Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы




Скачать 140.5 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Дата конвертации15.02.2016
Размер140.5 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish115716_7613.doc




ҚРӘМ № № 2342 03.06.03ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2003 жылғы 21 сәуір № 142


Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті

жүзеге асыру ережесін бекіту туралы


өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 299 25.10.2004ж.

2.ҚҚА № 77 26.03.2005ж.

3.ҚҚА № 98 15.04.2006ж.

4.ҚҚА № 172 29.10.2008ж.


«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі нормативтік актілерді (регламенттерді) не олардың өзгерістері мен толықтыруларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынсын.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны кастодиан-банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, кастодиан-банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.


5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийі туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережелерді бекіту туралы» 1996 жылғы 29 шілдедегі № 944 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ереженің күші жойылған күннен бастап күшіне енеді.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында

кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін

бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі

№ 142 қаулысымен бекітілген


Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық

қызметті жүзеге асыру ережесі


Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,Инвестициялық қорлар туралы” Казақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кастодиандық шарт - клиенттің активтерін сақтау және есебін жүргізу жауапкершілігі туралы кастодиан мен оның клиенті арасында жасалатын шарт;

2) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;

3) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;

4) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;

5) уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

6) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.

7) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

2. Кастодиандық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиялануға тиіс.

3. Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметті кәсіби қызметтің өзге де түрлерімен қоса атқару мүмкіндігі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

3-1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқаратын екінші деңгейдегі банк:

1) банктің ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшенің болуын;

2) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы нарығында өзге қызмет түрлерін жүзеге асырмауын;

3) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің, жекелеген үй-жайлардың болуын;

4) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімше алатын үй-жайларда оларға реттелетін кіру жүйелерінің болуын;

5) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын бөлімшеден бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын:

6) жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінің қызметкерлерін екіншінің құжаттамаларына және бағдарламалық-техникалық кешендерге (оның ішінде деректердің электрондық массивтеріне) кіруіне жол бермеуді;

7) лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінде қолда бар (олар өздерінің лауазымдарына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктерге орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің екіншісінің қызметкерлеріне бермеуді қамтамасыз етеді.

4. Кастодиандық қызмет осы Ережеге және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Кастодиан клиенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.


2-тарау. Кастодиандық қызмет


6. Кастодианның заң актілерінде белгіленген функцияларын іске асыру мақсатында, кастодиан:

1) клиенттің кастодиандық қызмет көрсетуге берген ақшасына, бағалы қағаздарына және өзге де активтеріне қатысты шот ашады;

2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаның, бағалы қағаздардың және өзге де активтердің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздармен және өзге де активтермен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің функцияларын атқарады;

4) клиенттердің бұйрықтары негізінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркейді және олардың бағалы қағаздарға құқықтарын растайды;

5) бағалы қағаздар бойынша кірістер алады және оларды клиенттердің шоттарына есептейді;

6) клиенттердің құжаттамалық бағалы қағаздарын сақтайды;

7) клиенттердің бұйрықтарының мазмұнына сәйкес оларды орындайды;

8) өзінің активтеріне қарағанда клиенттердің активтерін ерекше сақтауды және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

9) клиенттің бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің шотын және есебін жүргізу технологиясын сақтайды;

10) өз клиенттерінің активтермен жасалған мәмілелердің орындалуын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін және инвестициялық қорлардың активтерін мақсатты инвестициялауды бақылайды;

11) клиенттерге тұрақты негізде және алғашқы талап етуі бойынша олардың шоттарының жай-күйі туралы ақпарат береді;

12) клиенттердің шоттары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің тапсырмасы бойынша клиенттерге ақпарат береді;

13) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ақпарат береді;

14) кастодиандық шартта көзделген өзге де қызмет көрсетеді.

7. Кастодианның бас офисінің және оның филиалдарының үй- жайларындағы клиенттер кіруге болатын жерлерге:

1) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нотариат куәландырған көшірмелері;

2) осы Ереженің және кастодиандық қызметті жүзеге асыруды реттейтін уәкілетті органның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелері;

3) бірінші басшының немесе оның орнындағы адамның қолы және мөр қойылып куәландырылған ішкі құжаттардың көшірмелері орналастырылады.

8. Кастодиан клиенттердің алғашқы талап етуі бойынша олардың танысуы үшін:

1) кастодианның соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есебін;

2) кастодианның пруденциалдық нормативтерді сақтауы туралы мәліметтерді;

3) кастодиандық шарт жасау немесе оны қолдану барысында клиенттер үшін маңызы бар өзге де құжаттарды (қызметтік немесе коммерциялық құпиясы бар құжаттарды қоспағанда) ұсынады.

9. Кастодиан клиенттерге осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін бергені үшін оларды дайындауға жұмсалған шығыстардың көлемінен аспайтын мөлшерде ақы алады.

10. Кастодианның өзіне сеніп тапсырылған активтерді өз мүдделеріне пайдалануға, оның ішінде оларға өз міндеттемелері бойынша жауап беруге, кепілге беруге не көрсетілген активтерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген іс-әрекет жасауға құқығы жоқ.

11. Клиенттің активтерін сақтау және есеп жүргізу жөніндегі кастодианның жауапкершілігі оларды клиенттің кастодиандағы жеке шотына нақты өткізген кезінен басталады.

12. Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысушы кастодиан қызметкерлері өздеріне уәкілетті орган берген біліктілік куәліктерін көрнекі жерлерге және өздерінің аттары мен лауазымдарын жазып, стол үстіне орналастырады.

13. Кастодиан қолданымдағы тиісті біліктілік куәліктеріне ие болған қызметкерлерге кастодиан қызметін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктеуге және осындай қызметкерлердің кастодиан қызметіне, оның ішінде укәілетті органға ұсынылатын есептеріне қатысты құжаттарға қол қоюға (бұрыштама қоюға) жол беруге тиісті емес.

14. Кастодиандық қызметті орындауды қамтамасыз ететін кастодианның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің кастодианның басқа бөлімшелерінің функцияларын, сондай-ақ олардың кастодианның басқа бөлімшелеріндегі лаузымдарды қоса атқаруды жүзеге асыруына жол берілмейді.


3-тарау. Кастодиандық шарт


15. Кастодиандық шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Кастодиандық шарттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

16. Кастодиандық шарт жасаған кезде кастодиан клиентті өзінің ішкі құжаттарын таныстырады.

17. Кастодиандық шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде кастодиан клиенттерге:

1) олардың пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері;

2) оның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуының тоқтатылғаны (қайта жаңғыртылғаны), оның қайтарып алынғаны;

3) осы клиенттің бұйрығы бойынша бағалы қағаздармен мәмілелер жасау барысында мүдделер қайшылығының туындау фактілері;

4) бағалы қағаздармен мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен ерекше шарттар туралы хабарлайды.

18. Осы ереженің 17-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресімделеді және осындай хабарламаны жіберу үшін негіздеме туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде клиенттерге кастодиан шартында айқындалған байланыстың факсимильдік, телекстік және өзге де мүмкін болатын түрімен жіберіледі.

19. Кастодиандық шарт бұзылған жағдайда, клиенттердің кастодиандағы активтері кастодиан шартында көзделген тәртіппен он жұмыс күні ішінде клиенттерге қайтарылуға тиіс.


4-тарау. Есеп жүргізуді ұйымдастыру


20. Клиенттердің активтерімен операциялардың есебін жүргізу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және бөлу кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

21. Кастодиан клиенттердің активтерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен баланстық және баланстан тыс шоттарға есепке алады.

Кастодиан әрбір клиентке оның активтерінің есебін жүргізуге арналған жеке шот ашады.

Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де активтерді есепке алу мақсатында кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушыны көрсете отырып ақшаны есепке алу үшін жеке банк шотын және бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шотты ашады.

22. Кастодиан депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымда жеке шотты Қазақстан Республикасының заңдарында осы талап белгіленген клиенттер үшін, сондай-ақ клиенттердің талап етуі бойынша ашады.

Клиент кастодианнан өзінің депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы шотынан көшірме алуға құқылы.

22-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу бойынша қызмет көрсететін кастодиан мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе «Moody's Investors Service», «Fitch» агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не Қазақстан Республикасының резидент емес бас банкі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе «Moody's Investors Service», «Fitch» агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банкі болып табылады не осы кастодианның ірі қатысушылары арасында орналастырылған (артықшылық берілген және банкпен сатып алынғандарды шегергенде) акциялардың он немесе одан астам пайызын иеленетін жеке тұлғалары бар;

2) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне («Еuroclear» және «Сlearstream International» сияқты) мыналар түрінде рұқсаты бар:

тікелей кіру;

бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей кіруге рұқсаты бар шетелдік ұйыммен кастодиан шартын жасау арқылы;

 бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің қызметін пайдалану арқылы.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне таралмайды.

23-тармақ алынып тасталсын.

24. Кастодианның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақ ақшасының, инвестициялық қор активтерінің, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың және олармен жасалған мәмілелердің есебін жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

25. Кастодиан бағалы қағаздар мен ақшаның маңызды есебін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында айына кем дегенде бір рет өз жүйесіндегі клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшасы есебінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың деректеріне сәйкестігін салыстырып тексереді.

26. Кастодианның кастодиандық қызмет туралы есептер жасау және уәкілетті органға ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.


4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау


26-1. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау мақсатында кастодиан арнайы қаржы компаниясына бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке инвестициялық шотты және арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялардың міндеттемелері бойынша ақшаны есепке алу үшін банк шотын ашады.

26-2. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау басқарушы агенттің не арнайы қаржы компаниясының ақшаны аудару туралы тапсырмаларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

26-3. Кастодиан, айына бір реттен кем емес, басқарушы агентпен инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша тұрақты салыстырып тексеруді өткізеді.

26-4. Басқарушы агентпен салыстырып тексеру тәртібі мен жүйелілігі кастодиандық шартта белгіленеді.

Салыстырып тексеру нәтижесінде кастодианның және басқарушы агенттің қолындағы мәліметтер бойынша келіспеушіліктер анықталған жағдайда олардың себептері анықталады және кастодиан жұмыс күні ішінде осы келіспеушіліктер туралы арнайы қаржы компаниясын хабардар етеді.


4-2-тарау. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру рәсімінің тәртібі


26-5. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

26-6. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру үшін:

1) берілетін активтердің тізбесі;

2) берілетін құжаттардың тізбесі;

3) активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады.

Берілетін активтер тізбесіне арнайы қаржы компаниясының кастодиандық қызмет көрсетудегі барлық активтері кіреді.

26-7. Кастодиандық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде:

1) кастодиан-банк басқарушы агентке арнайы қаржы компаниясының инвестициялық шоты бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

2) кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына ашық шоттар бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

3) арнайы қаржы компаниясының ақшаны аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;

4) басқарушы агенттің бағалы қағаздарды аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;

5) басқарушы агентпен салыстырып тексеру актілерінің көшірмелері;

6) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де құжаттар беріледі.

26-8. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады әрі онда:

1) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді есепке алу үшін арнайы қаржы компаниясының банк шотындағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;

2) депонент-банктердің атауын, салым сомаларын, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмірін, салым мерзімін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;

3) шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;

4) қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы;

5) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы;

6) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;

7) инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;

8) облигациялармен мәмілелерді есепке алу жөніндегі қызметке, соның ішінде олар бойынша сыйақы төлеуге қатысты берілетін құжаттардың түпнұсқалары туралы;

9) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер болады.

26-9. Қабылдау-өткізу актісі:

1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, басқарушы агент, кастодиан-банк, жаңа кастодиан-банк, уәкілетті орган үшін бес дана етіп кастодиандық қызмет көрсету шартын бұзу күніне жасалады;

2) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;

3) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің мөрімен бекітіледі.

26-10. Осы Ереженің 26-9-тармағының шарттарына сәйкес ресімделген қабылдау-өткізу актісінің нұсқалары оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.


5-тарау. Қорытынды ережелер


27. Кастодиан өз клиенттерінің міндеттемелеріне жауап бермейді және клиенттердің инвестициялық шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілік атқармайды.

28. Кастодианның кастодиан шартының талаптарын орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы салдарынан келтірген шығындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

29. Кастодиандық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған және осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.



Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 Қаулысы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №32 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №98 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 шілдедегі №241 қаулысы
...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница