Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған




НазваниеҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған
страница2/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.densaulyk.kostanay.gov.kz/files/2634/file1.doc
1   2   3   4   5

 

 

2. Кіріспе

 

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.

Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-га дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.

Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.

Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.

Мәселен, 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.

Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша - 1911, яғни 27 %-ға өскен.

Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың кешенін әзірлеу мақсатында осы Бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 866 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылады.

Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуға кедергі жасайды, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді.

1998 - 2010 жылдар кезеңінде қабылданған заңнамалық актілерді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларын талдау оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды әлеуеттің негізі қаланғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар іске асырылғанын көрсетеді.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін ең тиімді болып танылған заңнамалық база қалыптастырылды.

Әкімшілік кедергілер төмендетіліл, лицензияланатын қызмет түрлері мен рұқсаттар саны 3 есе азайтылды.

Тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау, жеңілдіктер және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты орналастыру түріндегі азаматтық қоғам институтын дамытуды белсенді мемлекеттік қолдау халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенділігін арттыруға әкелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, атап айтқанда заң шығару қызметіне табысты қатысатын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жұмысын жандандыру оң әсерін тигізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды.

Мәселен, 1998 - 1999 жылдар кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді құралы болған және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік сапасын белгілейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы қабылданды.

Атап айтқанда, мыналарды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңдері болды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол арқылы сотталған адамның қылмыстық жолмен алынған және басқа адамдардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу енгізілген;

мыналарға:

сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл санкциясын арттыру және мүлкін тәркілеуді енгізу жолымен лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге;

мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге;

азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар белгілеуге;

«корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа» қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық базасын жетілдірудің жүйелі және кешенді тәсілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша халықаралық қоғамдастықтың мемлекетті бағалауын жақсартуда өз бейнесін тапты. «Транспаренси Интернэйшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан 178 елдің ішінде 2010 жылы 105 орынды иеленсе, 2009 жылы 120-орынды, 2008 жылы 145-орынды иеленген.

Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының қызметін жандандыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау құрамының сапасы артты. Жауапкершілікке тартылатын сыбайлас жемқорлардың ішінде мемлекеттік билік органдарының басқарушы буынының өкілдері жиі кездеседі.

Алайда, құқық қорғау органдары қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қарамастан, олар айтарлықтай нәтиже бермей отыр.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ауқымы, оның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне жағымсыз әсері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың дәйекті жалғасын талап етеді.

Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары мен құрылыс, кеден және салық саласы қазіргі уақытта неғұрлым сыбайлас жемқорлық салалары болып табылады, онда соңғы жылдары келтірілген зиянның едәуір өсуі байқалады.

Егер 2005 жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген зиян сомасы 379 миллион теңгені ғана құраса, 2010 жылы осы көрсеткіш 6,8 миллиард теңгеге дейін өскен.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерін болдыртпау мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен заңнамаға:

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың жоғары қауіпі бар лауазымдар тізбесін анықтау үшін негіздерді;

осы лауазымдарға түсу және қызмет өткеру үшін жоғарылатылған талаптарды;

көрсетілген лауазымдарды иеленуге үміткер тұлғалар үшін, олардың сыбайлас жемқорлықты сақтауына қатысты арнайы тексерістер қолдану мүмкіндігі туралы міндеттерді анықтауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр мемлекеттік орган өз веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етті, министрліктер мен ведомстволардың басшылары үкіметтік порталда ел халқымен сұхбаттарды жүзеге асыратын жеке блогтарын құрды.

Барлық мемлекеттік органдар ведомстволық бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарларды қабылдауда, оларда әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар белгіленген.

Атап айтқанда, салық органдары Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық салаларының тізімін және олардың сыбайлас жемқорлық көріністерін жою жөніндегі іс-шараларын, Салық қызметі органдары қызметкерінің кәсіптік этика кодексін, Салық төлеушінің хартиясын бекітті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында барлық облыстарда, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламалары мен олардың іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары қабылданды. Қабылданған бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпарат Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.

Мемлекеттің Интернет-ресурс арқылы халықпен толыққанды кері байланысын құруға мүмкіндік беретін «электрондық үкіметті» енгізу іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң рөл атқарады.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік қызметтер ұсынудың нақты стандарттары енгізілуде, бұл мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын жақсартуға, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғарғы Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығы, Америка Құрама Штаттарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (ЮСАИД), Германия техникалық ынтымақтастық қоғамы (ГТЦ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы (БҰҰ ҚЖКБ), «Адам құқықтары үшін хартия», «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорлары және басқалар сияқты халықаралық және қоғамдық ұйымдармен азаматтардың сот әділдігіне, сот үдерісінің айқындығына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобаларды іске асыра отырып, ынтымақтастық жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеует болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері бар, талдауға сәйкес оларға мыналар жатады:

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базаның болуы

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі

1. Халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі

2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктері

Қауіптері

1. Халық тұрмысының жоғары деңгейі

2. Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру

3. Инвестициялық ахуалды жақсарту

4. Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру

5. Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту

1. «Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы

2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі

3. Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебінен өсуі

4. Экономикалық тиімділіктің төмендеуі

5. Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің артуы

6. Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconӘйтеке би ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р президентінің 26 желтоқсан 2014 жылғы №986 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және
...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Төрағалық етті: Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған icon8. Шығыс қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Шығыс қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 30. 12. 2014 ж., №254 (28477); "Казахстанская правда" от 30. 12. 2014 г., №254 (27875)
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған iconБұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы ереже
Ары (бұдан әрі – бақ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница