МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ




НазваниеМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
страница4/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-КОМПАНИЯНЫҢ-НАРЫҚТЫҚ-ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ-ТЕЛЕК
1   2   3   4   5   6
Тонна бруттолардың мөлшері (Б) – бұл өзіндегі қоспалармен бірге қабылдауға және айдауға жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері, ол келесі формула бойынша белгіленеді:

Б = Н · 100 / 100-л (13)

Тонна неттолардың саны (Н) (қоспасыз) мұнай өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың балансынан алынады, ластануы бекітілген нормаға сәйкес пайызбен қабылданады.

Ластану пайызы (Л) – механикалық қоспалардың (Л) тонналарының салмақтық өлшерінің тонна бруттолардың салмақтық санына (Б) қатынасы түрінде болып келетін пайызбен көрсетілген әр резервуар бойынша орташа өлшенген шама:

Л = Л / Б · 100 (14)

Жанармайдың потенциалы (ж) – бұл қайнау соңы 1500ºС дейінгі мұнайдағы жанармайлық фракциялардың пайызбен көрсетілген потенциалдық (мүмкін болар) мөлшері. Жанармайдың потенциалы сонымен қатар әр резерваур бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді және жанармайлық фракциялардың салмақтық мөлшерінің мұнайдың салмақтық санына, б.а. тонна неттолардың санына (Н) қатынасы болып келеді:

ж = Пж / Н ∙ 100 (15)

Мұнайды өткізу немесе жеткізу жоспары екі бөлімнен тұрады:

  1. мұнайды мұнай құбырлық немесе тауарлық-көліктік ұйымға өңдеуге арнап өткізу;

  2. мұнайды басқа тұтынушыларға өткізу – мұнда мұнайдың шығыны ескеріледі. Бұл жоспарды сондай-ақ тұтынушының талап етуі бойынша сұрыптар бойынша құрастырады.

Өткізу жоспарында мұнай тонналарының саны мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасындағы мұнайдың балансына сәйкес келуі тиіс, ал жанармайдың ластану пайызы мен потенциалы – бекітілген нормаларға сәйкес келуі тиіс. Өткізілетін мұнайға арнап әрбір сорты мен резервуар бойынша Өткізілетін мұнайдың паспорты жасалады, онда зертханалық талдаудың деректері көрсетіледі: тағыздығы, тұздардың, механикалық қоспалардың мөлшері, батырылуы, судың мөлшері. Паспорт мұнайды өткізу кезінде соның сапасын растайтын құжат болып табылады.

2 КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ


    1. Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама


Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты. Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды.

Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады. Басқа түрлеріне қарағанда, өз мәні бойынша «интернационалды» және икемді болғандықтан, ақпараттық технологиялар бизнестің, экспорттық іс-әрекеттің дамуына және экономиканың орталықсыздандырылуына көбірек ықпал етеді. Олар ұлттық экономикаларды ықпалдастырады және аймақтың шеңберлерін кеңейтумен әлемдің экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын құрумен, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтумен, әлеуметтік саладағы ауытқулар мен жағымсыз құбылыстарды әлеуеттік түрде біріктіруі мүмкін. Ақпарттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен жақсарту үшін маңызы баға жетпес болып табылады. Жеңіл қол жеткілікті және толықтай қолданысқа енгізілген телекоммуникациялық жүйенің тағы бір жағымды қасиеті сол, жолдардың жаман жағдайына, жекелеген аймақатрдың қашықта орнаалсуы мен жолаушы тасымалдарына қатысты тарифтердің жоғары болуына қарамастан барлық тұрғындар ақпаратқа қол жеткізе алады.

Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді.

Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады. Соның салдары ретінде ол инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда. Республиканың телекоммуникациялық кешенін дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеуде бұл саланың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы рөлі мен алатын орнын нақты және анық түсінудің үлкен маңызы бар, себебі осыларға негізделумен келешек кезеңге арнап даму мақсаттарын белгілеп және міндеттерді құрылымдауға болады.

Телекоммуникациялар - байланыс саласының ең маңызды құрамдас бөлігі, ол өзінің өніміне хабрламаларды беру және хабарламаларды беруге арналған техникалық құралдарды ұсыну түріндегі қызметтер жататын қоғамдық өндіріс саласы болып табылады. Телекоммуникациялар саласы тұтынушыларға ақпарат беретін және телекоммуникация қызметтерін сататын телекоммуникация желілері мен қызметтерден құралады.

Саланың Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының элементі ретіндегі рөлі мен мағынасы телекоммуникациялардың елдің тіршілік қарекетін қамтамасыз етуіне негізделген. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік, шаруашылық және адам өмірінің ешбір саласында телекоммуникация құралдары болмай іс бітпейді. Телекоммуникациялар мемлекетті ұлттық қауіпсіздікті басқару мен сақтау құралымен қамтамасыз етеді. Жыл сайын мемлекет барлық бюджеттік шығындардың 1,5-2%-ы көлеміндегі қызметтерді тұтынады. Олар қазіргі заманғы бизнес пен экспорттық іс-әрекетті дамытудың қажетті шарты болып табылады. Жыл бойы сала елдің шаруашылық кешені мен тұрғындарға жүздеген миллион қызметтерді ұсынады. Байланыс басқа салалардың өндірістік шығындарының қажетті және елеулі элементтерінің бірі болып табылады, ірі және серпінді дамып келе жатқан сала болып табылады. 2000 жылы телекоммуникация саласының өндіру көлемі 50 млрд. Теңге немесе республиканың жалпы ішкі өнімнің 2 %-ын құрайды.

Телекоммуникациялар тұтастай экономикаға қарағанда жылдамырақ дамуда, және бұл соңғы онжылдықта дамушы елдердің бүкіл секторының беталысына айналды. 2002 жылы сала кәсіпорындарының мемлекеттік бюджетке салықтық аударымдары 2001 жылдағымен салыстырғанда шамамен 66 %-ды құрады, бұл 11 млрд. Теңге немесе мемлекеттік бюджетке жоспарланып отырған барлық түсімдердің 3,2%-ы деген сөз. Телекоммуникациялар кәсіпкерлік іс-әрекеттің тартымды объектісі болып табылады. Елімізде нарықтық қайта құрулардың дамуының нәтижесінде телекоммуникациялар экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда жоғары табыстылықты қамтамасыз етумен кәсіпкерлердің назарына іліккен объектіге айналды. 1996 жылы байланыс операторларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды қажетті байланыс түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін мемлекеттік реттеу мен бақылап отыру мақсатында байланыс саласындағы іс-әрекетті лицензияландыру енгізілген. 1996 жылды қарашасы мен 2000 жылдың желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі шамамен алғанда 600 лицензия берген, оның 75 %-ы телекоммуникациялар саласының үлесіне тиіп отыр. Телекоммуникациялар саны көп жұмыс орындарының көзі болып табылады. Телекоммуникациялар саласында тікелей шамамен алғанда 35 000 астам адам еңбек етеді, бұл экономика саласындағы барлық еңбек етушілердің %-ын құрайды. Сонымен қатар аталмыш сала үлкен құрылыс көлемдерін жүзеге асырумен және қазақстандық кәсіпорындар шығаратын құрал-жабдықты, кабельдік өнімді сатып алумен экономиканың басқа салаларындағы жұмыс орындарының сақталуы мен құрылуын қамтамасыз етуде. 2000 жылы күрделі құрылысқа 79.13 млн. АҚШ доллары жұмсалған, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-на арнап 70 млн.АҚШ доллар жұмсалды.

Саладағы орташа жылдық еңбекақы жалпы республикалық деңгейден 20%-ға жоғары, бұл, әрине, салаға білікті мамандарды тартады және дамуды әлемдік стандарттарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялар ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтады, әлеуметтік саладағы жағымсыз құбылыстарды жаңа жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігінің арқасында азайтады, тұрғындардың ақпаратқа қол жеткізуіне кепілдік тудырады, бұл жолдардың нашар жағдайы, жекелеген аймақтардың қашық орнласуы және жолаушы тасымалдарына қатысты жоғары тарифтер жағдайында аса қажетті болып табылады, халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.

Байланыс жеке және заңды тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыру мен қауіпсіздіктің, қорғаныстың, күзеттің, құқық қорғаудың, мемлекеттік органдардың байланысқа қатысты қажеттерін қанағаттандыруға арналған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырағыссыз бөлігі болып табылады

Байланыс – ақпаратты, пошталық және арнайы жөнелтілімдерді, аошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинақтау, өңдеу, жинастыру, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.

Электрлік байланыс (телекоммуникация) – белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сымдық, радио-, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер арқылы бері немесе қабылдау.

Абонент - өзіне арнап байланыс қызметтерін ұсыну үшін абоненттік нөмір немесе ұқсастыру кодын бөлумен аталмыш қызметтерді ұсыну туралы келісімшарт жасалған байланыс қызметтерін пайдаланушы.

Байланыс желілері – беріліс желілері (кабельдік, радиорелелік, серіктік және т.б.), физикалық тізбектер және желілік-кабельдік байланыс құрылыстары, соның ішінде магистральдік (халықаралық және қалааралық) құрылыстар.

Магистральдік байланыс желісі – Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің өңірлік (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутациялық станцияларын өзара жалғайтын жерүсті (кабельдік, соның ішінде талшықтық-оптикалық, радиорелелік) немесе серіктік байланыс желісі.

Халықаралық байланыс желісі – Қазақстан Республикасының шекарасын қиып жатқан немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа ел операторының байланыс желісімен түйісу нүктесіне ие болатын және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекет операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен жалғап жатқан байланыс желісі. Халықаралық байланыс желісі – Қазақстан Республикасының аймағында қалааралық коммутациялық станцияларды жалғап жатқан байланыс желісі.

Қалааралық телефондық байланыс – жергілікті телефондық жалғануларды санамағанда, Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан байланыс қызметтерін пайдаланушылардың арасындағы телефондық жалғану. Халықаралық телефондық байланыс – Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аймағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылардың арасындағы телефондық жалғану.

Байланыс құралдары – телекоммуникация хабарларын немесе пошталық жөнелтілімдерді қалыптастыруға, өңдеуге, беруге немесе қабылдауға арнап қолданылатын техникалық және программалық құралдар;

Трансляция – телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату үшін ақпаратты беруші радиоэлектронды құралдарды, кабельдік желілер мен радижиіліктік спектр номиналдарын қолданумен беру процесін жүзеге асыру.

Трафик – байланыс құралдарына жүктеме түсіретін шақыртулардың, хабарламалар мен сигналдардың ағымдары.


    1. Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру


Есептік кезеңде телекоммуникация қызметтері нарығында ашық және айқын бәсекелестік ортаны қалыптастыруға арналған жағдайларды, ауылды елдімекендердегі тұрғындардың әмбебап байланыс қызметтеріне кепілдендірілген түрдегі қол жеткізуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық нарықты ырықтандыру жөніндегі, сондай-ақ жаңа қазіргі замандағы телекоммуникациялық технологияларды ендіру мен отандық спутниктік байланысты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасты.

Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Телекоммуникациялық саланы дамыту жөніндегі жүзеге асырылып жатқан шаралар есептік кезеңде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

• республика бойынша телекоммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі 74%, ауылды жерлерде – 54% құрады;

• телефондық тығыздық (100 тұрғынға) – 17,9;

• негізгі телефондық аппараттардың саны – 2,8 млн. бірл.;

• ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы (100 тұрғынға) – 40,7;

2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша қалааралық телефондық байланыстың бастапқы төлемдік трафигі оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артты, халықаралық трафик 14,4%-ға артты.

Статистика бойынша 2006 жылдың қаңтар-маусым айыларында байланыс кәсіпорындары 127,3 млрд. теңге соманың қызметтерін ұсынған, бұл оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі көлемінен 26%-ға артық, соның ішінде телекоммуникация қызметтерін сатудан түскен табыс 123,1 млрд.теңгені құрады. Барлық байланыс түрлерінен түскен табыстың құрылымы: ұялы байланыс – 45,5%, халықаралық, қалааралық – 20,0%, жергілікті телефондық – 8,1%, Интернет – 5,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,5% және басқа байланыс түрлері – 12,1%. Ұялы байланыс қызметтерін (59,9 %), деректерді беру қызметтерін (58,2%), Интернет қызметтерін ұсынатын (57,8%), байланыс арналарын жалға беретін (37,8%) кәсіпорындар өткен жылдағымен салыстырғанда жоғары қарқынын көрсетуде.Жергілікті желіні жетілдіру мен дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сыйымдылығы 140,2 мың нөмірді құрайтын цифрлік АТС-тар мен мультисервистік абоненттік қатынаулар тәжірибелік және коммерциялық пайдалануға енгізілді.

Мемлекеттік мағынадағы ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлттық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асыру жұмыстары жалғасуда. 2006 жылдың наурызында Алматы – Қарағанды құрылысы басталды, бірінші жартыжылдықта полиэтиленді түтіктің 545 км-і төселді; Ақтөбе-Орал қосылған пунктердегі инфрақұрылымды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Спутниктік байланыстың дамуы ағымдағы жылдың маусымында орбитаға «Kazsat» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін жіберуге негіз болды, бұл республиканың валюталық құралдарын үнемдеуге және республиканың барлық салаларына арнап спутниктік байланысты серпінді түрде дамытуға ықпалын тигізетін болады, Қазақстанның ең қашық орналасқан және өздеріне жету қиын түкпірлеріне телекоммуниациялық қызметтердің қазіргі заманғы түрлерін ұсынуға мүмкіндік беретін болады. Ұлттық спутниктің қызметтері қазіргі кезде орын алып отырған тарифтерден едәуір мөлшерде арзан болады. Қазіргі кезде қазақстандық байланыс операторларының «Kazsat» спутнигіне ауысуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қарастырылуда. Ағымдағы жылдың 15 маусымында «Kazsat-2» екінші ұлттық геотұрақты байланыс және хабар тарату спутнигін құрастыру мен іске қосуға арналған екікезеңдік шараларды қолданумен жабық байқау жарияланған. Жаңа «Kazsat-2» спутнигін іске қосу ұлттық ғарыштық сегменттің ернеулік ресурстарының сыйымдылығын екі есе арттыруға мүмкіндік береді.


Пошталық байланыс


Есептік кезеңде пошталық байланыс 2005-2010 жылдарға арналған пошталық-жинақтау жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес дамып жатты. Бағдарламаны жүзеге асыру ұсынылатын қызметтердің көбеюіне ықпал етті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында пошталық алмасудың өсуінің жағымды серпініне қол жеткізілді: мерзімді басылымдар көлемінің артуы былтырғы жылдағы деңгеймен салыстырғанда 3,0% құрады, жазбаша хат-хабарламалар көлемінің артуы – 115,6%, сәлемдемелердің – 1,9%-ға артты.

Қаржылық секторда ұсынылатын қызметтердің көлемі едәуір мөлшерде артып кетті. Ақша аударымдарының көлемі 2005 жылдың соған сәйкес кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 3,2%-ға артты, коммуналдық төлемдер мен салықтардың қабылдау көрсеткішімен салыстырғанда – 1,5 есе, еңбекақыны төлеулердің көрсеткішімен салыстырғанда –28,5%-ға артты.

2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша пошталық сала бойынша жиынтық табыс ұсынылатын қызметтер көлемінің артуының нәтижесінде оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі шамаға қатысты 38,6%-ға артумен, 5632,6 млн. Теңгені құрады.

Ақпараттандыру


«Электронды үкіметті» қалыптастыру жөніндегі бағадарламаны жүзеге асыру шеңберінде есептік кезеңде «электронды үкіметті» - ақпараттық кезеңді қалыптастырудың алғашқы кезеңі аяқталды. 2006 жылдың сәуірінде 377 ақпараттық қызметін ұсынумен «электронды үкіметтің» веб-порталы іске қосылды. Екінші тоқсан ішінде қосымша 210 ақпараттық қызметті қалыптастыру жұмыстары. 2006 жылдың соңына дейін порталда барлық мемлекет органдарының 933 ақпараттық қызметтері ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі орташамерзімдік бағдарламаның жобасы әзірленген, ол Қазақстанда тұрғындардың әртүрлі компьютерлік сауаттылығы деңгейі мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізудің тең емес мүмкіндіктерімен сипатталатын ақпараттық теңсіздікті азайту мәселелерін шешуге арналған.

2000 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропаның Қайта құру мен Даму Банкінің өздерін одан арғы уақытта стратегиялық инвесторға бекітілген тәртіппен сату мақсатымен Қазақстан Республикасынан «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының акцияларының 15,005%-ын сатып алу туралы ұсынысы қолдау тапқан болатын. Өзінде мемлекеттің қатысу үлесі 50% құрайтын «Қазақтелеком» ААҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 18 қазанындағы қаулысымен бекітілген «Акцияларының мемлекеттік пакеттері жекедара жобалар бойынша жекешелендірілетін айрықша ірі және бірегей акционерлік қоғамдардың тізіміне» кіреді. Осыған орай «Қазақтелеком» ААҚ-ны жекешелендіру ісі кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арнап ескерілген болатын.

Қоғамның қарқынды дамуы үлкен ұтқырлықты, жылдам және сапалы байланысты, әлемде орын жатқан оқиғалар туралы толық хабардар болуды қажет етуде. Байланыс нарығы байланыстың өзі тәрізді қарқынды дамуда. Әртүрлі байланыс түрлерінің тұтынушылары провайдерлерден жоғары қызмет көрсету сапасын талап етуде, бұл өз кезегінде бұл нарыққа жеткілікті дәрежеде жылдам дымуға мүмкіндік береді және осы қызметті ұсынатын фирмалар мен компаниялардың арасында сау бәсекелестікті тудырады. Қазақстандағы байланыс және телекоммуникация нарығын қарастырайық. TNS Gallup Media Asia компаниясының MMI зерттеулері шеңберінде Қазақстанның ең ірі он бір қаласы бойынша жүргізген саулнамасының нәтижелері Қазақстанда ұялы байланысты пайдаланушылардың саны 2001 жылдағымен салыстырғанда 14%-ға артып, 2003 жылы 24%-ды құрағанын көрсетті. Арту сондай-ақ Интернетті пайдалануда да байқалуда: мұнда 2003 жылы пайдаланушылар санының артуы 2001 жылдағымен салыстырғанда 2%-ды құрады. Спутниктік байланыспен жағдай басқаша болып отыр: мұнда пайдаланушылардың саны 6%-ға азайып кеткен, сөйтіп 2003 жылы байланыстың бұл түрін пайдаланушылардың саны 2% құрады.





Сурет 4 – Байланыс құралдарын пайдаланудың серпіні

Қазақстанда байланыс және телекоммуникациялар нарығы әлі жеткілікті мөлшерде дамымаған және ол тұрғындардың жеткілікті дәрежедегі тар тобын қамтуда. Бұл компаниялардың осы қызмет көрсетулер саласында дамуы үшін потенциалдың және тұрғындардың қамтылмаған топтарына қызмет көрсетуді көбейтудің арқасында өз мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетіп отыр.

Телекоммуникациялар көрсететін қызметтердің көлемін үнемі арттырып отыратын экономиканың серпінді түрде дамып келе жатқан саласы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерінің ағымдағы күйін келесідегідей негізгі сандармен сипаттап кетуге болады: Қазақстандағы орташа телефондық тығыздық 2001 жылдың басында елдің әрбір 100 тұрғынына 13,64 телефонды құрады, бұл ретте қалаларда – 20,9, ауылды жерлерде – 4,52 телефонды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан бұрынғы одақтық республикалардың арасында жетінші орынды иеленуде; жергілікті телекоммуникациялар желісі 3009 станциядан құралған, оның 580-і қалаларда және 2429-ы - ауылдарда орналасқан. Станциялардың жалпы орнатылған сыйымдылығы 2 418 371 нөмірді, іске қосылған сыйымдылығы – 1 851 975 нөмірді құрайды, соның ішінде цифрлік 547 211 нөмір немесе жалпы іске қосылған сыйымдылықтың 29,5%-ын құрайды; қазіргі кезде республикадағы қалааралық байланыс желілеріндегі телефондық арналардың жалпы ұзындығы 186 770.2 мың арна/км құрайды, олардың ішінде цифрлік беріліс жүйелерімен құрылғандарының ұзындығы - 142 198.3 мың арна/км.

Телефондық тығыздықтың шамасы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің шамасы арқылы анықталатын елдің экономикалық әлеуетімен тығыз байланысты болып табылады. Мемлекеттің ЖІӨ мен телефондық тығыздық деңгейінің арасындағы байланыс неғұрлым жақын болса, елдің инфрақұрылымы мен экономикасының арасындағы байланыс та соғұрлым теңгермеленген болып келеді. Қазақстанның жағдайы (жан басына қатысты ЖІӨ - жылына 1060 АҚШ доллар) елдегі байланыстың даму деңгейі экономиканың даму деңгейін басып озғандығын көрсетіп отыр.

Ағымдағы телефондық байланыс жан басына шаққанда шамамен 4500 АҚШ долларына сәйкес. Мұндай жағдайда саланың табысын арттыру стратегиясы телефондық аппараттардың санын көбейтуге емес, негізінен трафикті табиғи дамытуға, жаңа қызмет түрлерін, соның ішінде құны қосылған қызметтерді енгізуге негізделуі тиіс.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconРМҚк атырау мұнай және газ институты ргкп атырауский институт нефти и газа

МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
МҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ iconМұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница