1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер




Скачать 468.27 Kb.
Название1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер
страница2/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер468.27 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/a368beff-dcd5-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ЭХ.doc
1   2   3   4

Тақырыбы: Литосфераның химиялық экологиясы.

Литосфераның басты компоненті топырақ ортасының ластануы.

Басты сұрақтары:

  1. Литосфераға сипаттама, топырақ түрлері.

  2. Органикалық экотоксиканттардың топырақ ортасын тотықтыру реакциялары

  3. Органикалық экотоксиканттардың тотықсыздануы және гидролизі

  4. Тотығу – тотықсыздану және гидролиз процестері кезіндегі аралық реакциялар, өнімдер.

  5. Химикаттардың құрылымы және оның токсикалық қасиетіне қатынасы.

  6. Органикалық экотоксиканттардың организмге әсері


1. Органикалық экотоксиканттар.Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератогенді немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.Органикалық қосылыстардың ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматты көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдар таралады.Олардың көпшілігі тұрақты ағзаларды жеңіл сіңіреді және ұлпаларда бифенил(ПХБ) қоспалары болады.

ДДТ,(пестицидтер),тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен еріткіштер.Бұл топқа өте улы зат диоксиндер де жатады.

ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін,аяқ-қолдың, сүйек зақымданғаннан көрінетін винилхлорид қауіпсіз деп есептеліп келуі.Оны аэрозоль баллондарында газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген.1970жылы ғана оның улы қасиеттері анықталады.

Белгілі ДДТ(дихлор дифенил трихлорметил этан)дихлорлы көмірсуларға жатады.1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15млн.тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған.

Кейіннен ДДТ май ұлпаларымен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. Диоксиндер қазіргі ең белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксинннің канцерогенді ,мутагенді, тератогенді әсері анықталады.Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.Диоксиннің көп бөлігі қоршаған ортаға дефомианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанайналым жүйесін зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және мутагенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті түсімен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын. 30-100мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі.Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызу мүмкін.Оның адам организміне канцерогенді әсері туралы мәліметтер бар.

2.Органикалық заттардың тірі ағзаға әсері. Текстилді өнеркәсіп орындарында материалдарды тазалауда органикалық еріткіштер қолданады. Фторхлорлы көмірсулармен қатар тетрахлорэтилен 1,1,1- трихлорэтан, трихлорэтилен және т.б еріткіштер де қолданылады. Еріткіштердің ұдайы регенерациясына қарамастан олардың белгілі мөлшері қоршаған ортаға түседі.Бұл қосылыстардың липофильді қасиеттері олардың тірі ағзалардың майлы ұлпаларында жиналуына әкеліп соқтырады.

Басқа еріткіштер белгілі мөлшерде канцерогенді қасиет көрсетеді. Тетрахлорэтилен үшін кейбір деректер тышқан мен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибелерден кейін белгілі болған.

Адам үшін канцерогенді әсері анықталмаған, бірақ радикалдардың түзілу әсер етіп,сонымен қатар бүйрек пен орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Тетрахлорэтилен микроағзалар мен тірі дүниеге токсикалық әсер етеді.Бояғыш заттарды жасауда қолданылатын еріткіштердің адам ағзасына көбінесе толуол,ксилол және т.б амилбензолдар әсер етеді.Бұл заттар жансыздық тудырып жүрек айну, бас ауруын туғызады, бірақ бензолға қарағанда олар канцерогенді болып табылады. Ағза ішінде тез арада гидролизге ұшырап, күкірт немесе глюкурондық қышқылымен қосылып, бүйрекке жинақталады. Бұл еріткіштің бензолмен ластанғанда олар аса қауіпті болып табылады.

Көп мөлшерде органикалық еріткіштер қоршаған ортаға әртүрлі құрылысты болғанда және адам іс-әрекеті арқылы түсіп отырады.

Нашар еритініне қарамастан ауаға шыққан шаң-тозаңдар, жаңбыр және тұман арқылы суға, топыраққа түседі.

Көптеген өнеркәсіп орындарынан бөлінетін қалдықтардан, миллиондаған органикалық заттан өнім өндірген кезде қалдықтардың ішінде көп кезігетін экотоксиканттардың бірі- хлорорганикалық экотоксиканттар.

Бұл қосылыстар аз полярлы заттар хлорорганикалық пестицидтер токсикалық эффектілері өте жоғары. Хлор атомы нуклеофильді байланысқа түскен уақытта билогиялық активтілігін арттырады. Көпшілік органикалық экотоксиканттар белоктың құрамындағы аминотоптармен және нуклеин қышқылдармен әрекеттесіп, организмді уландырады.Хлорлы уытты заттардың: гексахлорциклогексахлоран, гексахлорбензол, ДДТ, 1.1-атразин 2,2,3-трихлорэтан, хлордэн, гептахлор, полихлорланған бифенилдер.Көпшілік хлорорганикалық экотоксиканттар, хлорланған фенолдар ағаш өндірісінде консервант ретінде дезинфекциялаушы зат ретінде және басқада пестицидтерді синтездеуде қолданылады. Осындай хлорорганикалық пестицидтермен ластайтын қағаз целлюлоза комбинаты, ал целлюлоза өндірісінің негізі хлор ағарту үшін қолданылады.Кейінгі кезде билогиялық әсері өте күшті ксенобиотик құрамына жататын заттар суперэкотоксиканттар деп аталады.

Нитраттар,нитриттер және нитразоқосылыстар.

Нитраттар азот қышқылының (HNO3), нитриттер (НNO2), азоттылау қышқылының тұзы. Нитриттер тез тотығып, нитраттарға айналады.Нитраттар түрлері: аммоний нитраты, калий нитраты, т.б тыңайтқыш ретінде қолданылады. Нитраттардың 8-15 г мөлшері адам өміріне қаупін тудырады.

Нитроазоқосылыстар өндірісте кеңінен ракеталардың жанар майы ретінде а

XXғ.соңында (87%) нитроқосылыстар жануарларға тәжірибе жасап, байқағанда ісік тудыратынын көрсеткен.

Асбестті қосылыстар және табиғи талшықтар

Табиғи талшықтар- өте тұрақты, сондықтан қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы жинақталып, сақтала алады. Табиғи талшықтар атмосфераға, су айдындарында өте ұзақ қашықтыққа таралып, қауіпті экотоксикант қатарына жатады.Асбест қосылыстары (МАИР) классификациясына жатады.Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес асбест талшықтары құрамындағы тальктің канцерогенді екені анықталды.

Полициклді ароматты көмірсулар

Осы топтың қосылыстары қоршаған ортада барлық сфера түрінде таралған.(ПАК)индикаторлықмәні-бензопирен. 1966ж.Л.М.Шабад және И.В.Белицкий осы мәнді енгізді. (ПАК) синтездеу барысында өсімдіктерге микроағзалар арқылы, осы жол арқылы жылына 1000 тамшы бензопирен биосфераға түсіп, зиянды әсерін тигізуде.

ПАК антропогендік түсу жағдайы:

1) стационарлы-коксохимиялық, металлургиялық, мұнай өндіретін зауыттардың өндірістік қалдықтары;

2) қозғалмалы (пересистентті)-су, әуе, автомобиль көліктері арқылы таралады.

Атмосфераға бензопирен жыл сайын 5000 тонна түседі. ПАК жанғыш заттар (көмір,сланцы, мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтарын) 80-500◦С температурада жануы нәтижесінде түзіледі.

Нитраттар-адамағзасына тамақтану циклі арқылы түсіп қауіпті ауру түрлерін туғызады. Нитрат NO3ˉ)ионның көп мөлшерде тотығуы, концентрациясының жоғарылауына алып келеді. Адам организмінде нитраттардың жинақталуы қан айналым жүйесіне оттегінің тасымалдауын нашарлатады.Нитриттердің аминтоптарының қослыстарымен мочевина туындыларымен N-нитрозоамин түзеді.Нитрозоамин- өте күшті канцерогенді, мутагенді ауру туғызады. Егер адам ағзасына 1:10 000 N- нитрозоамин-метилмочевина қосылыстары түсетін болса, 24 есе эмбриондағы фибробластулада орналасатын хромосомалардың санының көбеюіне, немесе күрт азаюына алып келеді.

3.Органикалық заттардың уыттылығы. Бұл қауіпті заттар қатарына агенттеранттеркіреді.Әртүрлі локальді апаттар мен әскери әрекеттер кезінде бұл заттар (диоксиндер, полихлорланған бифенилдер, фосфорорганикалық қосылыстар) жоғары концентрацияда болып, адам ағзасының улануына, өліміне алып келеді.

Осы аталған суперэкотоксиканттармен бірге полициклді ароматты көмірсулар (ПАК),хлорланған фенолдар, ароматты аминдер, синтетикалық органикалық заттар, полимерлік материалдар жатады. Бұл экотоксиканттардың барлығы дерлік тұрақты және жоғары аккумулятивті.Олар (гидрофобты) суда нашар ериді,тірі ағзаның фосфолипид жасушасында жинақталады. Активті радикалдарды қосып алып, ДНҚ құрылысына енуге қабілетті.Мұндай шарттар олардың канцерогенді, мутагенді, эмбриотоксикалық эффектілері арқылы көрініс тауып отыр.

Полициклді (конденсирленген) ароматты көмірсулар-тікелей ағзаға әсер ету қабілетімен ерекшеленеді. Бұл қосылыстарға бензопирен, дибензопирен, безофенантрендер, дибензофурандар және мұнай-химия өндірісінің өнімдері, синтетикалық каучук өндірісі жатады. Қоршаған ортаға бензопирен түсуі түрлі ісік ауруларын туғызатыны белгілі болды. Полихлорланған ароматты көмірсулар ПХБ-хлорланған бензофурандар және осы топқа жататын заттар 1968ж. Жапония және 1979 ж. Тайвань елінде тамаққа қосатын күріш майына жоғары мөлшерде түсіп,бауыр мен бүйректің ісігі- Юшо ауруын тудырды. Бұл ауру басқада жұқпалы эпидемияның сол аумақта таралып,өршіп кетуіне алып келді.

Органикалық аллергендер. Атмосфераға көптеген техногенді ластаушы заттар, полимерлі және басқа органикалық заттарды жағу барысында адам ағзасында аллергиялық ауруларды тудырады.Егер бұл аурулар асқынса астма, бронхит , ринит,дерматит ауру түріне ұласады. Атмосфераның әлсіз аммиакпен және ароматты көмірсумен өсімдіктің организмінің ластанған саполиназа және микоза қосылыстары -аллергиялық аурулар(өсімдіктің тозаңдануында микроскопиялық шаң түрінде тарлады.)

Диоксиндер.

Диоксиндер және диоксинге ұқсас заттар адамның денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауіпті химиялық зардабын тигізуде.Диоксиндер тобына жоғары токсикалық заттар-полихлорлы дибензоксин және полибромды дибензофурандар жатады.Диоксиндер химиялық тұрғысынан алғанда - инертті заттар болғанымен, жоғары токсикалық политропты және паратропты билогиялық активтілікке ие. Диоксиндер тек органикалық еріткішертерде ериді. Суда ерігіштігі 10-7мг/л, гумус және фульвоқышқылдарында еру қабілеті комплекс түзу қабілеті есебінен артады.

Диоксиндерді түзетін факторлар :химиялық,электротехникалық,целлюлоза-қағаз өндірісі және түсті металлургия саналады. Диоксиндердің көп мөлшері атмосферға жанар майының, көмір өндірісінің тұрмыстық және өндірістік зауыттардың зиянды қалдықтары барысында түседі.

Қоршаған ортада диоксиндердің жинақталуы ірі өндірістік орындары жарылуы нәтижесінде, апатты жағдай барысында болуы мүмкін.

Диоксиндер- адам ағзасына: ластанған су немесе қоректену циклі арқылы асқазан сөліне, ас қорыту жүйесіне енеді. Адам ағзасында 50мг/кг мөлшері адам өміріне қауіпті.

Диоксиндер тірі организмде жинақталып, онкологилық, репродуктивті және эндокриндік «диоксиндік паталогия » ауруларға шалдықтырады.

4.Техногенді органикалық ксенобиотиктер.

Фенол суда таралуы оның химиялық құрылысына, қоршаған орта жағдайына байланысты.УК сәулелер, микроағзалар және оттегінің таралуы факторлары әсерінен суда тез таралады. Қарапайым фенолдар аэробты жағдайда микроағзалар әсерінен 7 күнде таралады, бастапқы көлеміне қарағанда 96-97 артады. Фенол қосылыстары ауыз суында ШРК 0.5мкг/л мөлшерінен аспауы қажет.

Фенол қосылыстарын дезинфексиялау үшін, кеңсе тауарларын, желімдерді және түсті қағаз жасауда, фенолформальдегид шайырларынан пластмасса өндірісінде қолданылады. Ағашты және көмірді жаққанда, сонымен қатар олар двигательді дизель отындарын және бензинді жаққанда улы газ қоспалары түрінде ауаға тарайды.

Фенол қосылыстарының галоген туындылары

Кеңінен таралған полихлорланған бифенилдер фитостирол, андроген уытты заттары жатады.Андроген-диоксиндерге жатады.Фитостирол-бифенилдерге жатады. 2,4,5-трихлорфеноксисірке қышқылы фотолизге ұшыраған уақытта өте қауіпті экополютант 2,3,7,8тетра-хлорбензопаради оксин түзеді.

Су ортасы үшін гидролиз процесі тән. Бұл процесс фосфор және тиофосфорқышқылының эфирлерінде жақсы жүреді. Гидролизге тек қана эфирлер ғана емес, гидрокарбонаттар, карбарил және амидтерде түседі.

Алкил фосфаттар ацетилхолинстеразада өте-күшті ингибиторлық(тежегіш) қасиет көрсетеді. Ацетилхолин ағзада ферменттер активтілігін төмендетіп, қан қысымының азайып, көздің нашарлауына, талма ауруының және тыныс жолдарының бекітіліп қалуына әкеліп соқтырады.

Дипиридил қосылыстары мысалы: паракват адам терісімен жанасқанда асқазан жарасын тудырады. Бұл қосылыс организмге түссе, жоғары токсикалық эффект көрсетіп, адам өліміне алып келеді.

Қоршаған ортаны ластайтын уытты заттардың тірі организмге зиянды әсері.

Осы заттар қатарына фталь қышқылының күрдел эфирі,полихлорланған бифенилдер (ПХБ),диоксиндер, пентахлорфенол, ароматты көмірсулар жатады.

Фталаттардың адам организміне қоректену циклі арқылы түседі.2-этилгексилфталат немесе диоктифталат жануар ағзасында 10мг/кгасып кетсе канцерогенді ауру туғызады.

Фталаттады ферменттер әсеріарқылыжойыпжіберугеболады.Микроағзалар арқылы жоятын болсақ, фтальқышқылы түзіледі. Осыдан пируват және сукцинат түзіледі.

Фталаттардың өсімдік ағзасына зиянды әсері хлороза түзілуінен байқалады.Жапырақтары қоңырқай тартып, сабақтары жіңішкереді.Атмосферада фталаттардың ыдырау уақыты 10-100жыл уақытқа созылады. Бұл заттарды тоңазытқыш жабдықтарында, жылутасымалдағыш заттар ретінде қолданылады.

Тетрахлорметан

Хлорланған алкандар және алкендер еріткіш түрінде материалдарды синтездеуде қолданылады. Хлорлы көмірсулардың бүйрекке өте күшті әсер ететін тобына-тетрахлорметан жатады. Бұл қосылыстарды фторхлорлы көмірсуларды синтездеуде қолданылады.Тетрахлорметан су ортасында, қоймаларда 14-16 күнге дейін таралады.

1-кесте.

Бауырға органикалық экотоксиканттардың күшті әсері



Тетрахлорметан

1,1,2,2-тетрахлоэтан

1,1,2-трихлорэтан



CCl4

Cl2 HC-CHCl2

Cl2HC-CH2Cl

Бауырға органикалық экотоксиканттардың

орташа әсері

Трихлорэтилен

Тетрахлорэтилен

1,1,1-трихлорэтан

Дихлорметан

Cl2=CHCl

Cl2C=CCl2

Cl3-CH3

CH2Cl2
1   2   3   4

Похожие:

1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconБиосфера туралы жалпы түсінік
Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясын тұжырымдады. Биосфера...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconCабақтытың тақырыбы: Кіріспе
Биология Жер бетіндегі тірі ағзалардың орасан зор сан алуан формаларын және түрлерін зерттейтін тіршілік туралы ғылым
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconСабақтың тақырыбы
Биосфера – грекше биос өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconБиосфера мен биота эволюцияларының механизмдері
Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconБиосфера мен биота эволюцияларының механизмдері, факторлары мен триггерлері
Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconКафедраның жиналысында бекітілген
Студенттерге термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдарын таныстырып, химиялық реакциялардың кинетикасы және тірі организмдегі...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер icon1 Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconТабиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы Жоспар
Литосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconТабиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы Жоспар
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы...
1-4дәріс (4 – сағатқа есептелген) Тақырыбы: Кіріспе. Химиялық экология пәніне түсінік. Жер бетінің тірі қабаты-биосфера. Тірі организмдер iconАдам баласы көзімен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница