Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013




Скачать 341.17 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
страница1/2
Хисметова З А
Дата конвертации15.02.2016
Размер341.17 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/24/52e1dca5922a9.doc
  1   2

G-041.07.05.23-2013

Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен






СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КафедраСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: Қоғамдық денсаулық

Пәннің коды:

Мамандығы: :5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының/кредиттің көлемі – 45


Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5


Семей 2013

Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасында құрастырылды.


Автор: м.ғ.к., аға оқытушы Хисметова З. А.

« » 2013 ж. кафедра отырысында талқыланды

№ хаттама

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к. Хисметова З. А.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Хисметова З.А..


м.ғ.к., кафедра меңгерушісі

1994 жылы СММИ бітіргенен кейін, «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында ебек ете бастады. 2000 жылы кандидаттық диссертация жұмысын қорғады, осы жылдан бастап аға оқытушы лауазымын атқарады. 30 ғылыми жұмысыстың авторы. Казіргі кезде оқулық әдістемелік жұмыстарды атқарады.

2

Базарбек Ж.Б.

м. ғ.к., профессор.

1993 жылдан «Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика» кафедрасын басқарды. Жүзден аса ғылыми жұмыстары бар. Университетте қызымет барысында алғыс хаттармен марапатталды, облыс әкімінің алғыс хаттымен және ҚР денсаулық сақтаудың үздік белгісімен марапатталды.

3

Самарова У.С.



м. ғ.к., доцент

1985 жылдан «Жалпы гигиена» кафедрасында ассистент боп қызымет істеді. 1994 жылдан қазірге кезге дейін осы кафедрада жұмыс істейді. 1994 жылы кандидаттық диссертация жұмысың қорғады. 1995 жылдан бастап кафедрада доцент лауазымын атқарды. 50 ғылыми жұмысыстың авторы, оқулық әдістемелік жұмыстарды атқарады. ҚР денсаулық сақтаудың үздігі белгісімен марапатталды.

4

Рахметова К.У.


м. ғ.к., доцент

1993 жылдан бастап кафедрада қызымет істейді. 1995 жылы кандидаттық диссертация жұмысын қорғады. Казіргі кезде оқулық әдістемелік жұмыстарды атқарады. 1996 жылдан кафедрада доцент лауазымын атқарады және 50 ғылыми жұмысыстың авторы.

5

Рахимжанова Ф.С.


м. ғ.к., доцент

1989 жылы СММИ, емдеу факультетін бітірді, 1989 жылдан жұқпалы арулар, медициналық биологии кафедраларында кызымет етті, ал 1998 жылдан казіргі кезге дейін «Қоғамдық денсаулық сақтау және инфораматика» кафедрасында жұмыс істейді. 1994 жылы кандидаттық диссертация жұмысың қорғады. 30 шақты ғылыми жұмысыстың авторы, соның ішінде 1 оқылық-әдістемелік нұсқаудың авторы. Кафедрада доцент лауазымын атқарады.

6

Горемыкина М.В. ,


оқытушы м. ғ.к.,

Жоғары дәрежелі дәрігер, ревматолог, кафедрада 2010 жылдан қызымет істейді, 60 ғылыми еңбектің авторы. Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын атқарады.

7

Нұрмұқанов Д.Қ.

оқытушы м. ғ.к.,

кафедрада 2010жылдан қызымет істейді, 20 ғылыми енбктің авторы. Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарынатқарады.

8

Калиханова К.Е.,


Магистр оқытушы

Калиханова Кұралай Ерғалиқызы кафедрада 2009 жылдан жұмыс істейді. 10 ғылыми жұмыстың авторы. Казіргі кезде оқулық әдістемелік жұмыстарды атқарады.

9

Кырықбаева С.С.


оқытушы

кафедрада 2010 жылдан қызымет істейді. Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын атқарады.


Байланыс ақпараты:

ШҚО, Семей қаласы, Абай көшесі, 103.

Семей мемлекеттік медицина университетінің № 3 ғимараты, 5 қабат,

507-535 аудиториялар

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.



Кіріспе.

Қазіргі кезде денсаулықтың көптеген анықтамалары бар, ол осы категорияның қандай да бір аспектілерін ұғындыруға және әр түрлі критерийлер мен ыңғайына негізделген. Дегенмен, денсаулықтың жалпылай қабылданған біріңғай анықтамасының жоқ екендігін айта кету керек. Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихының барлық деңгейлерінде өзгеріп отырды, ал денсаулық туралы ғылымның пайда болуы мен даму процесі көптеген қиындықтарды жеңумен қатар жүрді, бұл зерттеу объектісінің күрделілігімен байланысты.

ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаға денсаулықтың әлеуметтік жағдайға байланысты екенін мойындау табылды, Бүкіләлемдік денсаулық сақтауды ұйымдастыру уставында және көптеген негізгі құжаттарда : «Денсаулық - бұл ауру немесе дене кемістігінің болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман-есендік» деп бекітілген.

Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық денсаулық – бұл тұрғындардың физикалық, психикалық және әлеуметтік аман-есендігінің кешенді сипаттамасы, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтау, аурулар мен жарақаттардың алдын алу, сонымен қатар қоршаған орта қолайсыз факторлары әсерінің алдын алудағы қоғамдың күш салуын көрсетеді.

Қоғамдық денсаулықтың қозғалмалылығы және патология типтерінің өзгеруі, медицина саласының бірі және оқу пәне ретінде қоғамдық денсаулықтың алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қойды, оны жаңа формациядағы болашақ мамандар шешуі тиіс.

Пәннің мақсаты: денсаулықты популяциялық деңгейде басқара алатын, қоғамдық денсаулықты кешенді бағалау және статистикалық сараптау әдісін меңгерген денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын дайындау.

Пәннің міндеттері:

  • қоғамдық денсаулықты басқару және бағалау әдістері мен методологиясына үйрету

  • қоғамдық денсаулықты сараптауда жүйелілік тәсіліне оқыту

  • қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге дайын болуды қалыптастыру


Пәннің соңғы нәтижелері

Студент білу керек:

  • денсаулық пен аурудың әлеуметтік, экономикалық және медициналық маңызын;

  • қоғамдық денсаулықтың теориялары мен концепцияларын;

  • қоғамдық денсаулықтың көпфакторлық детерминациясын;

  • өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес халық денсаулығының көрсеткіштері мен тенденцияларын;

  • денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздерін: демографиялық статистиканың негіздерін, аурулық статистикасын, жарақаттану, мүгедектік және физикалық даму, халық денсаулығының көрсекіштерін;

  • Қазақстан тұрғындары денсаулығының қазіргі жағдайы;

  • тұрғындар аурулығы мен өлімінің құрылымын;

  • аурулардың приоритетті кластарының әлеуметтік-медициналық маңызын;

  • тұрғындар денсаулық жағдайын есепке алудағы қазіргі ақпараттық жүйелер

  • халық денсаулығын қорғаудағы приоритеттер

___________________________________

Синонимдер: жан-дүниелік, рухани, эмоциональдық


Студент істей білу керек:

  • әлеуметттік-экономикалық жағдайларға сай халық денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептей және бағалай білу;

  • халықтың аурулығы мен демографиялық үрдістері туралы мәліметтерді жинауды және талдауды, оларды компьютерлік техника мен технологияларды қолдану арқылы статистикалық өңдеуден өткізуді;

  • қоршаған ортаның факторларына сәйкес халық денсаулығының статистикалық сараптау нәтижелерін бағалай және талдай білу;

  • негізгі себеп-салдарлық байланысты анықтау, халық денсаулығына әсер ететін факторлардың әсер ету дәрежесі мен бағытын;

  • халық денсаулығын зерттеуде медициналық-стаститикалық әдістерді қолдана білу;

  • медициналық құжатты толтыра білу;

  • қолайсыз факторлар әсерін жою үшін және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар жасай білу;

Пәннің прореквизиттері: информатика, экология, саясаттану, социология, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, медицина тарихы, биостатистика.

Пәннің постреквизиттері: қоршаған орта және денсаулық, маркетинга және менеджмент негіздері, жұқпалы аурулар, дәлелді медицина негіздері, коммунальды гигиена, эпидемиология, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы


6. 2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Қоғамдық денсаулық ғылым және оқыту пәні ретінде

Қоғамдық денсаулық: анықтамасы, зерттеу объектісі, пән тарихы. Денсаулық әлеуметтік құндылық және еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени, қорғаныс потенциалы ретінде. Денсаулық өмірлік құндылық және азаматтың жеке меншігі ретінде. Денсаулық және бәсекелестікке қабілеттілік.

Қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік-биологиялық мәні: халық денсаулығы – биологиялық негізі бар әлеуметтік құбылыс. Денсаулықтың әлеуметтік, экологиялық, және биологиялық детерминациясы. Денсаулықтың әлеуметтік факторлары: әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, медициналық-әлеуметтік.

Денсаулыққа байланысты өмір сапасы. Өмір сапасын зерттеудің міндеттері мен әдістері. Медициналық-әлеуметтік нормативтер және қажеттіліктер. Көрсеткіштер жүйесі. Денсаулық пен өмір сапасын медициналық-әлеуметтік зерттеу.

Денсаулық деңгейлері: адамның тұлға ретінде денсаулығы (жеке адам денсаулығы), топтық денсаулық (әлеуметтік, кәсіби, демографиялық топ), халық денсаулығы, қоғам денсаулығы Жеке денсаулық. Қалып пен патология туралы ұғым. Денсаулық топтары: сау, шамамен сау, созылмалы аурулары бар науқастар. Халықтың әлеуметтік топтарының денсаулығы: отбасы, әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар.


Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері.

Денсаулық сақтауда және медицинадағы теориялар туралы негізгі түсініктер. Пайда болу тарихы және таралуы. Денсаулық сақтаудың және медицина теорияларының жіктелуі (Ю.П.Лисицын бойынша). Денсаулықтың себептілік теориялары: қауіп факторлары, өмір салты, «аурулық және кедейлік күй шеңбері», «өркениеттік аурулар» және әлеуметтік бейімделінбеу теориясы. Натуралистік медициналық-биологиялық теориялар: социобиология, этологизм, әлеуметтік экология, күйзеліс теориясы және жалпы бейімдеулік Селье белгілері, фрейдизм, фрейдизімнің жаңа түрі, психоаналитика, психосоматика, неогиппократизм, биотипология. Медицина теориялары немесе аурудың пайда болуы туралы жалпы жүйелік ұғымдары: жасушалық патология, нервизим, кортикулявоскулярлық патология. Денсаулық сақтаудың және халық санының өзгеру теориялары: мальтузиандық, мальтузиандықтың жаңа түрі, «халық санын шектеу» теориясы, расистік. Синтездік, әр жвқты теориялар: денсаулық сақтаудағы конвергенция теориясы,

Қоғамдық денсаулықпен тікелей байланысты қазіргі медицинаның этикалық мәселелері: гендік инженерия, клондық әдіс, криогенизация, мүшелерді трансплантациялау және имплантация, эвтаназия, селекция, адамдарға тәжірибе жасау.


Қоғамдық денсаулықты оқу әдістемесі

Медициналық-әлеуметтік зерттеулер, кезеңдері. Бағдарлама (мақсаты мен міндеттері) және жоспар (бақылау бірлігі мен объектісі, қамтылуы, бақылау бірлігін таңдау әдістері мен мәліметті жинау). Статистикалық зерттеудің объектісі ретіндегі әлеуметтік және жастық-жыныстық топтар (әйелдер, балалар, ересек топтар).

Халық денсаулығы жағдайын зерттеу әдістері: статистикалық, социологиялық, медициналық құжаттарды сараптау және т.б. Халықтың жас-жыныстық және әлеуметтік топтарының (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар) денсаулығын кешенді зерттеу. Халық денсаулығын сандық және сапалық зерттеу. Халық денсаулығының әр түрлі көрсеткіштеріне әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау. Халық денсаулығы жағдайының мониторингі. Халық денсаулығының индикаторлары.


Демографияның медициналық-әлеуметтік мәселелері.

Демографияның мазмұны және анықтамасы. Халық демографиялық статистиканың объектісі ретінде. Халық денсаулығы үшін және денсаулық сақтау практикасында демографиялық мәліметтердің маңызы.

Халық статикасы: саны, орналасу тығыздығы, белгілер бойынша құрамы (жасы жынысы және т.б.). Халық статикасын зерттеу әдістері. Халық санағы, әдістемелігі және жүргізу мерзімі. Халықтың жастық құрылымына сай типтері: прогрессивті, тұрақты, регрессивті. Қазақстан халқының саны мен құрамы

Халық динамикасы: халықтың механикалық және табиғи өзгеруі. Миграция, түрлері: эмиграция, иммиграция, урбанизация, мәжбүрлі көшу, босқындар. Халықтың механикалық қозғалуын зерттеу әдістері.

Жалпы туулық, анықтамасы, есептеу әдістері. Туулыққа әсер ететін факторлар (жалпы және жеке). Туулық көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық және т.б. факторларға сай өзгеру тенденциясы. Туулықтың арнамалы көрсеткіштері: фертильдік (жасқа сәйкес туулық) және инфертильдік, некелік және некеден тыс туулық және т.б. Халықтың өлім көрсеткіштері: жалпы және жасқа сәйкес өлім, құрылымы мен өзгерісі. Халықтың табиғи өсуі, түрлері. Депопуляция ұғымы (демографиялық қиылыс). Туу және өлім жағдайларын тіркеу және есептеу жүйесі. Туу және өлім жағдайларын куәландыратын есептік құжаттар. Туу және өлімді тіркеуде медицина қызметкерлерінің ролі. Халықтың табиғи қозғалысының анализі. Бүкіл әлемде, Қазақстанда, аймақ бойынша табиғи қозғалыс ерекшеліктері.

Сәбилер өлімі. Ұғымдар: тірі туу, өлі туу, ұрық. Сәбилер өлімін сараптау және есептеу тәсілдері. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің негізгі себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар, туа пайда болған даму ақаулары, тыныс алу жүйесінің аурулары.

Алдағы өмір сүру ұзақтығы, анықтамасы, оны есептеу принциптері мен әдістері.

Өлім-жітім кестелері туралы түсінік. Әртүрлі мемлекеттерде және Қазақстандағы орташа алдағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері. Халықтың қартаюы, салдарлары. Әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстандағы егде адамдардың үлесі. Егде адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық, медициналық және психолгиялық аспектілері.

Әлемдегі әртүрлі мемлекеттерде және Қазақстандағы демографиялық саясат.


Репродуктивті денсаулық.

Репродуктивті денсаулық., анықтамасы. Азаматтардың репродуктиті құқығы және оны жүзеге асыру кепілдемесі. Қазақстан Республикасындағы 2006-2016жж гендерлік теңдік стратегиясы. 2009-2012 жж «Ер адамдар және репродуктивті денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы.

Отбасын жоспарлау. Өсіп-өнуді реттеу, анықтамасы, әдістері. Аборт – медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Жасанды түсік таралуы. Әлеуметтік факторлардың жасанды түсік жиілігіне әсері. Жасанды түсіктің әйелдер денсаулығына әсері. Жасанды түсікке қарсы күресудің негізгі шаралары. Контрацепция шараларының абортпен күрес және бала тууға қабілетті жастағы әйелдер үшін теріс салдарларының алдын алудағы маңызы.

Аналар өлімі репродуктивті жастағы әйелдер денсаулығының интеграциялық көрсеткіші ретінде. Акушерлік себептермен тікелей немесе жанама байланысты аналар өлімі. Қазақстандағы барлық аналар өлімінің басты себептері: экстрагенитальдық аурулар, акушерлік қан кетулер, гестоздар, түсіктер. Әйелдер денсаулығы индексі.


Халық аурулығы және оны зерттеу әдістері.

Халық денсаулығының жағдайын кешенді түрде бағалау үшін аурулық статистикасының маңызы. Жалпы және алғашқы аурулық туралы түсінік. Денсаулыққа байланысты мәселелердің және аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуі (АХЖ, БҰҰ 10-шы қаралуы). Оның құрылу принциптері. Халық аурулығынның зерттеу әдістері және көздері. Өздігінен қаралу, өлім себептері, медициналық тексеру мәліметтері бойынша аурулықты зерттеу.

Маңызды аурулар, олардың медициналық-әлеуметтік келелі мәселелері. Әлеуметтік мәні бар аурулар және қоршаған ортаға қауіп туғызытын аурулар туралы ұғым.

Аурулықтың кейбір түрлерін арнайы тіркеу (уақытша еңбекке жарамсыздық, жұқпалы кеселмен аурулық, аса маңызды жұқпалы емес сырқаттар мен аурулық, госпитальдық аурулық). Уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі көрсеткіштері және оның экономикалық маңызы. Әрбір ауруды жеке тіркеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты ауырғандар санына сәйкес зерттеу. Кәсіби аурулар мен улануларды тексеруді тіркеу ережесі, тіркеу және есептеу.

Аурулықты зерттеудің таңдамалы және жалпылай тәсілдері. Аурулықтың себептерін және құрылымын зерттеудегі дәрігерлердің маңызы Қазақстан халқының аурулығы туралы негізгі мәліметтер. Аурулықты бақылаудың автоматты регистрі – туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті бойынша біріншілік құжаттарды орталықтандырылған өңдеу.


Дене дамуы

Физикалық дамудың негізгі белгілері мен өлшемдері (антропометриялық, физиометриялық, соматоскопиялық). Антропометриялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістемелігі. Физикалық дамуды бағалау кестелері және стандарттары. Физикалық дамудың топтық және жекелік бағалануы. Сигмальды бағалау. Балалардың және жасөспірімдердің физикалық және жыныстық дамуының (акселерация және децелерация) медициналық әлеуметтік маңызы. Халықтың кейбір топтарының физикалық дамуын бақылау жүйесі: сәбилердің, мектепке дейінгі жастағы балалардың, оқушылардың, студенттердің, әскерге шақырылантындардың, шақырылғандардың, кейбір өнеркәсіптегі жұмысшылардың.

Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастыру

Денсаулықтың валеолгиялық аспектілері. Өмір сүру салты, ұғымы. Өмір сүру салтының денсаулыққа әсері. Медициналық белсенділік. Салауатты өмір сүрц салты және оны қалыптастыру. Өмір сүру салты көрсеткіштері және оны бағалау принциптері. Қауіп-қатерлі факторлары және олардың халықтың аурулығы мен өлім-жітіміне әсері. Факторлардың қауіп-қатерлі топтарға жіктелуі. Экономикалық дамыған елдерде аурудан сақтану стратегиясы: популяциялық стратегия және жоғары қауіп-қатерлі факторлар стратегиясы. Әлеуметтік және медициналық сақтану шаралары. Алғашқы және екінші тұрғыдағы сақтану шаралары. Сақтану бағдарламалары: кешенді және мақсаттылық, көп факторлық және бір факторлық, ұлттық, аймақтық, салалық және бірлестік. Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастырудағы медициналық қызметкерлердің маңызы. Халықтың гигиеналық оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері. «Салауатты өмір сүру салты» Мемлекеттік бағдарламасы.


Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негіщгі бағыттары

Алғашқы медициналық санитарлық көмек бойынша халықаралық конференциясы (Алма-Ата, 1978). Алматы декларациясы – ХХ – ғасырдың ұлы хартиясы. БДҰ стратегиясы «жиырма бірінші жүзжылдықта денсаулық барлығы үшін» (Денсаулық-21), мақсаты, стратегиясы, міндеттері. Мыңжылдық Саммитте (Нью-Йорк, 2000) қабылданған мыңжылдық даму мақсаттары, Қазақстан үшін мақсаты, мониторинг идикаторы. «Қазақстан-2030» стратегиясы. Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. Ұзақмерзімді приоритет 4 «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының амен-саулығы», шешілетін мәселелер: туулықты жоғарылатуға, өлім көрсеткіштерін төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған демографиялық саясат, салауатты өмір салты және т.б. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдамасындағы денсаулық тақырыбы.

7. Сабақтардың тақырыптық жоспары

7.1. Дәрістердің шамамен тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

1

Қоғамдық денсаулық ғылым және оқу пәні ретінде

1

2

Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері

1

3

Халық аурушылығы

1

4

Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру

1

5

Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары

1

Барлығы: 5


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары





Тақырып

Сағат саны




Кредит 1




1

Қоғамдық денсаулыққа кіріспе

1

2

Қоғамдық денсаулықты оқыту әдістемелері

1

3

Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері

1

4

Репродуктивті денсаулық

1










5

Халық аурушылығы .

1

6

Халық денсаулығын кешенді бағалау

1

7

Жас-жыныстық топтардың денсаулығы: балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар

1

8

Медициналық-статистикалық құжаттар Аралық бақылау

1

9

Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру

1

10

Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары

1




Қорытынды кеңес беру




Барлығы: 10






Оқытушы жетекшілігімен бірге студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары





Тақырып

Сағат саны

1

Денсаулыққа байланысты өмір сапасы .

1

2

Денсаулық деңгейлері

1

3

Халықтың табиғи қозғалысын зерттеу әдістері

1

4

Халықтың табиғи қозғалысын сараптау

1

5

Қазақстан халқының демографиялық саясаты

1

6

Репродуктивті денсаулық және тәртіп

1

7

Дене дамуы

1

8

Аралық бақылау

1

9

. Мүгедектік

1

10

Халық сырқаттанушылығы және оның зерттеу әдістері

1

11

Аурулықты жеке және жинақты тіркеу

1

12

Денсаулықтың валеологиялық аспектілері

1

13

Алматы декларациясы – ХХ – ғасырдағы денсаулық сақтау ұлы хартиясы.

1

14

Жыл сайынғы ҚР Президентінің халыққа жолдауы

1

15

Аралық бақлау

1




Барлығы: 15






Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары





Тақырып

Сағат саны

1

Отбасы денсаулығы. Балалар денсаулығы

2

2

Медицина және денсаулық сақтау теориялары

1

3

Қоғамдық денсаулықпен байланысты медицинаның этикалық мәселелері

2

4

Халық статикасы мен миграциясын сараптау

2

5

Басқа мемлекеттер мен Қазақстандағы демографиялық саясат

2

6

Аурулықты зерттеудің таңдамалы және жалпылама әдісі

2

7

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыбы

2


8

Қазақстан үшін мыңжылдықтың даму мақсаттары

2

Барлығы: 15






  1   2

Похожие:

Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1- курс, 1 семестр Семей, 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс/7,8 семестрлер Семей 2014
Астана, 2012 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: V курс, IX, X семестрлер Семей 2011
Пәннің Жұмыс бағдарламасы жалпы және клиникалық фармакология кафедрасында құрастырылды
Курсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница