Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары»




НазваниеДиплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары»
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.07 Mb.
ТипДиплом
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Балалар-кітапханаларында-оқырмандарға-қы
  1   2   3   4   5   6


Ф.4.5.-001-19


Дипломдық жұмысты атқарушы тобынын

Студенті ______________________ дайындаған диплом жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ


Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары».


Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс қазіргі балалар кітапхананың орны, оның дәстүрлері мен жаңа мүмкіндіктері қандай бар екендігі бүгінгі уақытта аса қажет.

Қазіргі балалар кітапханалары мемлекеттік саясатты белсенді жүргізушілер, көптеген бағыттар бойынша ақпараттық-насихат орталықтары болуда. Бұл жұмыс балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлерін, баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды шешу жолдары, оқу арқылы кітапхананың атқаратын ролі, олардың оқу мәдениетін дамыту, кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясы көрсетілген.

_______________ жұмысында қазіргі күндері балалар кітапханаларында дәстүрлік кітапханалық қызметін көрсетумен қатар, оқырмандарға жаңа ақпараттық қызметтер, қашықтықтан қызмет көрсету, виртуалды анықтамалық қызмет, құжаттарды электронды жеткізу Интернет-зал, Интернетті қоғамдық пайдалану орталығы материалдар ұсынылады.

Диплом жұмысын дайындаушы студенттің шешімі балалар кітапханасының мәдениет дамуынын қазіргі деңгейіне сай келеді.

Ескерту ретінде материалдар көлемі өте мол.

Атқарылған дипломдық жұмыс мамандық бойынша дипломдық жұмыстарға қойылған талаптарға сай, қорғауға ұсынылады және өте жақсы бағалауға лайықты.


Рецензент: п.ғ.к. Төрекулова П.Ш.

Ф.4.5.-001-19


Диплом жұмысының жетекшісінің пікірі


Студент __________________ дипломдық жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханадарында оқырмандар қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары».

Студент дипломдық жұмыста балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін талдап, оны шешу жолдарын қарастырған.

Балалар кітапханаларында бұқаралық жұмыстардың түрлерін, баланың оқырман болып қалыптасуын шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын рөлінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселесін жан-жақты зерттеген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден. Екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың теориялық-тәжірибелік маңыздылығы «кітапханатану», «кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету» курстарын оқытуға зор септігі тиетіні сөзсіз.

Жұмыстың ғылыми болашағында қазіргі кітапханалардағы оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерінің ерекшеліктері айқындалады.

Диплом жұмысын орындау барысында барлық қойылған міндеттерді толық орындаған. Сондықтанда бұл жұмысты өте жоғары дәрежеде жазылған, қорғауға жіберіледі.


Жетекші: аға оқытушы Айткулова

«__»__________ 2007 ж.


Диплом жұмысы жайында кафедра қорытындысы.

Диплом жұмысы тексерілді______________________________________

______________________________________________________________


Мемлекеттік емтихан комиссияға бұл жұмыс қорғауға жіберілді.


Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3

I Тарау. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі

қарым - қатынас аспектілері және оны шеіпу жолдары............................ 9

1.1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету

аспектілері.....................................................................................................15

1.2. Балалар кітапханасындағы бұқаралық жұмыстардың

түрлері...........................................................................................................30

II Тарау. Баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды

шешу жолдары..............................................................................................38

2.1. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы

кітапхананың атқаратын ролі......................................................................41

2.2. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту............................56

2.3. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас

психологиясы...............................................................................................75

Қорытынды..................................................................................................93

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................95

Қосымшалар.................................................................................................98


Кіріспе


Зерттеудің көкейтестілігі: Балалар кітапханаларында қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері баланың психологиялық интелектуалды мәдени дамуы. Яғни баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.

Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу, барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.

Негізгі функциялар арқылы балалар оқуын ұйымдастыру. Осы көкейтесті мәселелерді шешудің жолдарын ашып көрсету.

Дегенмен қазіргі таңда заман талабына сай балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері дұрыс жолға қойылған дей тұғын мен де балаларды кітапханаға тарту, олармен бұқаралық жұмыстың түрлерін ұйымдастыру, балалардың оқырман болып қалыптасу мәселелері әлі де өз дәрежесінде шешілмей келеді. Балалар кітапханасында балалардың оқу мәдениетін дамыту, кітапханашы мен жас оқырман арасындағы қарым-қатынас психологиясын, оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру жұмысы жүйесіне жасаған талдау, олардың ақпараттық және педагогикалық мәдениетін, оқу мәдениетін дамыту деңгейі көбінесе талаптарға сәйкес болмай отырғандығы байқалады.

Осыған байланысты балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің аспектілерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» деп алуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты: Балалармен жұмыс жүргізетін кітапханашылардың негізгі функциялары арқылы қалыптастырудың психологиялық-шарттарын бала мен кітапханашы арасындағы қарым-қатынас аспектілерін теориялық әдістемелік тұрғыда негізден әдістемесін жасау.

Зерттеудің объектісі: Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кітапханаларының қызмет көрсету бөлімдері. «Анықтама-библиографиялық бөлім, әдістемелік бөлім, абонемент, оқу залы».

Зерттеу пәні: балалар кітапханаларында ақпараттық қызмет көрсетудегі оқырман мен кітапханашының қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқыту процесінде балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері тиімділігі артады.

- Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік мүмкіндіктері;

а) Балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы) байланысты жүзеге асыру ғылыми - әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе;

ә) Оқырмандарда оқуға жауапкершілік және қызығушылықты тәрбиелеуде қазіргі оқыту әдістерімен ұштастырылса.

Оқу мәдениетін ең алдымен балалар үшін әртүрлі ақпарат көздерінің –энциклопедиялардың, анықтамалардың, білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың, мәліметтер базасының, интернеттің, аудио және видео жазбалардың, мультимедиялық құралдарын пайдалануына жүйелі түрде мән берілсе.

Деректі көздері: Республикалық, обылыстық кітапханалардың жоспары, жылдық есебі, каталог, картатека, кітапхана қорының пайдаланған жұмыс барысында Республикалық кітапханашылардың жарық көрген басылымдарының пайдалануын «Бегалинские чтения: (Библиотека, книга и чтение в образовании детей.А:2004. Б 2-135) «Бегалинские чтения: «Чтения детей: Проблемы,поиски и решения» А: 2002.С 1-163

«Бегалинские чтения: « Дети как читатели» А: 2003. С. 1 - 107

Зерттеудің міндеттері:

1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету аспектілері;

2. Балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлері;

3. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы кітапхананың атқаратын ролі;

4. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту;

5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясы.

Жетекші идея: Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасы бойынша философтардың кітапханатанушылар мен библиогрфтардың педагогтар мен психологтардың еңбектері, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру дамуының тұжырымдамасы, арнайы мерзімді басылымдар кітапхана, «Кітапхана» әлемі. С. Бегалин атындағы Республикалық балалар кітапханалары, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапнахаларының озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша кітапханатану және библиография деректеме құжаттарына, арнайы мерзімді басылымдарына талдау жасау; әңгімелесу,озық тәжірибелерді үйрену және қорыту, бағалау жұмысы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқыту үрдісінің тәрбиелік теориялық жағынан негізделді және анықталды.

2. Балалар кітапханаларында оқу мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, құрылымы анықталып, әдістемесі жасалды.

3. Баланың оқырман болып қалыптасуы мәселелері айқындалды.

4. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас аспектілерінің психологиялық шарттары анықталды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін ақпараттық білім орталығының мүмкіндіктер жасайды. Зерттеу материалдарын кітапханаларда, кітапханатану және библиография мамандықтары сабақтары мен іс-тәжірибелерінде кеңінен пайдалануға, сондай-ақ кітапханашыларды даярлауда, кітапханашы-библиогрфтардың білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Кітапханаларда кітапханашымен оқырманның қарым-қатынас аспектілері;

- Балаларға қызмет көрсетуде бұқаралық жұмыстардың түрлері;

- Балалар кітапханаларында оқу мәдениетін дамытудың жолдары;

Балалар кітапханаларының қарым - қатынас аспектілері;

Дипломдық жұмысының құрылымы:

Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, обьектісі, міндеттері, зерттеу болжамы, жетекші идеясы, зерттеу көздері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған тұжырымдары, дипломдық жұмыстың құрылымы қарастырылды.

«Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» атты бірінші тарауда балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің аспектілері анықталып, баланың оқырман болып қалыптасуына бұқаралық түрлерін пайдалану тәжірибесі қорытылды.

«Баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды шешу» атты екінші тарауда баланың оқырман болып қалыптасуына шығармашылық оқу арқылы кітапхананың кітапхананың ролін анықтап, онда оқу мәдениетін дамытудың мазмұны, әдістемесі жасалған. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас психология өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалады.

1. Кітапханадағы балалар оқуын ұйымдастырудың маңызды аспектілері.

Жүйелі тәсіл тұрғысынан алғанда, кітапханада балалар оқуын ұйымдастыру келесі аралықтарда қарастырылуы мүмкін:

- баланың психологиялық, интеллектуалды және мәдени дамуы (ықылас, ес, кейіптік және логикалық ойлау, қиял, сөйлеу мәдениеті) тәртіп пен тілдеу, шығармашылық қабілеттер, т.б.) көрсеткіштері аралығында;

- балалармен жұмыс жүргізетін (ақпараттық, білім беретін, бос уақытын тиімді өткізу және т.б.) кітапханалардың негізгі функциялары – жас ерекшелік категориялары аралығында;

- кітапханалық жұмыс түрлері (жеке және көпшілік; көрнекі және вербальді; ауызша, баспалық және т. б.) аралығында;

- кітапхана бөлімдерінің құрылымы (абонемент, оқу залы, АББ, компьютерлік класс, көрме залы, әдеби қонақжай және басқа да кітапхана қызметіне байланысты бөлімдер) аралығында;

- балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы сыртқы жұмыстар және т.б.) өзара қарым-қатынас аралығында.

Әрине, бұл балалар оқуын координациялау жүйесінің болуы мүмкін аралықтарының толық тізбегі емес екені түсінікті. Назардан тыс қалғандары: оқудың тақырыптық бағыты мен функционалды көрсетілімі (мәні), кітапханадағы балалар оқуын ұйымдастырудағы кадрлық қамтамасыздандыру, оқуға әлеуметтік жағдайы, жыныс белгілері бойынша талдау жасау және т.б.

Аталмыш жұмыстың мақсаты – балалармен жұмыс жүргізетін кітапханалардың негізгі функциялары бойынша деномпозицияларға егжей-тегжейлі тоқталу.

Ақпараттық функция. Бұл функция аясында, ең алдымен, балалар үшін әртүрлі ақпарат көздерінің – энциклопедиялардың, анықтамалықтардың, білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың, каталогтардың, картотекалардың, мәліметтер базасының, Интернеттің, аудио- және видеожазбалардың ашықтығы (тиесілілігі) жайында сөз қозғау керек. Осы орайды, кітапхана қорын толықтыруға, квалификацияланған мамандармен, компьютерлік техникамен, аудио және видеоөнімдік құжаттармен қамсыздандыруға тиесілі сәйкес талаптар қою заңды нәрсе.

Негізгі функциялардың аралығындағы балалар оқуын ұйымдастыру.

Балалар оқуын ұйымдастыру дегеніміздің өзі қиын да көп қырлы мәселелердің кешенін білдіреді. Ал, ол мәселелерді жүйелі түрде шешу тиімді болар еді.

Жүйелілік объектілер мен құбылыстарды жүйе ретінде яғни, өзара тығыз байланысты әлементтердің қосындысы есебінде қарастыруға және оларды оқшау емес, бір-бірімен де, жүйеде де өзара байланысты зерттеуге мүмкіншілік береді.

Көрнекілік үшін кез-келген зерттелетін жүйені копомиемді кеңістіктегі фигура ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда жүйенің қандайда бір сипаттамасы сол фигураның сәйкес аралығының (жүйе декомпозициясының) анализінен туындайды.

Жүйелілікті қолдану негізінде мәселені шешудің типтік алгоритмі 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – қарастырылып отырған мәселені моделдейтін жүйенің тізбегі мен оптимальды аралық санын анықтау. Көптеген кітапханалық мәселелердің шешу барысында, мысалы, кітапхана функциялары бойынша –ақпараттық, білім беретін және бос уақытын тиімді өткізетін аралық қолданылуы мүмкін. Біз де соны қарастырамыз.

Екінші кезең - әрбір аралықты талдау, осы аралықтағы мәселелердің шешімін қамтамасыз ететін инновацияларды табу және құрастыру. Кітапхананың негізгі функциялары аралығында аталмыш мәселеге қатысты, мысалы, осы функциялардың әрқайсысын іске асыру барысындағы балалар оқуын ұйымдастыруға байланысты инновациялар қүрастырыла алады.

Үшінші кезең - әр жеке инновацияның жүйенің осы және басқа да аралықтарды құрастырылған барлық басқа инновациялармен байланысын тіркеу арқылы жалпы жүйелік инновацияға айналуы.

Өзара байланысты тіркеу, соның ішінде жеке инновациялар шеңберіндегі қарама-қайшы жағдайларды реттеу, жалпы жүйе тұрғысынан, әрбір инновацияны мазмұндырақ етеді және оны жалпы жүйелік деңгейге жеткізеді. Мысалы, өз уақытын тиімді өткізу функциясын (кітапхананың негізгі функциялары аралығын) іске асыру шеңберіндегі инновация балалар оқуын оқырмандардың жас ерекшеліктерін, кітапхана құрылымын, т.с. ескере отырып ұйымдастыруға қатысты инновациялармен түйісуі қажет. Тек сонда ғана оның мазмұны барынша толық ашылады және де жалпы жүйенің талаптарымен қайшылыққа түспейді.

Ақпараттық ресурстың кең таңдауы бар жағдайда жас оқырмандарды ақпараттық ізденістің оқудың ерекше типіне – жылдам оқу, түрлі белгі-символдық белгілерді түсіну және шифрын шешу қабілетіне негізделген әдістемесіне үйрету маңызды екені даусыз. Бүгінгі таңда балаларды «функционалды» оқу (іскеру, білім беретін) деп аталатын оқу түріне баулу қажеттілігі туып отыр, өйткені кітапханашылар балалардың баяндама, реферат дайындау барысында тапсырмаларды орындай алмауымен күнделікті кездесіп жүр.

Балалар кітапханалар мәселелерінің зор қиындық тудыруы олардың ақпараттық мекеме болуымен айқындалады. Олар бала – оқырманға өз ақпараттық мүмкіншіліктерінің бар байлығын оның мазмұнын жеңілдетуге тырыспай жеткізу тиіс. Ол үшін баланың өмірлік және оқырмандық тәжірибесіне сәйкес келу қажет: интеллектуалды айқын, эмоционалды жағымды, жинақтау жетістіктеріне серпін беретін, қуанышты және оптимисті болуы тиіс. Бұл шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұрақ әрдайым қойыла беруі керек: жаңа көрмені ұйымдастыруда, орын-аймақты қайта жабдықтау кезінде, каталогты редакциялағанда және т.б.

Бүгінде кітапхана тек түрлі құжаттарды алу көзі ғана емес, сонымен қатар, балалардың ақпаратқа қол жеткізуін ұйымдастырушы да.

Балалар кітапханасы білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша балаларды құжаттық және библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз ете алатын дәстүрлі де, сондай-ақ, машинаоқылымдық та сақталымдардағы ақпараттық қорлардың кені болуы қажет.

Ең алдымен, ыңғайлы ақпарат алу жүйесін құру, сосын барып, мақсатты ақпараттық ортаны ұйымдастыру керек.

Өспелі ақпарат көлемі, әртүрлі баспа өнімдері санының артуы, видео, аудио, электронды құжаттардың таралуы, ақпарат тұтынушының психологиясының өзгеруі, осының бәрі, әрине, құжаттарды табу және библиографиялау жұмыстарының ауқымына, АБА-тың жүргізілуіне өте қатты әсер етуде. Құжаттық базаны - ысыра - болмайды, ағымдық ақпаратты созуға – рұқсат жоқ.

Олардың қолдану тиімділігі сқұранымдарды болжауға, АБА-ты жақсарту жұмыстарын жоспарлауға, анықтама-библиографиялық қызметті ұйымдастыруға, оқу мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Библиографиялық құралдардың жетіспеушілік жағдайында, кітапханалар нақты оқырмандар сұранымына және кітапханада бар құжаттарға сүйене отырып, белсенді құрастырушылық жұмыспен айналысуда өз міндеттеріне алулары тиіс. Осының бәрі кітап көрмелерімен, ақпараттық қабырғалармен, жарнамалық материалдармен сәйкестендіріле жүргізілуі керек.

Оқырманның ақпараттық іздеу қабілетін жаттықтыру баланың кітапханаға келген негізгі мақсатына – оқу барысында тұлғаның шығармашылық жағынан қалыптасуына нұқсан келтірілмеуіне кітапхана ат салысуы қажет.

Балалар кітапханалары функцияларының негізгілерінің бірі – білім берушілік.

Оны былайша сипаттауға болады:

- біріншіден, жалпылық және әмбебаптық, өйткені, оқу, онсыз қоғамда өмір сүру алмайтын және барлығына дерлік қажетті әлеуметтік қабілеттер қатарына жатады;

- екіншіден, базалық ретінде, себебі, оқырмандық қызмет, басқа қызмет түрлерінің-танымдық, білімдік, еңбектік, т.б. негізінде жатады;

- үшіншіден, өзгермейтін ретінде, әйтпесе ұрпақ ауысымы шексіз және білім мен тәжірибе үлестіру процесі мәңгілік жүрер еді.

Біздің ғасырымызда бала кезден бастап толыққанды оқырман болып үлгерулеріміз қажет, олай етпеген жағдайда, өмір оған уақыт қалдырмауы да мүмкін.

Осы функцияны орындау бағыттарының бірі балалар оқуын ұйымдастыруға қатысты – балаларға кітаппен жұмыс істеу үшін қажетті ыңғайлы жағдайлар жасау – олардың құқығына сәйкес орын-жайды, жабдықтарды техникалық құралдарды ұсыну, кеңес беру және оқыту сипатындағы көмектер көрсету.

Білім берушілік функцияны орындау барысында, кітапхана көркем әдебиетке деген балалар қызығушылығының артуына ықпал еткені абзал. Жас оқырман өскен сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Кітапханамен қарым-қатынас жасауға кәсіби әдебиеттанушыларды, көркемсөз шеберлерін, әртістерді шақыру, кештер, пікірсайыстар, конференциялар, жаңа кітаптардың тұсау-кесерлерін өткізу, т.б. өте пайдалы.

Егер бұрын баланың кітап мәдениетіне аралау дәрежесі, негізінен, ата-анасының танымдық деңгейіне байланысты болып келсе, ал енді қазір біреулер үшін нақты бір мектептегі оқыту деңгейі, бүрынғы әлеуметтік, материалдық,олардың артынан келіп туындайтын – мәдени ұстаным сияқты факторлардың мәні аса басым.

Әлеуметтік және мәдени дифференциялар (бөліністер) оқу ісіне әсер етпей қоймайды. Ол көбіне көп адамдардың әлеуметтік жағдайларына байланысты болып барады, олардың арасындағы айтарлықтай ерекшеліктер оқырман-балалардың өзара жіктелуін күшейтіп келеді.

Бұл элиталық деңгейдегілердің қажеттіліктерінің қиындауына, ал әлеуметтік аз қамсыздандырылған деңгейдегілердің қажеттіліктері келуіне әкеліп отыр. Кітапхана екі деңгейге де қажет, бірақ әртүрлі сапада десе де болады. Кітапхананың әлеуметтік рөлі тек өсіп қана қоймай, сонымен бірге, төтенше қиындай түскені объективті жайт.

Мектеп оқырмандық қызметке жеткіліксіз дәрежеде әсер ететіні баршаға мәлім. Ол оқырмандық даму процесінің даралануы үшін жағдайлар жасап отырған жоқ және жасай да алмайды, мұндай мәселені көпшілік оқыту процесінің алдына қою бәлкім, дұрыс емес те шығар.

Алайда, оқырманның даму процесінде мектеп теріс әсер етеді деп түсіну қателік болар еді. Мектептегі оқыту оқырман дамуындағы жетістіктердің әлеуметтік нормасын белгілейді. Қызмет субъектісі өз жеке жетістіктерін аталмыш эталонмен салыстыра келе, оны тек жеке көзқарастарының деңгейінде ғана емес, сондай - ақ қоғамда қабылданған үлгілерге қатысты басқару мүмкіндігін алады.

Инновациялық білім беру: колледждер, лицейлер, мысалы гуманитарлық ғылымдарды тереңдетіп оқытатын мектептер өздеріне сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілмеген..

Кітапханалар сұранымдарды орындау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, өз қызметіне талдау жасау, т.б. арқылы көптеген процестерді жақсартуда: кітап қорын толықтырудан бастап құрылымдық өзгерістерге дейін.

Білім беру мекемелері балаға тек мектеп бағдарламасы аясында жүретін түзу, жүйелі білім береді. кітапхана басымдылығы сол - шексіз танымның қайнар көзі болып табылады.

Соның өзінде, балалар кітапханасына 2 түрлі типтегі функцияларды орындауға тура келеді: өзінің тікелей міндеттері және оқыту есебінде адымдау. Осы жағдайға икемделу қажет (мектеп кітапханалары күшейгенге дейін), оқыту мақсатына қажетті кітап қорын қалыптастыру керек, бағдарламалық шығармаларды көп таралым санымен толықтырған жөн.

Кітапхана және білім институттары қарым - қатынас аспектілері

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы кітапхана ісін ақпараттық, білім беру және мәдени — ағарту қызметінің негізгі болып саналатын мәдениет саласы екенін айқындайды. Сондай - ақ осы заңда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір принциптері жарияланған: Оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық және әлемдік мәдениеттің байлығын бойға сіңіруге ықпал ететін білім мен тәрбие жүйесін дамыту.

«Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы ережесі» (29 наурыз 1996 жылы Мәдениет Министрлігінің жарлығымен бекітілген) кітапхананы ақпараттық, мәдени және білім беретін мекеме ретінде айқындап береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында басты мақсаты ретінде мыналар көзделген: білім алу үшін қажетті жағдай жасау, ұлттық және жалпы адамгершілік бағалылық негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуын, дамуын қадағалау. Осы Заңның 19 бабында мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылатын балалармен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламалары атап көрсетілген. Бұл ұйымдардағы білім қызметінің еркін қолданылуын мемлекет қамтамасыз етеді. Мұндай ұйымдар жеке тұлғаның, шығармашылық еңбектің дамуына, жалпы мәдениеттің, салауатты өмір салтының, қоғам өміріне мазмұнды бейімделуінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Өкінішке орай, мектептен тыс ұйымдардың қатарында кітапханалар жоқ. Кітапханалар барлық уақытта өздерін қосымша білім беретін мекемелерге жатқызады және ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің сапасын ақпарат пен білім алудың көмегімен жақсартуды қамтамасыз етеді.

Білім тек қана оқу орындарында ғана емс, сондай - ақ кітапханаларда да қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік жағдайларына бейімделуге тырысады. Бұл жерде бейімделу процесін басқару ғана маңызды емес, сонымен қатар білім беру мен кітапханалық қызметтің бірлігін де сақтау керек. Әзірге кітапхана функциясы өзіне сәйкес келетін білім мақсаттарына жатады.

Кітапханалар біздің білімімізге не береді және білім оқу сұранысын қалай дамытады? Бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің баспа сөзге деген қызығушылығының төмендеуі, бос уақыт құрылымындағы оқу уақытының қысқаруы, оқу сипатының өзгеруі, аудивизуальды мәдениеттің үлесі артуы секілді артықшылықтарды айту аз, сонымен қатар көңіл қойып оқу сипатын ие жоғары сауаттылықты табуға жағдай жасау қажет. Сондықтан білім концепциясы бағдарламасына өзіміздің «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету концепциясын» өңдеп, білім концепциясының бір бөлімі ретінде ұсыну керек.

Ақпараттық, білім орталықтарының, құқық орталықтарының әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жоспарын құру қажет. Білім мекемелерінің кітапханашылары мен көпшілік кітапханаларының кітапханашыларының арасындағы байланыс даму мен жетістіктердің мүмкіндігіне қарай бағаланады.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconКітапхана ісі мамандарының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Кітапхана ісі мамандарына қарым-қатынас мәдениеті арқылы сөйлеу мәдениетіне, конфликтілік жағдайларды шеше білуге және кәсіби этикалық...
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» icon1. реферат: а тақырып бойынша интегрирленген ақпарат болу керек
Тақырыбы: №1 «Педиатриядағы мейірбикелер жұмысының негізгі этикалық принциптері. Әр түрлі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен...
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconКонференция жұмысының негізгі бағыттары Лингвомәдениеттану мен мәдениетаралық қарым-қатынастағы аударма мәселелері
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті сіздерді 2011 жылдың 25-26 наурыз күндері өтетін «Тілдер әлемі және мәдинетаралық...
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconДиплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»
Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconХалықаралық ғылыми-практикалық конференциясының баяндамаларының материалдары
Жайық Өзенінің ортаңҒы ағысында бекіре тұҚымдас балықтардың КӨбею мәселесі және оны шешу жолдары
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconДиплом жұмысының көкейкестілігі
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconДиплом жұмыс Тақырыбы: Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу
Кіріспе – 4
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconҮлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептеріжәне оны түзету жолдары
Семинардың тақырыбы:«Үлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары»
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconА. С. Пушкин атындаєы шыєыс ќазаќстан облыстыќ кітапханасы
Мемлекеттік тілдіѕ ахуалы, проблемалары жјне оны шешу жолдары атты халыќаралыќ єылыми-практикалыќ конференциясыныѕ материалдары
Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» iconКіріспе
«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін курстық жұмысының мақсаты – кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница