«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы»




Название«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы»
страница7/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.14 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-активтер-есебіне-талдау-мен-аудит.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығын талдау кезінде тәуекелсіздік коэффициенті 0,2 және 0,7 көрсетті. Бұл өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуекелділігі жоғары екендігін көрсете, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Ал тәуелділік коэффициенті авансталған капиталдың жалпы соммасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің құрылыс басқармамызда оның деңгейі жолдың басында 0,7 ал жыл соңында 0,3 болды. Бұл көрсеткіш бойынша қаржылық тәуекелділігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуекелділік коэффициенті оның қалыпты мәніне айтарлықтай жоғары.

Келесі, басқарманың қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Бұл көрсеткіш жыл басында 0,3 ал, жыл соңында 3,1 болды. Басқарма мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан , төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қарастырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті. Біздің талдау бойынша бұл көрсеткіш жыл басында 3,2 жыл соңында 0,3. Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 3 теңге тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншік салымдарының әрбір теңгесіне 3 тиынға дейін азайған. Егер оының мәні 1-ден асып кетсе, онда басқарманың қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да басқарманың қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Басқрманың ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінң мәніменшектелуі қажет.

Басқарманың тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды. Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеу қауіпті. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлақ негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Басқарманың капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой-меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары ¼- ұзақ мерзімді қарыздар есебінен ¾- қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасуы керек.

Талдау бойынша қаржылық тұрақтылықтың коэффициенттері теориялық мәндерінен ауытқуы болашақта қаржылық тұрақтылықты сақтауға назар аудару керек екендігін көріп отырмыз. Осымен Серіктестік өзінің қызметін жақсарту үшін жаңа жаңалық жетістіктерді алмастыру қажет болады. Қаржылық тұрақтылықты ондай нашар деуге болмайды. Барлық қаржылық коэффициенттерді Халықаралық стандарттар бойынша төртке бөледі:

1.Өтімділік және төлем қабілеттілік коэффициенті.

2.Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

3.Іскерлік активтілік коэффициенттер.

4.Рентабельділік (тиімділік) көрсеткіштер.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі ретінде қабылданады, ол деген сөз ұзақ мерзімді айналымдағы қаржы көздерінің қамтамасыз етілгендігін сездіреді.

Кез-келген кәсіпорын төлем қабілеті 0-1 арасында болады. Егер х1 болса, ол дегеніміз кәсіпорын қаржылық қиындықты көріп отырғандығы. Кез келген кәсіпорынның қаржы қиындықтарының себептеріне өндіріс және өнімді өткізу бойынша бизнес жоспардың орындалмауы, өзіндік құнының өсуі, өндірістік құралдардың жетіспеуі, салық салудың жоғары пайызды айналым капиталының дұрыс емес құралдарын жатқызуға болады. Төлем қабілеті коэффициентін есептеген кезде барлық активтер келесі топтарға бөлінеді:

-ақша қаражаттары;

-қысқа мерзімді қаржылық салымдар;

-тауарлар және жайын өні;

3.2. Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен алмастыруда. Акив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалақ елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

Жоғары өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез еклген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 1-ші бөлімінің Қорлар бабы және баланс активтерінің 2 бөліміндегі Ұзақ мерзімді инвестициялар бабы.

Бірақ бұл кезде Алдағы кезең шығындары бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айнаодыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, онда жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

Қиын өткізілетін активтер- баланс активінвң 2-ші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 2-ші бөлім жиынының Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады- кассадаға, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның Өтімділігін, яғни активтің бірінш кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынған бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

Неғұрлым тезірек төлеуге тиісті міндеттемелер- бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер мен заемдер және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді заемдер мен несиелер.

Тұрақты міндеттемелер- пассивтің 3-ші бөлімінің Меншікті капитал баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің Алдағы кезең шығындары бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1 П1

А2 П2

А3 П3

А4 П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін тұғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік Баланстау сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімдлігінің абсолютті өтімділіктен аздық-кқпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қықа мерзімді міндетемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Өтімділік деп- Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі,- деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірнше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді.

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек. Кесте-13

Активтердің өтімділігі бойынша топтастыру

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің



Активтер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

I Өтімділігі өте жоғары активтер










>Ақша қаражаттары

28343

75820

47477

Барлығы

28343

75820

47477

I I Тез өтетін активтер










>Дебиторлық қарыз

13886833

863282

-13023551

Барлығы

13886833

863282

-13023551

I I I Баяу өтетін активтер










> Қорлар

294342

256332

-38010

Барлығы

294342

256332

-38010

IY Қиын өтетін активтер










> Материалдық емес активтер

119

132

13

> Негізгі құралдар

4322400

4374837

52437

Барлығы

4322400

4374837

52437
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» icon«Бағалау және бизнес» кафедрасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша «Экономика»
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconБухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің,...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің,...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» icon«Экономикадағы аж» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым 09. 09. 2013ж 03. 09. 2012ж
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің,...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады....
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconСтуденттерге арналған курстың ОҚу бағдарламасы
Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит»...
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы
Республикасы Заңының 74-бабына, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, «Бухгалтерлік есепке алу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница