Тест спецификациясы




Скачать 35.56 Kb.
НазваниеТест спецификациясы
Дата конвертации15.02.2016
Размер35.56 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.testcenter.kz/upload/iblock/e16/geografiya_11_kaz.doc
Тест спецификациясы


1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын география пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2.Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізуге әзірленген тест.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының география пәнінен білім деңгейлерін анықтау.

4.Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде –10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.

Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:




Тақырып



Тақырыпша

01

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы

01

Дүниежүзінің саяси картасы. Дүниежүзінің тұрғындар географиясы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары

02

Ғылыми- техникалық революция. Дүниежүзілік шаруашылық географиясы

03

Адамзаттың ғаламдық проблемалары

02

Дүниежүзіне аймақтық шолу

01

ТМД елдері

02

Европа елдері

03

Азия елдері


5. Тест жоспары

1 жартыжылдық: Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы –20 тапсырма

2 жартыжылдық: Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы –10 тапсырма

Дүниежүзіне аймақтық шолу – 10 тапсырма

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы - тарихи-географиялық аймақтарды, дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;
мемлекеттік және дүние жүзі елдерінің әкімшілік-аумақтық құрылымының формаларын, тәуелсіз мемлекеттерді, тәуелді аумақтарды және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерін;саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары ұғымдарын, Қазақстан Республикасының көршілес және алыс шетел елдерімен қарым-қатынасын; Жер шары халқының санын және олардың орналасуын; табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен қамтамасыз етілу ұғымдары туралы; экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын;
ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын); дүниежүзілік шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың түрлері ұғымдарын; ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын; Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін және олардың астаналарын; Шетелдік Еуропаның ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Аустралия және Мұхит аралдары елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Америка елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, АҚШ мегалополистеріне, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Африканың ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайының, аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының, урбандалуының, аймақтар бойынша шаруашылықтың ішкі айырмашылықтарының, елдер экономикасының көпсалалы және бірсалалы мамандану салаларының, олардың халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын білуі тиіс.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.

8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Нұсқалардың санын ҚР БҒМ анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

9. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушыға 20 балл алады.

Похожие:

Тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Тест спецификациясы iconТест спецификациясы
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын алгебра пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест
Тест спецификациясы iconТест спецификациясы
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын қазақ әдебиеті пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест
Тест спецификациясы icon«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып астана 2015п Integr Мазмұны
Емтихан нәтижесінде оқушылар бүкіл ел көлемінде, ал болашақта бар әлемде танылатын біліктілікке ие болады
Тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconГеография пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconАғылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconДүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница