Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы




Скачать 335.56 Kb.
НазваниеБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
страница2/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер335.56 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://i.keu-uff.ru/u/5c/820886056876afe87a98dccb5e72bf/-/Баскару есеп курстық жұмыс 2012-13.do
1   2   3   4




ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ



Әдебиетттермен алдын ала таныс негізінде курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық жұмыс кіріспеден, төрт-бес параграфтан және қорытындыдан тұрады.

Жоспарды жасау кезінде ең бірінші кезекте жекелеген параграф қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасó ретін анықтап алу қажет.

Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол курстық жұмыс жоспары оның негізгі бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары жұмыстың негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.

Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.


ІРІКТЕЛГЕН ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ


Жетекшісімен жұмыс жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады. Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру (дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын және бетін көрсету қажет.

Алынған деректерді жұмыстың жоспарда көрсетілген негізгі тараулары бойынша жүйеге түсіру іріктеп алған материалдардың тәжірибелік негізінде тақырыптың негізгі мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң монографиялық жұмысқа көшуге болады. Жорналдық мақалалармен және нормативтік материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныñу кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.

ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ



Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.

Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.

НАҚТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ



Басқару есебі бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады. Сондықтан да нақты материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаëы жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.

Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде “Басқару есебі” курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған білімді пайдалану қажет.

Нақты деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерäi анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпарат пен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен метологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.

Есептің методологиясы мен құрастырылуы өндірістің ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі тұтынушылар кооперациясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.

Нақты материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ



Курстық жұмыс кәсіпорын материалында жинақталып, өңделген, мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.

Курстық жұмыстың жекелеген шаруаларының мазмұнын сипаттай отырып, мынаны атау қажет:

Екі-үш беттік кіріспеден алынған тақырыптың негізгі мазмұны мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты да көрсетіледі. Материалы бойынша курстық жұмыс жазылған кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу керек.

Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.

Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау ұмыт қалмасын.

Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады. Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін бірқалыпты енгізу естен шықпауға тиіс. Қосымша сілтеме нөмірі көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық таðаóлары бір-бірімен байланысты болсын.
1   2   3   4

Похожие:

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы icon“Есеп жєне қаржы” кафедрасы
Бухгалтерлік есеп және аудит”мамандығындағы күндізгі және сыртқы оқу нысанындағы студенттері үшін ”Аудит”
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы icon«Бағалау және бизнес» кафедрасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша «Экономика»
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconСтуденттерге арналған курстың ОҚу бағдарламасы
Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит»...
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы icon5B0508 “Есеп және аудит” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқу-әдістемелік семинары отырысында талқыланып, бекітілген
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
Ық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін,...
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница