Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін




НазваниеСиллабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/OZ/4 kurs/NMPOS/
  1   2   3   4
Ф КГМУ 4/3-03/01

ПП КГМУ 4/01


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


СИЛЛАБУС


«Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша

051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі -160

4 курс


VIII семестр


Қарағанды 2011 ж.

Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Жалпы медицина» мамандығы үшін 2011 құрастырылған

Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

2011 № Хаттама


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.К. Султанов



  • Оқытушы туралы мәліметтер:



Султанов А.К. - доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 16 жыл, 2001 жылы «Арнайландырылған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың негізгі денсаулығы», 30 баспа жұмысы жарыққа шықты, докторлық диссертациялық тақырыбы «Пенитенциарлық мекемелердегі сотталған адамдардың гигиеналық денсаулығын бағалау».

Еремеев А.М. – доцент, педагогикалық жұмыс стажы-37 жыл, 1982 жылы «Сабақтың әртүрлі ұйымы кезінде оқушының жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы» тақырыпта кадидаттық диссертацияны қорғады, 37 жазба жұмысы жарыққа шықты, ғылыми мүддесі – «Қазақстан тұрғындары денсаулығының жағдайы»


Сайфулина Н.Ф. – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 34 жыл, 48 жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми қызығушылығы – «Орталық Қазақстанда медицинаның дамуы».

  • Байланыс ақпараты: кафедра Гоголь көшесі 40, ауд. 306,307, 308, 323,326, 327 орналасқан.

телефон 51 38 97, қосымша 121.

Пәннің саясаты: студенттер «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пәнін оқып- білу кезінде жүйелі және терең түрде оқу керек,семинарлық сабақтарға қатысуы керек және оқу жоспары бағдармасында қаралған барлық тапсырма түрлерін бекітілген мерзім ішінде орындалуы тиіс. Барлық дәрістерге қатысуы керек. Дәріс және тәжерибелік сабақ уақытында сыртқы келбеті жинақы болуы керек, сабақ жүргізуге кедергі болмас үшін ұялы телефонды өшіруі керек. Дәрісті жіберілу кезінде материал-реферат түрінде және лектормен әңгімелесу түрінде өтеледі. Барлық босатылған сабақтар өтеледі: себепті жағдайда кафедрада – ауызша, себепсіз жағдайда - КО. Қарызын өтеу компьютер орталығында оқу бөлімінің құрастыруы бойынша кестеге сәйкес өткізіледі. Бірінші сабақта тест бойынша базистік білім денгейі өткізіледі. Студент өзіндік жұмысты орындау керек. СӨЖ күнтізбелік жоспар бойынша және СӨЖ – дің өткізу уақыты бойынша өткізіледі. Семестрдің аяғында барлық студенттер СӨЖ тапсырмасын тапсыру қажет. ОЖСӨЖ оқытушының тәжірибелік сабақты бағалауы бойынша бағаланады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Оқу үлгерімі балық рейтингілік әріп жүйесінде «Студенттердің оқу үлгерімін рейтингілік жүйеде бағалау туралы ережеге» сәйкес бағаланады.

Студент оқытушыға, қызметкерлерге сыпайы және нақты қарау керек, инвентарға сонымен бірге оқу құралдарымен кітаптарға ұқыпты қарау керек. «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің РГКП еңбек (ішкі) тәртіп ережесінде», оқу үлгерімі жоғары, оқу пәндерін тәртібін бұзғаны үшін оны қатаң түрде сөгіс жариялау керек, ережесінде» қарастырылған.

  • Кіріспе

Жоспарлаудың ғылыми әдістері - халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлордың тигізетін әсерлер заңдылығын зерттейтін, азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық шаралар жүйесін негіздейтін интегралдық теориялық қолданбалы ғылым болып табылады.

Осыдан, қоғамдық денсаулықтауды кең ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыруымыз керек. Ал, денсаулықты нығайту және сақтау мәселелері денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының жауапкершілігі шегінен шығуда және азаматтардан, жұмыс берушілерден, мемлекеттен жауапкершілікті талап етуде.

Барша дәрігерлер тең шамада, клиникалық дайындығының жоғары деңгейінше қарамастан, саланың барлық сыртқы және ішкі тиімділігінің тасымалдаушысы болып табылатындықтан, денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көрулері тиіс.

Ресурстық қорлар инвестициясын арттыру ұстанымымен қазақстандық қоғамды тұрақты дамыту контекстінде, денсаулық сақтау жүйесін дамыту әдістері мен стратегиясының бір тұтас және жүйелік ұғымы қажет. Сонымен қатар, ұлт денсаулығын жоғарғы деңгейге жеткізу мақсатында ресурстарды тиімді пайдалану.



  • Пәннің мақсаты: Жоспарлаудың ғылыми әдістері жүйесін жаңартуға және қоғамдық денсаулықты жетілдіруге бағытталған, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті, қоғамдық денсаулық сақтау ісінен болашақ маманын қалыптастыру.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Жоспарлаудың ғылыми әдістері әдістемелігіне және тәсілдеріне үйрету;

  • Жоспарлаудың ғылыми әдістері талдаудың жүйелік амалына оқыту;

  • Жоспарлаудың ғылыми әдістері мәселелерін шешуде дайындығын қалыптастыру.

  • Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

Студент білуге тиісті:

  • денсаулық пен аурудың әлеуметтік, экономикалық және медициналық маңызын;

  • қоғамдық денсаулықтың концепциясы мен теориясын;

  • қоғамдық денсаулықтың көп факторлы детерминациясын;

  • динамикалық әлеуметтік –экононмикалық жағдайымен байланысты тұрғандар денсаулығы тенденциясы мен көрсеткіштерін;

  • денсаулық статистикасының теоретикалық және әдістемелік негіздері: демографиялық статистика негіздері, сырқаттылық статистикасы, физикалық даму және мүгедектікті;

  • Қазақстан тұрғындар денсаулығының қазіргі таңдағы жағдайы;

  • тұрғындар сырқаттылығы мен өлімнің құрылымы мен деңгейін;

  • ең алғаш табылған аурулар класының медико-әлеуметтік маңызын;

  • тұрғындар денсаулық жағдайын есепке алуда әсер ететін ақпараттық жүйелерін;

  • тұрғындар денсаулығын қорғау приоритеттерін.



Студент істей алуға тиісті:

  • әлеуметтік –экономикалық жағдайына байланысты тұрғындар денсаулық жағдайы көрсеткіштерін бағалау және есептеуді;

  • тұрғындар сырқаттылығы мен демографиялық процестер туралы ақпаратты жинау және талдау, оларды қазіргі таңдағы компьютер технологиясын қолданып, статистикалық өңдеуді;

  • қоршаған орта факторларымен өзара байланысы бойынша тұрғындар денсаулығын статистикалық талдау нәтижелерін бағалау және интерпретациялау;

  • тұрғын денсаулығына әсер ететін фактор дәрежесі мен бағытын бағалау, негізгі себеп-салдарлы байланысын білу;

  • тұрғындар денсаулығында медико-статистикалық оқу әдістерін қолдану;

  • медициналық құжаттарды толтыру;

  • тұрғындар денсаулығын нығайту және қолайсыз факторлар әсерін жою үшін арналған ұсынысты өңдеу.

Студент дағдыларды меңгеруге тиісті

  • Жоспарлаудың ғылыми әдістері оқыту әдістемесімен жұмыс, себепті зерттеу байланысы;

  • Жоспарлаудың ғылыми әдістері жағдайының көрсеткіштерімен өзіндік жұмыс

Студент сұрақ қоюда білікті болуы қажет

  • Ақпаратпен өіндік жұмыс (оқу, анықтама, ғылыми)

  • Пәннің реквизитке дейінгісі және реквизиттен кейінгісі.

Реквизитке дейінгі: информатика, экология, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, медицина тарихы, биостатистика.

Реквизиттен кейінгі: қоршаған орта мен денсаулық, менеджмент және маркетинг негіздері, жұқпалы аурулар, дәлелдеу медицинасының негіздері, коммунальды гигиена, эпидемиология, тамақтану гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы.



  • Пәннің қысқаша мазмұны

Басқару қызметінің заңдылықтары. Өндірістері басқару принциптері.

Қоғамдық денсаулық сақтау: анықтамасы, пәні, зерттеу обьектісі, пән тарихы.

Қоғамдық денсаулық-қоғамдық денсаулық сақтаудың пәні.Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде және елдің демографиялық, экономикалық,еңбектік, әлеуметтік, мәдени,қорғаныс күш-қуатының негізі болып табылады. Денсаулық өмір құндылығы және азаматтардың жеке меншігі. Денсаулық және бәсекеге қабілеттілік.

Жоспарлаудың ғылыми әдістері жолы: халық денсаулығы- биологиялық негізі бар әлеуметтік құбылыс. Денсаулықтың әлеуметтік, экологиялық және биологиялық детерминациясы. Денсаулықтың әлеуметтік факторлары: әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік – экономикалық, медициналық-әлеуметтік.

Денсаулықпен байланысты өмір сапасы. Өмір сапасын зерттеу міндеттері мен әдістемесі. Медико-әлеуметтік нормативтер мен қажеттіліктер. Көрсеткіш жүйесі. Денсаулық пен өмір сапасын медициналық-әлеуметтік зерттеу.

Денсаулық деңгейлері: адам денсаулығын даралық ретінде(жеке адамның денсаулығы), топтық денсаулық(әлеуметтік, кәсіби,демографиялық топтар), халық денсаулығы, қоғамдық денсаулық.Жеке адамның денсаулығы. Қалыптылық және ақаулар туралы түсінік. Денсаулық топтары: дене саулар, саулар, созылмалы аурулармен науқастар. Халықтың әлеуметтік топтарының денсаулығы: отбасылары, әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, аға буын.

Жоспарлаудың ғылыми әдістері Басқару этикасы мен әлеуметтік жауапкершілік. Денсаулық сақтауда және медицинадағы классикалық және жаңа теориялар туралы негізгі түсініктер. Пайда болу тарихы және таралуы. Денсаулық сақтаудың және медицина теорияларының жіктелуі (Ю.П.Лисицин бойынша). Денсаулыққа байланысты теориялар: қауіп-қатер факторлары, өмір салты, «аурулық және кедейлік күй», «өркениеттік аурулар» және әлеуметтік бейімделінбеу. Натуралистік медициналық –биологиялық теориялар: әлеуметтік биология, этологизм, әлеуметтік экология, күйзеліс теориясы және Сельенің жалпы бейімдеулік белгілері, фрейдизм, фрейдизмнің жаңа түрі, психоаналитика, психосоматика, неогиппократизм, стресс және жалпы адаптациялық синдром теориялары, фрейдизм, неофрейдизм, биотипология. Медицина функциональдық ақаулар теориясы: жасушалық ақау, нервизм, кортиковаскулярлық ақау. Натуралистік денсаулық сақтаудың және халық саының өзгеру теориялары: мальтузиондық, мальтузиандықтың жаңа түрі, ″халық санын шектеу"теориясы, расизм. Синтетикалық, әмбебаптық теориялар: денсаулық сақтаудағы конвергенция теориясы.

Заманауи медицинаның этикалық мәселелері:лей қоғамдық денсаулықпен байланысты: гендік инженерия, клондау әдісі, криогенизация, мүшелерді трансплантациялау және имплантациялау, эвтаназия, сұрыптау, адамдарға тәжірибе жүргізу, жасарту, жыныстық өзгерістер және т.б.

Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Медициналық-әлеуметтік зерттеулер, кезеңдері. Бағдарлама (мақсаттары мен міндеттері) және жоспар (бақылау бірлігі мен объектісі, қамтуы, бақылау бірлігін іріктеу және ақпарат жинау әдістері). Жастық –жыныстық және әлеуметтік топтарды статистикалық зерттеу обьектісі ретінде алу.

Халық денсаулығы жағдайының зерттеу әдістері: статистикалық, әлеуметтік, медициналық құжаттарды талдау және т.б.

Халықтың жастық-жыныстық және әлеуметтік топтарының денсаулығын кешенді зерттеу. Халық денсаулығын сандық және сапалық бағалау. Халық денсаулығын әртүрлі көрсеткіштеріне әлеуметтік және экономикалық факторлардың тигізетінәсерін бағалау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің, зерттелетін жинақтарды қалыптастару тәсілдерінің, жүйелі көрсеткіштердің өзара байланысын ұсыныстар мен тұжырымдары ғылыми практикалық дәлелдеме ретінде пайдалануы. Денсаулық сақтау практикасына зерттеу нәтижелерін енгізу тәсілдері. Халық денсаулығы жағдайының мониторингісі. Халық денсаулығының индикаторлары.

Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Медициналық құжаттар: оперативі, оперативті-тіркеу, тіркеу және есептік құжаттар. Біріншілік медициналық құжат түрінің тізімі. Сырқаттанушылықты қадағалаудағы автоматтық тіркеулер-туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті бойынша біріншілік құжаттарды орталықтандыра өңдеу.


Менеджментегі стратегиялық жоспарлау.Басқару стратегиясының өңдеудің деңгейі, қажеттілігі және қолданылуы. Демографияның мазмұны және анықтамасы. Халықтың демографиялық статистикасының обьектісі ретінде. Халық денсаулығы үшін жәнеденсаулық сақтау тәжірибесіндегі демографиялық мәліметтердің маңыздылығы.

Халық статистикасы: саны, орналасу тығыздығы, жасы, жынысы және т.б. белгілері бойынша құрамы. Халық статистикасын зерттеу әдістемесі. Халық санағы, ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Халықтың жастық құрылым типтері: прогрессивті үдемелі, стационарлық, регрессивті немесе кері тартпалы. Қазақстан халқының саны және құрамы.

Халық динамикасы: халықтың механикалық және табиғи өзгеруі. Көшіп-қону түрлері: эмиграция, иммиграция, қалалану, шарасыз орын ауыстырушылар, босқындар. Көшіп-қонудың негізгі себептері мен салдарлары. Халықтың механикалық қозғалысын зерттеу әдістері.

Туушылық, анықтамасы, есептеу әдістемесі. Туушылыққа әсер ететін (жалпы және жеке) факторлар. Туушылыққа қарқынының әлеуметтік-экономикалық және т.б, факторлармен өзара байланысы. Туушылықтың арнайы көрсеткіштері: фертильдік (ұрықтылық) және инфертильдік, некелік және некесіз және т.б. Халық өлімі: жалпы және жасқа сәйкес, деңгейі, құрылымы мен қарқыны. Халықтың табиғи өсуі, түрлері. Депопуляция ұғымы (демографиялық қиысу). Туу мен өлімжағдайларын тіркеу және есепке алу жүйесі. Туу мен өлім деректерін куәландыратын есептік құжаттар. Тууышылық пен өлімді тіркеуге алуда медициналық қызметкерлердің рөлі. Халықтың табиғи өзгеруін талдау. Дүниежүзі елдерінде, Қазақстанда аймақтар бойынша өзгерудің ерекшеліктері.

Сәбилер өлімі.: Тірі туу, өлі туу, ұрық туралы түсінікСәбилер өлімін талдау және есептеу әдістемесі. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің басты себептері: перинатальдық кезеңде пайда болатын жағдай, дамуында туа біткен ақаулар тыныс алу мүшесінің аурулары.

Болашақ өмірдің ұзақтығы, анықтамасы, принциптері және оларды есептеу әдістемесі. Өлім (өмір сүру) кестесі туралы түсінік. Қазақстандағы және басқа елдердегі болашақ өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіштері. Халықтың қартаюы, салдарлары. Қазақстандағы және басқа елдердегі егде адамдардың үлесі. Егде адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық, медициналық және психологиялық тұрғылары.

Қазақстандағы және басқа елдердегі демографиялық саясат.

Менеджментегі стратегиялық жоспарлау.Басқару стратегиясының өңдеудің деңгейі, қажеттілігі және қолданылуы. Өсіп-өнудің денсаулықпен байланысы, анықтамасы. Азаматтардың өсіп-өну құқығы және оны жүзеге асыру кепілі. ҚР-ғы 2006-2016 жылдардағы гендерлік теңдік стратегиясы. 200-2012 жылдарға ″Ерлер және өсіп-өнудің денсаулықпен" мемлекеттік бағдарламасы.

Отбасын жоспарлау. Ұрықтанушылықтың реттелуі анықтамасы, әдістері. Жасанды түсік медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Жасанды түсік тастаудың таралуы. Әлеуметтік факторлардың жасанды түсік тастаудың жиілігіне әсері. Жасанды түсік тастауға қарсы жүргізілетін негізгі шаралар. Жасанды түсікке қарсы шарала, контрацепциялық шаралардың маңызы. Туу жасындағы әйелдердің денсаулығына жасанды түсік тастаудың кері әсерінен сақтану.

Ана өлімі өсіп-өну жасындағы әйел денсаулығының бірлескен көрсеткіші ретінде. тАкушерлік себептерге тікелей және жанама байланысты ана өлімі. Қазақстандағы барлық ана өлімінің басты себептері: шұғыл генитальді аурулық, акушерлік қан кетулер, жасанды түсіктер. Өсіп-өндің денсаулықпен байланысы индексі.

Стратегия түрлері мен стратегиялық жоспардың әдістері. Халық денсаулығының жағдайын кешенді түрде бағалау үшін сырқаттанушылық статистикасының маңызы, Жалпы және алғашқы сырқаттанушылық туралы түсінік. Денсаулыққа байланысты мәселелердің және аурулардың халықаралық статистиканың жіктелуі (АХЖ, БҰҰ 10-шы қаралуы), құрылу принциптері Халық сырқаттанушылығының зерттеу әдістері және көздері. Негізгі тіркеу және іс жүргізу құжаттары. Өздігінен қаралу, өлім себептері, медициналық тексеру мәліметтері бойынша сырқаттанушылықты зерттеу. Ауруды есепке алу (тіркеу). Сырқаттанушылықты жеке және құрама есепке алу.Сырқаттанушылықтың басымдылық кластарының медициналық-әлеуметтік тұрғылары. Айналағыларға қауіп төндіретін аурулар мен әлеуметтік маңызды аурулар туралы түсінік. Аурулықтың кейбір түрлерін арнайы тіркеу (жұқпалы кеселмен аурулық, аса маңызды жұқпалы емес сырқаттар уақытша еңбекке жарамсыздық, госпитальдық аурулық). Уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі көрсеткіштері және оның экономикалық маңызы. Әрбір ауруды жеке тіркеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты зерттеу. Тіркеу ережесі, кәсіби аурулар мен улануларды тексеру, осылар бойынша тіркеу және есепке алу. Сырқаттанушылықты зерттеудің таңдамалы және жалпылай тәсілдері. Сырқаттанушылықтың себептерін және құрылымын зерттеудегі дәрігерлердің маңызы.. Қазақстанның халқының сырқаттанушылықты туралы негізгі мәліметтер.

Сырқаттанушылықты қадағалаудағы автоматтық тіркеулер-туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті бойынша біріншілік құжаттарды орталықтандыра өңдеу.

Стратегиялық жоспардың процестері және оның шешімдерін енгізу Физикалық дамудың негізгі негізгі белгілері мен өлшемдері (антропометриялық, физиометриялық соматоскопиялық). Антропометриялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістемелігі. Физикалық дамуды бағалау кестелері және стандарттары Физикалық дамуды топтық және жекелік бағалалануы. Сигмальды бағалау. Балалардың және жасөспірімдердің физикалық және жыныстық дамуының (акселерация және децелерация) медициналық-әлеуметтік маңызыі.

Халықтың кейбір топтарының физикалық дамуын бақылау жүйесі: сәбилердің, мектепке дейінгі жастағы балалардың, оқушылардың, студенттердің, әскерге шақырылатындардың, шақырылғандардың, шақырылғандардың, кейбір өнеркәсіптегі жұмысшылардың.

Мекемедегі ағымды жоспарлау.Функциональды жоспарлау.Біруақытты жоспарлау. Мүгедектік себептері. Мүгедектік топтары және оларды топтастыру принциптері. Халықтың мүгедектелігі, деңгейі, құрылымы. Медициналық–әлеуметтік сараптамалық комиссиясының құжаттары. Мүгедектік көрсеткіштері.

Бизнес – жоспар. Стратегиялық жоспарлау жоспарлау функциясының негізі. Тұрақты жоспарлау. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған халықаралық конференция (Алма-Ата, 1978). Алматы декларациясы-ХХ ғасырдың ұлы хартиясы. ДДСҰ «жиырма бірінші жүз жылдықта денсаулық бәріне арналады. (Денсаулық-21), мақсаты, міндеттері. Мыңжылдық Саммитінде қабылданған «Нью-Йорк, 2000ж .), мыңжылдықты дамыту мақсаты, Қазақстанға арналған мақсаттар, мониторинг индикаторлары. «Қазақстан-2030» стратегиясы. Өркендеу, қауіпсіздік және баршав қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту». 4 ұзақ мерзімді басымды «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарыныңсалауаттылығы», шешілетін мәселелер:туушылықтың жоғарлауына, өлімнің төмендеуіне, өмір сүру ұзақтығының артуына негізделген демографиялық саясат; салауатты өмір салты және т.б. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқына жолдауындағы денсаулық тақырыптары.

Жоспарлаудың қолданбалы аспектілері. Болжау туралы түсініктер және оның түрлері.

Денсаулықтың валеологиялық тұрғылары. Өмір салты түсінік. Өмір салтының денсаулыққа әсері. Медициналық белсенділік. Салауатты өмір-салты және оны қалыптастыру. Өмір салтының көрсеткіштері мен бағалау принциптері. Халық денсаулығына қауіп-қатер факторларының жіктелуі.. Өмір сүру дағдысына байланысты қауіп-қатер факторлары. Экономикалық дамыған елдерде аурудан сақтану стратегиясы: популяциялық стратегия және жоғары қауіп-қатерлі факторлар стратегиясы. Әлеуметтік және медициналық сақтану шаралары. Алғашқы және екінші тұрғыдан сақтану шаралары. Сақтану бағдарламалары: кешенді және мақсаттылық, көп факторлық және бір факторлық, ұлттық, аймақтық, салалық және бірлестік. Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастырудағы медициналық қызметкерлердің маңызы. Халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері.Мемлекеттік бағдарлама ″Салауатты өмір салты" мемлекеттік бағдарламасы.

Қоғамдық денсаулықты сақтаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының конституциясы (1995 ж. 30-шы тамыз) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

Сапалы болжаудың әдістері. Сандық болжаудың әдістері. Денсаулық қорғауда мемлекеттік кепілдікті қамтамсыз ету және азаматтар құқығын сақтау. Медициналық көмектің шектелуі кепілдік көлеміндегі тегінділігі, сабақтастығы және бәріне-бірдей қол жететіндігі. Денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы. Медициналық көмек алудағы әлеуметтік әділдік және теңдік. Халықтың қажеттілігіне сай денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және медициналық мекемелерге бірдей жағдай жасау. Медициналық әлеуметтік және медициналық санитарлық шаралардың ғылыми негізделуі және профилактикалық бағыттылығы. Медициналық сақтандырудың және көп салалы медицинаның дамуы. Азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттік басқару органдардың, жұмыс берушілердің және лауазымды адамдардың жауапкершілігі. Азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттік басқару органдардың, жұмыс берушілердің және лауазымды адамдардың жауапкершілігі. Азаматтардың және айналасындағылардың денсаулығын сақтау және нығайтуға жауаптылығы. Сектораралық ынтымақтастық. Қаржылық төлем әділеттілігі.

Медициналық көмектің түрлері: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек. Қайта оңалту (реабилитация).

Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың иерархиялық құрылымы. Денсаулық сақтауды басқарудың деігейлері: орталық және жергілікті.

Денсаулық ұйымының тізімі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі, анықтамасы, тізбесі.

Денсаулық сақтау мекемелерінің кепілдік медициналық көмек көлеміне кірмейтін төлемді түрде көрсетілетін медициналық көмектердің тізімі.

Ұйымдық өзгерістерді басқару.Халыққа амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдсатыру принциптері (учаскелік принцип, жалпылық, қолжетерлік, профилактикалық бағыттылық, дәрігерді ерікті таңдау). Негізгі амбулаторлық-емханалық ұйымдар (қалалық емхана, қалалық аурухананың емханасы).

Қалалық емхана, мақсаты мен мен жұмысын ұйымдастыру. Емхананың қызметкерлері және жұмыс істеу тәртібі. Емхананы басқару. Емхананың құрылымы: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімшелері (терапиялық, хирургиялық бөлімдері, дәрігер-маман кабинеттері, қайта оңалту бөлімі, физиотерапевтикалық бөлімі), емдеу-диагностикалық бөлімдер (рентгенологиялық, эндоскопиялық, функциональдық әдістер, зертханалар және басқалар), әкімшілік-шаруашылық бөлім. Қалалық емхананың бөлімдерінің міндеттері және жұмысын ұйымдастыру. Қалалық емхананың және оның бөлімдерінің жұмысының көрсеткіштері.

Учаскелік дәрігер мақсаттары, міндеттері, жұмысын ұйымдастыру, қызметінің көрсеткіштері.

Халықты диспансеризасиялау. Қазіргі кезеңдегі диспансеризациялау. Қазіргі кезеңдегі диспансеризация мақсаттары. Диспансеризация жүргізу бойынша нормативтік құжаттар, диспансеризацсиялаудың тарихы, талдау және нәтижелері.

Қазіргі кезеңде диспансеризацияны жүргізу. Диспансерлік бақылауға алынатын тұрғындардың топтары. Диспансеризацияның мақсаттары. Барлық мамандағы дәрігерлердің диспансерлік бақылау ұйымдастыруы, медициналық құжаттар. Диспансерлік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстың көрсеткіштері. Медициналық тексерулер. Қазақстанда жалпы практикалық дәрігер/ жанұялық дәрігер: мақсаттары, міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі, қызметінің түрлері. Семиялық дәрігерлік амбулатория, мақсаттары және жұмыс істеу принциптері, жұмысты ұйымдастыру, қаржыландыру.

Акушерлік терапевтикалық-бала емдеу бірлестігі.

Амбулаторлық-емханалық мекемелердің тіркеу мен іс жүргізу және есептеу құжаттары.

Кеңестік-диагностикалық орталық. Құрылымы (тіркеу орны, диспетчерлік жүйе, психосоматикалық анықтау бөлімі, анықтау үрдісін анықтау бөлімі, клиникалық-кеңестік бөлім, терапевтикалық, бала емдеу, хирургиялық бөлімдер, зертханалар: гематологиялық және жалпы клиникалық зерттеу, клиникалық-иммунологиялық, цитоморфологиялық, функциональдық анықтау, компьютерлік томография, рентгенмен тексеру, эндоскопиялық, ультрадыбыстық анықтау, биохимиялық және т.б.) міндеттері. Қаржылық-шаруалық жұмысының принциптері, қаржыландыру қорлары. Диагностикалық орталықтарға келушілерге жолдама беру реті. Диспетчерлік жұмыс және оны қаралуға келушілерге реттеу жұмысы.

Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру. Негізгі принциптері және ұйымдастыру түрлері. Ауруханалық емес шұғыл жәрдем. Орталық жедел жәрдем станциясының және оның бөлімдерінің жұмысын басқару. Мақсаттары, міндеттері және жедел жәрдем станциясының құрылымы (шұғыл бөлім, госпитьализациялау бөлімі, жедел жәрдем станциясының және амбулаторлық-емханалық мекемелердің жұмысының байланыстылығы. Жедел медициналық көмектің ауруханасы, оның қазіргі кезеңдегі жағдайлары, жұмысының тиімділігі және сапасы.

ҚР денсаулық сақтауды мен медицина реформалау тұжырымдамасы. 2011 – 2015 ж. Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудағы мемлекеттік бағдарлама. Оның мақсаттары, міндеттері, негізгі тараулары.Ауруханалық көмек жүйесінде көп салалы аурухана негізгі және алдағы буындағы бөлім. Қалалық аурухананың құрылымы қызметкерлерінің саны, міндеттері және жұмысын ұйымдастыруы. Аурухананың төсектер санының құрылымына, сипатына және қаржыландыруына әсері. Ауруханалық көмекке нормативтік қажеттілік. Аурухананың жұмысының көрсеткіштері: төсек қорын пайдалану көрсеткіштері (төсектің жыл бойы пайдалануы, төсек айналымы, госпитализациялау көлемі, бір аурудың емделу ұзақтығы), өлім көрсеткіші. Аурухана орнына жүретін технологиялар.

Қазақстан Республикасының медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы. Оның мақсаттары, міндеттері және негізгі тараулары. Кардиологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, эндокринологиялық, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері, олардың құрылымы, міндеттері, қызметтері, істерінің ұйымдастырылуы.

Сызықтық бағдарлама. Күнтізбелік жоспарлаудың әдсітері. Ауылдық медициналық ұйымдардың тізімі. Ауыл тұрғындарының медициналық қызметкерлермен, амбулаторлық-емханалық және ауруханалық көмекпен қамтамасыз етілуі. Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қол жетулігі. Ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы материалдық-техникалық сипаттамасы. Ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің кезеңділігі (ауылдық дәрігерлік учаскесі, ауылдық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдары), олардың сипаттамасы және бағалануы.

Ауылдық дәрігерлік учаскесі: медициналық ұйымдар, медициналық көмек көрсетуден көлем, міндеттері. Ауыл-шаруашылық жұмысына және оның мерзімдігіне байланысты медициналық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ауылдық дәрігерлік учаскесі санитарлық ағарту жұмысы. Ауыл тұрғындарының кейбір топтарын диспансеризациялау, эпидемияда қарсы жұмыс жүргізу

Аудандық медициналық мекемелер, олардың міндеттері. Орталық аудандық аурухананың құрылымы және міндеттері, медициналық көмектің көлеміне, аудандық денсаулық сақтау жүйесін басқаруға байланысты ұйымдастырушылық әдістемелік орталықтың қызметін жүргізуі. Жедел және шұғыл көмекті ұйымдастыру. Аудандық мекемелердің жұмысы, құжаттары.

Облыстық медициналық ұйымдар: облыстық аурухана, (міндеттері, құрылымы және жұмысының көрсеткіштері).

Ауылдық жерде ана мен баланы қорғауды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Мекемені басқарудағы қойылатын мақсаттың мәні мен белгіленуі.Медициналық-санитарлық бөлім, денсаулық сақтау орындары, олардың құрылымы мен міндеттері. Цехтік учаскелік ұстаным. Жергілікті және салалық денсаулық сақтау жүйесінің өзара байланысы. Цехтік учаскелік дәрігердің негізгі міндеттері, қызмет көрсетудің бригадалық әдісі. Өндірістік жарақаттануды және уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығын төмендетудегі цехтік дәрігердің маңызы. Жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізу және оны ұйымдастыру. Жұмысшыларды, жас өспірімдерді, әйелдерді диспансерлік тіркеуге алу. Өндірістердегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыс. Өндірістік жарақаттанудан және кәсіби аурулардан сақтану, өндірістерде еңбек жағдайын қорғау және қауіпсіздік техникасы. Медициналық-санитарлық бөлімінің әкімшілікпен және қоғамдық ұйымдармен байланысы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Өндірістердің әлеуметтік дамуы-өнеркәсіп жұмысшыларының денсаулығын нығайтудың негізі.

Менеджменттегі қойылатын мақсаттың жалпы талаптары Біріккен оның міндеттері және құрылымы. Әйелдер кон сультациясы және оның құрылымы, қызметкерлерінің саны, жұмыс істеу әдістері мен түрлері. Әйелдер консультациясының жұмысындағы учаскелік ұстаным және диспансерлік тәсіл. Медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін негізгі топтары. Қызмет көрсету аймақтағы әйелдер арасындағы профилактикалық жұмыс. Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Әйелдер денсаулығының жағдайын зерттеу және олардың еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар жасау. Жүкті әйелдерге медициналық қызметті ұйымдастыру. Туылатын сәбидің денсаулығын қорғау үшін жүргізілетін жұмыстар. Жүкті әйелдерді дер кезінде тіркеуге алуды толық тексеруді, жүктілік кезінде үзбей бақылауды қамтамасыз ету. Босануға дейінгі мерзімді жүкті әйелдерді жанжақты дайындау. Гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық қызметті ұйымдастыру, оларды диспансерлік тіркеуге алу және бақылау. Өндірістік өнеркәсіптердегі акушер-гинекологтың жұмысы. Перзентхана оның құрылымының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар. Жүкті әйелдер және гинекологиялық ауруы барларды қабылдауды ұйымдастыру. Жұқпалы ауруларға қарсы жұмыс жүргізу. Аналар өлімі мен сәбилер өлімінің алдын алу шараларын жүргізі. Акушерлік-гинекологиялық көмектің мамандандырылуы. Әелдер консультациясының және перзентхананың жұмысының құжаттары, есеп беруі мен көрсеткіштері. Әйелдер консультациясы мен перзентханада және балалар емханасы жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету.

Перинатальдық орталық, міндеттері. Отбасын жоспарлау және өсіп-өнуден денсаулықпен байланысы орталығы, оның міндеттері.

Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы.

Балалар ауруханасы, құрылымы. Балалар емханасы, құрылымы, қызметкерлер саны. Баларға медициналық көмекті ұйымдастырудағы учаскелік ұстаным мен диспансерлік тәсіл. Учаскелік бала дәрігерінен қызметін ұйымдастыру және оның мазмұны. Балалардың дамуын және олардың денсаулығының жағдайын профилактикалық бақылау және патронаж. Балалар емханасында эпидемияға қарсы жұмыс жүргізу, егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру, ҚР егу күнтізбесі. Сау және ауру балаларды қабылдауды ұйымдастыру, сүзгі кабинетінен жұмысын ұйымдастыру. Мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету, мамандардың жұмысын және қосымша емдеу диагностикалық бөлімдерді. Балалар емханасының құжаттары, есеп беру және қызметінің көрсеткіштері.

Балалар емханасының құрылымының ерекшеліктері, қызметкерлер саны. Қабылдау бөлімнің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. Санитарлық және эпидемияға қарсы жұмыс пен емдеу мен тыныштықты қорғау тәртібі. Ауру балаларды күтуде қамтамасыз ету және тәрбиелеу жұмысы. Ауру балаларды күтуге аналарды тарту түрлері. Балалар ауруханасының құжаттары, есеп беруі және жұмысының көрсеткіштері.

Мекемені басқару процесінде шешім қабылдау. Басқару шешімдерінің түрлері . Мектепке дейінгі мекемелерде және мектептердің түрлері. Мектепке дейінгі қызметкерлердің тізімі. Балалар емханасының және мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының сабақтастығы. Мектепке дейінгі мекемелердің міндеттері және олардың профилактикалық жұмысты ұйымдастыру: егу жүргізу, эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық ағарут жұмысы. Мектепке дейінгі мекемелерінде емдеу-сауықтыру шараларды жүргізу. Мектепке дейінгі балаларға арналған мамандандырылған мекемелер, олардың жоғары дәрежедегі медициналық көмекті және қайта оңалту емін жүргізудегі міндеттері. Балалар үйі медициналық қызметте ұйымдастыру, медициналық қызметкерлердің жұмысының мазмұны және жұмыс түрлері. Балаларды мектепке дайындау ұшы медициналық құжаттарды толтыру реті. Мектеп дәрігерінің міндеттері, оның жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу және диспансеризациялау. Балалар емханасының мектепке дейінгі және жарамсыздық қағазынке мектеп жасындағыларға арналған бөлімдер, олардың құрылымы мен міндеттері. Мектеп дәрігерінің тіркеу, есеп беру құжаттары жұмысының көрсеткіштері.

Денсаулық сақтау ұйымдарына еңбекке жарамсыздықты сараптауды ұйымдастыру

Уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық қағаз медициналық, заңдылық және қаржылық құжат ретінде. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың әртүрлі жағдайларында еңбекке жарамсыздық қағазын беру және толтыру тәртібі. Еңбек жарамсыздық қағазын беру және толтыру тәртібі. Еңбекке жарамсыздық қағазын беруді бақылау. Емдеуші дәрігерлердің, бөлім меңгерушілерінің, бас дәрігердің және олардың дәрігерлік еңбектік сараптау бойынша орынбасарларының құқықтары мен міндеттері. Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында жұмысқа тұрғызу мәселесі. Мүгедектіктің алдын алу.

Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сарыптау. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары, құрылымы, міндеттері және мүгедектікті анықтаудағы жұмысының әдістері. Мүгедектік топтары және оның анықтау принциптері. Еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру және ұтымды түрде жұмысқа тұрғызу мақсаты мен медициналық-әлеуметтік көмек көрсету. Мүгедектерге арналған еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру бағу мен күту үшін бейімделген мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің жүйесі.

Шешім қабылдаудың негізгі жолдары..Денсаулық сақтауды жүйесін жоспарлаудың негізгі ұстанымдары негізделуі және қолдануы. Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлаудың негізгі тәсілдері: талдау, салыстыру, тепе-теңдік нормативтік, тәжірибелік, экономикалық-математикалық және т.б. Денсаулық сақтау жүйесінде стратегиялық жоспарлауды қолдану. Денсаулық сақтауды жүйесін жоспарлаудың негізгі кезеңдері: базистік (берілегн мәліметтерді талдау), медициналық қызметтің барлық түрлерінің қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін бағалау. Денсаулық сақтаудың жоспарын барлық көрсеткіштері мен бөлімдері бойынша құрастыру, жоспардың орындалуын бақылау және түзетулерді енгізу. Бизнесті жоспарлау.

Шешім қабылдау процестері.

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі қорлары және ұйымдастырылуы. Бюджет туралы түсінік пен денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржыларды сипаттайтын негізгі қаржылық критерийлер. Бюджеттік жіктелу. Денсаулық сақтау жүйесінің бюджетін құру әдістемесі. Бюджеттік тәртіп және қаржылық-бюджеттік тәртіпке қойылатын негізгі талаптар. Нарықтық жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық қорын басқару.

Шешім қабылдау түрлері мен әдсітері.

Денсаулық сақтау экономикасының анықтамасы, оның мақсаттары. Денсаулық сақтау экономикасының негізгі сұрақтары және бөлімдері. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік, медициналық, экономикалық тиімділігі туралы түсінік. Денсаулық сақтаудың экономикасының дамуына ісері, басқа салаларымен өзара байланысы. Денсаулық сақтау экономикасының негізгі бағыттары: денсаулық сақтаудың экономикалық тиімділігі (макроэкономика) , денсаулық сақтау тиімділігі- денсаулық сақтауға пайдаланатын қаржыны ұтымды және тиімді пайдалану әдістерін іздестіру және жасау (микроэкономика) Халықтың аурулығына, өлім-жітіміне байланысты экономикалық зардаптың құрылымы. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау. Амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмектің құны. Клиника- статистикалық аурулар тобының негізінде қоғамдық қажеттілік шығынды есептеу. Денсаулық сақтауда төлемдік бағаның қалыптасуы. . Денсаулық сақтауда пайданы және табыстылықты есептеу. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде денсаулық сақтау обьектілерінің өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау. Нарықтық қатынасқа өту кезеңінде еңбек қорының қалыптасуы және медициналық қызметкерлер еңбегінің төлемі.

Макгрегор басқаруының түрлерінің концепциясы.Әкімшілік туралы түсінік Денсаудық сақтауда менеджмент жұмыс және қызмет ретінде денсаулық сақтауда менеджмент жұмысы: жоспарлау ұйымдастыру, дәлел-дәйектер, бақылау. Мақсаттарды анықтау және шешім қабылдау. Дәлел-дәйектер және медициналық ұйымдарда оған әсер ететін жағдайлар. Бақылау денсаулық сақтауда менеджмент функциясы ретінде және оның кезеңдері. Бақылаудың тәлім тәртіптік көріністері. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды тиімді бақылаудың сипаттамалары.

Басшының қызметі және басқарушылық жұмыстың мәні. Ұйым басшыларының басқарушылық міндеттері, оларды қызмет бабында іске асыру. Шешім қабылдау. Шешім қабылдау жаратылысы. Шешім қабылдаудың үлгілері мен тәсілдері. Денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді қызмет істеуін қамтамасыз ету.

Емдеу ұйымдарында еңбек етушілерді басқару. Қызметкерлердің жұмысының нәтижесін бағалау, бағалау тиімділігі. Болашақта басқарушы қызметкерлерді дайындау және оған қажет дәлел-дәйектер. Медициналық ұйымдардағы ұжымының еңбегінің сапасын жоғарлату.

Стационарлық қызметтегі әкімшілік процесс.Әкімшіліктің негізгі теориясы Медициналық қызмет нарығы. Медициналық қызмет көрсетуге сипаттамалар: Дерекнамадан айтарлықсыздығы, ажырамаушылығы, сапаның тұрақсыздығы, сақталмаушылық. Медициналық ұйымдардың маркетинг тұжырымдамасы: сыртқы және ішкі орта маркетингісі қызметті ұсыну, жаңа қызмет түрлерін жасау, олардың сапасын жақсарту. Медициналық қызметтің көптүрлілігі және сапасы. Нарықтық жағдай туралы зерттеулер және талдаулар. Жарнама және медициналық қызмет көрсетуді ұсыну.

Басқару тәсілдерінің негізгі ерекшеліктері. Медицинада іскерлікпен шұғылданатын шаруашылық ұйымдардың түрлері. Шаруашылық есептегі медициналық ұйымдарды құру реті (құжаттарды толтыру, тіркеу реті, банктен несие алу, инвестициялар тарту, жалға алу т.б.). Медициналық мекемелердің шаруашылық жұмысын есептеу мәселелері. Шаруашылық үрдістер мен шаруашылық іс-әрекеттер медициналық ұйымдардың қандай да меншікті түрде болса есепке алу нысаны ретінде болуы. Шаруашылық жұмысты есептеуді ұйымдастыру. Денсаулық сақтау нысандарының салық салу механизмі.

Нарықтық экономика жүйесіндегі менеджмент

Медициналық қызмет көрсету сапасын анықтау. Денсаулық сақтаудың сапасының сипаттамалары: кәсіби құзырет, қол жетімділік, нәтижелілік, өзара қарым-қатынастар, тиімділік, толассыздық, қауіпсіздік, қолайлылық. Сапаны қамтамасыз ету жұмысының түрлері. Медициналық қызмет сапасына сараптама жүргізудің тәртібі.

Микроәлеуметтік басқару принциптері.. Медициналық ұйымдарға және жеке тұлғаларға лицензиялау мен аккредитациялау жүргізу тәртібі. Белгіленген кәсіби стандартқа сәйкестігін анықтау. Өтініш берушінің құқықтары мен міндеттері. Келіспеушілікті шешу тәртібі және екі жақтың жауапкершілігі. Медициналық көмек көрсету құқығын лицензиялауды жүргізу үшін қажет жұжаттар.

Басқару стилдері ұғымы мен типологиясы. Ұйымдастыру технологиялары; медициналық қызмет көрсету; медициналық, дәрігерлік, фармацевтикалық істі жүзеге асыру үрдісіне пайдаланылатын технологиялар; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, іске асыру шарттары, сапасы; медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер біліктілігі; тіркеу-есеп беру құжаттар сандарттары.

Халықаралық денсаулық сақтау

Халықаралық ұйымдардың пайда болу тарихы: олардың міндеттері және мақсаттары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), оның құрылымы. ДДСҰ-ның аймақтық бюролары. ДДҰС-ның мүше-мемлекеттері, олардың міндеттері. ДДСҰ-ның жұмысының негізгі бағыттары, халықаралық денсаулық сақтаудағы әртүрлі мәселелерді шешудегі маңызы. Қазақстан Республикасы ДДСҰ-ның мүшесі, мақсаттары және міндеттері. Денсаулық сақтаудағы медициналық білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Шет мемлекеттердегі денсаулық сақтауды қорғау жүйелері: негізгі ұстанымдары, ұйымдастырылуы, ерекшеліктері, салыстырмалы талдау.

Қазіргі тұжырымдама және ұйымның персоналдарын басқару.Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар тізімі. Денсаулық сақтау ұйымдарының типтік қызметкерлер санының нормативтері. Дәрігерлер еңбегінің төлемі мен ұйымдастырылу жүйесі. Дәрігерлерді, орта буындағы мамандар мен фармацевтерді дайындау жүйесі, оларды мамандандыру және білімін жетілдіру. Қазақстандағы жоғары және орта медициналық оқу орындары.Медициналық кадрлар дайындаудағы негізгі бағыттар. Жоғары медициналық білім берудің негізгі ұстанымдары.

Ұйымның персоналдарын басқару жүйесі.Есептеу орталықтары және денсаулық сақтауды басқарудағы автоматтандырылған жүйе. (БАЖ). Біріккен аурухананы, емхананы, мамандандырылған медициналық жүйелерді автоматтандырылған басқару жүйесі. Денсаулық сақтау жүйесін автоматтық басқару жүйесінің негізгі ұстанымдары. АБЖ-ның ақпараттық қамтамасыз етілуі. Басшы мәліметінің автоматтандырылған жүйесі (БМАЖ), бұл жүйенің мүмкіншілігі. Автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО). Денсаулық сақтауды басқарудағы ақпараттық технологиялар. Денсаулық сақтаудағы біріккен ақпараттық жүйе.



  • Тақырыптық жоспары

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Басқару қызметінің заңдылықтары. Өндірістері басқару принциптері.

тақырыптық дәріс

1 сағат

2

Жоспарлаудың ғылыми әдістері Басқару этикасы мен әлеуметтік жауапкершілік.

тақырыптық дәріс

1 сағат

3

Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.

мәселелі дәріс

1 сағат




Барлығы:




3





Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.

тақырыптық дәріс

1 сағат

2

Менеджментегі стратегиялық жоспарлау.Басқару стратегиясының өңдеудің деңгейі, қажеттілігі және қолданылуы.

мәселелі дәріс

1 сағат

3

Стратегия түрлері мен стратегиялық жоспардың әдістері.

тақырыптық дәріс

1 сағат




Барлығы:




3






Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Стратегиялық жоспардың процестері және оның шешімдерін енгізу

тақырыптық дәріс

1 сағат

2

Мекемедегі ағымды жоспарлау.Функциональды жоспарлау.Біруақытты жоспарлау.

тақырыптық дәріс

1 сағат

3

Бизнес – жоспар. Стратегиялық жоспарлау жоспарлау функциясының негізі. Тұрақты жоспарлау.

мәселелі дәріс

1 сағат




Барлығы:




3






Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Жоспарлаудың қолданбалы аспектілері. Болжау туралы түсініктер және оның түрлері.

тақырыптық дәріс

1 сағат

2

Сапалы болжаудың әдістері. Сандық болжаудың әдістері.

тақырыптық дәріс

1 сағат

3

Ұйымдық өзгерістерді басқару.

мәселелі дәріс

1 сағат




Барлығы:




3


  1   2   3   4

Похожие:

Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconСиллабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін

Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconӨнертабыстық ғылыми қызығушылығы: жалпы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. 4
Силлабус bzhG 4302 «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 051102 «Қоғамдық денсаулық...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconӨнертабыстық ғылыми қызығушылығы: жалпы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Шайхина Жанат Кабдуллаевна
Силлабус bzhG 4302 «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 051102 «Қоғамдық денсаулық...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін
...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110400 «Медико-профилактикалық іс» мамандығы үшін
...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін
...
Силлабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница