Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы




Скачать 80.01 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Дата конвертации15.02.2016
Размер80.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://acbk.kz/cms/uploads/files/Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 05 қаңтардағы N 1 Қаулысы



 “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдары жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу үшін жауапты болып белгіленсін:

1) аң аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша, жәндіктер – орман зиянкестестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;

2) балықтар және балық аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарлары бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;

3) жәндіктер - өсімдік зиянкестері (орманның зиянкес жәндіктерінен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалы жәндіктер бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

3. “Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттік санақ және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 345 -құжат) күші жойылды деп танылсын.

4.      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы


Қазақстан Республикасында   жануарлар дүниесін

мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу

ережесі

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже ) “ Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингі ( бұдан әрі – есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттік басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлілігі мен мекендейтін ортасын сақтау мақсаттарында жүргізіледі. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесінің жай-күйі мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтін ортасы, саны, жүйелі түрде байқаулардың нәтижелері туралы мәліметтердің жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректерді қамтиды.

3. Жануарлар дүниесін есепке алуды , оның кадастры мен мониторингін осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда , жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау , өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ( бұдан әрі – тиісті уәкілетті органдар) жүргізеді.

Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргізу үшін мәліметтер жинауды тиісті уәкілетті органдар мен олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жануарлар дүниесі обьектілерінің санын есепке алады және тиісті уәкілетті органның аумақтық органына есеп береді.

4. Жануарлар дүниесін есепке алу, оның кадастры мен мониторингі жануарлардың топтары : сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, омыртқасыздар, соның ішінде жәндіктер бойынша республика үшін бірыңғай жүйе, әдістемелер және көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

5.      Жануарлар дүниесін есепке алу, оның кадастар мен мониторингін жүргізу:

аң аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жабайы жануарлар бойынша;

балықтар және балық аулау обьектіліеріне жатқызыған және өзге де шарашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да су жануарлары бойынша;

жәндіктер - өсімдік зиянкестері ( орманның зиянкес жәндіктерінен басқа ) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалы жәндіктер бойынша;

жәндіктер - орман зиянкестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша;

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша жүзеге асырылады.

6.      Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргізілетін жануарлар түрлерінің тізбесін ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып тиісті уәкілетті орган айқындайды.

 

2.     Жануарлар дүниесін есепке алуды жүргізу

 

7. Жануарлар дүниесін есепке алу мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген және тиісті уікілетті орган бекіткен бірыңғай әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.

8. Жануарлар дүниесін есепке алу деректері Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры мен мониторингін жүргізу үшін негіз болып табылады.

 

3.     Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу

 

9. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры табиғи еркіндік жағдайларында, еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар түрлерінің ( түрлер топтарының ) таралуы, биологиялық жай-күйі, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесін, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету жағдайлары (мекендейтін ортасы), жүргізілетін биотехникалық, қорғау, қалпына келтіру және өзге де іс-шаралар туралы негізгі деректерді қамтиды.

10.         Қазақстан Републикасы жануарлар дүниесінің кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:

1) жануарлар дүниесінің гендік қор кітабы – ғылы және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Ол жануарлар дүниесін есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізін қамтамасыз етеді және мынадай:

республика фаунасының құрамы;

жануарлар түрлерінің ( түрлер топтарының ) жүйелік жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәліметтерді;

жануарлардың таралуы және олардың саны;

экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйінің өзгері үрдістері;

жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәліметтерді қамтиды,

2) аң аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерінің кадастр кітаптары - өздерінің ауақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласндағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;

3) балықтардың және балық аулау обьектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларынының кадастр кітаптары - өзінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау , өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;

4) омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кітабы - өсімдіктердің зиянкес жәндіктері мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;

5) омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер – орман зиянкестері мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәліметтерді қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;

6) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің кадастры кітабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлері туралы өздерінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректернегізінде уәкілетті органдар және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;

7)                          жануарлар дүнисін пайдаланушылардың жылдық есептері;

8)                          жануарлар санын есепке алу материалдары.

11. Жануарлар дүниесінің кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негізінде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы табиғи обьектілерінің мемлекеттік кадастрлары бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Кадастр кітаптарын жүргізудің нысандары мен тәртібін тиісті уәкілетті орган айқындайды.

12. Кадастрлар шеңберінде алынған жануарлар дүниесі обьектілерін есепке алу мен тіркеу нәтижелері Қазақстан Республикасы табиғи обьектілері мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесіне тегін беріледі.

 

4.     Жануарлар дүниесінің мониторингін жүргізу

 

13. Жануарлар дүниесінің мониторингі жануарлар дүниесі обьектілерінің таралуын, санын, физикалық жай-күйін, олардың мекендейтін ортасының құрылымын, сапасын және алаңын жүйелі түрде байқау жүйесін білдіреді. Ол экологиялық жүйелер мен биологиялық сан алуандықты сақтау, жануарлар дүниесін теңдестірілген дәрежеде және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшін болып жатқан өзгерістерді анықтау және бағалау, теріс процестер мен құбылыстар салдарларының алдын алу және жою мақсаттарында жүргізіледі.

14. Жануарлар дүниесі мониторингінің деректері жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін пайдаланылады.

Жануарлар дүниесінің мониторингін жүргізу тәртібі мен нысандарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісім бойынша тиісі уәкілетті органдар анықтайды.

15. Жануарлар дүниесі мониторингінің нәтижелері белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің біыңғай жүйесіне енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға тегін беріледі.

 

5. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді мемлекеттік бақылау

 

16. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуге мемлекеттік бақылауды тиісті уәкілеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.

Похожие:

Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚаржы басқармасының 2011 жылғы жұмыс
Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы органдарына бюджеттердің атқарылуын үйлестіру, бюджеттік есепке алуды, ақшалай қаражат...
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы icon«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 заңының 10-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану...
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы iconЕрежесін бекіту туралы
Республикасында банктерді ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница