Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң




Скачать 78.64 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
Дата конвертации15.02.2016
Размер78.64 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish624613_5820.doc


ҚРӘМ № 2508 30.09.03ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ


Алматы қаласы 2003 жылғы 1 қыркүйек № 319



Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және айналымға жіберу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2343 тіркелген, «Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген, «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және айналымға жіберу ережесі бекітілсін.


2. «Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген, «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген, 2000 жылғы 2-15 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) банктік депозиттік сертификаттар бойынша мәмілелерді есепке алуды және құқығын растауды және тіркеуді орталық депозитариий жүзеге асырады.».


3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.


4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге, «Активтерді Басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.


5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко






«Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және айналысқа жіберу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2343 тіркелген, «Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген, «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 319 қаулысымен бекітілген



Банктік депозиттік сертификаттарды

шығару және айналысқа жіберу

ЕРЕЖЕСІ


Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және айналысқа жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалынған және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі - банк) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және айналысқа жіберу тәртібін және шарттарын реттейді.


1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) банктік депозиттік сертификаттың бірегейлендіру номері – банктің банктік депозиттік сертификаттарды бірегейлендіру және есепке алуды жүйелендіру мақсатында оларға тағайындайтын сандық коды;

2) банктік депозиттік сертификаттың нақты құны - банктік депозиттік сертификатты шығару кезіндегі және банктік депозиттік сертификатты ұстаушыға төленуге тиісті оның құнының ақшалай түрде көрсетілуі;

3) банктік депозиттік сертификаттарды шығару регламенті (бұдан әрі - регламент) – банктің банктік депозиттік сертификаттарды шығару жөніндегі операцияларды жүргізу, олардың нақты құнын және ол бойынша сыйақы төлеу шарттарын айқындайтын құжат;

4) банктік депозиттік сертификатты шығару шарттары (бұдан әрі - шығару шарттары) – банктік депозиттік сертификатты шығаратын банктің және банктік депозиттік сертификат ұстаушының құқықтары туралы мәліметтерден тұратын құжат.

2. Банктік депозиттік сертификаттың нақты құны ұлттық валютамен көрсетіледі.

3. Банк банктік депозиттік сертификаттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығару үшін міндетті лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу кезеңінде банктік депозиттік сертификаттар шығармайды.


2-тарау. Банктік депозиттік сертификаттарды

шығару тәртібі


4. Банктік депозиттік сертификаттарды шығару осы Ережеге және банктік депозиттік сертификаттарды шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Регламентке мыналар кіреді:

  1. банктік депозиттік сертификаттарды шығару тәртібі;

2) шығарылған банктік депозиттік сертификаттарды есепке алу тәртібі;

3) банктік депозиттік сертификаттарға бірегейлендіру номерлерін тағайындау тәртібі;

4) банктік депозиттік сертификаттың нақты құнының ең аз және ең көп мөлшері;

5) банктік депозиттік сертификаттың ең аз және ең көп айналыс мерзімі;

6) банктік депозиттік сертификат бойынша сыйақы есептеу және төлеу тәртібі;

7) банктік депозиттік сертификаттың нақты құнын төлеудің шарты және тәртібі;

8) банктің шығару шарттарына қол қоюға өкілетті басшы қызметкерлерінің тізбесі;

9) банктік депозиттік сертификаттарды шығаруға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шарттар.

6. Регламент және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар банктің директорлар кеңесінде бекітіледі және директорлар кеңесі оларды бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде назарда ұстау үшін бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға берілуге тиісті. Банк регламент директорлар кеңесінде бекітілгеннен кейін банктік депозиттік сертификаттарды шығарады.

7. Шығару шарттарына мыналар кіреді:

  1. банк туралы ақпараттар:

банктің толық атауы, оның мекен-жайы туралы мәліметтер, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің номері, банктік депозиттік сертификаттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығару үшін міндетті лицензиялардың номері және берілген күні көрсетіледі;

2) банктік депозиттік сертификат туралы мәліметтер:

банктік депозиттік сертификаттың бірегейлендіру номері және оның нақты құны (индекстеу жағдайында – банктік депозиттік сертификаттың индекстелген нақты құнын есептеу тәртібі) көрсетіледі;

3) банктік депозиттік сертификат бойынша сыйақы туралы мәліметтер:

банктік депозиттік сертификат бойынша сыйақы ставкасы, сыйақы есептеу басталатын күн, сыйақы төлеу тәртібі, мерзімі және шарттары, сыйақы төлеу әдістері (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол жасалынбайтын) көрсетіледі. Егер сыйақы ставкасы шектеулі мөлшерде белгіленбеген болса, мөлшерді айқындау тәртібі көрсетіледі;

4) банктік депозиттік сертификат шығарылған күн туралы мәліметтер;

5) банктік депозиттік сертификаттың айналыс мерзімі туралы мәліметтер;

6) банктік депозиттік сертификаттың ұстаушысына берілетін құқықтар:

ұстаушының банктен банктік депозиттік сертификаттың нақты құнын (индекстеу жағдайында – индекстелген нақты құнын) алуға арналған құқығы, сондай-ақ шығару шарттарында көзделген банктік депозиттік сертификаттың айналыс мерзімі мерзімі өткеннен кейін не ол аяқталғанға дейін шығару шарттарына сәйкес ол бойынша сыйақы алуға арналған құқығы көрсетіледі.

8. Банк банктік депозиттік сертификат ұстаушысының талап етуі бойынша осы банктік депозиттік сертификатты шығару шарттарының көшірмелерін, регламентті, осы Ережені және банктік депозиттік сертификаттарды шығаруды және айналысқа жіберуді реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді танысу үшін оған ұсынады.

9. Орталық депозитарий банктік депозиттік сертификат ұстаушының жеке шотын ашуды оның жеке шот ашуға арналған бұйрығы және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген құжаттар негізінде жүзеге асырады. Банктік депозиттік сертификаттарды орналастыру кезінде орталық депозитарий банктің бұйрығы негізінде банктік депозиттік сертификат ұстаушысының жеке шоты бойынша жазбалар жазуды жүзеге асырады.

10. Шығару шарттары банктік депозиттік сертификаттарды орналастыру басталғанға дейін орталық депозитарийге берілуге тиіс.

11. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында банктік депозиттік сертификаттармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау сауда-саттық ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

12. Банк банктік депозиттік сертификаттың нақты құнын және ол бойынша сыйақы төлеу туралы мәліметтерді банктің және банктік депозиттік сертификат ұстаушының бұйрықтары негізінде банктік депозиттік сертификат ұстаушысының жеке шотын жабуды жүзеге асыратын орталық депозитарийге береді.

13. Банктік депозиттік сертификат ұстаушысы оның айналыс мерзімі аяқталғанға дейін банктік депозиттік сертификаттың нақты құнын және шығару шарттарында белгіленген мөлшерде ол бойынша сыйақы төлеуді талап ете отырып, банкке өтініш жасаған жағдайда банк шығару шарттарында аз мерзім көзделмеген болса он жұмыс күні ішінде төлем жасайды.

14. Банк таратылған жағдайда таратылатын банктің банктік депозиттік сертификаттың нақты құнын және ол бойынша сыйақыны төлеe Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


3-тарау. Қорытынды ережелер


15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.

Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница