Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 105.62 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Дата конвертации15.02.2016
Размер105.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.iktu.kz/files/panderkatalogy/magistratura/6M010800.doc

Ф-ОБ-001/186

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Тарих – педагогика факультеті

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Мамандықтың пәндер каталогы

МАМАНДЫҚ (6M010800 - Дене шынықтыру және спорт )




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ түрі

бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)




1

2

3

4




2 КУРС




3 семестр




2.1. Міндетті компоненттер

КӘСІБИ МОДУЛЬДЕР БЛОГЫ


SDShShFDBFN 5302

Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Ммақсаты:

сабақта дене шынықтыруды, спорттық машықтануды және студенттердің дене шынықтыру мен спорт сабақтарында студенттердің қызметтік дайындығын басқаруды физиологиялық негіздеу үшін қажет жаратылыстану-ғылыми негіздерінен өзіндік білім алу деңгейін арттыру бойынша білім беру және дағдыландыру;

Міндеті:

- студенттердің денсаулығын күшейту, дене шынықтырумен шұғылдануы және спорттық машықтануы кезінде жұмыс қабілеттілігін арттыру негіздерін құрайтын физиологиялық механизмдер туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру;

- дене шынықтыру құралдарымен және қоршаған орта факторларымен оптималды дене жұмыс қабілеттілігін дамыту бойынша физиологиялық білім беру;

-ағзаның дене жүктемелерін көтеруін бақылаудың физиологиялық әдістерін, дене шынықтырумен шұғылданатын студенттерді оқыту-машықтандыру басқару құралдарын дұрыс қолдана білуге дағдыландыру;

-магистрларды дене сапаларын және спорттық нәтижелерді анықтайтын факторлар туралы біліммен қамтамасыз ету;

-әртүрлі жынысты және әртүрлі дәрежелі адамдардың ағзасына дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерін анықтай білуге үйрену;

-дене күйін және дайындығын анықтап, ажырата білу машықтанғандықты бақылауда физиологиялық бақылаулардың нәтижелерін қолдануға дағдыландыру;

Қысқаша мазмұны: «Спорттық дайындалғандығын ЖОО мен ұйымдарында басқарудың физиологиялық негіздері» пәні – спорттық жаттығу негізінде жүретін, бұлшық ет қызметінде қалыптасатын мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттеуге бағытталған адам физиологиясының арнаулы бөлімі. Ол жаттығу процесін қалыптастыра отырып, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге негізделген.

«Спорттық дайындалғандығын ЖОО мен ұйымдарында басқарудың физиологиялық негіздері » пәні дене тәрбиелеу мәдениеті институттарында ғылыми ілім есебінде оқытылады. Бұл негізінен енді дамып келе жатқан жас ғылым және педагогикалық ілім.

«Спорттық дайындалғандығын ЖОО мен ұйымдарында басқарудың физиологиялық негіздері» пәнінің жалпы физиологиядан айырмашылығы – ол тек адамдарға ғана жүргізілетін зерттеулерге негізделеді. Сондай-ақ зерттеулер белсенді қозғалыс кезінде жүргізілуі қажет.

Білімі:

- ағзаға әсер ететін дене жүктемесінің физиологиялық негіздерінің түсініктері мен ғылыми білімдер кешенін біледі және меңгереді.

- спорттық және бұлшық ет әрекеттері кезіндегі жүретін физиологиялық жағдай мен процестерге талдау жасай біледі.

Білігі: спорттық іріктеу кезінде спортшының физиологиялық жағдайына байланысты шешім шығаруға және дене жүктемелеріне түзету жасауға, өз бетімен талдау және физиологиялық бақылау жасау үшін ақыл-ой кешенін пайдалана біледі.

Құзыреттері: -әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі әдістері мен ережелерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолдануға дайын;

-адамгершілік нормасы мен өнегелі мінез-құлық негіздерін меңгерген;

-ғылыми зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдарын, ғылыми білімге қол жеткізу мен құру тәсілдерін жете түсінеді;

-оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;

-білім берудің әртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын;

-мамандықтың жоғары әлеуметтік маңызын түсінеді, кәсіби этикалық ұстанымдарды сақтайды;

- спорттың әр түрінен жаттығулар жасау барысында ағза жағдайына, дене жаттығуларына педагогикалық, биомеханикалық, биохимиялық, физиологиялық, психологиялық талдау жасай білуі;



ZhOOTSTOTAP 5303

Жоғары оқу орындарында (жоғары жетістіктер спортында) таңдаған спорт түрін оқыту теориясы, әдістемесі және практикасы.

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Ммақсаты: Таңдаған спорт түрінен кәсіптік деңгейін арттыруға қажетті педагогикалық ұйымдастырушылық іскерлікті қалыптастыру.

Міндеті:

-Магистранттардың Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алатын магистранттарды кредиттік оқу жүйесі бойынша оқыту ерекшелігі (ассистент, тьютер,эдвайзер т.б.) шеберлігін, жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру біліктілігін арттыру.

- ЖОО оқытушы-бапкер, таңдаған спорт түрі бойынша құрама командаларда емдеу дене мәдениеті, фитнес бойынша міндеттерді атқару үшін таңдаған мамандық немесе спорт түрі бойынша білім беру, оқу-тәрбие, ғылыми әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, тәрбиелеу, спорттық және сауықтыру қызметтері бойынша қажетті практикалық дағдыларды меңгеру.

- Мына бағыттар бойынша магистранттардың бойына білім және біліктілік дағдыларын сіңіру:

- ЖОО және әртүрлі ұжымдарға дене шынықтыру мен спорт бойынша маман ретінде дене тәрбиесі процесін ұйымдастырумен байланысты педагогикалық білім беру қызметінде;

- студенттер, әртүрлі жастағы, жыныстағы, денсаулық, спорттық дәрежедегі және дене дайындығы деңгейіндегі жеке тұлғалар үшін тиімді оқытып, үйрету режімін таңдау мақсатында дене мәдениеті мен спорт, техникалық құралдар, тренажерлар бойынша оқу процесіне жаңа оқытып, үйрету технологиясын өңдеп дайындау және ендіруді сипаттайтын ұйымдастыру-техникалық қызметтерінде;

- ЖОО дене мәдениеті ұжымдарындағы-спорттық және дене мәдениеті

-сауықтыру жұмыстарымен байланысты өндірістік-басқарушылық қызметтерінде; білім беру мекемелеріндегі-ҒЗЖ (ғылыми зерттеу жұмыстары) бойынша бас маман қызметінде; спортшылардың дайындығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру бойынша жаттықтырушы, директор, басшы, әкім қызметтерінде;

- жеке тұлғаның дене мәдениетін тәрбиелеу-дене жаттығуларын гигиеналық шараларды қолдану және табиғаттың жаратылыс күштерін пайдалану арқылы студенттердің және ел тұрғындарының дене, ерік-жігер сапаларын, біліктілігі мен дағдыларын, денсаулығын нығайтуға, дене сымбатын жетілдіруге деген қажеттілігін үйлесімді дамыту;

Қысқаша мазмұны: «ЖОО (жоғары жетістіктер спортында) таңдаған спорт түрін оқыту теориясы, әдістемесі және практикасы» пәні ЖОО 6М0108 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кредиттік жүйемен оқитын магистранттарға арналған жалпыға міндетті мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша кәсіптік пәндердің міндетті компоненті болып саналады.

Білімі:

-дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәнді оқыту әдістемесінен берілетін тапсырмаларды қорытып талдау және оларды шешу мақсатында тиімді әдістерді табуға үйрету. Оларға оқыту амалдары мен әдістерін пайдаланудың технологияларын және принциптерін қолдана білуді үйрету.

Білігі:

- дене мәдениеті мен спорт саласы бойынша біліктілікті меңгерту;

- бұл жерде ерте жастағы, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, студент жастармен ересек тұрғындардың дене тәрбиесін құралдары мен әдістерін меңгерту;

- спорттық жарыстар мен спортшыларды даярлау жүйелері, жарыстар мен оған дайындықты толықтыру және жарыстан тыс жағдайларды жүйелі басқару;

- философиялық ғылыми талдау, өзіндік кәсіби біліктілік деңгейін көтеру мақсатында ақпараттық технологиялар және ғаламтор ресустарын меңгеру.

Құзыреттері:

Дене шынықтыру мен спорттың теориясы және әдістемесі пәнін оқытудың дидактикалық, жалпы әдістемелік және арнайы принциптерін, дене тәрбиесіндегі және спорттағы шұғылданушылардың жасы, жынысы ескеріле қолданылатын құралдар мен әдістерін, қозғалыс әрекеттері арқылы оқытып, үйрету, дене сапаларын тәрбиелеу, тәсілдік дайындық. психикалық дайындық әдістемесін, спортпен шұғылданушылардың бір жылдық және көпжылдық дайындық дайындық үдерістерін меңгеру.


2.2 Таңдаңду бойынша компонент

SGDT-603

Сауқтыру гиммнастикасының дәстүрлі емес түрлері

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Ммақсаты: мектепке дейінгі мекемеде, мектепте және жоғары оқу орындарында және т.б. денешынықтыру мен спорт мекемелерінде кәсіби шеберлікті, дағдыны үйретуді қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеті:

- Гимнастика атауларын меңгеру және бағдарлама көлемінде жаттығуларды дұрыс айта, жаза және сызып бейнелей білу. Гимнастикадан дене тәрбиесі сабағының жоспар-конспектісін құрып жаза білу.

- Саптық, жалпы дамыту, еркін жаттығу, гимнастика жабдықтарындағы, акробатика жаттығуларын, треніп секіруді үйрету шеберліктерін қалыптастыру.

- Дене тәрбиесі сабағын жас ерекшелігі, жынысына қарай, ұйымдастыру, жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.

- Гимнастика амалдарын дене тәрбиесі үшін қолдана білу, дене қимылы ережелері мен спорттық кемелдену шараларын ұйымдастыра білу шеберліктерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: «Сауықтыру гимнастикасының дәстүрлі емес түрлері» пәннің үлгілік бағдарламасына 2 кредит берілген.

Білімі: гимнастика туралы, оның заңдылықтары және даму қағидалары, ұйымдастыру түрлері, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы маңызы мен орны жайлы бүтіндей түсініктер негізінде студенттердің жалпы мәдениетін нығайту;

Білігі: педагогикалық, жаттықтырушылық, реакреациялық, ұйымдастыру-басқарушылық, ғылыми – зерттеу және мәдени – ағартушылық, кәсіби қызметтерді жүргізу үшін адамгершілік, ерік – жігер және психологиялық сапаларды тәрбиелеу.

- спорттық іріктеу, болжау, модельдеу және мониторингті қолдану.

Құзыреттіліктер:

- әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі әдістері мен ережелерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолдануға дайын;

- әлеуметтік өзара әрекеттестік құруда білім беру үрдісіне қатысушылардың этно-мәдени және конфессионалдық ерекшеліктерін ескеруге қабілетті;

- дене тәрбиесі мен денсаулықты нығайту әдістері мен құралдарын қолдана алады және толыққанды әлеуметтік кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене мәдениетін жетілдіруге дайын;

- оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын және кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және салааралық өзара әрекеттестіктеріне қатысуға қабілетті;

- спорттық-техникалық дайындықтарды білуі керек, білім берудің барлық деңгейі бойынша дене мәдениетінен сабақ берудің әдістемесін, дене мәдениетінің әртүрлі жүйесінің негізгі теорияларын меңгеруі керек, денеге түсетін салмаққа бақылау жасаудың дәрігерлік және физиологиялық әдістерін білуі, өзін-өзі қайтадан қалпына келтіру жолдарын білу;

DMSA-603

Дене мәдениеті мен спорттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Ммақсаты:

–ғылыми зерттеу жұмыстары туралы жүйелі білім беру, денешынықтыру және спорттағы медициналық – биологиялық зерттеу жүргізу дағдысын меңгеру және табылған ғылыми нәтижелерге талдау жасауға дағдыландыру.

Міндеті:

-ғылыми білім әдістемесі туралы студенттің қазіргі дүние танымын қалыптастыру және педагогика мен дене тәрбиесі теориясының жалпы негізін өңдеу тарихы туралы білім беру;

- дене шынықтыру және спорттағы ғылыми жұмысының әдістеріне, ұйымдастыру мен жоспарлау түрлерін тануына, өз бетімен ой шығармашылығына дағдыландыру;

-проблеманы таңдау және негіздеу, зерттеу мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыстьың басты кезеңдерін анықтау, жоспарлау, зерттеу күнделігін жазып отыру, зерттеу әдістерін таңдау, педагогикалық тәжірибе өткізу, бақылау;

- ғылыми әдебиеттерді талдау тәрбиесіне және шеберлігіне дағдыландыру, мақала, тезис, ғылыми баяндама жазып білу және компьютерлік презентацияны өткізу, сонымен қатар өзбетімен тапқан ғылыми нәтижелерді, әдебиеттегі мәліметтерді сынға алу тиіс.

Қысқаша мазмұны: «Дене мәдениеті мен спорттағы ғылыми зерттеу әдістері» пәні 6N010800- Денешынықтыру және спорт мамандығы бойынша кредиттік технологиямен оқитын магистранттарға арналған жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт бойынша кәсіптік пәндердің міндетті компоненті болып табылады.

Білімі: ғылыми теорияның құрылымы және ғылыми ақпаратты алу амалдары ретіндегі зерттеу әдістерінің жүйесі туралы тұтас түсініктері болады.

Білігі:

- теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерін тәжірибеде пайдалана біледі.

- зерттеу құрастыру логикасын, оның негізгі кезеңдерін біледі.

- қазіргі ғылыми зерттеулердің тұғырларын меңгереді;

- өз бетінше ғылыми педагогикалық зерттеулерді орындай алады.

- зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, талдау жасайды және рәсімдейді.

Құзыреттіліктер:

- ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады, ауқымды компьютерлік желідегі компьютермен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;

- ғылыми зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдарын, ғылыми білімге қол жеткізу мен құру тәсілдерін жете түсіндіру;

- психологиялық және педагогикалық зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді қолдануы;







Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница