Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері




НазваниеЖоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
страница2/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-БҰҰ-оригинал.doc
1   2   3   4

Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға мысал ретінде «Африка бірлігі ұйымын» (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде ұйым жиындарына қатысады.

ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдындағы басты мақсат. Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше. 50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет. Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда [4; 298-301].


Біріккен Ұлттар Ұйымының гербі



БҰҰ –ның қызметі. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 190-нан астам мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып табылады.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады. «Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

Алайда, 1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.

Бұл мақсат еліміздің аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің дамуын көздейтін ұйымдарға мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы, Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымына 191 мемлекет мүше: АҚШ; Жапония, Ресей, Франция, ҚХР, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Алжир, Ангола, Андорра, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Ағаныстан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Белорусь, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Бруней-Даруссалим, Буркина-Фасо, Бурунди, Бутан, Вантуату, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Габон,Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау,Германия, Гондурас, Гренада, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камбоджа,Камерун, Комор аралдары, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық Демократиялық Республикасы, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия Араб Джамахириясы, Литва, Македония, Малави, Малайзия, Мали, Мальдивия аралдары, Мальта, Марокко, Маршал аралдары, Мексика, Микронезия Құрама Штататтары, Мозамбик, Молдова Ресйпубликасы, Монако, Монғолия, Мьянма, Номибия, Непал, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Палау, Панама, Папуа- Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Руана, Румыния, Сальвадор, Самос, Сан-Марино, Сан-Томе, Суринам, Сьерра-Леоне, Сербия және Черногория, Тәжікстан, Таиланд, Тимор Лешти, Танзания Біріккен Республикасы, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тували, Тунис, Түркменстан, Туркия, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Финляндия, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чехия Республикасы, Чили, Швейция, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Югославия, Оңтсүтік Африка Республикасы, Ямайка [5; 21].

БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б. ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы статусына ие еді.

БҰҰ-ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.

БҰҰ-ның құрылымы.

  1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 2/3 басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:

    • Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты комитеті;

    • Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;

    • Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне байланысты комитеті;

    • Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;

    • Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;

    • Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.

  1. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін «Бас Ассамлеяға» ұсыныс жасайды. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел «Бас Ассамблея» тарапынан екі жылға ағылшын алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) шешім қабылданбайды.

Биполярлық (екі полюсті) жүйе терминологиясы халықаралық қатынастар лексиконында 1945-1991 жылдары аралығында НАТО мен Варшава пактіне мүше елдері арасындағы суық соғысты (қырғи-қабақ соғыс) қамтитын дәуірге қолданылады. КСРО ыдырап, «Варшава пакті» өз күшін жоюына байланысты халықаралық деңгейде 1991 жылдан бері АҚШ-тың бастамасымен көп полярлы (көп полюсті) ғаламдық тәртіп орнатылды.

Кеңестің басты комитетері:

  • әскери штабтық комитеті;

  • жаңа мүшелер қабылдау жөнінде комитеті;

  • сарапшылар комитеті;

  • Намибия жөнінде арнайы комитеті.

Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады /8/.

Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер қатарына қосылуды тілге тиек етуде.

Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19 пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.

Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.

3.Бас хатшы және хатшылық.:ұйымының атқарушы органы міндетін жүзеге асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша «Бас Ассамблея» тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын «Бас хатшы»басшылық етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері

Бас хатшылар Басқарған жылдары

Т. Ли 1946-1952 жылдар аралығы


Д. Хаммаршельд 1953-1961 жылдар аралығы


У. Тан 1962-1971 жылдар аралығы


К. Вальдхайм 1972-1981 жылдар аралығы


Х. Перес де Куэльяр 1982-1991 жылдар аралығы


Б. Бутрос Гали 1992-1996 жылдар аралығы


Кофи Аннан 1997-2007 жылдар аралығы


Пан Ги Мун 2007 жылдан бері


Пан Ги Мун



Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі саладағы қызметі туралы Бас Ассамблеяда баяндама жасау болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері

Бас хатшылар

Мемлекеті

Жылдары

Т. Ли

Норвегия

1946-1952

Д. Хаммаршельд

Швейция

1953-1961

У. Тан

Бирма

1962-1971

К. Вальдхайм

Австрия

1972-1981

Х. Перес

де Куэльяр

Перу

1982-1991

Б. Бутрос Гали

Египет

1992-1996

Кофи Аннан

Гана

1997-2007

Пан Ги Мун

Оңтүстік Корея

2007 жылдан бері


4.Халықаралық сот: басты міндеті мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешу және БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығару болып табылады.

Штаб пәтері: Гаагада орналасқан [6; 16].

5.Экономикалық және әлеуметтік кеңесі: мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.

Экономикалық және әлеуметтік кеңеске мүше елдер тізімі

Аймақтары

Мемлекеттер

Африка

Бенин, Гвинея, Конго Демократиялық Республика-

сы, Кения, Конго, Маврикий, Мозамбик, Намибия,

Нигерия, Танзания Біріккен Республика-

сы Сенегал,Тунис,Чад, Оңтүстік Африка

Азия

Бангладеш, Үндістан, Индонезия, ҚХР, Малайзия,

Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Корея Республика-сы,Сауд Арабиясы, Таиланд, Жапония

Шығыс Еуропа

Әзірбайжан, Албания, Армения, Литва, Польша,

Ресей Федерациясы

Латын Америкасы және Кариб жағалауы

Белиз, Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мекси-

ка, Никарагуа, Панама, Эквадор, Ямайка

Батыс Еуропа жә-не қалған аймақтағы елдер

Австралия, Бельгия, Германия, Грекия, Дания, Ирлан-

дия, Исландия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Солтүс-

тік Ирландия, АҚШ, Түркия, Франция


Жоғарыдағы елдердің ішінде мүшелік мерзімдері 31 желтоқсан 2005 жылы аяқталатын елдер де бар. Осыған орай «Экономикалық және әлеуметтік кеңеске» жаңа мүшелерді сайлау үшін 17 қазан 2005 жылы Бас Ассамблеяның кезекті жиыны өтті. Бұл жиында мүше елдердің 2/3 дауысымен мына мемлекеттер 1 қаңтар 2006 жылдан бастап «Экономикалық және әлеуметтік кеңесте» өз қызметтеріне кіріседі: Франция, Жапония, Туркия, Испания,Ангола, Австрия, Бенин, Куба, Чехия, Германия, Гвинея-Бисау, Гайана, Гаити, Мадагаскар, Мавритания, Парагвай, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка.

Кеңестің тұрақты комитеттері:

  • Үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комиттері;

  • Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитеттері;

  • Табиғат ресурстары жөніндегі комитеті;

  • Дамыту мақсаттарындағы ғылым мен техника жөніндегі үкіметаралық комитеті.

6.Қамқорлық жөніндегі кеңес: БҰҰ жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындарының экономика-лық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес.

Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді /10/.

Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Қазір Жер бетінде 6 млрд-тан астам адам өмір сүруде. 2025 жылға дейін адам саны 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін. Көптеген зерттеушілердің пікірінше біздің ғаламшарымыз күнделікті 10 млрд адамды тамақтандыра алады екен. Бірақ қазір 6 млрд адамның 1 млрд-тан астамы аштықпен өмір сүруде.Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты қоныстандыру тұрғысында іс-қимылдың бүкіл дүниежүзілік жоспарын» қабылдады, оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады (1998 ж). Сонымен бірге БҰҰ «Отбасыны жоспарлау бағдарламасын» (1995 ж) халықтың өсуіне ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан бағаланды. Бірақ бір ғана демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен жалғасын табу тиіс [7; 735-761].

Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады [8; 170-200].

Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери белсенділік аренасы ретінде паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан да теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған «Теңіздер Хартиясы» деп аталатын БҰҰ Конвенциясының өте зор маңызы бар. Конвенция бойынша жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық ресурстарын пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады.

Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ.

Кедейшілікке қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген дамушы елдердің кедейшілік жағдайы аса ірі жалпы адамзатық, жалпы дүниежүзі-лік мәселеге айналды. Сонау 1974 жылдан бастап БҰҰ дүние жүзінде бірде бір адам аш қалпында ұйқыға жатпауын ескерген бағдарлама қабылдады (күн сайын жер бетінде 1 млрд адам аштықта өмір сүруде) [7. 356-415].

Міне, сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу әлі де өте- мөте өзекті міндет болып отыр.Оны шешудің басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар жүргізуде,ғылыми- техникалық прогрессті халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ [9. 38].

Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80 жылдардың ортасында пайда болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конференциясынан (1992 жылы) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның пайдалануына кеңінен енді. Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды тұрақты дамуға бағдарлайтын Заңдар қабылдады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше бола бастады (Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүшелікке қабылданды). Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы біз өз еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігімізді саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздейміз. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр [10; 9-10].

1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері

БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:

  1. Дүниежүзілік метеорология ұйымы.

  2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

  3. Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы

  4. Дүниежүзілік почта одағы

  5. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.

  6. Халықаралық даму ассоциациясы.

  7. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

  8. Халықаралық валюта ұйымы.

  9. Халықаралық теңіз ұйымы

  10. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

  11. Халықаралық еңбек ұйымы

  12. Электр байланысы одағы

  13. Халықаралық қаржы корпорациясы

  14. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.

  15. БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.

  16. БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.

  17. БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

  18. БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

(ЮНЕСКО: организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры)

ЮНЕСКО Лондон конференциясында 6 қараша 1945 жылы құрылды. Ал ұйымның жарғысы 4 қараша 1946 жылы өз күшіне енді. 1946 жылы желтоқсан айында ЮНЕСКО БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекеме статусына иеленді. ЮНЕСКО-ға БҰҰ-на мүше елдердің барлығы енеді [11; 280-300].

Басты мақсаты:

-дүниежүзіндегі өркениеттер мен мәдениеттер арасында ашық диалогы қамтамасыз ету;

-дүниежүзінде интелликтуалды және моральдық қасиетті күшейтуге өз үлесін қосу;

-дүниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет саласы бойынша ынтымақтастыққа қолдау болып табылады.

Штаб пәтері Парижде (Франция) орналасқан.

Басты органдары:

  1. Бас конференция: екі жылда бір жиналады. Бұл жиынға мүше елдерден басқа, көптеген халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ассоциацияланған елдер де қатысады. Конференцияда ұйымның негізгі бағыттары мен саясаты айқындалып, ұйымның бюджеті және жоспарлары бекітіледі. Бұған қоса Бас конференцияда «Бас директор» мен «Атқарушы кеңесінің» мүшелері сайланады.

  2. Атқарушы кеңесі: Бас конференцияда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Атқарушы кеңестің жиындары жылына екі рет болады. Кеңестің 58 мүшесі географиялық және мәдени ерекшелігіне сай «Бас конференция» тарапынан сайланады.

  3. Хатшылық: Бас конференцияда қабылданған бағдарламалардың және шешімдердің орындалуын қадағалайды. Хатшылықты алты жылға сайланатын Бас директор басқарады. 1999 жылдан бастап Бас директорлық қызметін Контиро Мацура (Жапония) атқаруда. ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов[12;52-60].

Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы

(ЮНКТАД: Конференция ООН по торговле и развитию)

БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы 1964 жылы Бас Ассамблеяның жоғары органы ретінде құралған. Ассоциацияланған ел дегеніміз, автономды статусына ие және сыртқы қатынастарында протекторатты елге тәуелді деген мағынаны білдіреді. Конференцияға БҰҰ-на мүше мемлекеттердің басым көпшілігі қатысады.

ЮНКТАД-тың басты мақсаты:

  • Дамушы елдердің экономикалық тұрғыдан аяққа тұруына үлесін қосу үшін халықаралық сауданы дамыту;

  • Дамыған және дамушы елдердің өзара үкіметаралық ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу;

  • Мүше мемлекеттерде азаматтық қоғам мен демократиялық институттардың дамуына ықыласты рай туғызу;

  • Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында қомақты диалогты қамтамасыз ету.

Штаб пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан.

Басты органдары:

  1. Жоғары деңгейдегі конференция.

  2. Сауда және даму кеңесі, қаржы жобалары мен орта мерзімді жобаларды жүзеге асырушы жұмысшы тобы мен ЮНКТАД халықаралық сауда орталығының істеріне қатысты кеңесшілдік тобы.

  3. Тұрақты комитеттері мен уақытша құрылған жұмысшы топтары.

  4. Хатшылық

  5. Халықаралық инвестиция мен трансұлттық корпорация-ларға арналған комиссиясы.

  6. Даму мақсатындағы ғылым мен техника бағытталған комиссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы

(ООН/ЕЭК: Европейская экономическая комиссия ООН)

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ/ЕЭК) «Экономика-лық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) тарапынан 1947 жылы құрылған. 1951 жылы болса «Еуропалық экономикалық комиссиясы» БҰҰ-ның тұрақты органы статусына иеленді.

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Белорусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцоговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Молдава Республикасы, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Тәжікстан, Түркменстан, Туркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейция, Швейцария, Эстония, Югославия.

Басты мақсаты:

  • Мүше мемлекеттердің өзара және басқа да елдермен экономикалық қатынастарды күшейтіп дамытуына жәрдемдесу;

  • Тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға ықыласты рай туғызу;

  • Үкіметаралық ынтымақтастықты нығайту;

  • Мүше мемлекеттерді экономикалық, техникалық және статистикалық жобаларға қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету болып табылады.

Штаб пәтері: Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының құрылымы:

  1. Комиссияның тұрақты комитеті.

  2. Хатшылық

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия-Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы

(ООН/ЭСКАТО: Экономическая и социальная комиссия ООН по Азии и Тихому океану)

Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы «Экономикалық және әлеуметтік кеңесі» (ЭКОСОС) тарапынан 1974 жылы құрылған. 49 мемлекет пен 10 ассоциацияланған елдер мүше болып табылады [13; 7].

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Австрия, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Бруней, Бутан, Вануату, Ұлыбритания, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Қырғызстан, ҚХР, Кирибати, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Лаос, Малайзия, Мальдивия аралдары, Маршалл аралдары, Монғолия, Мьянма, Науру, Непал, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Пәкістан,Папуа-Жаңа Гвинея, Горея Республикасы, Самоа, Сингапур, Солосон аралдары, Микронезия Құрама Штаттары, Тәжікстан, таиланд, Тонго, Тувалу, Түркменстан, Өзбекстан, Фиджи, Филиппин, Шри-Ланка.

Ассоциацияланған елдер: Солтүстік Маршалл аралдары, Кука аралдары, Франциялық Полинезия, Гуам, Манау, Жаңа Каледония, Ниуэй, палау, Америкалық Самоа.

ЭСКАТО-ның басты мақсаты:

Азия-Тынық мұхит аймағында әлеуметтік прогресс пен экономикалық дамуды жүзеге асыру.

Штаб пәтері Таиланд Бангкок қаласында орналасқан.

Басты органдары:

1.Хатшылық

2. Жоғары басшылық конференциясы [14; 136-140].

Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы

(ООН/ЭСКЗА: Экономическая и социальная комиссия ООН по Западной Азии)

БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ЭКОСОС тарапынан 1973 жылы «Батыс Азия елдеріне арналған экономикалық комиссиясының» мирасқоры ретінде құрылды.

Комиссияға 13 мемлекет мүше: Бахрейн, Египет, Ирак, Иордания, Палестина, Катар, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия Араб Республикасы [15; 663-680].

Басты мақсаты:

-Мүше мемлекеттерге Батыс Азияда экономикалық интеграция мен ынтымақтастықты ұлғайту және дамыту үшін саяси кеңес беру;

-Батыс Азияның дамуын көздейтін аймақтық және халықаралық ұйымдармен қатынастарды күшейту.

Штаб пәтері Иорданияның Амман қаласында орналасқан.

Басты органдары:

  1. Хатшылық.

  2. Даму мақсатын көздейтін білім және техника, транспорт және байланыс, табиғи байлықтар, демография және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саларына бағытталған бөлімшелері.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Латын Америкасы мен кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссиясы

(ООн/ЭКЛАК: Экономическая комиссия ООН по Латинской Америке и Карибскому бассейну)

БҰҰ-ның Латын америкасы мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссия ЭКОСОС тарапынан 1948 жылы құрылды [16; 478-480].

Мүше мемлекеттер: АҚШ, Франция,Ұлыбритания, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гонду-рас, Гренада, Доминика, Диминикан Республикасы, Испания, Италия, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Нидерланды, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Португалия, Сальвадор, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Кист және Невис, Сент-Люсия, Суринам, Тринидад және Тобаго, Урагвай, Чили, Эквадор, Ямайка.

Ассоциацияланған елдер: Британдық Виржин аралдары, Виржиниялық аралы, Монтсерра, Нидерландық Антиль аралы, Аруба аралы, Пуэрто-Рико.

Басты мақсаты:

-Латын Америкасы мен кариб жағалауындағы елдердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

-мүше мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтас-тықты нығайту;

-аймақтың дамуына арналған экономикалық және техникалық зерттеулер жүргізу;

-мүше мемлекеттердің ғаламдық деңгейде экономикалық мүддесін қорғау.

Штаб пәтері Чилидің Сантьяго қаласында орналасқан [17; 432].

Басты органдары:

1. Жылына екі рет жиналатын тұрақты комиссиясы.

2.Сан-алуан салада қызмет атқаратын комитеттері

БҰҰ-ның Латын Америкасы мен Кариб жағалауындағы елдерге арналған экономикалық комиссиясы жыл сайын әр түрлі анықтамаларды жарыққа шығаруда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Африка елдеріне арналған экономикалық комиссиясы

(ООн/ЭКА: Экономическая комиссия ООН по Африке)

БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған экономикалық комиссия 1958 жылы құрылды. Қазіргі таңда ұйымға 53 мемлекет мүше.

Мүше мемлекеттер: Алжир, Ангола, Бенин, Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Джибути, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Кабо-Верде, Камерун, Кения, Комор аралдары, Конго, Кот-д Ивуар, Лесото, Либерия, Ливия, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Мали, Мароко, Мозамбик, Намибия, Нигер, Нигерия, Руанада, Сан-Томе және Принсипи, Свазиленд, Сейшель аралдары, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Танзания, Того, Тунис, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваториалдық Гвинея, Эритра, Эфиопия, Оңтсүтік Африка Республикасы [18; 359-360].

Басты мақсаты:

  • Африка аймағында экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асыру;

  • Мүше елдер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту;

  • Экономикалық даму бағытында Африка елдеріне қаржылай көмектесу.

Штаб пәтері Эфиопияның Аддис-Абеба қаласында орналасқан.

Басты органдары:

1.Министрлер конференциясы-ұйымның ең жоғары органы болып табылады. Жылына бір рет Аддис-Абебада өз жиынын өткізеді. Бұл конференцияда жалпы ұйымға қатысты барлық іс-шаралар жан-жақты талқыланып, мүше елдерге ұсыныстық ұйғарым шығарылады.

2.Хатшылық-«Бас хатшы» басқаратын хатшылық ұйымның күндік қызметтерін атқарады. Хатшылық құрамында «Африка әйелдеріне қатысты ғылыми зерттеу институты», «Ұйымның саясаты мен бағдарламаларын үйлестіретін бөлімше», «Техникалық ынтымақтастықты үйлестіруші институт» сияқты органдар өз қызметін атқарып келеді.

3.Бағдарламаларды жасақтайтын және оны жүзеге асыратын көп ұлтты орталықтар: бұл орталықтардың басты мақсаты, Африка аймағындағы елдерді бірікетіретін экономикалық қоғамдастық ұйымын құруға ықыласты рай туғызу болып табылады. Орталықтардың бөлімшелері Яундада (Камерун), Лусакада (Мозамбик), Танжерде (Марокко) және Ниамада (Нигерия) орналасқан [19; 36].

Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы

(ЮНИДО: ООН по промышленному развитию)

ЮНИДО Бас Ассамблея тарапынан 1967 жылы құрылды. 1985 жылдан бері БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі сатусына ие.

166 мемлекет мүше болған.

Басты мақсаты:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде өнеркәсіптік даму бағытындағы саясатты үйлестіру;

  • Ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде өнеркәсіптік даму мен ынтымақтастық салаларында мүше мемлекеттер арасында қатынастарды нығайту [20; 192-205].

Штаб пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан.

Басты органдары:

  1. Жоғары басшылар конференциясы.

  2. Өнеркәсіптік даму кеңесі.

  3. Хатшылық және Бас директоры.

  4. Жергілікті жерлердегі ЮНИДО бөлімшелері.

  5. Бюджеттік және жоспарлау комитеті.

  6. Техникалық комитеті.

1   2   3   4

Похожие:

Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconI-тарау. ҚАзақстан республикасының Ұлттық банкінің Қалыптасуы, маңызы мен қызметтері
Кіріспе
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері icon1 тарау. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі шектері мен ерекшеліктері
Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconКіріспе І –Тарау. М. Тынышбаевтың өскен ортасы және қоғамдық көзқарасының қалыптасуы
Тарау. М. Тынышбаевтың өскен ортасы және қоғамдық көзқарасының қалыптасуы
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconЖоспар Кіріспе І тарау. Шыңжаңда қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі Қхр -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас...
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconІ тарау. Ұлттық бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері
Кіріспе
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconІ бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары
Кіріспе
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconДиплом жұмысы Мемлекеттік Аттестациялық Комиссиясының алдына қорғауға жіберілді «Е,А және ҚНИ»
Кіріспе
Жоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері iconЖоспар Кіріспе і-тарау. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның дтұ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница