«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым




Название«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым
страница1/7
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.16 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/9c66da04-318e-11e3-8846-f6d299da70eeландшафт.doc
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013


«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»


5В011600 – «География» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Семей

2013


Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары







  1. Глоссарий

Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы

Антропогендік ауыртпашылық – қоғамның, оның практикалық іс әрекетінің табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және олардың қасиеттеріне ( ландшафттар, рельеф, топырақ, экожүйелер, биота, т.б.) тікелей немесе жанама әсерінің дәрежесі

Абиотикалық факторлар – тір ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғаттың барлық қасиеттері

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған.

Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті нәтижесінде ластаушы заттектердің шығаруы мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша табиғи ластанудан көп жоғары

Антропогендік факторлар қоғамның іс әрекетшілігінің формалары, нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер мекендеу ортаның өзгерісіне тигізеді немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді

Антропогенді факторларадамның іс әрекетінен туындайтын табиғатта өтетін прцестердің қозғаушы күштері

Антропогенез – адамның іс-әрекетінің ықпалынан табиғи объектілердің өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі

Атмосферабиосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы

Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін және жай түбінде тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар

Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе.

Биокосты зат - «биосферада бір уақытта тірі ағзалар және косты процестер мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері болып табылады»; ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады

Биологиялық өнім - биогеоценоздардың құрамына кіретін микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру

Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira – шар, сфера) – «тіршіліктің аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік

Биосфера - Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар оның қалыптасуында негізгі ролль атқарады

Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары) — тірі ағзалардың бір-біріне әсет етудің формалары

Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне, өсімдіктердің бір біріне, жануарлар және өсімдіктердің, микроағзалардың өсімдіктерге және жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары

Биотоп – биоценоздың тірішілігінің орны, сол немесе басқа биоценоз мекендейтін азды-көпті ұқсас жағдайлары мен кеңістік

Биоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастығы

Бонитет – табиғи ресурстарды тиімды пайдалану мақсатында олардың сапасын салыстырмалы бағалау үшін қолданатын балл, шартты көрсеткіш

ГидросфераЖер шарының су қабатшасы

Географиялық зона, Ландшафты зона, Табиғи зона – Жердің географиялық қабатшасының және физико-географиялық аудандастырудың зоналық кеңістік дифференциациясының негізгі бірлігі, географиялық белдемдердің шеңберінде жекеленетін және жылу мен атмосфералық ылғалданудың шарттарының ұқсастығымен сипатталады

Геоақпарат – геожүйелер немесе олардың элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы бар болатын қатынастар мен тәуелділіктер туралы кеңістік- байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – автоматизирленген жоғарытехнологиялық ақпаратты-бағдарламалық жүйе, геоақпараттын жинауын, өндеуін, сақтауды, бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті – қоршаған орта және қоғам территориалды үйымдастыруын бағалау, болжау, жоспарлау және басқарудың күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешу үшін географиялық бекітілген мәліметтердің ізденісін, жіктелуін, анализы мен демонстрациясын жеңілдету

Геожүйе – кейбір мөлшердегі жер кеңістігі, мұнда табиғаттың жеке компоненттері бір бірімен жүйелік байланыста болады және белгілі тұтастылық ретінде космос сферасы мен адам қоғамымен әрекеттеседі. Геожүйедегі табиғи компоненттері біртекті және олардың арасындағы барлық өзарабайланыстар бірдей дәрежеде зерттелу қажет

Геоэкология – 1966 ж. К.Тролль ғылымғы ұсынған, «ландшафты экология» және «биогеоценология» екі терминдердің синонимы ретінде; екі тәсілді құрайтын ғылыми пән: 1. «көлденен» - жер бетінің аймақтық бөлінуі, табиғи құбылыстардың кеңістік әрекеттесуін құрайды, географиялық ландшафт туралы ғылым. 2. «тігінен» - биологиялық ғылымның өзі, экологиялық жүйе ретінде қарастырылатын берілген экотоптағы құбылыстардың әрекеттесуі

Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.

Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған

Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы

Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы

Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық - табиғи немесе антропогендік ландшафтарға тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері

Мекендеу орта - тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей әрекеттесуде болатын табиғаттың бөлімі

Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде ғылыми негізінде тиімді өзгертілген географиялық ландшафт

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.

Ноосфера – (грек. noos – сана сезім, ақыл парасат және sphaira –шар) – тікелей аударғанда «ақыл парасатты қабатша», сана сезім сферасы, В.И.Вернадский бойынша биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы, ақыл парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы мен байланысты; ақыл парасатты адамның іс әрекетшілдігі Жер шарындағы дамудың басты анықтаушы факторы болатын период

Ноосферабіздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс, осында адам ірі құатты геологиялық күш болып табылатын

Ноосфера – ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген істердің әлемі

Озон қабаты (озо­н экраны немесе қалқаны) – озонның максималдық концентрациясы бар аймағы - барлығы 8 ррт (8 ауаның бір миллион бөліктеріндегі 8 бөлігі)

Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі жеке территориялардың немесе жалпы жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің өзінің тұрақтылығынан айырылмай, яғни деградацияға ұшырамай және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, тіршілік және әлеуметтік-экономикалық дамудың шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі

Популяция – белгілі орынды мекендейтін, бір түрге жататын, пайда болуы бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі

Табиғи ресурстар (жаратылыстық) – тікелей және жанама сұраыстар үшін бұрыңғы уақытта, кәзір және келешекте пайдаланатын, материалдық құндылықтарды және еңбек ресурстарын молықтыратына қолайлы табиғи объектілер мен құбылыстар. Табиғи ресурстарға жатады: пайдалы қазбалар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа, су, климат, күн және космостық радиация

Табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіруадамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің нәтижесінде табиғи ресурстардың сол немесе басқа түрлердің жұқарған деңгейінің алдындағы күйіне жеткізу, қалпына келтіру

Табиғатты қорғау – техногендік, агрогендік, басқа антропогендік жүктемелердің жағдайларындағы тірі ағзалардың жаратылыстық ортасын және табиғи ресурстардың жиынтығын сақтауға бағытталған іс әрекет

Табиғи тепетендік – стихиялық немесе антропогендік сипаты бар ішкі және сыртқы факторлардың ауытқу әсері жоқ кезіндегі, табиғи ортаның, оның экологиялық қасиеттерін, геожүйелер немесе басқа территориялардың ішіндегі, олардың табиғи тұрақты эволюциялық дамуын және негізгі құрылымдық пен функционалды қасиеттерінің қамтамасыз ететін куй

Шөлейттену – құрғақ, жартылай құрғақ және құрғақшылық жартылай ылғалданған аудандардағы әртүрлі факторлардың әсерінен жерлердің деградациясы

Экология – тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулері туралы ғылым

Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл:

1) биологияның бөлімі, (биоэкология), тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін;

2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән;

3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін;

4) білімдердің кең аймағы, Жер шарындағы әрекеттесуші процестер мен құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын

Экологиялық апат зоналары – территория немесе акватория, олардың шеңберінде табиғи ресурстарды пайдаланудың рауалы шегі астам болатын, тіпті табиғи ортаға антропогенді ауыртпашылықтарды төмендету немесе шешу кезінде шаруашылық іс әрекеттің тиімділігінің, тұрғындар денсаулығының нашарлауы және әлеуметтік кернеуліктің өсуі төмендемейді


2.Дәріс сабағының тезистері


1 дәріс Ландшафттану курсына кіріспе.

Мақсаты: Ландшафттану ұғымымен танысы

Жоспар:

1. Ландшафттану пәні.

2. Негізгі зерттеу объектісі.

3. Территориялық табиғат кешені.

4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы.


1 дәрістің қысқаша конспектісі

Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі.

Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайд ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм жӘне биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.

Қандайда болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде социалды-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым социалды ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен социалды экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мӘселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағығылымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы екі жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафтану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық практикамен тығыз байланысты. Ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл жӘне орман шаруашылығындағы көптеген пролблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойындады.

Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында Әртүрлі территорияларды бөлуді талап етті. Ғылыми ландшафтық идеялардың пайда болғанына дейін Әртүрлі мамандарда: аңшыларда,орманшыларда жергілікті жердің табиғи комплекстері туралы өз тӘжірибесінен алағн түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың Әртүрлі ландшафтық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтаныда далаларда, шөлді, сортаң жерлердң ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді жӘне осы халық термині ландшафтанудың ғылыми сөздігіне енді.

Екіншіден ландшафтанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тӘртібіне ие болды.

Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ұлы географиялық жетістіктердің нӘтижесінде жердің шар тӘрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бӘрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды.

Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернград Варения – 1622-50) «Жалпы географияң деген еңбегінде география-жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.

Ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрде географиялық ізденістер басталды. Ғасырдың басында география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. ЖӘне де осы уақытта географиядан климотология, океанография-фито-зоогеогрфия ғылымдары құрыла бастады. КӘдімгі география ғылымынан экономикалық география бөлініп шықты.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым iconЛекция: 30 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2008ж «Физикалық географиялық аудандастыру.»
«Физикалық географиялық аудандастыру» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ...
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым
«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым iconОҚУ-Әдістемелік материалдары
«Техникалық құралдар және жылуэнергетикадағы өлшемдер» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым iconУмкд умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Үшөлшемді модельдеу» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №1 басылым 09. 09. 2013ж
Компьютерлік графика эем көмегімен модельдерді және олардың бейнелерін құру, сақтау және өңдеу болып табылатын ғылым
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Биогеография» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым 10. 01. 2013 ж
Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Басылым №2 26. 09. 2012
Аудиторлық стандарт – аудиторлық қызметті іске асыруда қолданылатын ережелердің жиынтығы
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым iconУмкд умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары №1 басылым
«Тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница