МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ

НазваниеМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
страница6/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-КОМПАНИЯНЫҢ-НАРЫҚТЫҚ-ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ-ТЕЛЕК
1   2   3   4   5   6

3.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау

Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.

Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.

Пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:

• кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;

• меншікті капиталдың рентабельділігі;

• сатулардың рентабельділігі (өткізу);

• өндірістің рентабельділігі;

• өнімнің рентабельділігі.

Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді:

R = П / У · 100, (28)

мұндағы, У – көрсеткіштің деңгейі.

Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:

Rа = Пб / А · 100

Немесе (29)

Rа = Пч / А · 100,

мұндағы, Пб мен Пч – соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.

А – кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты, немесе ортажылдық), теңге.

Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.

Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын көрсетеді:

Rск = Пнр / Кс · 100

Немесе (30)

Rск = Пч / Кс · 100,

мұндағы, Пнр – кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;

Кс – кәсіпорынның меншікті капиталы.

Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:

Rр = Пб / Вр · 100, (31)

мұндағы, Вр – өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз).

Өндірістің рентабельділігі – бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы:

Rпр = Пб / (ОФ + ОС) · 100 (32)

Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:

Rпрод = Пб / З · 100 (33)

Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды, сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.

Рентабельділік табалдырығы – бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б.а. өнімді сатудан түскен түсім тек шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау, өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту – шығынды етеді. Рентабельділік табалдырығы:

ПР = Зпост : (Вр – Зпер) / Вр (34)

мұндағы, Зпост, Зпер – өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%).

Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала табыстылығының орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін, өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан кәсіпорындар осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген. Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне негізделумен жоспарланады.

Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.

Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Роб) келесі формула бойынша белгіленеді (%):

Роб = Пб / А · 100, (35)

мұндағы, Пб – баланстық пайданың сомасы, теңге; А – өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа жылдық бағасына тең.

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.

Есептік рентабельділік Рр сонымен қатар есептік пайданың Пр өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасына қатынасы ретінде пайыздармен белгіленеді: Рр = Пр / А · 100. (36)

Мысал. Өндірістің есептік пайдасы мен есептік рентабельділігін есептеу.

Бастапқы деректер (мың теңге):

Баланстық пайда.....……………………………………………………….…..3004

Соның ішінде:

тіркелген төлемдер………………………………..........…………………….2004

өндірістік қорларға қатысты төлем…………………………………….…..500

банкілік несие үшін пайыздар бойынша төлемдер ………………………..….40

Кәсіпорынның өндірістік қорлары........………………………………….….6000

Есептік пайда келесі шаманы құрайды:

Пр = 3004 – (2004 + 500 + 40) = 460 мың теңге,

Ал есептік рентабельділік:

Рр = 460 · 100 / 6000 ≈ 7,7 %.

Жалпы рентабельділікке келесі өзгерістер әсер етеді: өнім бірлігіне қатысты пайданың, сатылу көлемі мен құрылымының, негізгі қорлардың және нормаланатын айналымдық құралдардың орташа бағасының, басқа құндылықтарды сатудан болған қаржылық нәтижелердің өзгеруі, сондай-ақ сатудан тыс түскен табыс пен шығындар. Осы факторлар бірлескен түрде әсер етеді және олардың әрқайсысының әсерін тізбектік өрнектер құрумен белгілеуге болады.

Пайданың, сондай-ақ рентабельділіктің артуында шешуші мағынаға өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен оны өндіру көлемінің артуы, сондай-ақ өнім құрылымының (ассортиментінің) өзгеруі мен сапасының жақсаруы ие болады. Өнімның сапасын жақсарту – кәсіпорын оңтайлығының артуының маңызды шарты, себебі сапасы жоғары өнімді сату кезінде олар қосылған бағамен сатылады. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Бұл ретте салық салу да ескеріледі.

Кәсіпорын ішінде оның бөлімшелері (цехтар мен телімдер) бойынша өзіндік құнды, пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі әртүрлі әдістермен және әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпорын цехтары бойынша пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі зауыт ішіндегі жоспарлық-есептеу бағаларын белгілеуді қажет етеді. Әрбір цехқа арнап жоспарланған көрсеткіштердің құрамы сол өндірістің ерекшеліктерін ескеруі тиіс және мұқият негіздемелеуге жатады.

Мұнай өнеркәсібінде өндірістік қорларға қатысты төлемдер мемлекетке пайыздық мөлшерлеме емес олардың бастапқы бағасына негізделумен төленеді; еңбек ресурстарына қатысты төлем - әрбір орташа тізімдік қызметкер үшін бекітілген норматив бойынша төленеді.

Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Өнімнің оңтайлығы негізінен оның кең ассортименті кезінде аналитикалық мақсаттарда қолданылады. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты.

Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс. Жоспар кәсіпорын қызметкерлері үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның аса маңызды қызметтерін: өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. жүзеге асырудың нәтижесі ретінде оның барынша жоғары пайдаға ие болуына арнап әрекеттер бағдарламасын әзірлеу.

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша қамтудың түрінде болып келуі мүмкін. Алайда нарықтық экономика жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген басқрамалық шешім болып табылады.

Кез келген кәсіпорын өзінің өндірген тауарының өтімділігін жақсарту және жоғары пайда түсіру үшін тауардың сапасы, ассортименті т.б. жоғары болу керек. Қысқаша айтқанда, пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді, ал өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.

Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды. Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады.

Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады.

Қазіргі кезде республикамыз егеменді және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие болуда, соңғысының қызмет етуі көбінесе мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлтық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асырудың арқасында негізделіп отыр. Ендігі уақытта Қазақстанның барлық ірі қалалары өзара цифрлік арналармен байланысқан.  

Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.

Похожие:

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconРМҚк атырау мұнай және газ институты ргкп атырауский институт нефти и газа

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница