Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина




Скачать 227.75 Kb.
НазваниеПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина
Дихамбеков Ж К
Дата конвертации15.02.2016
Размер227.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/01/19/54bcc84184b04.doc
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Медициналық физика және информатика кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән, пән коды Медициналық биофизика, МВ 1112

Мамандығы 051301, Жалпы медицина


Оқу сағатының көлемі (кредиттер )- 108


Курс және оқу семестрі 1-ші курс, 1, 2- ші семестр


СЕМЕЙ 2007

Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика кафедрасы құрастырған.

Авторлар: Дихамбеков Ж.К., Кусаинова К.Т., Крылова Л.А., Ковалева Л.В.


_________________________________________________________________

Кафедра мәжілісінде талқыланған ______________________ 2007 _____

Хаттама № ___________

Кафедра меңгерушісі _______________________ Дихамбеков Ж.К.


Пән әдістемелік комиссиясымен талқыланған ____________________________________

_____________________________________________________________________________________

________ ______________ 2007 ______. Хаттама № ______________


Төрағасы ___________________


Орталық Әдістемелік Кеңесте бекітілген

________ ________________ 2007 _____. Хаттама № _________________


Төрағасы _______________________


Кіріспе

Үш ғылымның - физика, химия және биологияның жемісті ұштасулары негізіндегі биологиялық пән болып табылатын биофизика тіршілік процестерінің негіздерін ұғынуға мүмкіндік береді.

Биофизика заңдарын білу диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген биофизикалық әдістер әртүрлі ауруларды диагностикалауда, дәрі- дәрмектік препараттардың әсер ету механизмін анықтауда, емдеуді бақылауда кең түрде қолданылады. Осы әдістердің теориялық негіздерін білу клиникалық- диагностикалық және емдеу шаралары туралы мәліметтерді объективті және нақты түсінуде өте қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдік тактикасы көбінесе құралдар арқылы алынған мағлұматтарға байланысты болады. Медико- биологиялық зерттеулерде әртүрлі техникалық құрал- жабдықтарды қолданудың максималды тиімділігі зерттеушінің құралмен жұмыс істеудің физикалық негіздерін білгенде ғана жүзеге орындалады. Бағдарлама сонымен қатар студенттерде ғылыми білімдерін және қазіргі заманғы медицина техникаларын қолдану мәселелері бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.


Пәннің мақсаты: Молекулалық диагностиканың, зерттеудің клиникалық- зертханалық және функционалдық әдістерінің, медициналық зерттеулерде қазіргі заманғы техникалық құрал- жабдықтарды қолданудың теориялық негіздері болып табылатын дүниеге көзқарасты және медицинадағы ғылыми методологияны қалыптастыру.


Оқыту мәселелері:

медико- биологиялық зерттеулердің есептерін шешуде биофизиканың маңызды тәжірибелік жетістіктерін анықтау;

медико- биологиялық және профильді пәндерді оқыту үшін теориялық базаны қамтамасыз ету;

медико- биологиялық, клиникалық, гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын биофизикалық әдістер негіздерінен білімдерін көрсету;

адам ағзасында жүріп жатқан процестерді түсіндіруде физико- химиялық заңдарды пайдалану;

студенттердің логикалық ойлауын, дәйекті ой- пікір мен тұжырымды дұрыс құра білуді қалыптастыру.


Оқытудың қорытынды нәтижелері:

Пәнді оқытуды аяқтаған соң студенттер


Білу керек:

мембрананың құрылымдық құрылысының физико- химиялық ерекшеліктерін және олардың қызметінің механизмін;

мембрана арқылы заттардың транспортының биофизикалық механизмін, электрогенез механизмін;

жарықтың биологиялық құрылымдармен өзара әсерлесуінің физикалық ерекшеліктерін;

жүрек- қантамырлар жүйесі, бұлшықет және тыныс алу жүйелері жұмыстарының биофизикалық заңдылықтарын;

зерттеуді метрологиялық қамтамасыз ету негіздерін;

биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтарын.


Істей алуға тиіс

медициналық есептерді шешуде техникалық құралдарды дұрыс таңдай білу;

медико- биологиялық зерттеулерде биообъектілер мен техникалық құралдардың тиімді түйіндесу мәселесін шешу;

стандартты тарамдардағы ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді орындау;

физикалық параметрлерді тіркеуді жүргізу, есептеу құралдары көмегімен өлшеу нәтижелерін өңдеу;

фотометрлік құралдарды қолданып, заттардың концентрациясын анықтау.


Пререквизиттер- физика, биология, химия, математика пәндері бойынша мектеп бағдарламалары.

Постреквизиттер- физиология, молекулалық биология және генетика, биохимия, патологиялық физиология, профильді пәндер.


Тақырыптық жоспар: тақырыптары, өткізілу түрлері және әрбір сабақтың ұзақтылығы (дәрістер, тәжірибелік, семинар, зертханалық, студенттердің оқытушының жетекшілігімен жұмыстары және өз бетімен жұмыстары)


Медициналық биофизикадан дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырып атауы

Өткізілу түрі

Ұзақ

тылы

ғы

1

Биологиялық мембраналар. Құрылымы, қасиеттері және оларды зерттеу жолдары. Биологиялық мембраналар арқылы электролит еместердің тасымалы. Пассив тасымалдың негізгі механизмі. Иондар тасымалы. Каналдар бойымен заттардың иондық тасымалы. Биологиялық мембраналар арқылы белсенді тасымал.

Мульти

медийлі

2 сағ

2

Электрмен қозу түсінігі. Тыныштық және әрекет потенциалдары және олардың молекулярлық механизмі. Жүйке талшықтарының және басқа да қозғыш ұлпалардың әрекет потенциалы. Молекулярлық механизмдері.

Мульти

медийлі

2 сағ

3

Ходжкин-Хаксли моделіндегі иондық токтарға формалдық сипаттама. Бөлек каналдар жұмысының тәуелсіздігі. Кардиомиоциттер тыныштық потенциалы. Жүрек ұлпалары бойымен әрекет потенциалдарының таралуы.

Мульти

медийлі

2 сағ

4

Биологиялық жүйелердің жарықты жұту заңдылықтар. Биологиялық жүйелер люминесценциясы.

Мульти

медийлі

2 сағат

5

Фотобиологиялық процестердің алғашқы сатылары. Фотобиологиялық әсердің спектрі. Ақзаттар, липидтер және нуклеин қышқылдарындағы фотохимиялық реакциялар. Фотореактивтену және фотоқорғаныс. Биологиялық мембраналарға ультракүлгін жарықтың әсері.

Мульти

медийлі

2 сағат

6

Қанның реологиялық қасиеттері. Тамырлар бойымен қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары.

Мульти

медийлі

2 сағат

7

Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі. ­Өлшеуші түрлендіргіштердегі өзгертілген энергия түрлері. Медициналық аппараттар қауіпсіздігі және сенімділігі.

Мульти

медийлі

2 сағат

8

Фотоэлектрлі түрлендіргіштер. Түрлендіргіштердің конструкциясы және олардың негізгі сипаттамалары.

Мульти

медийлі

2 сағат

9

Биопотенциалдарды тіркейтін құралдардың жұмыс жасау принциптері. Терапевтикалық тағайындалған медициналық құралдар.

Мульти


медийлі

2 сағат



Жалпы сағаты: 18









Медициналық биофизикадан практикалық/ зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары





Тақырып атауы

Өткізілу түрі

Ұзақ

тылы

ғы

1

Мембрана құрылысын және қызметін зерттеуге арналған қазіргі кездегі әдістер.

Семинар

3 сағ

2

Беттік керілу күштерін зерттеу.

Тәжірибелік сабақ

3 сағ

3

Мембраналар электрохимиялық потенциалдарының молекулярлық механизмі және жүйке импульстарының қозу талшықтары бойымен таралуы.

Семинар

3 сағ

4

Биологиялық және электрлік емес сигналдарды электр түріне айналдыру принципі. Түрлендіргіштер мен электродтардың конструкциясы, олардың негізгі сипаттамалары.

Семинар

3 сағ

5

Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері. ЭКГ тіркеу және талдау принципі. Механокардиография үшін аспаптар.

Семинар

3 сағ

6

Электроэнцефалографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭЭГ негізгі ырғақтары. ЭЭГ тіркеу және талдау принципі.

Семинар

3 сағ

7

Фотоэлектрлік түрлендіргіштер.

Семинар

3 сағ

8

Спектрофотометрлердің құрылысы мен жұмыс жасау принципі. Биологиялық сұйықтардағы зат концентрациясын анықтау үшін спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану.

Семинар

3 сағ

9

Биожүйелердегі поляризация құбылысы.

Аралық бақылау.

Семинар

3 сағ

10

Биологиялық объектілерді микроскоптаудың арнайы амалдары.

Тәжірибелік

сабақ

3 сағ

11

Жылжыған жіптер моделі. Бұлшық ет биомеханикасы. Хилл теңдеуі. Бір жиырылу қуаты. Бұлшық ет жиырылуын модельдеу. Электромеханикалық қабаттасу.

Семи

нар

3 сағ


12

Сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспаптары. Құрылысы және жұмыс жасау принципі. Тіркеу және талдау.


Семинар


3 сағ

13

Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттерін зерттеу. Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралдық және регионарлық реография.

Семинар

3 сағ

14

Соққы және минуттік шығуды тіркеу жанама тәсілдері. Гемодинамиканың физикалық негізі. Күретамыр және көктамыр арнасындағы қан қозғалысының заңдылықтары.

Тәжірибелік сабақ

3 сағ

15

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.

Семи

нар

3 сағ

16

ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтикалық техника.

Семи

нар

3 сағ

17

Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтикалық техника.

Тәжірибелік

сабақ

3 сағ

18

Биологиялық жүйелер математикалық моделі. Медико-биологиялық ғылым ретінде медициналық биофизиканың негізгі жетістіктері.

Аралық бақылау.

Семи

нар

3 сағ




Жалпы сағаты: 54








Медициналық биофизикадан студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының жоспары




Тақырып атауы

Өткізілу түрі

Бақылау түрі

Ұзақты-лығы

1

Биологиялық мембраналар өтімділігі механизмдері.

Реферат

Реферат

ты қорғау

2 сағ

2

Иондық каналдар мен тасымалдаушылар құрылысы мен қызметі. Электрогенез механизмі.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

3

Түрлі мүшелер электрлік белсенділігін зерттеу әдістері.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

4

Жүрек, орталық жүйке жүйесі, бұлшық ет электрлік белсенділіктері.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

5

ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі.

Баяндама

Әңгімелесу

2 сағ

6

Люминесценттік таңбалар мен сорғылар және олардың биология мен медицинада қолданылуы.

Реферат

Реферат

ты қорғау

2 сағ

7

Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика- математикалық заңдылықтары.

Жеке жобаны құрасты

ру

Әңгімелесу

2 сағ

8

Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері.

Тестілер құрастыру

Тестілік бақылау

2 сағ

9

Медико- биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі.

Блок жобаны құрасты

ру

Плакатты тексеру

2 сағ

10

Медициналық көрсеткіштерді тіркеу барысындағы қателіктер көзі.

Алгоритмді құрастыру

Талқылау

2 сағ

11

Биологиялық ұлпалардың дыбыспен әрекеттесуінің физикалық негізі.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

12

Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

13

Биологиялық ұлпаларға жоғарыинтенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі.

Тестілер құрасты

ру

Тестілік бақылау

2 сағ

14

Клиникалық тәжірибеде жоғары интенсивті лазерлік сәулесін қолдану.

Баяндама

Әңгімелесу

2 сағ

15

Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері.

Реферат

Реферат

ты қорғау

3 сағ

16

ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану.

Хабарла

ма

Әңгімелесу

2 сағ

17

Жасанды мүшелер.

Реферат

Реферат

ты қорғау

3 сағ




Жалпы сағаты: 36











- Оқыту және сабақты жүргізу әдістері: тәжірибелік тасырманы орындау, ауызша сұрастыру, ситуациялық есептер, тәжірибе нәтижелерін өңдеу, жұппен жұмыс, дискуссия, презентациялар.

- Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау әдістері: ауызша сұрастыру, тестілеу

Әрбір деңгейде білімді бағалаудың шкаласы және критерийлері:

Ағымдық бақылау- ауызша сұрастыру, тесттік тапсырмаларды шешу

Аралық бақылау- тестілеу

Қорытынды бақылау- емтихан- тестілеу

Ұсынылған әдебиеттер.

Қосымша әдебиеттер


1.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

2. Қанқожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.


Қосымша


№ 1 үлгі


2007-2008 оқу жылындағы жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен үйлесімінің хаттамасы.


Үйлесімді пәндер

Мазмұндау ретіндегі, материалдың мөлшеріндегі т.б. өзгерістер жайлы ұсыныстар

Хаттамалар нөмірлері және кафедра мәжілістерінің мерзімдері

1

2

3

1. Адам физиологиясы


2. Молекула

лық биология

Тақырып: «Электрокардиография»

1. ЭКГ-ны жүргізу принципі, физикалық негіздері биофизика пәнінде қарастырылады.

2. Электрокардиограмманы талдауды физиология пәнінде қарастыру.

Тақырып: «Биологиялық мембраналар».

1. Мембрананың құрылысы мен қасиеттері молекулалық биологияда қарастырылады.

2. Биологиялық мембраналарды зерттеу әдістері биофизика пәніндн қарастыру.







Қосымша


№ 1 үлгі


2008-2009 оқу жылындағы жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен үйлесімінің хаттамасы.


Үйлесімді пәндер

Мазмұндау ретіндегі, материалдың мөлшеріндегі т.б. өзгерістер жайлы ұсыныстар

Хаттамалар нөмірлері және кафедра мәжілістерінің мерзімдері

1

2

3

1. Адам физиологиясы


2. Молекула

лық биология

Тақырып: «Электрокардиография»

1. ЭКГ-ны жүргізу принципі, физикалық негіздері биофизика пәнінде қарастырылады.

2. Электрокардиограмманы талдауды физиология пәнінде қарастыру.

Тақырып: «Биологиялық мембраналар».

1. Мембрананың құрылысы мен қасиеттері молекулалық биологияда қарастырылады.

2. Биологиялық мембраналарды зерттеу әдістері биофизика пәніндн қарастыру.







Қосымша 1 үлгі


2010-2011 оқу жылындағы жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен үйлесімінің хаттамасы.


Үйлесімді пәндер

Мазмұндау ретіндегі, материалдың мөлшеріндегі т.б. өзгерістер жайлы ұсыныстар

Хаттамалар нөмірлері және кафедра мәжілістерінің мерзімдері

1

2

3

Реквизиттен кейінгі:

1. Физиология



Тақырып: «Электрокардиография»

1. ЭКГ-ны жүргізу принципі, физикалық негіздері биофизика пәнінде қарастырылады.

2. Электрокардиограмманы талдауды физиология пәнінде қарастыру.


Хаттама № ___

«» _________


Каф.меңгерушісі

____________

2. Молекулалық биология

Тақырып: «Биологиялық мембраналар».

1. Мембрананың құрылысы мен қасиеттері молекулалық биологияда қарастырылады.

2. Биологиялық мембраналарды зерттеу әдістері биофизика пәнінде қарастыру.


Хаттама № ___

«» _________


Каф.меңгерушісі

____________

3. Биохимия

Тақырып: «Биологиялық мембраналар».

1. Енжар тасымалдың негізгі механизмдері. Иондар тасымалы. Арналардағы заттардың иондық тасымалы. Биомембраналар арқылы белсенді тасымал.

2. Биологиялық мембраналар арқылы электролит еместер тасымалы, иондық арналар жұмысы биохимия пәнінде қарастыру.

Хаттама № ___

«» _________


Каф.меңгерушісі

____________

4. Ішкі аурулар пропедевтикасы.

Тақырып: «Электрокардиография»

1. ЭКГ-ны жүргізу принципі, физикалық негіздері, құралдың құрылысы биофизика пәнінде қарастырылады.

2. Электрокардиограмманы талдауды ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінде қарастыру.


Хаттама № ___

«» _________


Каф.меңгерушісі

____________

5. Неврология.

Тақырып: «Электроэнцефалография»

1. Электроэнцефалографтың жұмыс жасау принципі, ЭЭГ шарасын жүргізу принципі биофизика пәнінде қарастырылады.

2. Электроэнцефалограмманы талдауды неврология пәнінде қарастыру.


Хаттама № ___

«» _________


Каф.меңгерушісі

____________



№2 үлгі


20 -20 оқу жылына арналған

жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен өзгертулер


Медициналық биофизика пәні бойынша жұмыс бағдарламаға келесі толықтыру мен өзгертулер енгізіледі


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралған және мақұлданған

“__________” _________________ 200 ___ ж. Хаттама № _______________


№2 үлгі

Похожие:

Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconСиллабус
Силлабус «Медициналық радиобиология» элективті пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін...
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconПән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX

Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология...
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconЖалпы педагогика және психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconЖалпы педагогика мен психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconСиллабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат
Силлабус пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде pol1107 «Саясаттану» Жалпы медицина 5В130100
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconЖалпы хирургия кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндеттілік білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Жалпы хирургия пәні...
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconКурсы 4 Оқу семестрі 7,8
Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетімен 051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға...
Пән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина iconПән: Парафармацевтикалық және нутрицевтикалық препараттардың технологиясы Пән коды
Жұмыс бағдарламасы 2009 ж мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру (магистратура) стандартына сәйкес 6М110400 – «Фармация» мамандығы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница