«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ




Название«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://moodle.nci.kz/doc/008/23.doc
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ



























«ПӘНДЕР БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕЛЕР (MMS)» жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау

бойынша тренингтік курстардың

оқу бағдарламасы








Алматы, 2011


Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған


Пікір айтушылар:

К.С. Мусин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

С.Т. Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент


«Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS)» жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың қазақ тіліндегі оқу бағдарламасы. – Алматы. «ҰАО» АҚ , 2011. – 18 б.


Осы оқу бағдарламасы «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.

Оқу бағдарламасы оқу процесіндегі пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелерді (МMS-ті) қолдану бойынша педагогтардың біліктіліктерінің көлемін анықтайды және 72 сағат теориялық пен практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстар оқу бағдарламасының құрамды бөлігі болып саналады.

«Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер» (ММС) жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту» бөлімі 12 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 10 сағаты – практикалық сабақтар.

Оқу бағдарламасы жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды дайындауға жауап беретін мамандарға, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі біліктілікті арттыруға бағытталған және осы жүйені пайдаланушыларды – мұғалімдерді оқыту үшін арналған.


ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА


Мемлекеттердің қазіргі заманғы жаһандануы мен технологиялық дамуы Қазақстандағы білім беру жүйесіне жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктейді. Постиндустриалдық қоғамнан жаңа сапалы күйге немесе ақпараттық қоғамның кезеңіне өту тек ақпараттық технологияларды енгізу ырғағына ғана емес, қоғамның желілік өзара әрекеттестікке дайындығына да байланысты.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев әлемдік көш басшылардың арасында Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігінің кепілі болып саналатын адамзаттық капиталдың, инновациялық пен бәсекелестікке қабілетті білімнің өсуін жасақтауға қабілетті экономикалық және қоғамдық жаңарту мұқтаждықтарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту міндетін қойды1.

Қазіргі заманғы педагогтардың, географиялық орналасуынан тәуелсіз түрде олардың педагогикалық қатынасы үшін тиімді жағдай туғызатын ақпарқатынастық өзара әрекеттестікке мүмкіндігі бар болуы тиіс. Қазіргі уақытта мұндай мәселелерді электрондық оқыту, жеке айтқанда, пән бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (Method Management System, бұдан әрі қарай – МMS) шеше алады.

МMS электрондық оқыту жүйесінің (e-Learning) жүйе түзуші құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. MMS қазіргі заманғы интерактивтік педагогикалық технологияға кәсіптік біліктіліктер мен машықтарды жетілдіру бойынша мұғалімдерді оқытуда педагогтардың өзіндік жұмысына әдіснамалық пен ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға бағытталған, педагог кадрлардың ұйымдастырылған және құрылымдалған пәнаралық ақпараттың дамушы технологиялық базасына олардың жылдам, ашық қатынас құруын қамтамасыз ету арқылы педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Пән бойынша электродық әдістемелік жүйелер қазіргі заманғы мектепте педагогикалық тәжірибені сақтауға, жаңартуға, тиімді түрде пайдалануға, педагогты әдістемелік процестің белсенді субъектісі етуге, әрбір педагогқа өзін өзі тануға, өзін өзі реттеуге, өзін өзі дамытуға мүмкіндік береді. MMS жағдайында мұғалім ақпараттық қоғамда толық бағалы өмірге бағдарланған болуы, біртұтас әлемдік ақпарқатынастық кеңістікке өзінің қатысты болуын жете түсінуі, кез келген ақпараттық ресурсқа қатынас құруы бар болатын ғаламшарлық ойлауы бар оқушының тұлғалығын қалыптастыру қажеттігін жете түсінуі тиіс.

MMS-ті енгізу педагогикалық шеберлікті қамтамасыз етеді, ақырында оқыту сабақтарын өткізу сапасын және тұтастай мектептік білім беру сапасын арттырады.


Тыңдаушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар


MMS жүйесі жағдайында жұмыс істеуге дайындық бойынша тренингтік курстарды жүргізу нәтижесінде педагогтар:

  • білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты;

  • қазіргі заманғы педагогтың АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптарды;

  • e-learning электрондық оқыту жүйесінің мақсатын, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндіктерін;

  • MMS жүйесінің мақсатын, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндіктерін

білуі тиіс.

  • ақпараттық білім беру ортасында басқа оқу мекемелеріндегі әріптестермен қашықтықтан қарым-қатынас жасай алуы;

  • MMS жүйесінде есеп-қисап, жеке жетістіктер туралы жарияланымды және т.б. дайындай алуы;

  • өзінің кәсіптік даму дәрежесін анықтай алуы;

  • зияткерлік меншікті қорғау ережесін бұзбауы;

  • блогтарда, тақырыптық форумдарда, чаттарда, бейнеалқалы жиындарда жұмыс істей алуы;

  • хабарландыруларды дайындай және оларды жөнелте алуы

  • тақырыптарды талқылауға қатыса алуы

тиіс.

  • кәсіптік ақпаратты іздестіруге;

  • пәндер бойынша ресурстар дайындауға және оларды MMS жүйесіне орналастыруға

дайын болады.


«Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS)» жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу-тақырыптық жоспары






Сабақтардың тақырыбы



Сағаттар саны

Дәрістер

Практикалық сабақтар

1.

Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты

2




2.

ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар

2

2

3.

ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі

2




4.

SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту

2

16

5.

Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS) іс-әрекетті оқыту

2

4

6.

Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS) іс-әрекетті оқыту

2

10

7.

Тестілеу жүйесіндегі (TMS) іс-әрекетті оқыту

2

10

8.

«Пән бойынша электрондық әдістемелік жүйе» жүйесіндегі (ММС) іс-әрекетті оқыту, оның ішінде:

2

10

8.1.

Пәндер бойынша MMS-тің мазмұны. MMS-тің мақсаты мен міндеттері

2




8.2.

Электрондық әдістемелік жүйенің пайдаланушылары. Пайдаланушыларды тіркеу және MMS жағдайларында жұмыстың саясатымен танысу.




2

8.3.

Нормативтік құжаттармен және ғылыми әдістемелік материалдармен жұмыс.




2

8.4.

Кәсіптік өзін өзі іске асырудың дербес бағдарламасы ретінде мұғалімнің портфолиосы. Өзіндік кәсіби дамуды анықтау.




2

8.5.

Желілік өзара әрекеттестіктің тәсілдерін игеру және танысу. Үздік тәжірибе мектебін жүзеге асырудағы MMS-тің рөлі мен мүмкіндіктері.




2

8.6.

Іздестірілетін мен кірігетін ақпараттық басқару жүйелеріне қатысу. Өз ресурстарын дайындау.




2

9.

Қорытынды тестілеу.




4




Қорытынды:

16

56




Барлығы:

72



БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ


1-тақырып. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты (2 сағ.)

Қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) кешенді енгізумен, ауқымды телеқатынастық желілер мен интеллектуальдық компьютерлік жүйелерді біріктірумен байланысты ақпараттық қоғамның жаңа әлеуметтік экономикалық шарттары. Ақпараттық қоғамның ЮНЕСКО бойынша білім беруінің жетекші қағидалары: «барлығына білім беру», «ғұмыр бойы білім алу» − «Life Long Learning (LLL)». АҚТ-ды пайдалану негізінде білім берудің жаңа парадигмасының өзектілігі. Білім беруді ақпараттандырудың халықаралық тәжірибесі.

Педагогикалық жүйе ретінде білім беруді ақпараттандыру. Қазақстан республикасындағы нормативтік құқықтық жасақтама, ақпарқатынастық инфрақұрылым, білім беруді ақпараттандырудың бағдарламалық, контенттік және кадрлық жасақтамасы.

2011-2020-жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.


2-тақырып. ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі (2 сағ.)

2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 8 бағыттарының бірі ретіндегі электрондық оқыту.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың (e-learning) мақсаты мен міндеттері.

Электрондық оқытудың нормативтік құқықтық жасақтамасы. Электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды дайындау және біліктіліктерін арттыру. Технологиялық инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің компьютерленген жұмыс орындарын дайындау, білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру мен интернеттеу. Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы. Оқу процесін автоматтандыру.

Электрондық оқыту жүйесінің педагогикалық архитектурасы: мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) басқару жүйелері және білімдердің пәндік салаларындағы электрондық әдістемелік жүйелері (MMS).


3-тақырып. ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар (4 сағ.).

Білім беруді ақпараттандыру мен жаңартудың маңызды факторы ретінде білімдік процестегі АҚТ-ды жүйелі пайдалануға педагог кадрларды дайындау. Педагогтың ақпарқатынастық тұлғалығының моделі. Мектепті ақпараттандырудағы басшының рөлі.

АҚТ-біліктілігі – білімдер, біліктіліктер, іс-әрекеттік тәсілдер және кәсіптік қызметтегі АҚТ-ды пайдалануға құндылық қатынас ретінде ақпараттық қоғам азаматтарының біліктілігі.

Курсты тыңдаушылардың АҚТ-біліктілігінің бастапқы деңгейін айқындау, олардың компьютермен, кеңсе бағдарламаларымен, кейстік және интернет-технологиялардағы оқу ақпаратының әр түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктері мен машықтарын, АҚТ негізінде білімдік процестің басқа субъектілерімен ауызша және жазбаша өзара әрекеттестігінің тәсілдерін игеруі.


4-такырып. Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту (18 сағ.)

Мектепті басқару жүйесінің (SMS) міндеттерімен және жұмыс істеуімен шолулық танысу – мектепті басқару жүйесін автоматтандыруға, білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес процестерді ескеріп іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруға, есеп-қисапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу. «Жоспарлар» модулі пайдаланушыларға берілген рөлге байланысты олардың ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін аспап ретінде.

«Кесте» модулі сабақтардың кестесін, сабақтан тыс жұмыстардың (үйірмелердің, факультативтердің және т.б.) кестесін және қоңыраулардың кестесін дайындау аспабы ретінде.

«Электрондық журнал» модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың аспабы ретінде, ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігі.

«Оқушының электрондық күнделігі» модулі оқушының қағаз күнделігінің аналогы ретінде. Электрондық күнделіктің интерфейсі, сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелеу.

«Тәрбие жұмысы» модулінде сыныптық ұжымдардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру аспабы ретінде, тәрбие шаралары, сынып сағаттары дайындамалары бар қапшықтарды қалыптастыру, сынып сайтарына сілтемелермен, оқушылардың электрондық портфолиоларымен жұмыс істеу.

«Сауалнама жүргізу» модулі білім беру субъектілерінің сауалнамаларын жүргізуге мүмкіндік беретін аспап ретінде. Сауалнаманы қалыптастыру, нәтижелерді қарап шығу. Мәтіндік/кестелік редакторға есеп-қисаптарды шығару.

«Тамақтану» модулі тамақтанатындар санының және тамақтану құнының есебін алу аспабы ретінде. Бір аптаға мәзірді баспаға шығару. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Кітапхана» модулі дәстүрлі мектеп кітапханасымен жұмыс істеуді автоматтандыру аспабы ретінде. Мектептің кітапханалық қорының автоматтандырылған анықтамалық-библиографиялық каталогымен жұмыс істеу, кітаптарға тапсырыс беру және олардың қорын жасау. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Дәрігерлік бөлме» модулі оқушылардың денсаулықтарының жай-күйі және әр түрлі спорттық-сауықтыру іс-әрекетінің түрлеріне тартылуы туралы мағлұматтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін аспап ретінде. «Статистика» модулі мәліметтер базасын енгізудің және статистикалық есеп-қисаптарды қалыптастырудың аспабы ретінде. «Оқушылар» және «Қызметкерлер» бөлімдері.

«Қатынас» модулі SMS аясында пайдаланушылардың өзара әрекеттестігінің аспабы ретінде. Модульдің бөлімдері: «Хабарландырулар», «Блогтар», «Хабарлар», «Форум», «Чат».


5-такырып. Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетті оқыту(6 сағ.)

CRMS оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімге толығымен бақылауға және басқаруға, мультимедиалық кабинетте сабақтар жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама ретінде.

CRMS көмегімен оқытудың әр түрлі әдістерін: жұптағы, топтағы жұмысты, дербес және жаппай сауалнамаларды, топтық талқылауды және б. қолдану мүмкіндігі.

Мұғалімнің модулімен жұмыс. Оқушының компьютерін басқару, барлық мүмкін болатын алыстағы файлдық операцияларды (қосымшаларды іске қосу, пернетақта мен тышқанды басқару, компьютерді қосу, қайта жүктеу және ажырату) орындау.

Мұғалімнің Модулі мен Оқушының Модулінің өзара әрекеттестігі.


6-такырып. Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-әрекетті оқыту (12 сағ.)

Оқытуды басқару жүйесі (LMS) – бұл оқу контентін дайындауды автоматтандыруға және оқу процесінің барлық қатысушыларына on- мен off-line режімдерінде оқытуға қатынас құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

Оқытуды басқару жүйесіне (LMS-ке) қойылатын жалпы талаптар. LMS мектепте оқып білетін әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну, әр түрлі теориялық сабақтарды өткізу, оқушылардың жеке де, топтық та оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін, оқу ақпаратының әр түрлі үзінділеріне қатынас құруды басқару үшін арналған кең құрал-жабдықтар.

LMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Оқу бағдарламалары» модулімен жұмыс.Оқытуды басқару жүйесінің негізгі пайдаланушылары белгілі бір рөл телінген білімдік процес пен басқаруға тікелей қатысушылар: «мұғалім»; «оқушы»; «қонақ»; «LMS басшысы».

Хабарлар хабарландыруларын дайындау бойынша «Хабарландырулар» модулімен жұмыс, оқып білу үшін белгілі бір ЦБР-дың тағайындалуымен және белгілі бір тақырыптармен жұмыс істеу датасымен танысу, белгілі бір мерзім ішінде тапсырманы аяқтаудың қажеттілігі туралы еске салу және т.б.

«Оқу контентін дайындау» модулімен жұмыс.Оқу контентін дайындау модулі оқыту мазмұнын дайындау, басқару және жүргізу, өзінің дидактикалық материалдарын, авторлық бағдарламалық өнімдерін, викториналарын, бақылау жұмыстарын және т.б. дайындау немесе жариялау үшін құрал-жабдықтар.

Контентті басқару модулі тыңдаушылардың практикалық машықтарды меңгеруіне бағытталған және пән бойынша оқу курсының құрылымдалуына сәйкес ЦБР-тармен жұмыс істеу және іздестіру құралдарын ұсынады. Модульдің цифрлық білімдік ресурстар каталогы бар және ол оқу процесінің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық іс-әрекеттік және бағалаушылық нәтижелік құрамдас бөліктері бойынша оқу контентінің элементарлық құраушыларын мақсатты ұсынатын тетік болып саналады.
  1   2   3   4

Похожие:

«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қОҒамы «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ»
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мен Ұлттық ақпараттандырудың орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандумға...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«Парасат» Ұлттық ғылыми технологиялық холдингі Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Мультимедиа технологиялары мен «Қазақстан тарихы, 11 сынып» электрондық оқулығының интерактивтік контентін пайдаланып
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ. Т
Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ. Т. Білім беру порталдарын жасау әдістемесі. – Алматы, 2010ж. – 45 б
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ iconҰлттық АҚпараттандыру орталығы мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің
Мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін пайдалану әдістемесі. – ҰАО,...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ iconТрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ. Т. Мектеп сайттарын жасау әдістемесі оқыту әдістемелік құрал Алматы 2010
Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ. Т. Мектеп сайттарын жасау әдістемесі. – Алматы, 2010ж. – 30 б
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ iconҰлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты
Нің заңдылықтары мен қағидалары және физика мен математика ғылымы саласындағы мектептің оқу пәні ретіндегі физика мен математиканың...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ iconҚазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт
Орталық деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«Қош келдің, Наурыз!» байқауы
«Ақ шағала» шағын орталығы, Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы жанындағы «Балапан» шағын орталығы, «Мейірбике» медициналық...
«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница