Скачать 1.05 Mb.
|
Дәріс №4 Тақырыбы: Тарихи фонетика. Қарастыратын мәселелер:
Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік заңдылықтарының қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіреді.дыбыс, әріп, фонеманың мәніне, қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне тоқталып, көне түркі тіліндегі дауысты дыбыстарды, оларды зерттеген Н.А.Баскаков, А.М.Щербак, Ж.Аралбаев, М.Томанов еңбектеріне тоқталамыз. Ең көне а, у, ы дауысты дыбыстарына, олардың жіктелу процесі мен даму сатыларына, жеке дауыстылардың (ә,у,и, ұ,ү,о,ө) дамуына, дифтонгтар туралы, диалектілерде кездесетін дауысты дыбыстар сәйкестігіне (а~е, а~ә, ы~і, ұ~ү, ұ~ы, ү~і, о~ұ, т.б.), шығу себептері мен дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы әңгіме болады. Дәріс №5 Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі. Қарастыратын мәселелер:
Дауыссыз дыбыстар жүйесі туралы түркологиядағы пікірлер, көне түркі жазба ескерткішіндегі дауыссыз дыбыс жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі, ерекшелігі мен айырмашылықтары сөз болады. Сондай-ақ басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастарға тоқтала отырып, аффрикат дауыссыздар (тсш, дж, дз, ди, ти) туралы, олардың қалыптасу кезеңі мен жеке фонемаларға жіктелу сипатына, зерттелу тарихына, жеке дауыссыздардың (қ,к,ғ,г,л,р,н,ң,т,с,ж) қалыптасуындағы ерекшеліктер, ч аффрикаты туралы пікірлер, қатаң дауыссыздардың ұяңдауы, қазіргі тіліміздегі көрінісі туралы сөз болады. Дәріс №6 Тақырыбы: Сингармонизм. Қарастыратын мәселелер:
Сингармонизм - дауыстылар гармониясы екендігі, оның 2 түрлі ыңғайда көрінетіндігі: 1) палатальдық; 2) лабиалдық гармония. Көне түркі тіліндегі үндестік заңы туралы Абу-Хайан, Махмуд Қашқари, Ибн-Мұхаммед Салих еңбектері туралы, сөздік қордағы басқа тілдерден енген сөздер мен формалардың көпшілігі гармония заңына бағына бермейтіндігіне байланысты сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшалар туралы айтылып, буын, оның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі туралы, о баста сөздердің барлығы да бір, я екі буынды болып келгендігі, ал қазіргі қазақ әдеби тілінде көп буынды сөздердің мол қолданылуы туралы пікірлер сөз болып, себептері ашылады. Дәріс №7 Тақырыбы: Ассимиляция. Диссимиляция. Қарастыратын мәселелер:
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үйлесуі де (ассимиляция) тарихи даму көрініс екендігі, ықпалдың түрлері, тарихи себептері, дыбыстардың бір-біріне ықпалы, үндесуі сөз болып, аккомодация құбылысының тарихи сиапты ашылады. Сондай-ақ диссимиляция құбылысы, тілдегі әр түрлі фонетикалық құбылыстар (протеза, эпентеза, эпитеза, метатеза, элизия, диэреза, апакопа,т.б.) , олардың пайда болу себептері, сөз мағынасының өзгеруіне тигізетін қызметі қарастырылады. Дәріс №8 Тақырыбы: Орфография мен графика. Қарастыратын мәселелер:
Графика – белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілейтін тәсіл, ал жазу – мәдениеттің басты көрсеткіші екендігі. Оның өзіндік тарихы, түрлері болғандығы, соның ішінде әріп жазуының 2 түрлі бағытта тарағандығы, шығыста финикий жазуының негізінде пайда болса, арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйесінің дамығандығы, оның 4 түрлі бұтағы (еврей, иран, сирия, араб) туралы, қазақ жазуының араб бұтағынан жасалып, әрі қарай латын, орыс алфавитіне негізделген қазақ жазуының пайда болғандығы әңгіме етіледі. Қазақ жазуының қалыптасуында қазақ тілінің алғашқы реформаторлары – А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов еңбектері сөз болып, қазіргі қазақ алфавиті туралы көзқарастарға тоқталамыз. Дәріс №9 Тақырыбы: Тарихи сөзжасам. Қарастыратын мәселелер:
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Ол да морфология сияқты сөз құрамын зерттейтіндігі, тілдің сөздік құрамының баюында негізгі қызметті сөзжасам жүйесі атқаратындығы, оның тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз ететіндігі және тіл білімінің басқа салаларымен тығыз байланыста дамитындығы. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті – тілдің сөзжасам мәселелерінен білім беру. Сонымен бірге сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, әр сөз табының сөзжасамын зерттейді. Сөзжасамды жеке сала деп тануды ұсынған академик В.В.Виноградов, Г.О.Винокур, Е.А.Земская, шетел ғалымдарынан В.Дреслер, Л.Липки, Э.Ульямс, Т.Репер т.б. еңбектеріне сүйене отырып, 1989 ж. Тіл білімі институтының бір топ ғылыми қызметкерлері (М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов, С.Нұрқатов) шығарған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография жарық көргендігі, сөзжасамның негізгі ұғымдары: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам,т.б. түсіндіріледі. Дәріс №10 Тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер Қарастыратын мәселелер:
Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы, сөз мағынасындағы өзгерістер, тұлғалық өзгерістерге ұшырамай-ақ жаңа мағына иеленген туынды сөздер, конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру, олардың ерекшеліктері туралы, сөзжасам жұрнақтарының мағыналық сипаты, ролі, синтетикалық сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы маңызы, аналитикалық тәсілдің тарихи көнелілігі, тұрақты тіркестердің, күрделі сөздердің номинативтік мағынасы, термин жасаудағы мәніне тоқталамыз. Дәріс №11 Тақырыбы: Тарихи морфология. Қарастыратын мәселелер:
Әрбір тілдің тарихи дамуына сәйкес сөз жасау, сөз өзгерту, сөйлем жасауда қолданылатын ерекшеліктері болады. Морфология тілдің лексика саласымен тығыз байланысты. 1) морфологияның да, лексиканың да қарастыратын объектісі – сөз; 2) әрбір сөзде лексикалық та, морфологиялық та мағына бар. Өйткені әрбір сөз белгілі грамматикалық формада қолданылады. Ескерткіштерде кездесетін оғул, қыз, ақ, қара, үчүн, олтур сөздері белгілі бір сөз таптарына жататындығы және грамматикалық формалар арқылы көптеліп, септеліп, тәуелденіп, жіктелетіндігі. Түркі тілі өзінің морфологиялық құрылымы жағынан агглютинативті тілдер қатарына жатып, аффикстік морфемалар сөз тудырып, түрлендіретін түрлерінің барлығы, бүгінгі тілімізде негізгі, алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатындығы сөз болады. Сондай-ақ түбір мен қосымшаның, қосымша мен қосымшаның арасындағы фузиялық құбылысқа тоқталып, түркі тілдері ішінде қазақ тілі морфологиялық құрылымы үлкен роль атқаратынына тоқталамыз. Дәріс №12 Тақырыбы: Сөз таптарының дамуы. Қарастыратын мәселелер:
Сөз таптары бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығы, академикатер И.И.Мешанинов, В.М.Жирмунский көзқарастары, есім сөз таптарының дамуы, соның ішінде зат есімнің дамуы, көптік категориясы мен көптік жалғаулары, тәуелдік категориясы мен тәуелдік жалғаулары, жеке септіктер тарихы, зат есім жасаудағы тұлғалық, функциялық өзгерістер қазіргі қазақ тілімен салыстырыла қамтылады. Дәріс №13 Тақырыбы: Сын есімнің дамуы. Қарастыратын мәселелер:
Сын, сапаны білдірудің лексикалық, грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы, негізгі сын есімдер мен сын есім жасайтын аффикстер, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сын есімдер, шырай формалары, шырай туралы ғылыми пікірлер қазіргі қазақ тілімен салыстырыла беріледі. Дәріс №14 Тақырыбы: Сан есімнің дамуы. Қарастыратын мәселелер: Сан есім, зерттелу тарихы, қалыптасуы. Сан есімнің түркі тілдеріндегі көрінісіне, ортақтық сипатына, зерттелу тарихына, жекелеген – алты, жеті, тоғыз, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз сан есімдерінің қалыптасуы, Орхон-Енисей, ұйғыр, араб жазуларының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдер туралы, көне түркі тіліндегі санау жүйесі мен ерекшелігі, сан есім жасайтын қосымшалар туралы мағлұматтар қазіргі қазақ тілімен салыстырылып беріледі. Дәріс №15 Тақырыбы: Есімдіктің дамуы. Қарастыратын мәселелер: Есімдік, зерттелу тарихы, қалыптасуы мен даму жолдары, түрлері. Есімдіктердің генезистік бірліктері туралы белгілі түркологтар Н.К.Дмитриев пен Н.А.Баскаковтың ғылыми пікірлері, сұрау, жіктеу, өздік, сілтеу есімдіктерінің көне түркі тіліндегі көрінісі, грамматикалық жақтан тұлғалануы сөз етіледі. 6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
ҮІІ. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 7.1. Семинар сабақтарға әдістемелік нұсқаулар Семинар сабақ 1 Тақырыбы: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні. Тарихи лексикология. Семинар сабақтың мазмұны:
|
![]() | Программа курса Микроэкономика (5 семестр) Курс микроэкономики рассчитан на один семестр и читается студентам третьего курса | ![]() | Курс – 4 Семестр –8 Курс бағдарламасы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.ҚР ғылым және білім министрлігі 11. 05. 2005 №289 |
![]() | Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс – 3 Семестр – 6 Кредит саны – 3 Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды | ![]() | Курс – 1 Семестр – 1,2 Кредит саны 2 Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы,... |
![]() | Курс – 1 Семестр – 8 Кредит саны 1 Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде... | ![]() | Курс – 3 Семестр – 6 |
![]() | Программа «Татар теленә өйрәтү» Кдуда татар филологиясе һәм тарихы факультетының IV курс студентлары өчен укыла торган бу курс 34 сәгатькә исәпләнгән һәм семестр... | ![]() | Контрольная работа I (первый семестр I курс) |
![]() | Пояснительная записка автор программы Второй семестр «Политика Канады» включает курс по государственно-политическому устройству страны, а также занятия по внутренней и... | ![]() | Контрольная работа III (второй курс, третий семестр) |