«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті




Скачать 160.63 Kb.
Название«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации15.02.2016
Размер160.63 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.almaty.kz/upload/files/280513_celevka_kaz.doc




Алматы қаласы әкімдігінің

2013 жылғы ______________№_____ қаулысымен бекітілді


«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

жер учаскесі – жер заңнамаларында белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;

жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

жер қатынастары бойынша уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласының жергілік атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).


2. Жалпы ережелер


2. Осы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.

Мемлекеттік қызметті регламенттің 1-қосымшасында мекенжайы көрсетілген Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді (бұдан әрі - әкімдік).

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 49-1 баптарының негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы немесе жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған талаптар


7. Мемлекеттік қызмет әкімдікке жүгінген жағдайда көрсетіледі.

Әкімдіктің жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттар әкімдікке тапсырылады. Ғимаратта анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.

Әкімдік кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды тіркегеннен кейін құжаттар топтамасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Алматы қаласының әкіміне тапсыралады.

Алматы қаласының әкімі немесе оның орнындағы адам құжаттарды қарайды және бұрыштама қояды. Кеңсе қызметкері құжаттарды келесі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.

Уәкілетті орган басшысы түскен құжаттарды қарайды және жауапты маманға береді (уәкілетті органға түскен жұмыс күнінің ішінде);

Уәкілетті органның жауапты маманы (бұдан әрі - Орындаушы) құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, түскен құжаттардың толықтығын тексереді және сұрау хатты сәулет және қала құрылысының уәкілетті органына (бұдан әрі - СжҚБ) 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде жібереді;

СжҚБ құжаттармен келіседі және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді;

Уәкілетті органның маманы құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, жер учаскелерін беру бойынша Алматы қаласы Жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындайды. 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысына келісу үшін береді;

Уәкілетті органның басшысы материалдарды келіседі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жібереді.

Жер комиссиясының отырысында қаралғаннан кейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі немесе бас тарту туралы шешім 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді;

Тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе уәжделген бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкімдікке материалдарды шешім қабылдау үшін жібереді;

Әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

Әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін мемлекеттік қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 37 күн;

2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

11. Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Регламенттің 13 тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.

Әкімдік белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға шешімді бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап шешім берілді деп есептеледі.

Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы


12. Әкімдік кеңсесінің қызметкерімен мемлекеттік қызмет алушыға регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 2 қосымшасына сәйкес өтініш;

жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

салықтық қарыздың жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама;

жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы әділет органдарынан анықтама;

жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі (қажет болғанда);

елді мекеннің бас жоспарына сәйкес құрылыс объектілерін салған жағдайда, жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскесін сатып алу бойынша жасалған келісім шарттың көшірмесі (қажет болғанда);

жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болғанда);

жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты (қажет болғанда);

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғаға;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаларға;

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы регламенттің
2 қосымшасында келтірілген.

15. Уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы реламенттің 3 қосымшасында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әкімдік жауапты болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлкеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары регламенттің
1 қосымшасында көрсетілген әкімдіктің жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.

17. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы әкімдіктің регламенттің 1 қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.


1-қосымша


«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша жергілікті атқарушы органның байланыс деректері


Жергілікті атқарушы органның атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы, электрондық мекенжайы

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға

Байланыс

телефоны

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 meiram@a-a.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі

8-727-272-24-02,

ф. 272-24-02

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағ. 9.00 бастап сағ. 18.00 дейін,түскі үзіліс сағ. 13.00 бастап сағ. 14.00 дейін


2-қосымша

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту іс-әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2


3

4

5

6

7

2

Құрылымдық-функционалды бірліктер атауы

Әкімдік кеңсесінің қызметкері


Алматы қаласының әкімі немесе оның орнындағы тұлға

Уәкілетті органның басшысы


Уәкілетті органның орындаушысы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган


Уәкілетті органның жауапты орындаушысы


Уәкілетті органның басшысы


3

Іс әрекеттің (үдерістің, шараның, операцияның) атауы және оның сипаттамасы


Мемлекеттік қызметті алушы тапсырған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау және бұрыштама қою


Құжаттарды қарау


Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, толықтығын тексеру

Құжаттарды келісу және уәкілетті органға беру

Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толық тапсырылғандығын тексеру, материалдарды комиссия отырысының қарауына дайындау

Материалдарды келісу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар)


Құжаттар топтамасын әкімге немесе оның орнындағы тұлғаға беру

Құжаттарды уәкілетті органға беру


Түскен құжаттарды жауапты маманға (орындаушы) беру

СжҚҚБ-ға сұрау хат жіберу

Келісу және құжаттарды уәкілетті органға жіберу


Уәкілетті орган басшысына келісімге жіберу

Материалдарды комиссияның қарауына жіберу

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

келесі жұмыс күні ішінде


уәкілетті органға түскен жұмыс күнінің ішінде

1 жұмыс күні ішінде


4 жұмыс күні ішінде


4 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі


2 бағана

3 бағана

4 бағана

5 бағана

6 бағана

7 бағана

8 бағана

1 кестенің жалғасы





Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

8

9


10

11

2

Құрылымдық-функционалды бірліктер атауы

Комиссия отырысында қарау және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері

Әкімдік

Әкімдік

3

Іс әрекеттің (үдерістің, шараның, операцияның) атауы және оның сипаттамасы


Түскен материалдарды қарау және өтінішті қанағаттандыру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы шешім қабылдау немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту


Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе дәлелді бас тарту туралы әкімдік шешімінің жобасын дайындау және материалдарды әкімдікке шешім қабылдау үшін жіберу

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

Мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жіберу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттар)


Түскен материалдарды қарау және өтінішті қанағаттандыру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы шешім қабылдау


Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе уәжделген бас тарту туралы әкімдік шешімінің жобасын дайындау және материалдарды әкімдікке шешім қабылдау үшін жіберу

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

Мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жіберу

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

3 жұмыс күні ішінде

5 жұмыс күні ішінде


3 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9 бағана

10 бағана

11 бағана

11



3-қосымша

Реттілігі мен өзара байланысының сипаты. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есебі


2. Әкім немесе оның орнындағы тұлға


Құжаттарды қарау және бұрыштама қою. Құжаттарды уәкілетті органға беру (келесі жұмыс күні ішінде)


3. Уәкілетті орган басшысы

Түскен құжаттарды қарау және орандаушыға беру (уәкілетті органға түскен жұмыс күнінің ішінде)

1. Әкімдік кеңсесінің қызметкері


Мемлекеттік қызмет алушы тапсырған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Құжаттар топтамасын Алматы қаласының әкімі немесе оның орнындағы тұлғаға беру (1 жұмыс күні ішінде)

5. Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган

Келісу және құжаттарды уәкілетті органға жіберу (4 жұмыс күні ішінде)

4. Уәкілетті органның орындаушысы

Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толықтығын тексеру. СжҚҚБ-ға сұрау хат жіберу (1 жұмыс күні ішінде)


















6. Уәкілетті органның жауапты маманы (орындаушы) Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толық тапсырылғандығын тексеру, материалдарды комиссия отырысының қарауына дайындау. Уәкілетті орган басшысына келісімге жіберу (4 жұмыс күні ішінде)










11. Әкімдік

Мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жіберу

(3 жұмыс күні ішінде)




8. Жер комиссиясының отырысында қарау және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өгерту мүмкіндігі немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

(4 жұмыс күні ішінде) Түскен материалдарды қарау және өтінішті қанағаттандыру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдау

9. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе уәжделген бас тарту туралы әкімдік шешімінің жобасын дайындау және материалдарды әкімдікке шешім қабылдау үшін жіберу

(3 жұмыс күні ішінде)

10. Әкімдік

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

(5 жұмыс күні ішінде)




7. Уәкілетті орган басшысы Материалдарды келісу және материалдарды Жер комиссиясының қарауына жіберу

(1 жұмыс күні ішінде)









Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі:

37 күнтізбелік күнге дейін

Похожие:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon6 Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Р-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына,...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті iconДіни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім...
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница