1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет




Скачать 163.08 Kb.
Название1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
Дата конвертации15.02.2016
Размер163.08 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.amu.kz/student/umkd_training_methodical_package_of_disciplines/2013/biology-umkd/phar



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 1.09.11ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні: 29.08.2012ж.

Қайта қаралды:

Бет ден






CИЛЛАБУС


Пәні: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІМЕН

МВOMG 1211


Мамандығы: 051103 «Фармация»


Дәрістер: 5 сағат


Тәжірибелік сабақтар: 10 сағат


ОСӨЖ: 15 сағат


СӨЖ: 15 сағат


Сағат саны 45 сағат


Астана 2012ж.

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әртүрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы.

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхамеджанқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ангиотензи, катехоламин және глюкокортикоидтің өкпе ұлпасына таралуы әртүрлі стресс жағдайында.

Аға оқытушы Жалмақанова Жанар Жұманбайқызы КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Оқытушы Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Оқытушы Қалбаева А.Е., Ақтөбе университеті, Биология факультеті.

1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «АМУ» АҚ оқу корпусы.


1.9 Пәннің саясаты

Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа міндетті дайындалу, аралық бақылаудың тапсырмаларын орындау, жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру, оқу-әдістемелік құжаттармен танысу, оқу тәртібін сақтау, құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау. Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.

Пәннің мазмұнын толық меңгеру үшін мектептің биология және химия курсын білу керек.

2. Бағдарлама

2Бағдарлама

2.1Кіріспе

Молекулярлық биология нуклеин қышқылдарының және белоктардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, клеткалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, клеткадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу процесстерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Мұндай фундаментальдық дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулярлық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік процесстеріндегі молекулярлық және клеткалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі ролін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология дисциплиналарын оқу үшін теориялық база болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзадағы негізгі молекулярлы-генетикалық және клеткалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.


2.3 Оқыту міндеттері:

  • Кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулярлы-генетикалық және клеткалық механизмдерінің ролі туралы түсінікті қалыптастыру

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы молекулярлы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету




2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиісті:

  • тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–қызметтік ұйымы

  • жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың рөлін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

  • генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі рөлі;

  • адамдағы тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілері;

  • тұқымқуалайтын аурулар диагностикасының; профилактикасының және емдеуінің негізгі принциптері;

  • молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;

  • молекуларлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;




  • Істей алуға тиісті:

  • молекулалы-генетикалық кезеңдер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Бейорганикалық химия, биология және химияның мектептегі курсы

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, физиология,токсикологиялық химия,адам анатомиясы негіздерімен,фармацевтикалық химия,органикалық химия,аналитикалық химия,физикалық және коллодты химия .


2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыбтары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы




Кредит № 1

Жалпы шолу


1.

Молекулалық биология және генетикаға кіріспе. Белоктардың және нуклейн қышқылдарының құрылысы мен қызметтері.

Жалпы шолу

1

2

Генетикалық ақпараттың берілу жолдары және реттелу механизмдері.

Жалпы шолу

1

3

Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары

Жалпы шолу

1

4

Клетка мембранасының молекулярлық құрылысы мен функционалдық компоненттері.

Жалпы шолу

1

5

Клеткалық цикл және клетканың бөлінуі, клеткалық бөлінудің реттелуі. Апоптоз.

Жалпы шолу

1




Жалпы сағат саны:




5


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары




Тәжірибелік сабақтың тақырыбтары:

Өткізу түрі

Сағат саны







Кредит № 1


1

Белоктар мен нуклейн қышқылдарының құрылысы және кеңістіктегі ұйымының ерекшеліктері.

Семинар.

1

2

Клетканың генетикалық аппараты.

Семинар.

1

3

Мутагенез. Мутагендік факторлар.

Семинар.

1

4

Биомембраналардың құрылысы мен қызметтері.

Семинар.

1

5

Клеткааралық сигнализация және интеграцияның молекулярлық механизімдері.

Семинар.

1

6

Клетканың бөлінуі. Тіршілік және митотикалық цикл.

Семинар.

1

7

Адам генетикасыныңнегізгі түсініктері.

Семинар,ситуац. есеп шығару.

1

8

Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы.

Семинар.

1

9

Тұқымқуалау аурулар.

Семинар.

1

10

Фармокогенетика негіздері.

Семинар.

1




Жалпы сағат саны:




10


Оқытушының баскаруымен студенттердің өзіндік жұмыстарына (ОЖСӨЖ) арналған тақырыптар жоспары

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзбетінше орындайтын өзіндік жұмысы


Өткізу түрі

Сағат саны





Кредит № 1




1.

ДНҚ-ның зақымдалуы және репарациясы.

Дисскусиялар

1

2

РНҚ типтері. Құрылысы мен қызметтері.

Дисскусиялар

1

3

Генетикалық код.

Ситуациялық есеп шығару

1

4

Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмі.

Дисскусиялар

1

5

Кариотип туралы түсінік. Хромосомалар. Хроматин. Хромосомалардың құрылымдық ұйымының деңгейлері.

Дисскусиялар

1

6

Мутация типтері.

Ситуациялық есеп шығару

1

7

Гендік инженерия негіздері.

Дисскусиялар

1

8

Мембраналық тасымалдау.

Дисскусиялар

1

9

Сигнал берілуіңің клеткаішілік механизмдері.

Дисскусиялар

1

10

Клеткалық циклдің реттелуі.

Дисскусиялар

1

11

Дамудың туа біткен ақаулықтары.

Дисскусиялар

1

12

Молекулярлы- генетикалық зерттеу әдістері және олардың медицина мен фармацияда қолданылуы.

Дисскусиялар

1

13

Популяциялық генетика негіздері.

Ситуациялық есеп шығару

1

14

Аралық бақылау – коллоквиум.

коллоквиум

1

15

Қорытынды кеңес алу.

Қорытынды сабақ

1




Жалпы сағат саны:




15



2.8. Студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған тақырыптары


Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыбтары

Өткізілу түрі

Сағат саны


1

Матрицалық синтездердің ингибиторлары.

реферат

1

2

Трансгенді ағзалар, фармация мен медицинада қолдануы.

реферат

1

3

Везикулярлық тасымалдау

реферат

1

4

Цитоқаңқа. Молекулярлық құрылымы және қызметі.

реферат

1

5

Қартаюдың молекулярлық механизмдері.

реферат

2

6

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы.

реферат

2

7

Белгілердің тұқымқуалау типтері.

Тұқымқуалаушылық аурулардың геногеографиясы


реферат

2

8

ДНҚ зақымдалуының репарациясы.

реферат

2

9

Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның ролі.

реферат

1

10

Тұқымқуалайтын аурулардың геногеографиясы.

реферат

1

11

Дәріні қолданудан туындайтын аурулар.

реферат







Жалпы сағат саны:




15


2.9Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Оқыту және білім беру әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу.

Тәжірибелік сабақ: семинарлар, ситуациялық есептерді шығару, препараттарды микроскопирлеу; кіші топтармен жұмыс (РBL): іскерлік ойындар.

Оқытушының қолдауымен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы: дискуссиялар, ситуациялық есептер шығару

Студенттердің өзіндік жұмысы:

әдебиеттермен, тесттік тапсырмаларды орындау, ғылыми баяндамаларды дайындау

2.10 Білімін бағалау критериялары мен ережелері:

Ағымды бағалау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, бағдарланған бақылау, ситуациялық есептерді шығару, жұмыстың орындалу нәтижелерін көрнекілеуді және т.б. тексеру, кіші топтардағы жүргізілген жұмыс бойынша, өзіндік және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум

Қорытынды бақылау: тесттік және ауызша сұқпаттасу әдісі енгізілген емтихан

Студенттердің білімін бағалау қағидалары



п/п

Әріп

Саңдық корсеткіш

Рейтинг

Баға

1

А

4,0

95-100


«өте жақсы»

2

А-

3,67

90-94

3


В+

3,33

85-89


«жақсы»


4

В

3,0

80-84

5

В-

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74


«қанағат»


7

С

2,0

65-69

8

С-

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49



«қанағаттандырусыз»


Ағымды бақылауға арналған баға қағидалары:

тестілеу - дұрыс жауап пайызы «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып бағаланады.

Аралық бақылауға арналған баға қағидалары:

билет бойынша жауап -бірінші жауап 50 балмен бағаланады

екінші жауап 40 балмен бағаланады

үшінші жауап 10 балмен бағаланады

жалпы баға жинақталған бал қосындысын пайдаланып «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып шығарылады.

Қорытынды бақылауға арналған баға қағидалары:

қорытынды баға емтиханға дейінгі рейтингтен қүралады,ол 60 пайызға тең және 40 пайызы емтиханда жинакталады


2.11 Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Орыс тілінде:

Негізгі:

  1. Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.

  2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс, 2003.- 272 с.

  3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

  4. Генетика. Учебник для ВУЗов/ Под ред. академика РАМН В.И. Иванова. – М..: ИКЦ «Академкнига», 2006.– 638с.: ил.

  5. Введение в молекулярную медицину./Под.ред. М.А.Пальцева, М.Медицина, 2004


Қосымша:

  1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ.- М., Мир, 1994.- 520 с.

  2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004


Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. П.Қ.Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева. Медициналық биология. Алматы 2002.

  2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.


Ағылшын тілінде:

Alberts et al: Molecular biology of the cell, Second edition, 2000, Garland, New York and London


Похожие:

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет iconСиллабус
Мму онкология кафедрасының меңгерушісі Сирота В. Б. м.ғ. д., профессор Кафедра және оқытушылар туралы жалпы мәлімет
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus 1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет iconОқытушылар құрамын аттестаттау туралы
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби дамуының мониторингін жүзеге асыру мақсатында
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана 2006)...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon"Мал басы туралы мәлімет" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon«Неке және отбасы туралы» Қр заңы қабылданғаннан бастап шетелдіктермен асырап алынған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қазақстандық балалар туралы мәлімет

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница