, сондай-ақ аталған аурулардың алдын алудың негізгі бағыттарын білуі тиіс. Оларды өмірге қауіп төнген жағдайда шұғыл көмек көрсетуге үйрету де маңызды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігерге дсйін медициналық көмек көрсетуді үйрету керек тұлғалар контингентіне денсаулық сақтау ұйымының медициналық білімі жоқ қызметкерлері де жатады. Дәрігерге қаралғанға дейінгі медициналық комек - медициналық орта білімі бар медицина қызметкері аурудың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен медициналык сауықтыру, емдеу, диагноз қою әдістерін қолдануды қажет етпейтін аурулар кезінде көрсететін көмек. Денсаульқ сақтау бакалаврлары зардап шеккендерге көмек көрсетпес бұрын жағдайды адекватты бағалау үшін, құтқару қызметтеріне ақпаратты дұрыс беру үшін, төтенше жағдайларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақытында қабылдау үшін, дәрігерге дейін көмек көрсету алгоритмін қолдану үшін штаттан тыс жағдайлардың туындауына (жол-көлік оқиғасы-ЖКО, өрт, су басу және т.б.) дайын болуы керек.

2.Пәннің мақсаты: науқастарды тексерудің физикалық әдістері, ішкі ағзалардың кеп тараған ауруларының симптоматологиясы мен синдромдық диагностикасы, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру, өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігерге дейін медициналық көмек көрсетуге үйрету.

3.Пәннің міндеттері: науқастарды тексерудің негізгі әдістері туралы түсінік беру (сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация); ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типтік ағымы кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтау кағидаттарымен таныстыру; зертханалық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістері туралы түсінік беру; ішкі ағзалардың кең тараған ауруларына қазірі кезеңде диагноз қою және емдеу қағидаттарымен таныстыру; зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсетудің теориялық негіздерін үйрету;

өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігерге дейін медициналық көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйрету.

4.Білім берудің түпкілікті нәтижелері

Студент білуі керек:

  • кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін, коммуника- тивтік машық негіздерін;

  • нормада және патологияда физикалық зерттеу әдістерінің мәлімет- терін;

  • ішкі ағзаның кең тараған ауруларының симптоматологиясы мен син- дромдарын;

  • негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін, оларды түсіндіру негіздерін;

  • ішкі ағзаның кең тараған ауруларына диагноз қою әдістері мен емдеу қағидаттары;

  • кейбір шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету қағидаттары мен симптоматологияны білуі тиіс.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін қолданып науқасқа қарапайым физикалық тексеру өткізуді;

  • ішкі ағзаның кең тараған аурулары кезінде симптомдар мен синдром- дарды ажыратуды;

  • негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсін-

  • діруді;

  • ішкі ағзаның кең тараған аурулары кезінде ықтимал диагнозды бол- жауды;

  • шұғыл жағдайларға күмандану, диагноз қоюды және көмек көрсетуді үйреніп алуы қажет.

Студент:

  • науқасты жалпы тексеруге (пальпация, перкуссия, аускультация); пульсті, артериялық қысымды өлшеуге, тыныстық қозғалыс санын есептеу;

  • жүрек қызметі мен тыныс тоқтаған кезде, қан кеткенде, жарақаттарда,

  • шығуларда, политравмаларда дәрігерге дейін көмек көрсету, трав- малық шок және басқа да шұғыл жағдайларда (босану, улану, жіті со- зылмалы аурулар асқынуы әйгіленімінде алғашқы көмекті көрсетуге машықтануы қажет.

5.Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Пререквизиттер: анатомия және физиология, жалпы патология негіз- дері, психология негіздері және коммуникативтік машықтар.

Постреквизиттер: қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе, эпидемиоло- гияға кіріспе.

ПӘН САҒАТТАРЫН БӨЛУ


Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

ОСӨЖ және СӨЖ*

Дәрістер

Практикалық сабақтар

135

15

30

90


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ДӘРІСТЕР МЕН САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ, СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ**

1 КРЕДИТ

Тыныс алу ағзалары мен жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде диагноз қою, емдеу және дәрігерге қаралғанға дейін медициналық көмек көрсету қағидаттары. Тыныс алу және жүрек қызметі тоқтаған кезде дәрігерге қаралғанға дейін көмек көрсету.

Кіріспе

Науқасты клиникалық тексеру әдістері

Клиникалық медицинаға кіріспе. Клиникаға кіріспені зерттеу пәні және міндеттері. Қазақстандағы терапиялық мектептер және олардың клиникалық зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі. Дәрігерлік этика және медициналық деонтология. Коммуникативтік машықтар. Семиотикажэне симптоматология. Диагноз әдіснамасы. Диагноздың түрлері. Науқас сырқатнамасының схемасы. Жалпы тексеру. Науқастың жалпы жағдайы. Ес (нақты, ступор, сопор, кома, команың әртүрлі түрлері). Науқастың жағдайы (белсенді, пассив, мәжбүрлі). Дене бітімі. Конституция және конституциялык типтер туралы түсінік. Тері және сілемейлі қабықтар. Түс. Тері тургорлары. Теріасты-май талшығы. Лимфа түйіндері. Оларды зерттеу әдістемесі. Бұлшықеттер. Олардың даму дәрежесі, бұлшықет тонусы, күші. Сүйектер: формасы, деформацияның болуы, басқанда және сипағанда ауыру. Сүйектердің сынуы туралы түсінік. Буындар. Конфигурацияның өзгеруі. Ісіну, ауырғыштық және қозғалыс кезінде сықырлау. Актив және пассив қозғалыстың көлемі. Антропометриялық өлшеу. Бой. Салмақ. Өлшеу техникасы. Антропометриялық өлшемдердің мәні. Дене температурасы.

Тыныс алу ағзаларының кең тараған аурулары

Ауруханадан тыс және ауруханалық пневмония. Иммунитет тапшылығы жағдайында дамыған пневмония. Инфекцияның, химиялық, физикалық, аллергиялық факторлардың маңызы. Гипостатикалық, аспирациялық, операциядан кейінгі, травмалық пневмониялар. Салқын тиюдің, күйзелістің, алкогольдің, бронхылардың зақымдануының рөлі. Негізгі клиникалық әйгіленімдер. Диагностиканың зертханалық-аспаптық әдістері. Емдеу қағидаттары.

Бронх демікпесі. Анықтамасы. Эпидемиология және әлеуметтік мәні. Бейинфекциялык, инфекциялық, механикалық және химиялық ирританттардың, физикалық және метеорологиялық, нерв-психикалық, күйзеліс әсерлеріне тұқым қуалаған бейімділіктің мәні. Негізгі клиникалық әйгіленімдер. Диагностиканың зертханалық-аспаптық әдістері. Пикфлоуметрия. Емдеу қағидаттары. Халықаралық емдеу бағдарламалары. «Астма мектептің» рөлі. Бронх демікпесі ұстамасы,белгілері мен симптомдары. Бронх демікпесі ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету.

Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы. Эпидемиологиясы. Анықтамасы. Инфекцияның, полютанттардың, шылым шегудің, суық- таудың, кәсіптік, эндогендік факторлардың мәні. Негізгі клиникалық әйгіленімдер. Асқынулар (жіті және созылмалы тыныстық жеткіліксіздік). Диагностиканың зертханалық-аспаптық әдістері. Емдеу қағидаттары.

Тыныс алу ағзалары жүйесін зерттеу кағидаттары.

Негізгі шағымдар және олардың туындау механизмі. Жөтел. Қан түкіру, өкпеден қан кету. Көкіректің ауыруы: қарқындылық, сипаты, иррадация, тыныс алу мен жөтелмен байланысы. Тұншығу: сипаты, пайда болууақыты, ұзақтығы. Тұншығудың түрлері. Көкіректі тексеру. Көкіректің формасы. Тыныс алу типі. Минуттағы тыныс алу саны, тыныс алу тереңдігі және ритмі. Тұншығудың обьективтік белгілері. Диагностикалық мәні. Пальпация. Кеудені пальпациялау әдістемесі. Диагностикалық мәні. Перкуссия. Перкуссияның физикалық негіздері. Салыстырмалы перкуссия, оның тәртібі. Диагностикалық маңызы. Топографиялық перкуссия. Диагностикалық мәні. Аускультация. Аускультация әдісінің физикалық негіздері. Аускультация тәртібі мен техникасы. Негізгі және жанама (патологиялық) тыныстық шуылдар, олардың туындау механизмдері және диагностикалық мәні. Жанама тыныстық шуылдардың диагностикалық мәні.

Тынысалуағзаларын зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері. Тексеру, натив және боялған препараттарды микроскоппен қарау, бактери- оскопия әдісімен қақырықты, плевра сұйыктығын зерттеудің зертханалық әдістері. Зерттеудің аспаптық әдістерінің диагностикалық мәні: өкпе рент- геноскопиясы, рентгенографиясы, томография, компьютерлік томография, бронхоскопия. Сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу: спирография, пикфлоуметрия. Тыныстық жеткіліксіздік диагностикасында тыныс алу ағзаларын функциялық зерттеудің маңызы.

Клиникалық синдромдар туралы ұғым (себептері, симптомдары, олардың механизмі, диагностика әдістері). Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі клиникалық синдромдар:

  1. Бронхылық өткізгіштіктің бұзылу синдромы.

  2. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы.

  3. Плевра қуысына сұйықтық пен ауаның жиналуы синдромы.

Жүрек-қантамыр жүйесі ағзаларының көп тараған аурулары

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) туралы ұғым. Әлеуметтік мәні, эпидемиология. атеросклероздың даму теориясы. ЖИА-ның қауіп факторлары. Стенокардия ұғымы. Стенокардияның клиникалық нұсқалары: тұрақты, алғаш рет туындаған, үдемелі, кернеулі, нұсқалы стенокардия. Тұрақты кернеулі стенокардияның функциялық кластары. Фармакологиялық және жүктеме сынамаларымен ЭКГ рөлі. ЖИА-ны емдеу қағидаттары: гиполипидемиттік заттар, ауырсыну ұстамаларын нитраттармен тоқтату және алдын алу. Жіті коронарлық синдромда шұғыл көмек көрсету.

ЖИА. Миокард инфаркті. Анықтамасы. Эпидемиология. Миокард инфарктінің атиптік формалары (астмалық, аритмиялық, гастралгиялық, церебральдық, моносимптомды). Зертханалық, ферменттік диагностика. Тропониндер, қан миоглобині. Миокардтың трансмуральдық жәнеинтрамуральдық инфаркті кезіндегі ЭКГ-дағы өзгерістер. Ерте диагноз қою мен госпитальға жатқызудың мәні. Миокард инфарктін емдеу қағидаттары (режім, диета, ауырсынуды тоқтату, антикоагулянтты, антиагрегантты те- рапия, нитраттар). Солжақ қарынша функциясының жіті жеткіліксіздігінде шұғыл көмек көрсету.

Артериялық гипертепзия. Анықтамасы. Таралғыштығы. Әлеуметтік мәні. Қауіп факторлары. Артериялық гипертензияның дәрежелері бойынша жіктемесі. Нысана ағзалардың зақымдануы. Симптомдық артериялық гипертензиялар (бүйректік, реноваскулярлық, тамырлы, эндокриндік) туралы түсінік. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері. Қазіргі заманғы антигипертензиялық дәрі-дәрмектер. Гипертониялық криздер, клиникалық көрінісі. Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсету.

Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу қағидаттары

Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу әдістері

Негізгі шағымдар және оларды қалыптастыру механизмдері. Жүрек аймағының ауырсынуы, ентігу, тұншығу (жүрек демікпесі), жүрек соғуы, жүрек жұмысындағы ауытқулар, бастың ауыруы, бас айналу, ісінулер. Жалпы тексеру. Науқастың қалпы, тері жамылғыларының боялуы:цианоз, бозғылт, көгіс тартқан қызғыштық. Ісінулер, олардың туындау механизмі, орналасуы, таралғыштығы, айқындылық дәрежесі. Бұл өзгерістердің диагностикалық мәні. Перифериялық қантамырларды тексеру. Жүрек аймағын тексеру: ұшарбасылық және жүрек соғуы. Диагностикалық мәні. Пальпация. ұшарбасылық және жүрек соғуын пальпациялау. Систолалық және диастолалық діріл. Диагностикалық мәні. Перкуссия. Жүректің салыстырмалы дыбысының, қантамыр шумағының шегін анықтау әдістемесі. Диагностикалық мәні. Аускультация. Жүректі аускультациялау әдісі мен техникасы. Жүректі аускультациялау нүктелері және көкірекке қақпақшалардың шынайы проекциясы. Жүрек дыбысы, оның туындау механизмі. Негізгі дыбыстар (I жэне II). Жүрек шуылы. Туындау механизмі. Перифериялық қантамырларды тексеру. Қантамырларды тексеру. Самай, ұйқы, кәріжілік, тізеасты артерияларын және аяқтың сыртқы жағындағы артерияларды пальпациялау. Кәріжілік артерияларындағы пульстің қасиеті. Артериялық қысымды (АҚ) анықтау. Әдістемесі және техникасы. Систолалық, диастолалық, орташа АҚ және пульстік АҚ. Артериялық гипертензия және гипотензия туралы ұғым.

Жүрек-қантамыр жүйесін зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері

Миокардты жіті зақымдаудыңбиохимиялық маркерлері. Жалпы нәруызды, нәруыз фракцияларын, С-реактив нәруызын, серомукоидті, антистрептокиназаны анықтаудың диагностикалық мәні. Холестерин мен липопротеидтерді анықтаудың маңызы. Электрокардиография. Электрокардиография техникасы. Электрокардиограмманы 12 кескінде тіркеу (стандарт, көкіректік және бір полюстік). Нормадағы электрокардиография. ЭКГ-ні түсіндіру талдамасы. Эхокардиография. Әдіс туралы жалпы көзқарас. Бұл зерттеуді тағайындауға көрсетімдер. Диагностикалық мәні.

Қанайналым ағзалары ауруларының негізгі клиникалық синдромдары (себептері, симптомдары, олардыңмеханизмі, диагностика әдістері):

  1. Артериялық гипертензия синдромы (эссенциалдық және симптомдық).

  2. Коронарлық жеткіліксіздік синдромы (жіті және созылмалы).

  3. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы).
  1   2   3

Похожие:

Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 2 семестр
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі: 4 курс, 7 семестр
Пәннің Жұмыс бағдарламасы травматология және профилактикалық медицина кафедрасында құрастырылды
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі : 1 курс, 2 семестр
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды «Құқық негіздері» типтік оқу бағдарламасының...
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі: 1-2 курс, і-уі семестр
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қазақ және латын тілдері кафедра оқытушылары құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі 1- курс, 1 семестр Семей, 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі: I курс, ІІ семестр
Мақсаты: қол-аяқтың қимыл-қызметінің орталықтан жəне шеттен бұзылуын оқып үйрену
Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 1 семестр Семей 2013ж
Пәннің Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасында құрастырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница