20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества




Название20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества
страница9/46
Дата конвертации15.02.2016
Размер6.24 Mb.
ТипСборник статей
источникhttp://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/1819/20-let.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

Список литературы:

1. Буянов М.И. «Ребенок из неблагополучной семьи». - М., Просвещение, 2000. 207 с.

2. Домова А.И. «Социально-психологические аспекты преступности несовершеннолетних». - М., Юридическая литература, 2000. 160 стр.

3. Игошев К.Е. «Психология преступных проявлений среди молодежи». - М, 2000. 238 с.

4. «Криминологические проблемы профилактики правонарушений молодежи». - Киев, 2001. 208 с.

5. «Криминологические и уголовно-правовые идеи борьбы с преступностью». - М., 2001. 284 с.

6. «Криминология», Кудрявцев В.Н., Эминов В.Е.,- М.,2001 г. 512 стр.

7. Лейкина Н. С. «Личность преступника и уголовная ответственность». - М., 2002. 128 с.

8. Криминология: Учебник / Под ред. проф. А.И. Долговой. - М., 2004. 566 с.

9. Башкатов И.Л. «Психология групп несовершеннолетних правонарушителей». - М.,1993. 198 с.

10. Мельникова Э.Б. «Как уберечь подростка от конфликта с законом». - М.: Изд-во БЕК, 1998. 211 с.

11. Прозументов Л.М. «Групповая преступность несовершеннолетних и ее предупреждение». - Томск: Изд-во Томского ун-та, 1993. 152 с.

12. Уголовный кодекс Республики Казахстан от 1997. 97 с.

13. Интернет источники- newzz.kz, www.mvd.kz.


Замерова А., студентка 2 курса Евразийского национального

университета имени Л.Н. Гумилева

Научный руководитель: Акылбекова Г.Б., к.ю.н., старший преподаватель


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ

САУДАСЫ МӘСЕЛЕСІ


В этой статье предложены причины возникновения, правовое регулирование, предупреждение и методы борьбы с торговлей людьми в Республике Казахстан. Явно определено соотношение международного и национального законодательства в сфере урегулирования проблем борьбы с человеческим трафиком и его механизмы на государственном уровне.


In this article reasons of the occurrence, legal regulation, the prevention and measures of struggle against a human trafic in the Republic Kazakhstan are offered. The parity of the international and national legislation in sphere of settlement of problems of struggle against the human traffic and its mechanisms at the state level is obviously defined.


Елбасымыз тәуелсіздіктің 20 жылдығында заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастыру - еліміздің басты мақсаттарының бірі екендігін атап көрсетті. Солардың ішінде Қазақстан халқының еркін білдіріп, «Адам құқықтарының жалпы декларациясында» және т.б. халықаралық құқықтың нормаларында қабылданған адамның бостандықтары мен құқықтары басымдықтарын мойындап, бірінші орынға қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сонымен қатар, еліміздегі 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы - мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты. Бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының біріне «азаматтар өз конституциялық құқықтарының орындалуын талап етуі үшін ұсынылған жаңалықтарды халық арасында насихаттау» жатады, яғни әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады және мемлекет оның кепілі болу қажет. Алайда, бүгінгі қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Осындай адам құқықтары бұзылуының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы. Адам саудасы - әрбір адамның заңмен бекітілген жеке құқығын ескерместен, оларға зорлық-зомбылық көрсету, азапты, қиын жұмыстарға еріксіз салу, адамдық бостандығын аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, тұлғалардың, яғни оңай табыс табу жолын көздеу арқылы, адамдарды пайда табудың көзіне айналдыру сияқты теріс сипат. Америка ғалымдары С. Стокер мен Луиза Шелль «адам саудасы» мәселесін дүние жүзіндегі глобальді заңсыз экономиканың көп бөлігін құраған ұлтаралық қылмыс феномені ретінде қарастырады.[1]

Бүгінгі таңда, сарапшылардың пайымдауынша, ұйымдасқан қыл­мыс саласында ХХІ ғасырдың өзекті мәселесіне айналған адам саудасы есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейін 3-ші орынға ие. Көбінесе адам саудасына ұшырайтындар әйелдер мен кәмелетке толмағандар. Жыл сайын әлемде 700 мыңнан 5 миллионға дейін ерлер, әйелдер мен балалар адам саудасының құрбандары болып, ықтиярсыз құлдықта ұсталады. Оның 1,2 миллионы – балалар.[2]

Осындай қоғам қасіреті біздің елімізде де кең етек жайған. Қазақстан көлеміне қарай дүние жүзі елдері ішінен тоғызыншы орында және мәжбүрлі түрде жұмыс күшіне айналғандар мен жезөкшелікке жегілген адамдарды әкелетін, тасымалдайтын және «аралық көпір» қызметін атқаратын елге айналып отыр. Қазақстандық әйелдер мен балалар Қазақстанның ішінде де саудаға салынады, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресей, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грекия және Израильге жөнелтеді. Сол секілді Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина әйелдері мен жас қыздары Қазақстанда күштеп жезөкшелікке жегіледі.[3]

Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне қарағанда, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, соған байланысты жұмыс іздеушілер де, оларды жұмысқа тарту да біздің елімізде көп орын алуда. Міне, осының нәтижесінде жұмыс іздеп келушілерді алдау-арбау, еліктіру, сату сияқты өрескел құқықбұзушылықтардың құрбаны болуда. Сонымен қатар, ел ішіндегі келеңсіз жағдайлар көптеп байқалуда. Мысалы, ауылдық жердегі балалар мен әйелдерді қалаларға мәжбүрлі еңбекпен, жезөкшелікпен немесе күштеп басқа да жұмыстарға тартылуы, құлдыққа сатылуы жөнінде де мәліметтер кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 2006 жылы адам саудасымен айналысқаны үшін тек 1 адам ғана қылмыстық жазаға тартылды. 2008 жылы ішкі істер органдары адам саудасына қатысты 20 фак­тіні анықтады, соның ішінде 5 кәмелетке толмаған жастар болды. Экс­плуатациялау мақсатында адамдарды ұрлау бойынша 4 іс қозғалды, ал жезөкшелікпен айналысу бойынша 11 іс қаралып, 226 жезөкшелікке адамдарды еліктіру және сондай істерді ұйымдастырған притондар ұсталынды. 2009 жылы адам саудасымен айналысқан 24 адам сотталды (2008 жылғы санмен бірдей). Олардың ішінде 21 адам жезөкшелікке жегу мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2008 жылғы 18 адамға қарағанда ұлғайған), ал 3 адам мәжбүрлі түрде жұмыс күшіне айналдыру мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2008 жылғы 6 адамға қарағанда төмендеген). Тек бір айыпталушы шартты жазаға кесілді және түрмеде жазасын өтеуден босатылды. Жезөкшелікке жегу үшін 11 адам 5.5-10 жылға, және 9 айыпталушы - 2-5 жыл мерзімге, жұмыс күшіне айналдыру үшін 3 айыпталушы 5-7 жылғы мерзімге бас бостандығынан айрылды.[4]

Қазіргі таңда бұл мәселенің көрініс табуы халықаралық қылмыспен, оның ұйымдасқан нысандарымен тығыз байланысты, соған орай құқық қорғау органдарынан, сонымен қоса азаматтық қоғамнан жалпы көңіл бөлуді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адам саудасына қатыс­ты қылмысты зерттеумен, анықтаумен айналысатын мақсатқа бағыт­талған шараны жүзеге асырумен айналысады және елімізде күресу бойынша арнайы механизмдер құрылған:

− адам саудасын заңсыз сыртқа шығару, сатумен күресу сұрақтарымен айналысатын ведомствоаралық комиссия құрылды;

− сондай істерге жауапты мемлекеттік органды бекітті, ол- Әділет Министрлігі;

− ІІМ криминал полициясының Комитетінің, сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында, облыстық аймақтарда бұл саладағы қыл­мысты анықтауды, зерттеуді іске асырумен үздіксіз айналысатын, адам саудасымен күресетін арнайы бөлімшелер құрылған.

Адам саудасының мәселесімен күресу жолы, ең алдымен, мықты ұйымдастырылған заңдық жүйесіз іске аспайды. Соған орай, еліміз
бірқатар халықаралық нормаларды ратификациялаған болатын. 2008 жылдың 5-ақпанында Қазақстан Республикасының ІІМ әзірлеген Қазақстан Республикасының №19-IV «1953 жылғы 25- қыркүйекте бекітілген құлдыққа қарсы Конвенцияны ратификациялау туралы Конвенцияны және 1956 жылғы 7-қыркүйектегі құлдыққа ұқсас, дәстүр, институттар, құл сату, құлдық рәсімдер туралы Қосымша Конвенцияны, 1926 жылы 25-қыркүйектегі құлдық туралы Конвенцияға өзгерістер енгізу Хаттамасына қол қойды». Сонымен қатар Қазақстан Республикасының №40-IV «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Біріккен ұлттық ұйымдардың Конвенци­ясын ратификациялау туралы» Заң іске қосылды. 2008 жылдың 4-маусымында Қазақстан Республикасының ІІМ трансұлтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Біріккен ұлттық ұйымдардың Конвенциясын толықтыратын, хаттамаларды ратификациялау туралы Заңы әзірледі. Оларға:

−«адам саудасын ескерту және өту жолдары, әсіресе әйелдер мен ба­лаларды еліктіру, оларды жазалауды болдырмау туралы Хаттама»; − «құрғақта, теңізде, ауада мигранттарды заңсыз сыртқа шығармауға қарсы Хаттама»; − «заңсыз қару - жарақтарды шығаруға және оның құрамдас бөліктерін жасауға тыйым салу Хаттамалар».[5]

Қылмыстық кодексте адамдар трафигі мен оған ілеспелі қылмыстарға қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 113-бапта: «Транспланттау немесе адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу», 125-бап 3-бөлімінің «б» тармағында: «Жыныстық немесе өзге пайдалану мақсатында жасалған адамды ұрлау», 126-бап 3-бөлімінің «б» тармағы «Жыныстық немесе өзге пайдалану мақсатында жасалған бас бостандығынан заңсыз айыру», 128-бап бойынша: «Адамды саудаға салу», 133-бапта көзделген: «Кәмелетке толмағандарды саудаға салу», 270-бапта: «Жезөкшелiкпен айналысуға тарту», 271-бапта: «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық жасау» заңбұзушылықтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алайда, Қазақстан үкіметімен жүргізіліп отырған шаралар, жұмыстарға қарамастан, еліміз адам саудасы мәселесін реттеу әлі де толық нәтижеге жетпей отыр және осы мәселенің көлемі де күннен күнге артып, жалғасын табуда. Бұндай құбылыстардың кеңінен таралуына бірнеше себептер ықпал етеді: халықтың сауатсыздығы, адамдардың қоғамдағы бұл мәселеден бейхабарлығы немесе көптеген жағдайда аңқаулығы, шет елдерде табысы жоғары жұмысқа орналасу, білім алу үшін шақырылған жұмыстар мен ұсыныстарға ықтиярсыз сеніп, алдануы. Бұдан келе тағы да бір себеп туындайды, бұл әлеуметтік жағдайлары төмен, қандай да еңбекке дайын адамдардың осындай іске жолығуы, яғни халық арасындағы кедейшіліктің болуы. Мысалы, зерттеулердің көрсетуінше, келесі топтағы балалар адам саудасы­ның құрбаны болып жатады:

− жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар;

− жетім балалар, көше балалары;

− мигрант балалар;

− білімі төмен отбасылардан шыққан балалар;

− мүгедек балалар;

− үйішілік зомбылықтың кәмелетке толмаған жәбірленушілері;

− спиртті ішімдіктер, нашаны қолданатын балалар;

− заңмен қақтығыстағы кәмелетке толмаған балалар және бұрын соңды адам саудасының құрбандары.

Бұндай себептерді алдын алу мен туындауына жол бермеу- жүргізілетін шаралардың негізгісі. Біріншіден, мемлекет тарапынан халықтың арасындағы хабардарлықты тиімді жоғарылатуды жүргізу үшін халыққа арналған ақпараттық бағдарламаларды талдау қажет және осы аталған мәселенің негізгі стратегиясы мен жиі адам саудасының құрбаны болатын адамдар тобын ақпараттандыру жөнінде болашақ әрекеттердің жоспарларын әзірлеу.

Кәмелетке толмағандар арасындағы ақпараттық бағдарламалардың рөлі ерекше, себебі көбінесе алданып, сеніп қалушылардың көп үлесі кәмелетке толмағандарға тиесілі. Сондықтан, мектеп оқушылары мен студенттерге осы мәселеге қатысты озық тәжірибелерді тарата отырып, семи­нарлар, дәрістер, сабақтар өткізуді жиілету, және де халықты қамтама­сыз ету орталықтарында адам саудасы мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың нақ­ты мәліметтері көрсетілген есте сақтау қағаздары, ақпараттық бюлле­теньдер, басылымдар, плакаттар, буклеттер шығарылып, әзірленуі қа­жет, сонымен қатар шетелдегі жәбірленушілерге көмектесетін ұйымдар жайлы да ақпараттар таратылуы қажет, яғни халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл арада БАҚ арқылы ықпал ету шараларын да қарастырған жөн. Басқа мемлекетке қоныс аударайын деп отырған адамдарға ақпа­раттандыру жұмыстарын жасау қажет.

Қазақстандағы адам саудасы саласындағы жағдайды төмендететін факторлардың біріне миграциялық үрдістердің өсуі де әсерін тигізеді. Себебі, Қазақстанға жұмыс іздеп келушілердің арам ниетпен келуі немесе кей жағдайда өздерінің алданып, құлға айналып, мәжбүрлі еңбекке тартылу факторлары да кездеседі. Бұл үшін келушілер мен шет елге кетушілерді тексеруді күшейтіп, толық мәлімет жинайтын, оларды белгілі уақыт сайын қадағалап отыратын механизмдерін құру керек. Мысалғы, шетелге жұмысқа ор­наласу, болмаса қоныс аудару мүмкіндіктері жайлы, заңсыз және қауіпсіз миграция туралы мәліметтер беру, еңбек шарттарының заңдылығы, ту­ристік және некелік агенттіктердің заңдылығын дәлелдейтін ақпараттар берумен шектелмей, сонымен бірге виза алу талаптары және визаны алу процедурасы, елшілік қызметтердің, мигранттарға қызмет ететін ұйымдардың телефон нөмірлері мен мекен-жайларын беретін ақпараттар болып, осы мәліметтердің барлығы жеке орталықтардың ақпараттық мәлі­меттер базасында жинақталуы қажет.

Адамдарды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізілуі тиіс. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады.
Адам саудасы мәселесінің құрбандарын оңалту, олардың көзқарастарын өзгерту, қоғамға қайтадан кіріктіру шараларын дамытуда ерекше роль ойнайды. Себебі, бұндай адамдар басынан өткізген қайғылы жағдайлардан кейін өмірден түңіліп, өзінің бір бөлшегін жоғалтқандай сезінетіні анық.

Сонымен қатар адам саудасы туралы сөз қозғалғанда, бұл тек ішкі істер органдарының айналысатын жұмысы деген түсінік, ойлар қалыптасқан. Бұл мәселенің қазіргі кезде жаппай өріс алып бара жатқан құбылыс және қоғамның жалпы қасіреті, қоғам болып күресетін мәселе екеніне жақында ғана анық көз жеткізген секілдіміз. Халқының саны 15 миллионнан енді ғана асқан Қазақстан үшін әрбір адам мен оның өмірі баға жетпес байлық болуы тиіс емес пе? Ендеше, адам саудасының құрбандарын немесе әлемде жайлаған бұл мәселені аяқсыз қалдырмай, шараларды құр босқа жүргізбей, нақты бір нәтижеге жетуге ат салысуымыз қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С. Стокер, Луиза Шелль «Торговля людьми и транснациональная преступность в Евразийской и Американской перспективе» , М., 2002. 7 б.

  2. www.inform.kz

  3. АҚШ үкіметінің баяндамасы. 2010 жылғы адам саудасымен күрес жөніндегі есебінен.

  4. «Stop - трафик» оперативті алдын алу шарасының аясындағы «Адам саудасының құрбаны болма» акциясының нәтижелерінен.

  5. Адам саудасымен күресу: стратегиялық шұғыл істерді әзірлеу, әріптестікті нығайту, тәжірибе алмастыру. Алматы: “Дағдарыстық орталықтар Одағы“ ЗТБ, Алматы, 2009. 228б.



Мухамеджанова А., студентка 2 курса Евразийского национального

университета имени Л.Н. Гумилева

Научный руководитель: Меерманова Ж.Б., к.ю.н, доцент


ГУМАНИЗАЦИЯ УГОЛОВНОЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В СВЕТЕ КОНЦЕПЦИИ ПРАВОВОЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА ПЕРИОД С 2010-2020 ГГ.


Қылмыстық заңнаманы жетілдіру бағытталуы тиіс, біріншіден, әрекеттің гуманизациясына, криминализациясы (декриминализация), пенализациясы(депенализация). Гуманизация ең бірінші ауыр емес және орташа деңгейдегі қылмыс жасағандарға, сонымен бірге әлеуметтік әлсіз қоғам топтары – жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, қарттарға қатысты болуы тиіс. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатаң қылмыстық саясат қолдану қажет. Ал жазаны дараландыру принципін жүзеге асыру, қылмыстық жазалау шаралары бүкіл жазалау жүйесінің құрылымын көрсетеді.


The improvement of the criminal legislation should be directed, first of all, on a humanization, criminalization (decriminalization), penalization (depenalization) acts. The humanization should concern mainly those persons who have committed crimes of small and medium gravity for the first time, and also should concern socially vulnerable groups of the population – pregnant and single women having in charge the under-age children and people of old age. At the same time there is the necessity of carrying out the rigid criminal policy concerning persons who have committed felonies and gravest crimes. Realization of principles of an individualization of punishment and realization of economy of criminal reprisal measures reflect the structure of overall punishment system.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

Похожие:

20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconНазарбаева народу казахстана стратегия «Казахстан -2050» Новый политический курс состоявшегося государства содержание
Состоявшийся Казахстан – испытание кризисом нашей государственности, национальной экономики, гражданского общества, общественного...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconДемократия как основа гражданского общества и правового государства в рамках преподавания учебной дисциплины «правоведение»
Изучение основ Правоведения и Теории государства и права включает в себя детальное рассмотрение понятия «демократия», как основы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconНаучная программа конференции
«Достижения и перспективы современной травматологии и ортопедии», посвященная 20 – летию Независимости Республики Казахстан и 10...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПлан развития открытого акционерного общества "Казпочта" на 2002 год. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. Премьер-Министр Республики И. Тасмагамбетов Утвержден
В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года n 1199 "Об индикативном плане социально-экономического...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconБюллетень нпо астана
Астане прошел V гражданский форум, посвященный 20-летию независимости Республики Казахстан
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества icon11. 12. 2008г. Директорам школ !
В школах с русским языком обучения провести диктанты, посвященные Дню Независимости Республики Казахстан
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconМажилис Парламента Республики Казахстан Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан «О судебно-экспертной деятельности в Республики Казахстан»
Истемы Республики Казахстан на 2014-2020 годы утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2014 года...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПравительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1102 Вопросы Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПравительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года n 1096 Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница