Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін




НазваниеСиллабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін
страница2/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/OZ/5 kurs/Obshestv.zdrav/kaz/Sillabus kaz.doc
1   2   3   4   5

2 кредит

Медициналық (биологиялық) статистика және денсаулықты бағалауда оқытудағы оның рөлі


Статистиканың анықтамасы, оның теориялық негізі (ықтималдық теориясы, үлкен сандар заңы) пән және зерттеу әдістері. Медико – биологиялық және медико – әлеуметтік зерттеулерде статистиканы қолдану. Ұйым және статистикалық зерттеу кезеңдері. Статистикалық бақылау әдістері және түрлері. Статистикалық жинақ және статистикалық кестелер. Статистикалық зерттеу нәтижелерін дайындау және сараптау. Жалпы және іріктелген жиынтық. Репрезентативтілік. Біріншілік сандық белгілерді статистикалық өңдеу, олардың әртүрлілігінің маңыздылығын бағалау. Денсаулық сақтау және денсаулықты бағалаудағы статистикалық әдіс. Салыстырмалы шамаларды есептеу әдісі, салыстырмалы көрсеткіштердің қатесі. Статистикалық сараптаудағы негізгі қателер. Құбылыстың динамикасын сараптау әдісі, динамикалық қатар. Динамикалық қатардың көрсеткіштері, оларды есептеу және қолдану.

Орта шамаларды есептеу әдістері. Вариациялық қатар, вариациялық қатардың түрлері. Шамалар, вариациялық қатардың сипаттмамалары: мода, медиана, орта арифметикалық, орта квадраттық ауытқу, вариация коэффициенті, лимид, амплитуда. Оның құрамы және қолдану. Салыстырмалы және орта шамалардың нақтылығын бағалау әдісі және оның маңызын тәжірибеде қолдану. Қарым – қатынас факторларын бағалау әдісі. Функциональды және корреляциялық байланыс туралы түсінік. Корреляция коэффициенті және бағалау есептеп шығару.

Стандартизация әдісі. Маңызы, қолдануы, стандартизациялық көрсеткіштерді есептеу және сараптау. Корреляция және регрессия.

Денсаулық көрсеткішін және қоршаған орта факторын бағалаудағы корреляциялық байланысты оқыту әдісі. Зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты өлшеу. Корреляцияның рангілік коэффициенті. Статистикадағы графикалық кескіндеу. Графикалық кескіндеудің түрлері, құбылыстарды зерттеуде оларды қолдану. Медициналық ғылыми тәжірибелік зерттеулерде жіберілетін типтік қателер.


3 кредит

Маңызды жұқпалы және жұқпалы емес сырқаттылықтардың эпидемиологиясы. Медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Алдын алу


Жүрек қан - тамырлар сырқаттылығының эпидемиологиясы. Олардың дамуына әсер ететін факторлар. Әртүрлі жыныстық - жас аралық кәсіби әлеуметтік топтар арасындағы ерекшеліктер. Жаңа пайда болған қатерлі ісіктер эпидемиологиясы. Сырқаттылық, өлім, тіршілік үшін күрес. Қауіпті факторлар. Жаңа пайда болған қатерлі ісіктердің негізгі формаларымен күрес. Әртүрлі мемлекеттердегі емдеу қорытындыларын салыстыру.

Туберкулез – алдын алу, емдеу және бақылау, туберкулезді емдеудегі қазіргі ерекшелігі – қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі. Жүйке психикалық ауру. Жыныстық жолымен таралатын сырқаттылықтар, олардың таралуы мен құрылымы. Пайда болу себептерімен шарттары, алдын алу.Қант диабеті. Таралуы. Пайда болу себептерімен шарттары, алдын алу.

Жарақат, құрылымы, әлеуметтік, медициналық маңызы. Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері. Жарақаттармен күрес. Жұқпалы сырқаттылық эпидемиологиясы. Инфекциялық процесстер. Жұғу ықтималдылығы. Жұғу ықтималдылығын бағалау. Үлкен қоғамдағы кіші топтар арасындағы сырқаттылықтың таралуы. Жабық популяция ішіндегі эпидемиологиялық процесстің ағымы. Жұқпалы эпидемиологияның жаңа мәселелері. ЖИТС эпидемиологиясы, алдын алу және қадағалау.


4 кредит

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру (біріншілік және ауруханалық (стационарлық). Қазақстан Республикасындағы біріккен ұлттық денсаулық сақтау жүйесі. Медициналық көмекті ұйымдастыру. Қалалық емхананың құрылымы. Емхана қызметінің негізгі көрсеткіштері. Дәрігер терапевт қызметінің дәрігерлік қызметі және қалалық емханадағы тұрғындарға қызмет көрсету нормативі. Госпитализацияға бағыттама беру тәртібі.

Диспансерлеу. Диспансерлдердің түрлері. Олардың жұмысының негізгі бағыты. Науқастарды жоспарлану және жылдам госпитализациялыу кезіндегі стационарлық медициналық көмектің түрлері. Стационар жұмысының негізгі корсеткіштері. Тұрғындарға ауруханадан тыс жәрдемнің жаңа формаларын ұйымдастыру. Ауруханалардағы қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.Госпитализацияға дейінгі және госпитализациялау кезіндегі дәрігер қызметінің басымдылығы және диагностикалау сапасы.Мамандандырылған медициналық жәрдемді ұйымдастыру. Сырқаттылықтарды емдеу мен алдын алуды диагностикалық кеңес орталықтың рөлі. Ауыл тұрғындарына медициналық-әлеуметтік жәрдемді ұйымдастыру және оның құрылымы. Ауыл тұрғындарына медициналық жәрдемді ұйымдастырудың бірінші кезеңінің құрылымы мен қызметі. Облыстық аурухананың ұйымдастыру әдістемелік жұмысының көрсеткіштері.

Әйелдер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру.Перзентхана мен әйелдер кеңесінің қызметінің көрсеткіштері мен құрылымы, балалар емханасы және аурухана. Балаларға амбулаторлық-емханалық және стационарлық жәрдемді ұйымдастыру. Балаларға стационарлық және амбулаторлық- емханалық жәрдемді ұйымдастыру.Балаларға стационарлық көмекті ұйымдастырудың ерекшелігі.Педиатр жұмысының көрсеткіштері мен функционалдық міндеті. Өндірістік мекеме жұмысшыларына медициналық- әлеуметтік жәрдемді ұйымдастыру. Медициналық-санитарлық бөлімді тағайындау оның құрылымы. Өндірістік орындарындағы алдын-алу шаралары. Емдеу-профилактикалық шаралар жоспарларының кешенді құрылымы. Цехтік дәрігердің қызметі және жұмыстың негізгі бағыты. Стоматологиялық жәрдемді ұйымдастыру. Стоматологиялық сырқаттылықтардың медициналық-әлеуметтік факторлары. Жедел медициналық жәрдемді ұйымдастырудың негізгі принциптері. Қалпына келтіру емінің медициналық-әлеуметтік маңызы. Санаториялық- курорттық емді ұйымдастыру. Қалпына келтіру – реабилитация орталығы, оның құрылымы. Дәрігердің медициналық құжаттарды рәсімдеу тәртібі. Дәрігерлік-еңбектік сараптаманы ұйымдастыру.Ауру қағазын беру және дайындау тәртібі. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық экспертизасы.


5 кредит

Денсаулық сақтау экономикасы, жоспарлау және қаржыландыру. Медициналық сақтандыру.

Экономиканың анықтамасы, оның міндеті. Экономика сұрақтары мен бөлімдері. Нарықтық жағдайдағы денсаулық сақтау. Шет мемлекеттердегі денсаулық сақтау. Нарықтық қатынастың маңыздылығы және қалыптастыру мүмкінділігі. Денсаулық сақтаудың нарықтық қатынасқа өту кезеңдері.

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастың механизмі. Денсаулық сақтаудағы нарықтық құрылым. Нарықтың денсаулық сақтауға әсері. Денсаулық сақтауды жоспарлау. Әдістемелік жоспарлардың түрлері және оларды қалыптастыру жағдайы. Басқарудағы стратегиялық жоспарлау. Басқа салалармен байланысы, негізгі бағыттары. Денсаулық сақтаудың экономикалық тиімділігі. Медициналық қызмет құнының есептеу әдісі. Денсаулық сақтауды қаржыландыру. Бір жылдағы бір тұрғынға бюджеттік қаржыландыруды есептеу әдісі. Тұрғындардың өліміне сырқаттылығына байланысты экономикалық шығынның құрылымы. Медико – экономикалық хаттамалар – мазмұны, құру және алға жылжуы.Медициналық сақтандыру және сақтандыру медицинасы.


6 кредит

Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг. Басқару.


Денсаулық сақтау қызметі мен басқару жүйеснің негізі.

Басқару ғылымы туралы пән. Басқарудың теориялық негізі. Басқару теориясы. Әлеуметтік-психологиялық менеджмент. Басқару және ұйымдастыру қызмет түрі ретінде. Қазіргі заманғы басқару жағдайы. Денсаулықты бағалауға және түсінікке жүйелік жағдай жасау. Жеке және ұжым. Басқару қызметінің маңыздылығы. Басқару қызметінің элементтері. Еңбекті басқарудың ерекшеліктері.

Менеджменттің жалпы негізі, жүйе мен ұйымдастыру түсінік және менеджмент негізі ретінде. Басқару функциясы. Стратегиялық жоспарлау, алдын ала көру, болжау, мотивация (талаптану). Ұйымды құру (Координация). Бақылау. Басқаруды тіркеу - ҚР-ның тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру барысындағы кездесетін мәселелерді шешетін қару болып табылады. Менеджменттің негізгі мазмұны, түсінік ретінде. Менеджмент пен маркетингтің бірлігі. Сыртқы ортадан тәуелді. Маркетинг туралы түсінік. Денсаулық сақтаудағы маркетингтің пайда болу мүмкінділігі. Денсаулық сақтау жүйесіне маркетинг концепциясын ендіру. Мұқтаждық, қажеттілік, сұрау, тауар, айырбас, келісім және нарық туралы түсінік. Нарықтық медициналық қызмет. Маркетингті басқару жүйесі. Маркетинг және сұраныс түрлері. Маркетингтің негізгі концепциясы. Медициналық маркетинг. Денсаулық сақтаудағы маркетинг. Қызмет. Өмірлік цикл. Маркетингтегі коммуникативті саяаст. Жарнама стратегиясы. Бизнес-жоспар. Жоспарлау. Жоспарлаудың нақты рөлі. Менеджменттегі жоспарлаудың рөлі.


7 кредит

Денсаулық сақтау мен медицинаның теориялық және құқықтық негіздері

ҚР - ның денсаулық сақтау туралы заңдылықтары. Денсаулық сақтау туралы заңдылықтың негізгі жағдайы. Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулық және денсаулық сақтау туралы Кодексі (09.10.2009). Денсаулық сақтау туралы коститутция. Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы негізгі құқықтық принциптері. Тұрғындардың жеке топтары мен азаматтардың денсаулықты қорғау аймағындағы құқықтық жағдайы. Медицина қызметкерлерінің құқықтық статусы. Медициналық қызметінде адамдардың жүйелерін трансплантациялауда және эвтанозия, клонирования, жынысты өзгерту сұрақтары бойынша заңдылық аспектісі. Науқастың еркіндік ақпаратты келісімі. Медициналық этика.


8 кредит

Алдын алудың қазіргі мәселелері. Тұрғындарды медико – гигиеналық оқыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС)


Алдын алу - тұрғындар денсаулығын қорғаудағы негізгі бағыт. Алдын алудың мақсаты, оның міндеті мен деңгейі (мемлекеттік, ұжымдық, жанұялық, жеке). Түрлері: әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық, медико - әлеуметтік, медициналық. Алдын алу кезеңдері: біріншілік, екіншілік, үшіншілік. Алдын алу тиімділігін бағалау қағидасы. Алдын алудың стратегиясы (таралуы, үлкен қауіп стратегиясы), денсаулықты сақтау және нығайту мақсатын шешу үшін қолдану.

Скрининг: анықтамасы, мақсаты, түрлері. Қауіпті топтар: анықтамасы, қалыптастыру кезеңдері. Әлеуметтік – гигиеналық мониторинг.Салауатты өмір салты, анықтамасы, категориясы. Салауатты өмір салтының жеке және қоғамдық денсаулыққа әсері. Салауатты өмір салты (СӨС), жеке, топтық және таралу деңгейінде алдын алу бағдарламасының құралы ретінде. Жанұядағы СӨС қалыптасу рөлі. СӨС қалыптасуындағы дәрігердің рөлі. Медициналық белсенділік СӨС керекті элементі болып табылады. СӨС қалыптастыру дәрігер бейнесін қалыптастырудағы ұйымдастыру жұмысы болып табылады. СӨС қалыптастыру бағдарламалары және бағдарламамен қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтының ұлттық бағдарламасы. ҚР - ның Президентінің халыққа 2030 жолдауы және оның төртінші негізгі приоритеті: «ҚР-ның азаматтарының денсаулығы, білім беруі және қолайлы жағдайы». СӨС қалыптастырудың ұлттық және аймақтық орталықтары. Медициналық алдын алу орталықтарының құрылымы. Тұрғындар және оның әртүрлі топтар мен категориялар арасында СӨС қалыптастыру бойынша жүргізу жұмыстары, түрлері, әдістері және ұйымдастыру құралдары.

Денсаулық - медициналық-профилактикалық қызметтің тиімділік көрсеткіші. Тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін ұйымдастыру мен қалыптастыру. Гигиена ғылымы мен тәжрибені ұйымдастырушылар. ҚР - ғы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің міндеттері мен функциясы. МСЭҚ орталығының құрылымы. Жұмыстың негізгі бағыты мен ұйымдастырылуы.Санитарлық – эпидемиологиялық жағдаймен қамтамасыз ету аймағындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Әлеуметтік – гигиеналық мониторинг. Медициналық ұйымдардың (мекемелердің) санитарлық жағдайына бақылау жасаудағы санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің қызметі. Санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің ведомствамен және мекемемен қарым – қатынасы. Әлеуметтік-гигиеналық мониторинг. ЕНМ-дің санитарлық жағдайын бақылауда санитарлық эпидемиологиялық қызметі. МСЭҚ - қызметінің басқа да мекемелер мен өзара қарым қатынасы. Тұрғындарды санитарлық эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге назарын аудару жолдары.Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыптастыру барысында кәсіпорындар міндеті.


Тақырыптық жоспары



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы




1 кредит







1

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, ғылым және оқыту пәні ретінде. Қоғамдық денсаулықты бағалау және оқыту әдістері.

мәселелі дәріс

1

2

Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың теориялық негізі. Жүйелі жағдай. Қазақстан Республикасында тұрғындар денсаулығын қорғау аймағындағы саясат.

мәселелі дәріс

1

3

Демографияның медико – әлеуметтік аспектісі. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай.

мәселелі дәріс

1




Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай

мәселелі дәріс

1

4

Тұрғындар сырқаттылығы: жағдайы мен тенденциясы.

мәселелі дәріс

1

5

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, ғылым және оқыту пәні ретінде. Қоғамдық денсаулықты бағалау және оқыту әдістері.

мәселелі дәріс

1




2 кредит







1

Медициналық статистика. Статистиканың анықтамасы мен теориялық негізі. (ықтималдық теориясы, үлкен сандар заңы) Медико – биологиялық және медико – әлеуметтік зерттеулерде статистиканы қолдану.

мәселелі дәріс

1

2

Ұйым және статистикалық зерттеу кезеңдері. Статистикалық бақылау әдістері және түрлері. Статистикалық жинақ және статистикалық кестелер. Статистикалық зерттеу нәтижелерін дайындау және сараптау.

мәселелі дәріс

1




3 кредит







1

Тұрғындар денсаулығын нығайту. Қазіргі кезеңдегі алдын алу мәселелері. ҚР-да туберкулез маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе.

мәселелі дәріс

1

2

ҚР-да және шет мемлекеттерде қан айналу жүйелері ауруларының медициналық-әлеуметтік мәселесі.

мәселелі дәріс

1

3

Ісік аурулары және ТАА - ның медициналық-әлеуметтік мәселесі.

мәселелі дәріс

1

4

ҚР-ғы жарақаттар медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады және жарақаттылықтың түрлері, алдын алу шаралары.

мәселелі дәріс

1

5

Жүйке-психикалық сырқаттылық, ЖЖЖА медициналық – әлеуметтік мәселе болып табылады.

мәселелі дәріс

1




4 кредит







1

Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру.

мәселелі дәріс

1

2

Әйелдерге және балаларға амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмекті ұйымдастыру.

мәселелі дәріс

1

3

Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру, мақсаттары, құрылымы.

мәселелі дәріс

1

4

Өндірістік мекеме жұмысшыларына медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру.

мәселелі дәріс

1

5

Денсаулықтың Біріккен Ұлттық жүйесі. Реформаның маңыздылығы,негізгі мазмұны.

мәселелі дәріс

1




5 кредит







1

Экономика. Мазмұны мен түсінігі. Макро және микроэкономика. ҚР - ғы денсаулық сақтау жүйелеріндегі экономикалық қатынастар.

мәселелі дәріс

1

2

Жүйе және шаруашылыққа жүйелік жағдай жасау. Қазақстан Республикасының біркелкі ұлттық денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық сақтауды өзгертуг байланысты экономиканы қалыпқа келтіру..

мәселелі дәріс

1

3

Денсаулық сақтауды жоспарлау. Жоспарлаудың негізгі түрлері. Оларды қалыптастыру жағдайы және әдісі. Маңызы.

мәселелі дәріс

1

4

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру.

мәселелі дәріс

1

5

Медициналық сақтандыру және сақтандыру медицинасы.

мәселелі дәріс

1




6 кредит







1

Денсаулық сақтау қызметі мен жүйесін басқару негізі. Басқарудың теориялық негізі. Басқару теориясы.

мәселелі дәріс

1

2

Денсаулық сақтау мекемелері мен тәжірибелі қызметін басқаруда - менеджмент ғылымын бір саласы ретінде қолдану.

мәселелі дәріс

1

3

Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы басқару әдісі мен дағдылары.

мәселелі дәріс

1

4

Басқару психологиясы және қарым - қатынас.

мәселелі дәріс

1

5

Маркетинг - денсаулық сақтауды басқарудағы элемент болып табылады.

мәселелі дәріс

1




7 кредит







1

ҚР денсаулық сақтау туралы негізгі заңдылықтар.

мәселелі дәріс

1

2

Қазақстан Республикасындағы заңдылықтардың орындалу барысы, басқару құрылымы, байланыс иерархиясы. Жұмыстың негізгі мазмұны.

мәселелі дәріс

1

3

Тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы негізгі құқықтық принциптер.

мәселелі дәріс

1

4

Медициналық және фармацевтикалық қызметтің ұйымдастыру құқықтық мүмкіндігі.

мәселелі дәріс

1




8 кредит







1

СӨС - ның теориялық негізі. СӨС - қалыптастыру принциптері мен жағдайы.

мәселелі дәріс

1

2

Алдын алу - тұрғындар денсаулығын қорғаудағы негізгі бағыт. Алдын алудың стратегиясы. Тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы және алдын алу жүйесіндегі санитарлық – эпидемиологиялық қызмет.

мәселелі дәріс

1

3

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың ұйымдастырылған құрылымы, қызметі және міндеті. ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі бағыттарының дамуы мен жүзеге асуы.

мәселелі дәріс

1

4

Салауатты өмір денсаулықтың медико-әлеуметтік факторы болып табылады. Денсаулықтың биологиялық-әлеуметтік психологиялық факторлары мен негізделуі.

мәселелі дәріс

1

5

СӨС қалыптастыру бағдарламалары және бағдарламамен қамтамасыз ету. СӨС қалыптастыру дәрігер бейнесін қалыптастырудағы ұйымдастыру жұмысы болып табылады.

мәселелі дәріс

1




Барлығы




36

1   2   3   4   5

Похожие:

Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін iconСиллабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратура үшін емтихан бағдарламасы
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша докторантура үшін емтихан бағдарламасы
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1
Тақырып: Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиологияның ғылыми қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қоғамдық денсаулық...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110400 «Медико-профилактикалық іс» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай 29. 04. 2009 ж 051102 "Қоғамдық...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница