Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін




НазваниеСиллабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін
страница1/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/OZ/5 kurs/Obshestv.zdrav/kaz/Sillabus kaz.doc
  1   2   3   4   5
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


СИЛЛАБУС



«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша


051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі - 8 кредит (360 сағат)

V курс




IX - X семестр


Қарағанды 2014

Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша жұмыс бағадрламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін _____2014 құрастырылған






Силлабус әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының мәжілісінде қарастырылып және бекітілді _____2014 № ____ Хаттама


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.К. Султанов

  • Оқытушылар туралы мәлімет:



Султанов А.К. – кафедра меңгерушісі, доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 17 жыл, 2001 жылы «Арнайландырылған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың негізгі денсаулығы», 30 баспа жұмысы жарыққа шықты, докторлық диссертациялық тақырыбы «Пенитенциарлық мекемелердегі сотталған адамдардың гигиеналық денсаулығын бағалау»


Сайфулина Н.Ф. – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 35 жыл, 50 жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми қызығушылығы – «Орталық Қазақстанда медицинаның дамуы»


Еремеев А.М. – доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 38 жыл, 1982 жылы «Әр түрлі оқу ұйымдарындағы оқушылардың жұмысқа қабілеттілік динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, 37 баспа жұмысы жарыққа шықты, ғылыми қызығушылығы – «Қазақстандағы тұрғындар денсаулығыныың жағдайы»



  • Байланыс ақпараты: кафедра Гоголь көшесі 40, ауд. 306,307,325 орналасқан.

телефон 51 38 97, қосымша 121.



  • Пәннің саясаты:

Студент «Әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика» оқу кезінде пәнді терең және жүйелі түрде оқу керек, оқу жоспары мен бағдарламада көрсетілгендей, тәжірибелік сабаққа қатысып тапсырмалардың барлық түрлерін белгілі бір уақытта орындау керек. Барлық дәрістерге міндетті түрде қатысу керек. Тәжірибелік сабақ кезінде ұқыпты, сыртқы бейнесі келісімді, сабақтың өткізілуіне кедергі жасамау үшін ұялы телефон өшірілген болу керек. Студент оқытушыға, қызметкерлерге сыпайы және нақты қарау керек, инвентарға сонымен бірге оқу құралдарымен кітаптарға ұқыпты қарау керек.

«Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының РГП еңбек (ішкі) тәртіп ережесінде», оқу үлгерімі жоғары, оқу пәндерін тәртібін бұзғаны үшін оны қатаң түрде сөгіс жариялау керек, ережесінде» қарастырылған.

.


Кіріспе

Сол кезде медицина жеке азаматты емдеуге арналған, қоғамдық денсаулық сақтау (сонымен бірге белгілі әлеуметтік медицина сияқты пән) толығымен қоғамдағы барлық денсаулықты қорғау мәселелерімен айналысады. Халықаралық ұйым қоғамдық денсаулық сақтаудың маңыздылығын мойындайды.

1978 жылы Алма – Атада (Қазақстан) болып өткен БДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы) шақырылған конференциясында қоғамдық денсаулық сақтаудың сұрақтары қарастырылды. Оттавский Хартии (ДСҰ 1986) келісімі бойынша, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алуда, қолайлы физикалық, мәдениетті және әлеуметтік - экономикалық өмір сүру мен еңбек жағдайының негізгі мақсаты бекітілген.

Бұл концепция негізінде, бұл жеке тұлға мен қоғамның толық жоғары дәрежедегі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық факторлары және медициналық көмек көрсетулері анықталады. Денсаулықты нығайту және жақсарту тек қана денсаулық сақтау жүйесінің қызметі ғана емес.

Қазіргі кезеңдегі медициналық қызметті қаржыландыру мәселелері экономикасы дамыған елдерде өзекті мәселе болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтауға қажетті құралдар әрқашан шектеулі болады. Сондықтан оның негізгі мақсаты көңілге қонарлықтай және тиімді бөліну болып табылады.

Соңғы жылдары қоғамдық денсаулыққа әсер ететін, екі мінездемелі құбылыс анықталды; тұрғындардың қартаюы және қазіргі заманғы медициналық құралдардың құнының өсуі. Қоғамдық денсаулық сақтаудың бағдарламасын тиімді жұмыс жасау үшін, тұрғындардың денсаулығын жақсартуда мәселелерді іздестіру керек. Тұрғындардың денсаулығын қолдау үшін 70 жылға дейін жұмыс жасау керек.

Денсаулық сақтау технологиясының дамуы сонымен бірге шығынның өсуінің маңызды қозғалмалы күші болып табылады.

Жаңа технологиялардың енгізілуі арнайы құралдар мен мамандандырылған мамандарды қажет етеді, сонымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде және арнайландырылыған ірі мекемелерге шығын әкеледі.

Тұрғындар денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу шаралары жүйесі үлкен көлемдегі технологиялық құралдармен бағаланады, сонымен бірге қоғамдық денсаулық сақтауда үш негізді қамтиды:

- денсаулық сақтау саласында маңызды бағыттардағы қоғамдық денсаулықты бақылау және бағалау мәселелерін анықтау

- әкімшілік ұйымдарды тұрғындардың қоғамдық денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру, жергілікті және ұлттық деңгейде тұрғындар денсаулық мәселелерін шешу

- барлық әлеуметтік топтағы тұрғындарды жоғары сапалы медициналық көмекпен және қажеттілікпен қамтамасыз ету.


Пәннің мақсаты: қоғамдық денсаулықты бағалауда және оны анықтайтын факторларды оқып білуде мамандарды дайындау. Сонымен қатар білім жүйесін қамтамасыз етіп сақтауда, тұрғындар денсаулығын нығайтып қайта қалпына келтіруде; ұйымдастыру медициналық технологиялар мен басқару процестерінде; шет мемлекеттердің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтаудың дамуын сараптау және қалыптастыру.



        • Пәннің міндеттері:

  • тұрғындар денсаулық жағдайын сақтау, нығайту және қалпына келтіру мақсатында әдістемелік әдістерді оқып үйрену

  • тұрғындарға медико – профилактикалық көмектерді және медициналық ұжымдар туралы ұсыныстарды қалыптастыру

  • тұрғындар денсаулығы туралы ақпараттарды сараптау және емдеу профилактикалық, санитарлы профилактикалық мекемелердің қызметін, сонымен бірге алдын алу шараларын сапасын күшейту және медико – профилактикалық көмектің нәтижесі туралы білім беру;

  • экономика негіздері бойынша, маркетинг, жоспарлау және қаржыландыру, менеджмент, денсаулық сақтаудағы инновациялық процесстер, медициналық қызметтегі құқықтық және этикалық аспектілер туралы білім беру.




  • Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білу керек:

  • «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

  • азаматтардың денсулығын қорғау туралы заң, Қазақстан Республикасының санитарлық, табиғатты қорғау туралы заңы, медициналық мекемелер мен ұжымдардағы мамандар қызметінің құқықтық негіздері

  • біріккен ұлттық денсаулық сақтау жүйесі-2010-2020

  • адам денсаулығын қалыптастыратын факторлар (әлеуметтік, экологиялық, табиғи-климаттық, генетикалық);

  • қолайсыз жағдайлармен байланысты әлеуметтік экономикалық аурулар, климаттық факторлар және т.б. сәйкес келетін сауықтандыру шаралары, қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін организмге қарсы тұратын бағыттарды көтеру, денсаулық жағдайын және физикалық жағдайды жақсарту, жұмыс қабілетін көтеру;

  • тұрғындар денсаулық жағдайын зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану негізі және медициналық көмекті ұйымдастыру;

  • тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері. Науқастың денсаулық жағдайын кешенді бағалау критериисі;

  • тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру негізі. Тұрғындардың жеке топтарына медициналық көмек ұйымдастыру принциптері. Профилактикалық шараларды жүргізу және ұйымдастыру;

  • медицина қызметкерлерінің этикалық және деонтологиялық аспектілері;

  • медициналық сақтандыру негізі. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қаматамыз етілу;

  • денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі мекемелерінің негізі көрсеткіштері. Типтік медициналық құжатты толтыру ережесі. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжатты толтыру ережесі;

  • халық тұрғындарының және денсаулық сақтаудағы қазіргі заманғы медицина теориясы;

  • әлемдегі денсаулық сақтау жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру. Денсаулық сақтау мекемелерін жоспарлау, қаржыландыру. Денсаулық сақтауды өзгертудің негізгі бағыттары. Медициналық қызметтің бағасын қалыптастырудың негізгі жағдайлары. Денсаулық сақтаудағы маркетинг негіздері. Денсаулық сақтаудағы менеджмент негзідері. Медициналық көмекті сапалы басқару негізі;

  • медициналық сараптаманы ұйымдастыру сұрақтары (уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық сараптамасы);

  • шет мемлекеттердегі денсаулықты қалыптастыру және нығайту, қорғау жүйесі.



Студент істей алу керек:

  • бағалауда статистикалық критерилерді қолдану және статистикалық зерттеулерді есептеуді ұйымдастыру: тұрғындар денсаулығы; медициналық мекемелердің қызметі;

  • есептеу, бағалау және түсіндіріп беру: медико – демографиялық көрсеткіш; сырқаттылық көрсеткіші. Көрсеткіштерді сараптау: мүгедектік; физикалық даму. Алынған медико – демографиялық көрсеткіштерді қолдану, сырқаттылық көрсеткіші, мүгедектік және физикалық даму, ЕПМ қызметін бағалауда және қоғамдық денсаулық көрсеткіштерін сараптағанда, медициналық көмекті жоспарлау;

  • есептеу, бағалау және ЕПМ негізгі қызмет көрсеткіштерін түсіндіріп беру: емхана (ересек, әйелдер кеңесі), стационар (ересек, босану үйі);

  • типтік медициналық құжаттарды толтыру. Құжаттарды дайындау, уақытша еңбекке жарамсыздықты дәлелдейтін;

  • критери бойынша науқастың топтық денсаулығын анықтайтын кешенді денсаулық жағдайын бағалау;

  • тұрғындар денсаулығының қауіпті факторын анықтау және бағалау, гигиеналық оқу құралдарын, нақты жағдайға байланысты тәрбиені және әдістерін анықтау, сонымен бірге әлеуметтік қауіп тобындағы науқастарға;

  • сапаны бағалауды және жеке дәрігерлер мен толық медициналық ұйымдардың жұмысының тиімділігін орындау;

  • тұрғындар денсаулығы туралы және емдік – профилактикалық мекемелердің қызметінің шаралары мен ұсыныстарын қалыптастыру үшін медициналық және медико – профилактикалық көмектің тиімділігінің сапасын көтеру үшін ақпараттарды қолдану;

  • әр деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау мен мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалаудағы басқару шешімдерін қабылдау;

  • тұрғындар арасында салауатты өмір салты туралы насихатты өткізу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тұрғындарды қалпына келтіру және гигиеналық оқуларды қолдану, сақтау, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу;

  • медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қарым – қатынас схемасын түсіндіру және ұсыну. Медициналық қызметтің бағасын анықтау. Маркетингтік кешенді өңдеу;

  • тәжірибеде гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, шынайы ғылыми, медико – биологиялық және әртүрлі кәсіби және әлеуметтік қызметтегі клиникалық ғылыми әдістерді қолдану;

  • өзінің кәсіби қызметінде салалы заңдық базаны қолдану.



Студенттің игеруі тиіс дағдылар:

  • Аурудың алдын алуын ұйымдастыру, денсаулығын жақсарту, еңбекке қабілеттілігін жоғарылату, және өмір жасын ұзарту мақсатында адамның табиғи, әлеуметтік және басқа да өмір сүру жағдайларын дұрыстау;

  • Салауатты өмір сүру салтын қолдап, ұйымдастыру, адамдардың арасында ең кең таралған аурулардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік алдын алу шараларын жүргізу ;

  • Әлеуметтік-гигиеналық ақпарат жинау; тұрғындардың (арасын) денсаулығы туралы ақпарат, дәрігерлердің статистикалық ақпараты, ЕПҰ (ЛПУ) бөлімдері, жалпы медициналық бөлімшелер туралы мәліметтер. Түрлі бағыттағы ЕМҰ- дың жұмыстары туралы методикалық анализ.

  • Денсаулық сақтау жүйесінің бөлімдері мен дәрігерлердің қызметтерінің сапасы эффективтілігін анықтайтын, әлеуметтік маңызды мәселелер мен процесстерді бағалайтын анализ жүргізу;

  • Жаңа білім алу, өз мүмкіндіктерін саралау, білім алудың түрлі формаларын, ақпараттық технологияны қолдану;

  • Ұйымдастыру техникасын игеру, профессионалды тапсырмаларды орындауда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;



Студент мына сұрақтарды компетентті болу керек:

  • Адамдардың өмір жасын ұзарту, еңбекке қабілеттілігін жоғарылату және денсаулығын жақсарту мақсатында аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастыру;

  • СӨС-ын қолдау мен қалыптастыру; тұрғындар арасында кең таралған аурулардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік алдын-алу шараларын ұйымдастыру

  • Тұрғындардың денсаулығы жөнінде ақпарат жинау, дәрігерлердің жұмысы жайында, ЕМҰ бөлімдері мен медициналық ұйымдар туралы;

  • Денсаулық сақтау жүйесі бөлімдерінің жұмысының сапасы мен эффективтілігін анықтайтын анализдер жүргізу



Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: жалпы гигиена, экология, биостатистика, қоғамдық денсаулық, коммуникативті дағдылар.

Постреквизиттер: эпидемиология, еңбек гигиенасы.


Пәннің қысқаша мазмұны

1 кредит

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, оның оқыту әдістері.

Тарихы, мақсаты, бөлімі, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау пәнінің мазмұны. Денсаулық сақтау мен денсаулықтың теориялық негізі. Қазіргі заманғы теория, қоғамдық денсаулықты түсінудегі концепция (биологизаторлық, әлеумигизаторлық және т.б).

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, дәрігерлік мамандық және тұрғындар денсаулығы туралы ғылым. Денсаулық сақтау адамзат қоғамындағы әлеуметтік жүйе болып табылады. Зерттеу әдістері: тарихи әдіс, экономикалық зерттеу әдісі, экспериментті әдіс, сараптаманы бағалау әдісі, статистикалық әдіс, бақылау және сұрау әдісі, эпидемиологиялық әдіс. Тұрғындар денсаулығына әсер ететін факторлар. Мемлекетіміздің тұрғындарының денсаулығын қорғау аймағындағы саясат.

Денсаулық сақтаудағы және медицина ғлымын дамытудағы халықаралық байланысты дамытудың кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы медицина ғылымы мен денсаулық сақтауды дамытудың концепциясы. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың даму кезеңдері. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау, әлемдік тенденция, дамыған елдер. ҚР-ның денсаулық сақтау жүйесін өзгерту бағдарламасына «Біріккен - ұлттық денсаулық сақтау жүйесін» - ендіру. Медициналық демография. Қоғам денсаулығын сипаттаудағы демографиялық мәліметтердің маңызы. Тұрғындар статикасы. Тұрғындар денсаулығын бағалаудағы тұрғындар санағының маңыздылығы. Тұрғындар динамикасы. Механикалық қозғалыс. Әлемдегі және ҚР шынайы қозғалыс көрсеткіштері, оқыту әдістері, деңгейі мен тенденциясы.

Тұрғындар сырқаттылығы, негізгі заңдылықтары. Денсаулықпен байланысты, аурушаңдықпен мәселелердің халықаралық статистикалық жіктелуі. (АХК).Қаралу бойынша сырқаттылықтың оқыту әдістері, медициналық қаралу және өлім себебі. Тіркеу – есеп беру құжаттары. Тәжірибелік дәрігер қызметіндегі сырқаттылықты талдау.Уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттылығы. Физикалық даму - тұрғындар денсаулық жағдайының ең бір негізгі қағидасы. Әртүрлі жыныстық - жас аралық топтардың негізгі көрсеткіштері. Мүгедектік. Бірінші мүгедектікке шығу себептері. Мүгедектік топтары. Тұрғындар денсаулығын жақсартуда және сипаттауда мүгедектікті оқудың маңызы.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін iconСиллабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратура үшін емтихан бағдарламасы
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша докторантура үшін емтихан бағдарламасы
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне арналған дәрістік кешен. №1 кредит. №1 дәріс. 1
Тақырып: Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиологияның ғылыми қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қоғамдық денсаулық...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110400 «Медико-профилактикалық іс» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай 29. 04. 2009 ж 051102 "Қоғамдық...
Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница