Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница1/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://iktu.kz/files/panderkatalogy/magistratura/6M060600.doc
  1   2   3   4   5

Ф-ОБ-001/186


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Жаратылыстану факультеті

Экология және химия кафедрасы

Мамандықтың пәндер каталогы


МАМАНДЫҚ (6M060600 - химия)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ түрі

бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)




1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ



ShТ1102

Шетел тілі

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизит:жоқ

0+2+0


Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: Ағылшын тілінің міндеттері дискурстық қабылдау және құрылуына, өзара әрекетке (диалогтық қарым-қатынас) және баланысты сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріндегі: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу коммуникативті біліктеріне қойылатын талаптарда нақтыланады.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Таныс тіркестер және негізгі тіркестер. Заттар, олардың қатыстылығы, мекені, айналасы. Таныс тақырыптарға қысқа мәтіндер, жалпы қабылданған белгілер мен нышандардан тұратын ақпарат. Қарапайым тұрақты сөз тіркестері, ілікпе-клише сөздері ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердегі сөйлеу элементі ретінде. Ағылшын тілінде туған елі мен мәдениеті туралы. Туған елі мәдениетінде өзге мәдениеттердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, эквивалентсіз лексиканы және оның мағынасын тану. Жазбаша сөйлеудегі салт-дәстүрлер мен ұлттық-мәдени ерекшеліктерін білу. Жеке хат, тірек сөздерге сүйене отырып электрондық хабарлама, құттықтау хат жазу.

Білімі: өзін және басқаларды таныстыра алады, сондай-ақ жеке басына қатысты ақпаратты сұрай алады және бере алады;

әңгімеге қатыса алады, егер қарсыласы ақырын, нақты сөйлеген жағдайда;

таныс тақырыпта қысқа мәтіндерді оқи, түсіне алады және жалпы қабылданған белгілер мен нышандардан тұратын ақпаратты қабылдай алады

Білігі (іскерлігі): алдын-ала берілген тақырыпта қарапайым әңгімеге қатысу;

оқыған мәтін негізінде хабарлама, өзі, отбасы, туған қала, оқитын университеті, тұратын мекен-жайы, туған елі, тілі оқытылатын ел жайлы хабарлама жасай алу;

қарапайым әрекеттерге суйене отырып жай сөйлемдерді түсіне алу;

  • тақырыпқа сай аутенттік мәтіндерді дұрыс дыбысталуын ескеріп мәнерлеп оқуға;

туған елін және оның мәдениетін ағылшын тілінде таныстыра алуға;

жеке хат, ашық хат, қысқа хат жазу және бланк толтыра алуға дағдыланады.

Құзыреттері: Практикалық шет тілін оқыту барысында шет тілінде жазылған мәтіндер, оқиғалар мен түрлі әдеби шығармаларды түсінуімен қатар, еркін сөйлеуге машықтанады; ағылшын тілінің негізгі базасын меңгерген студенттер әдеби және актуальды мәселелерді шеше алуы тиіс.

-қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу;

- тарихи-мәдени викториналарға сұрақтар мен жауаптар құрастыу;

- ағылшын тілінде сөйлейтін ел мәдениетінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау;

-қысқа қарапайым тіркестер мен сөйлемдер құрастыра алады және қарапайым хабарламалар құрастыру.

Ped1104

Педагогика

2 кредит / 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ 1+1+0


Модульдің (курс) мақсаты: Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Педагогтың тұлғасы және кәсіби іс-әрекеті. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Педагогика ғылымының дамуы. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Үздіксіз білім беру. Қосымша білім беру.

Пәннің міндеттері: Тұтас педагогикалық үрдіс. 12-жылдық және шағын жинақты мектептерде тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Педагогикада мақсатты анықтау. Тұлға тәрбиенің зерттеу пәні ретінде. Тұлға дамуының және әлеуметтенуінің ішкі және сыртқы факторлары. Тұлғаның интеллектуалд Тұлғаның дамуы мен тәрбиесінің жас және жеке ерекшеліктері.

Тәрбиенің мәні. Дүниеге көзқарас – қалыптасушы тұлғаның негізі. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Тәрбиенің әдістері, құралдары және формалары. Тәрбие үрдісінде тұлғаны қалыптастыру: азаматтық тәрбие, патриоттық тәрбие, құқықтық тәрбие, ұлттық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі және кәсіби бағдар беру, гендерлік тәрбие, отбасы тәрбиесі. Тәрбиенің қазіргі технологиялары. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқыту үрдісі тұтас жүйе ретінде. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары. Оқытудың әдістері мен құралдары. Қазіргі білім берудің мазмұны. Оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары. Оқытудағы диагностика және бақылау. Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары.

Білім беру жүйелерін басқару. 12-жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың қазіргі күнгі тұғырлары.

Пәннің қысқаша мазмұны: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Жүйке жүйесінің физиологиясы, анатомиясы және гигиенасы, жоғары жүйке әрекеті, оның жас ерекшеліктері. Сенсорлық жүйелердің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Ішкі секрециялық бездер анатомиясы мен физиологиясы және жыныстық тәрбиелеу. Тірек - қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері мен гигиенасы. Вегетативті жүйелердің жас ерекшеліктері. Мектептің ғимараты мен оқу бөлмелеріне, ауа ортасына, жарықтандырылуына және құрал - жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдерде саламатты өмір салтын қалыптастыру негіздері.

Білімі: оқыту, тәрбие теориясының білімдер жүйесін және педагогика ғылымының жалпы ұғымдарын меңгереді.

Білігі (іскерлігі): педагогиканың әдіснамасы мен әдістерін кәсіби педагогикалық және ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде пайдалана алад.

  • педагогикалық жағдайларды модельдеу және талдау;

қазіргі кездегі отандық және шетелдік педагогикалық басылымдарда жарияланған білім беру үрдісіндегі мәселелер туралы мақалаларға аннотация жасау;

сабақтағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары туралы конспект жазу;

орта білім беру жүйесіндегі отандық жаңашыл-мұғалімдердің тәжірибелеріне талдау жасау және конспект жазу;

белгілі бір пән бойынша оқушылардың білім және біліктерін тексеру диагностикасын құру;

қазіргі білім беру ұйымдарын басқару құрылымының моделін құру;

жазбаша шығармашылық тапсырмалар орындау;

презентация дайындау.

Құзыреттері: мектептегі педагогикалық үрдісті жобалайды және жүзеге асырады;

оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу барысындағы тұлғалық және кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында өзекті педагогикалық құзыреттіліктерді меңгереді.



КӘСІБИ МОДУЛЬДЕР БЛОГЫ


GZUJ 1201

Ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

2 кредит / 3 ECTS

Пререквизиттер:

Магистранттардың ЖОО бағдарламасы-нан игерген химия-ның негізгі заңды-лықтары жөнінде түсініктері болуы керек.

1+1+0


Модульдің (курс) мақсаты: магистранттарға ғылыми және педагогикалық ақпараттарды зерттеу, зерттеу жұмысының түрлері мен формалары, магистірлік диссертация дайындау және қорғау туралы арнайы білім беру. Химиядан білім беру облысындағы алғашқы құжаттар: диссертациялар мен авторефераттар, патенттер, мақалалар, тезис баяндамалар, кітаптар туралы түсініктер беру және олармен жұмыс істеуді үйрету.

Пәннің міндеттері: - магистрлерді педагогика-лық зерттеудің негізгі әдістерімен: әдебиетпен жұмыс істеу, сауалнама, бақылау, интервью және т.б., зерттеуді ұйымдастыру кезеңдерімен таныстыру;

- педагогикалық зерттеулердің басты аспектілерін игеру;

- мамандарды ғылыми педагогика бойынша тәжірибелі эксперимент жүргізуге баулу;

- магистірлік диссертациямен жұмыс жасау әдіс тәсідері туралы түсінік беру үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Ғылыми-зерттеу жұмыстар туралы түсінік. «Магистр» біліктілігі және оның ғылыми мәртебесі. Ғылыми шығармашылығының жалпы әдіснамасы. Магистрлік диссертация туралы жалпы түсінік. Ғылыми танымының әдістері. Ғылыми әдебиеттік өнімдері. Диссертация жазудың дайындығы.

Магистрлік диссертация - ғылыми жұмыстар-дың бір түрі. Жоспарлау, орындау. Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар. Магистрлік диссертация жазудың әдістемесі және безендіру ережесі. Магистрлік диссертацияның ғылыми аппараты. Магистрлік диссертация қорғаудың тәртібі.


Білімі: оқыту, тәрбие теориясының білімдер жүйесін және педагогика ғылымының жалпы ұғымдарын меңгереді.

Білігі (іскерлігі):

-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістерін;

- магистірлік дссертация дайындау әдістерін.

- басылымдарға мақала жариялау, конференцияларға баяндама жасау;

-магистрлік диссертацияға өз бетімен материалдарды жинау, талдау, құрастыру.

Құзыреттері:

- патенттердің құрылысын, оның түрлерін білу. Оларды кітапханалардан іздестірудің әдістерін меңгеру.

  • диссертацияладың құрылысы, олардың түрлерін білу. Ғылыми дәрежелер туралы Ғылыми кеңес және автореферат туралы түсінік болу. Диссертациялардың түрлері мен және оларды кітапханалардан іздестірудің әдістерін меңгеру.

  • мақалалардың құрылысын және оның маңызын білу. Мақалалардың түрлерін және оларды кітапханалардан іздестірудің әдістерін меңгеру.

  • кітаптардың құрылысын және оның маңызын білу. Кітаптардың түрлері және оларды кітапханалардан іздестірудің әдістерін, химия пәніне арналған кітаптармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

  • дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпараттар жүйесі туралы түсінік болуы керек. Библиографиялық және реферативті басылымдардың жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

  • халықаралық ұйымдардың, дүниежүзіндегі экономикалық дамыған елдердің және Қазақстан Республикасының химиядан білім беру саласындағы ғылыми және ақпараттық басылымдардың тізімімен таныстырып көрсету.

  • интернет жүйесінен ғылыми педагогикалық ақпараттарды іздеу әдістемесін меңгеру. Орыс және шет тілдеріндегі негізгі ақпараттық іздеу машиналарымен жұмыс істеу тәсілдерін білу.







FHKKM1203

Физикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

2 кредит / 3 ECTS

Пререквизиттер:

Магистранттардың ЖОО бағдарламасы-нан игерген химия-ның негізгі заңды-лықтары жөнінде түсініктері болуы керек.

1+0+1



Модульдің (курс) мақсаты: Физикалық химия-ның қазіргі кездегі мәселелері заттың құрылы-сын, химиялық процестердің жүйедегі тепе-теңдік жағдайы мен оның бір күйден екінші күй-ге ауысу мүмкіндігін, химиялық реакция жыл-дамдығының уақытқа байланысты өзгеруін, электрлік және химиялық энергиялардың өзара ауысу заңдылықтары сияқты мәселелерді қарас-тырады. Сондай-ақ, процестер мен химиялық құбылыстардың жүру заңдылықтарын зерттеп, химиялық процестерді сандық жағынан сипаттайды.

Пәннің міндеттері:

  • магистранттарға физика-химиялық және химиялық құбылыстардың өту заңдылықтарын түсіндіру;

  • магистранттың ғылыми ой-өрісін дамыту;

  • магистранттың химиялық сауаттылығын арттыру;

  • өз бетінше ғылыми білім деңгейін кеңейтуге үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны: Статистикалық термодинаика элементтері. Термодинамикалық және термохимиялық белгілер. Термодинами-каның екінші заңы Энтропия туралы түсінік. Термодинамикалық потенциалдар. Фазалық тепе-теңдік және ерітінді. Химиялық кинетика негіздері. Электрохимия. Электр қозғаушы күштер және электродтық процестер.

Білімі: Статистикалық термодинамиканың негізгі постулаттаврын , кинетикасын, химиялық реакциялардың жүру жағдайларының заңдылықтары туралы білімді қалыптастырып, теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге үйрету.

Білігі (іскерліктері): қазіргі заманғы қондырғыларда жұмыс жасау, алынған мәліметтерді графикалық жүйеде өңдеу, қажетті есептеулер жүргізу тәсілдерін меңгеру.

Физикалық химия химиялық жүйелер мен процестердің сипаттамаларын бір зат екінші затқа сапалық айналу кезінде байқалатын физикалық құбылыстар мен қасиеттерін зерттейді және оны өлшеу арқылы физика- химиялық тәжірибені жүргізудің жолдарын үйретеді, тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді дұрыс өңдеу және қорытындылауға дағдыландырады.

Құзыреттері: қазіргі заманғы қондырғыларда жұмыс жасау, алынған мәліметтерді графикалық жүйеде өңдеу, қажетті есептеулер жүргізу тәсілдерін меңгеру.Студенттер физикалық химиядан алған білімдерін химия-технологиялық және металлургиялық және физиологиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге құзыретті.


АНТТ 1204

Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары

3 кредит / 5 ECTS

Пререквизиттер:

Магистранттардың ЖОО бағдарламасы-нан игерген химия-ның негізгі заңды-лықтары жөнінде түсініктері болуы керек.

1+0+2


Модульдің (курс) мақсаты: тепе-теңдік күйлердің заңдылықтарының бәсекелес реакциялар қатыс-уымен жүретін протондану, комплекстүзілу және тұндыру сияқты күрделі реальды химиялық процестердің механизмінің теориялық негізін беру.

“Аналитикалық химияның таңдаулы тарау-лары” пәні магистранттарды табиғи және жасан-ды химиялық қосылыстардың құрамына сапалық және сандық анализ жасай білуге, минералды тыңайтқыштарды қолдануды, өсімдіктерді зиянкестерден химиялық қорғауды үйретеді және сондай-ақ анализдеудің өте сезімтал дәл, әрі тез атқарылатын жаңа тәсілдерін жасай білуге баулиды.

Пәннің міндеттері: - болашақ химия мамандары аналитикалық химия курсы бойынша теориялық білім алуымен қатар, реакцияға қатысатын заттарды және реакция өнімдерін анықтай білуі де қажет. Аналитикалық химияның теориялық бөлімі магистранттардың бейорганикалық химия пәні бойынша алған білімін тереңдетіп, жалпы химиялық заңдылықтарды сапалық және сандық анализде қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.

- реалды сулы ерітінділерде бөгде иондар мен бәсекелес процестер қатысында жүретін химиялық реакциялардың тереңдігін, бағыты мен нәтижесін теориялық болжауды үйрету;

- гомогенді және гетерогенді тепе-теңдіктер константаларын, құрамы күрделі қышқыл-негіздік және буферлі қоспалардың рН-ын судың сулы, органикалық еріткіштердегі диссоциациялануын ескеріп есептеу дағыларын беру;

Бұл курстың білімі мамандарға олардың алдағы ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметтерінде заттардың реальды жағдайдағы әртүрлі әрекеттесуінің тепе-теңдік параметрлерін есептеуге қажет.

Пәннің қысқаша мазмұны: Аналитикалық химияның таңдаулы тарауларына шолу және ғылым ретінде даму сатылары, Қазіргі заманғы аналитика. Сапалық анализ әдістері. Зерттеу обектілері. Гомогенді тепе-теңдік. Реалды ерітінділер. Ерітіндінің әр түрлі иондық күші үшін активтік және активтік коэффициенті. Қышқылды–негіздік тепе-теңдік. Бренстед пен Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед-Лоуридің негізгі теңдеуін қорыту жәнеталдау.

Еріткіштің табиғатының, қышқылдың заряды және оның молекулалары (иондары) мөлшерінің орта қышқылдылығына әсері. Күшті қышқылдардың өте концентрлі ерітініділерінің рН-ын есептеу. Күші орташа қышқылдар (Н3РО4, НҒ, Н2С4Н4О6 және т.б.) ерітініділерінің рН-ын есептеу. Әлсіз қышқылдардың өте сұйытылған ерітінділерінің рН-ын анықтау. Амфолиттер NaHCO3, NaH2PO4, Na2HPO4) ерітінділерінің рН-ын анықтау. Күші орташа қышқыл мен оның тұзынан түзілген буферлі ерітінділердің рН-ын анықтау. Комплекс түзілу реакциялары. Комплекстердің диссоциациялану, гидролиздену және түзілу дәрежелерін салыстыру. Металл иондарын комплексо-нометриялық титрлеу қисықтарын сулы ерітіндідегі реалды процестерді ескеріп есептеу. Т.б.


білімі: химиялық анализ әдістерінің теориялық негіздерін; анализдеу әдістерінің ерекшеліктері мен оларды жүзеге асыру тәсілдерін; химиялық анализ нәтижесіне әсер етуші факторларды; анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдерін үйренеді.

білігі (іскерлігі): Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүйелік анализ сызбанұсқаларын құрастыруда анықтаудың негізгі принциптерін қолдануды тәжірибелер жасау тәсілдерін, біліктіліктерін меңгеріп, кәсіби біліктілігін арттырады.

- заттарды анықтауды тез және автоматты түрде жүргізуге, зат құрамын сапалық және сандық анықтауға, бақылауға, нәтижелерді математикалық өңдеудің практикалық дағдыларын иемденеді.

құзіреттері: жалпы химиялық заңдылықтарды сапалық және сандық анализде қолдануын қамтамасыз етуде; зат құрамын анықтау әдістерін қолдануда, өнеркәсіптердің негізгі салаларында, қоршаған ортаны, сондай-ақ топырақты, тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық және тағам өнімдерін, пайдалы қазбаларды сараптау, судың, ауаның құрамына химиялық бақылау жасауға, сондай-ақ физика - химиялық талдау кезінде аспаптармен жұмыс істеу принциптерін үйренуге құзіретті.


  1   2   3   4   5

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница