20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества




Название20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества
страница16/46
Дата конвертации15.02.2016
Размер6.24 Mb.
ТипСборник статей
источникhttp://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/1819/20-let.doc
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

Список литературы:

  1. Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 2009.

  2. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан. –Алматы, 2011.

  3. Закон Республики Казахстан от 17.12.1998 г. № 321-1 «О браке и семье». – Алматы, 2010.

  4. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан в двух томах. Т. 1. Общая часть. – Алматы: КазГЮА, 2001.

  5. Невзгодина Е.Л. Вопросы правового регулирования в социалистическом обществе. – Свердловск, 1973.



Беркалиева Ш., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Байтемирова Г.А., аға оқытушысы


СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Договор дарения был тщательно разработан учеными еще в римском праве, следовательно данный договор не является новым в гражданском законодательстве, но, несмотря на то, что договор дарения имеет давнее происхождение, проблемы, которые существовали еще в римском праве, сохранились по сегодняшний день и получили дальнейшее развитие. Договора дарения Дарение, как один из древнейших институтов гражданского права, опосредует переход в собственность имущества от одного субъекта права к другому.


Кілтті сөздер: сыйға тарту шарты,сыйды тартушы,сыйды алушы,сыйға тарту актысы,институт,қайырмалдық,кінәсіздік призумцясы


The donation contract has been carefully developed by scientists in the Roman right, hence the given contract is not new in the civil legislation, but in spite of the fact that the donation contract has an old origin, problems which existed in the Roman right, have remained till today and had the further development. Contracts of donation Donation as one of the most ancient institutes of civil law, mediates transition in the property of property from one subject of the right to another.

Keynotes: the donation contract, the donator endowed, certificates the donation contract, institute, благатворительность, presumption of innocence


Бүгінгі таңда меншікке ие болудың бірнеше нысаны белгілі (сату,сатып алу, рента,сатып алу құқығымен жалға алу). Сонымен қатар сыйға алуды айтсақ болады. Сыйға тарту шарты Рим құқығы кезінен бастау алған, сол кезеңдегі бір қатар проблемалар қазырғы кезде де бар. Қаралатын мәселе сыйға тарту шартының анықтамасын ашу және сыйға тарту шартының құқықтық табиғатына байланысты негізгі проблемаларын қарастыру. Сыйға тарту шарты азаматтық құқықтың институты болып табылады. Тар мағынада заттың, мүліктің бір субъетіден екінші субъектке өтуі. Сыйға тарту шартының негізгі ережелері ҚР Азаматтық кодексінің 506 – 516 баптарында қарастырылған. Бұл институттың азаматтық құқықтағы орны мен жүйесі туралы Д.И.Мейер көзқарасы бойынша: «Сыйға тарту актысы бойынша мүліктің бір субъектіден екінші субъектіге беруі мәміленің жүзеге асқандығын білдіреді» деген .[2, 3] ҚР Азаматтық кодексі сыйға тарту институтына жеке тарау және он бапты бөлген. ҚР Азаматтық кодексінің 506 – бабына сәйкес,сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегің береді немесе міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.[1,138]

Азаматтық құқықтағы шарттардың жүйесінде сыйға тарту шартының арнайы шарттық міндеттемелер типі айқындалған. Біріншіден, негізгі ерекшелігі қайтарымсыздығы. Сыйға тарту шарты қайтарымсыз шарттар қатарына жатады. Яғни, бір жақ екінші жаққа қайтарымсыз нысанда екінші жақтан ақы талап етусіз тегін затты, мүлікті сыйға тартуы. Екіншіден, сыйға тарту шартының келесідей қасиеті сыйды алушының мүлкін ұлғайту. Үшіншіден, сыйға тарту кезінде сыйды алушының мүлкін ұлғайту сыйға тартушының есебінен жүзеге асады. Төртіншіден, сыйға тарту әрекеті сыйға тартушының өз есебінен жүзеге асады. Олай болмаған жағдайда щарт қайтарымды саналады. Бесіншіден, сыйға тарту шартының қасиеттерінің бірі сыйды алушының келісімімен жүзеге асуы. Бұл айтылған қасиет барлық сыйға тарту қатынастарында кездеспейтін жағдайлар да бар. Яғни, егер шарт реалды шарт моделінде жасалған болса. Бұл жағдайда сыйға тартылатын зат немесе мүлік бір субъектіден екінші субъектіге фактылы түрде берілген кезден бастап күшіне енген болып табылады. Сыйға тарту шартының пәніне келер болсақ бұл жерде авторлар түрлі көзқарас айтуда. Мысалы, М.Г.Масевичтың көзқарасы бойынша:«Сыйға тарту шартының пәні болып: сыйға алу заттары, ақша, құнды қағаздар, өзге же мүліктік құқықтар».

М.Г.Масевич сыйға тарту шартының пәнін кең ауқымда көрсетеді. Бір қатар авторлар сыйға тарту шартының кең ауқымда көрсетуді қолдамайды.

Мысалы, И.В.Елисеев қарама қайшы пікір ұстануда. И.В.Елисеев:«Әр түрлі объектілердің бір тектес сыйға тарту шартының пәні болуына қарсы пікірде, яғни, мүлік (заттар және мүліктік құқық) және әрекеттер (міндеттемелерден босату). [3,127] Яғни, бұл автордың пайымдауынша сыйға тарту шартының пәні , объектісі белгілі бір шектелуі керек деп қарастырады.

ҚР Азаматтық кодексінің 509 – бабына сәйкес сыйға тартуға тыйым салынатын жағдайлар көзделген :

Егер сый құны заң актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда :

Жас балалар мен іс – әрекертке қабілетсіз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдерінің.

Емдеу,тәрбиелеу мекемелерінің, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және сол секілді мекемелердің қызметкерлеріне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесиндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының .

Мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттемелерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейі. Сыйға тарту шарты негізі уәде беру және қайырмалдық нысанда болады. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тарту уәде берілген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне (құқық мирасқорлығына) ауыспайды. Сыйға тарту уәде берген сыйға тартушының міндеттері, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауысады. [1, 139]

ҚР Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға беру қайырмалдық деп танылады. Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелеріне, әлеуметтік қорғау мекемелеріне т.б. мекемелерге қайырмалдық, ғылыми, діни бірлестіктерге, қоғамдық бірлестіктерге, сондай – ақ мемлекетке, азаматтық құқықтың өзге де субъектілеріне жасалуы мүмкін. Егер қайырмалдық мақсатында жасалған сый қайырмалдық берушінің көрсеткен мақсатымен пайдаланылмаған жағдайда немесе сыйға тарту шартының ережелерін бұза отырып мақсатын өзгертуі қайырмалдық берушіге немесе оның мүрагерлеріне және құқық мирасқорларына қайырмалдық күшін жоюды талап етуге құқық береді.

Сыйға тарту шарты ҚР Азаматтық кодексінің 506 – бабына сәйкес, сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді. Егер сый алушы сыйға тартушының, оның отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының біреуіне қастандық жасаса не сый берушіге қасақана дене жарақатын салса , сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда сотта сыйға тартудың күшін жоюды талап етуге сыйға тартушының мұрагерлерінің құқығы бар. Осы пунктен негізгі қорытынды, сыйға тартудың күшін жою үшін алдын ала соттың сыйды алушының әрекетін заңсыз деп танудың қажетінсіз сыйға тартудың күшін жою кінәсіздік призумциясына қайшы келеді. Сыйға тарту пәнін қарастыру кезінде ескере кететін жағдайлар өзге де азаматтық құқық шарттары іспеттес мүлікті беру, мүлікті сыйға беру барысында жүзеге асады, пәні күрделі болып келеді ол сыйға тартушының әрекеттерінен тұрады сыйды беру, міндеттемелерден босату, материалдық объект болып саналатын мүліктен босату (заттар, құқық, міндеттемелер). Қорытындылай келе сыйға тарту шартын, оның түрлерін, оның ерекшеліктерін қарастыра келе сыйға тарту шарты рим құқығы кезінен бүгінгі таңда да қарастырылып жүрген азаматтық құқықтың ерекше институты болып табылады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі - Алматы 2008 ж.296б.

2. Мейер Д.И. Русское гражданское право: В 2 ч. По исп. и доп. 8-му изд., 1902. ч. 1. – М., 1997. 831C.

3.Гражданское право//Под ред.А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого. Часть II. – М., 2000. 544C.


Жанкадамова Ш., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Нұғыманов Е.Е., к.ю.н., доцент


НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ІС ТӘЖІРИБЕСІ ЖЕТІЛДІРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ


Договор дарения был тщательно разработан учеными еще в римском праве, следовательно данный договор не является новым в гражданском законодательстве, но, несмотря на то, что договор дарения имеет давнее происхождение, проблемы, которые существовали еще в римском праве, сохранились по сегодняшний день и получили дальнейшее развитие.


Ключевые слова: договор дарения, даритель, благотворительность


The donation contract has been carefully developed by scientists in the Roman right, hence the given contract is not new in the civil legislation, but in spite of the fact that the donation contract has an old origin, problems which existed in the Roman right, have remained till today and had the further development. Contracts of donation Donation as one of the most ancient institutes of civil law, mediates transition in the property of property from one subject of the right to another.

Keynotes: The donation contract, the donator endowed, certificates the donation contract


Тұтынушылар құқығын қорғау туралы АҚШ президенті Джон Кеннеди 1962 жылы 15 наурызда тұтынушылардың еркiн таңдауға құқығы, қауiпсiз тауарды сатып алуға құқығы, тыңдалу құқығы, тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы ақпарат алуға құқығы деп 4 негізгі қағиданы көрсеткен болса, 1985 жылы 9 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұтынушылар мүддесін қорғау қағидалары» резолюциясында жоғарыда аталған қағидаларға қосымша тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткiзуге, тұтынушылардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруына, тауардың тиiстi сапасына, тауардың кемшiлiктерi салдарынан келтiрiлген залалды өтету құқығы – барлығы 8 негізгі құқық бекітілді.

Тұтынушылар құқығын назардан тыс қалдырмай үнемі жетілдіріп отыру үрдісі тәуелсіз Қазақстанда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларындағы халық сұранысын қанағаттандырып әлеуметтік саланы жетілдіруге арналған сарабдал саясатынан да көрніс тауып келеді.

Күнделікті өмірде тауар сатып алуға немесе қызмет түрлерін пайдалануға байланысты әр түрлі құқықтық қатынастарда боламыз. Әдетте бұл қолданыстағы тағамдар мен тауарлар сатып алу, ұялы байланысты немесе т.б қызмет түрлерін пайдалану болуы мүмкін. Осындай құқықтық қатынсатарға түсушілер белгілі бір субъективті құқықтарды иеленіп, белгілі бір заңи міндеттерді орындауға тиіс екені аян. Оған мемлекет кепілдік береді. Атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығы ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық кодексімен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен және т.б. заң нормаларымен реттеледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 13-бабында сот жүзеге асырады деп көрсетiлген[1]

Тұтынушыға моральдық зиянды өндіруге, сатушының, дайындаушының, атқарушының, сондай-ақ басқару органдарының тұтынушылардың белгiсiз бiр тобы жөнiндегi әрекеттерiн құқыққа қайшы деп тануға сот органдары ғана өкілетті.

Сонымен қатар сот органдары осы топтағы азаматтық істерді қараған кезде ҚР «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай тәуелсiз болады, яғни қандайда болмасын ведомстволық нұсқаулармен бұғауланбауымен қатар талаптардың қолданыстағы заң нормаларына сай объективті шешілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі мол.

Қолданыстағы заң нормаларына сай, тұтынушылардың құқығы бұзылған жағдайда «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңның 20 бабы негізінде тұтынушы құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар құрылуы мүмкін [1] болса, бұндай ұйымдар қазіргі күнде Қазақстан территориясының барлық облыстарында жұмыс істеп келеді.

Көпшілік жағдайда осы ұйым өкілдерінің қолданыстағы заң нормаларынан хабардарлығы, осы саладығы іс тәжрибиелелерін және заңдардың қолданылу тәртібін жеке тұлғаларға қарағанда жетік меңгергендіктері сот процестерінде осы тұрғыдағы азаматтық істерді қарағанда өзінің оң ықпалын тигізуде.

Мысалы: Өскемендегі «Паритет» ТҚҚҚ (тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы) В.Я.Линкевич деген азаматтың мүддесін қорғап сотқа арыз берген.

Талапкер «Фирма теплые окна» ЖШС-не металлопластиктен жасалған терезелерді орнатудағы міндеттемелерін орындамағаны үшін алдын ала төлеп қойған қаржысы 374 800 теңге, 100 000 моральдік шығынды, 23 321 теңге басқа шығындарды өндіріп талап ақысын 100 % көлемінде айыппұл салуды сұраған. Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып «Фирма теплые окна» ЖШС-нен В.Я.Линкевичтің пайдасына алдын ала төленген ақшасы 374 800 теңге, моральдік шығын өтемі ретінде 5 840 теңге, маманның қорытындысын алу бойынша 25 000 теңге шығын, мемлекет пайдасына 4 332 теңге баж салығы өндіріліп, «Фирма теплые окна» ЖШС-не 374 000 теңге айыппұл өндірілді. Аталған іс қадағалау тәртібінде қаралып бірінші инстанциядағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.[2, 43]

Бұдан әрине жеке тұлғалардың өз құқықтарын қорғауға бағытталған әрекеттері мүлдем тиімсіз деген біржақты қорытынды жасауға болмайды. Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың да сотқа жүгініп өз құқығын қорғау фактілері жиі кезеседі. Осындай фактілердің біріне тоқтала кететін болсақ.

2008 жылдың 2 ақпанында азаматша С.А.Шаймарданова Орал қалалық №2 сотына талап арызбен жүгінген. Талапкер «Планета Электроики» дүкенінен жалпы сомасы 82 500 теңге тұратын «LG, GC-F399BVQ» тоңазытқышын жеңілдікпен 78 375 теңгеге сатып алып, тасымалдау кезінде аталмыш тоңазытқыштың кемшілігін, атап айтқанда мұздатқыштың істен шыққанын байқаған.

2010 жылдың 2 тамызында тоңазытқышын Сервис жөндеу орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырған, кейін осы сервис орталығында болған өрт оқиғасы салдарынан тоңазытқыш жарамсыз күйге ұшыраған. Ал сервис орталығының директоры тоңазытқыш құнын қайтарудан бас тартқан.

Орал қалалық № 2 сотының 06.04.2011 жылғы шешімімен талапкер С.А. Шаймарданованың талап арызы ішінара қанағаттандырылып «Планета сервис центр» ЖШС-нен талапкердің пайдасына тоңазытқыш құны 78 375 теңге, моральдық шығын 10 000 теңге, талап арызды дайындауға кеткен шығын 3 500 теңге, баж салығына төленген 1 540 теңге. Барлығы 93 415 теңге өндірілді. Сот өз шешімін төмендегідей негіздеді.

ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңының 15-бабының 3-тармағына сай тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, ол кемшіліктер осы Заңда белгіленген мерзімде анықталған жағдайда, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

Аталған тоңазытқыштың «планета электроники» дүкенінен сатылып алынып, «планета сервис центр» ЖШС-не тапсырылғандығы тауар чегімен және тапсырыс нарядтарымен қатар жауапкердің мойындауымен, ал өрт оқиғасы бойынша тиісті процессуалдық шешімнің қабылданғандығымен дәлелденетінін көрсеткен.

Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай тұтынушылар құқығының бұзылуына байланысты даулар әр түрлі саланы қамтиды. Бұларды негізінен төмендегідей топтарға бөлуге болады: тауар сату қызметтері саласындағы, тұрмыстық саладағы, тұрмыстық қызмет көрсету, дәрігерлік қызмет көрсету, көлік қызметтерін көрсету.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасыменен 22 шілде 1996 жылғы ҚР Жоғарғы соты Пленумының №07 «Тұтынушылар құқығын қорғау заңдарының соттармен қолдану тәжірибесі» туралы құқықтық қаулысына сай жасалған саралауында облыс бойынша аталған категориядағы 163 азаматтық іс оқып танысу арқылы тексерген. Осы 163 істің 33 бойынша талап арыздар қанағаттандырылған болса, 14 бойынша бас тартылған. Өндірістен қысқартылғаны 39, оның ішінде талапкерлердің талаптан бас тартуына байланысты 17, бітім келісімімен 22, заң талаптарына сай қараусыз қалдырылғаны 52 болса, қайтарылғаны 25.[3]

Осы статистикалық көрсеткіштер негізінде сотпен қаралған істер саны қоғамдағы тұтынушылар құқығының бұзылу деңгейінің шынайы көрінісін бере алмайтынына көз жеткізуге болады. Атап айтқанда тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты сотқа берілген 163 талап арыздың қараусыз қалдырылғаны 52, ал қайтарылғаны 25 екенін ескерсек азаматтардың осы құқық қатынастарына байланысты талап арыздарының жартысына жуығы сотта негізінен қаралып, ол бойынша шешімдер қабылданбаған.

Осы арыздардың қараусыз қалдырылуының бірден бір себебі азаматтардың талап арыздарының заң талаптарына сай рәсімделмеуі мен іс жүргізушілік заң нормаларының бұзылуы болып отыр.

Сондай-ақ аталған статистикалық көрсеткіштердің негізінде тұтынушылар құқығына байланысты жалпы қаралған 163 азаматтық істің ішінде қанағаттандырылғаны 33 екенін ескерсек азаматтардың талап арыздарының қанағаттандырылу деңгейі 20 % да, ал бас тартылғаны 8,5% екенін көруге болады. Яғни берілген талап арыздардың қанағаттандырылу деңгейі қанағаттандырусыз қалдырылғандарынан 4 еседей артық болғанымен, жалпы қаралған іске шаққанда қанағаттандырылған арыздардың деңгейі өте төмен. Бұндай жағдайда құқығы бұзылған тұтынушылар сотқа берген талабы бойынша туындаған даулар үзілді-кесілді бірден шешіліп, немесе істің ақ-қарасы бірден анықталып тұтынушы немесе сатушы өздерінің дұрыс немесе бұрыс екендігіне көздері жетіп, әртүрлі объективті-субъективті себептермен бұзылған заң нормаларын қалпына келтіруге қол жеткізе алмайтынын көруге болады. Сондай-ақ осы котегориядағы кейбір істердің (сараптама тағайындау немесе негізсіз созбашылдыққа салынуы) ұзақ мерзімдер қаралатыны да сын көтермейді. Әсіресе автакөліктер сатумен айналысатын әртүрлі фирмалар мен дәңекер тұлғалардың (диллер) тарапынан сатылған шетелдік көліктердің кепілдемелеріне сай бұзылған бөлшектерін ауыстыру немесе автакөліктердің өзін, болмаса оның құнын өтеудегі заңсыздықтары тұтынушыларға есепсіз материалдық, моральдық шығын келтіруде. Мысалға азамат В.Г.Григорьев 2009 жылдың мамыр айында Орал қалалық №2 сотына 5 мамыр 2007 жылы Орал қаласында орналасқан «Оралкрофф» ЖШС-нен 10 133 250 теңгеге дизельмен жүргізілетін «Volkswagen Touareg» автокөлігін сатып алғанын, аталған көліктің түрлі қосалқы бөлшектері кепілдік мерзімінде істен шығуына байланысты сатушының автосалонында 7 қайтара жөндетілгенін, кейін көлікке құйылатын отандық дизель жағар майы көлікке жарамсыз екенін білгенін, ол туралы кезінде сатушы тарапынан ақпарат берілмегенін, аталған салонның өзі жергілікті жердің жағар майын пайдаланғанын көрсетіп осы көлікті бензинмен жүретін көлікке ауыстырып беруін сұрап талап арыз берген. Бұл іс бойынша сотпен ешқандай сараптама тағайындалмаса да оның сотта қаралу мерзімі әр түрлі себептермен созбашылдыққа салынып, 2009 жылдың 20 желтоқсанда, араға 7 ай салып сот шешімімен азамат Григорьевтің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Қазіргі күнде азамат Григорьевтің мүддесі үшін Қазақстан Республикасының тұтынушылар лигасы «Фольксваген Қазақстан» зауытының ресми дәңекері ТОО «Меркус ЛТД» мекемесімен «Оралкрофф» ЖШС-не автокөлік құнын өндіруге берген талап арызы Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында 2011 жылдың сәуір айында қаралуда. Бұл тұрғыда тұтынушылар құқығына байланысты істерді қарау кезінде сотта қарау мерзімдерін заң нормаларымен шектеу қажеттігі дау тудырмайды.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облыстық сотының тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты азаматтық істері бойынша жүргізген саралауымен соттарда осы істерді қарау барысында Заңның дұрыс қолданылмауы, іс жүргізушілік заңсыздықтарға жол берілетіндігі анықталған. Оның бірден бір себебі тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарда реттелетін қатынастардың нақты шегі белгіленбегендіктен, Заңның тәжірибе жүзінде кездесетін кейбір мәселелерді қамти алмағандығынан олардың басқа заңдар мен нормативтік актілердің негізінде шешілуі. Заңның мақсаты мен негізгі міндеттері бойынша әр түрлі саладағы дауларды шешу көзделгенімен бұл Заң азаматтардың бұзылған құқықтарының бәрін реттей алады дегенді білдірмейді.

Алайда соттар азаматтық құқықтардың бұзылуына байланысты кейбір шағымдарға «Тұтынушылар құқығын қорғау заңдарының талаптарын орынсыз қолданып келгені және сот өндірісіндегі даудың тұтынушылық қызмет көрсету құқық қатынастарына еш қатысы болмаса да жауапкерлерден аталған заңның 22-бабына сай айыппұл өндіру фактілері кездеседі.

Мәселен Өскемен қалалық сотымен ТҚҚҚ «Аманаттың» В.Т.Нечунаеваның мүддесі үшін берген талап арызы қанағаттандырылып, тұтынушының ақпан – наурыз айларына ААҚ «УК жылу жүйесі» мекемесіне 2 адам есебімен бережақ төлемдерін1 адам есебімен қайта есептеу міндеттелген. Сонымен қатар ТҚҚҚ «Аманат» пен жергілікті бюджет есебіне жауапкерден Заңның 22-бабына сай айыппұлдар өндірілген. Осы дауды шешу барысында сот Заңның 7-бабында көзделген тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға; тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге; тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға; қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға; тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға; тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына т.б. құқықтарының бұзылмағандығын ескермеген. Бұл жағдайда аталған талап арызды сотқа жалпы негіздерде азаматша Ничаеваның өзі беруі тиіс еді.

Тұтынушы құқына байланысты кеибір заң нормаларын бірізділікке келтіру керектігіне төмендгі мысал негіз бола алады.

25 желтоқсан 2008 жылғы №112 IVЗРК «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының кіріспе бөлімінде «осы заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметкерлікті шектеу мен тұтынушылардың заңды мүдделерін қоғау аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейді» деп белгіленгенмен заң шығарушы тұтынушылар құқығын қорғауды бөлек мақсат ретінде қарастырмайды. Халықаралық бәсекелестік жүйесінің жұмыс тобымен сұралған 33 бәсекелестік ведомствоның 30-мен тұтынушылардың хал-ауқаты негізгі мақсат болып табылатындығы мойындалды.[4, 40-41] Сондықтанда Қазақстандық бәсекелестік заңнаманың мақсаты ретінде «тұтынушылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауды» заңи тұрғыда мойындау қажет.

Айтылғандардың негізінде тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған азаматтардың арыз шағымдар тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы мен сот органдарымен қаралатынын ескеріп, тұтынушылардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей іс-шаралар атқарылыуы қажет деп санаймын.

Тұтынушыға көрсетілетін қызмет түрлерінің заманауи талаптарға сай күнделікті өзгеріп отыруына байланысты, осы қатынастарды реттейтін заңдар да үнемі жаңғыртылып, қайшы келген заң нормалары соған сәйкестендірілуі қажет. Сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсететін мекемелер мен сатушылардың міндеттері мен жауапкершілігін арттырып, бұны заң нормаларымен бекіту, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымымен арнайы оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуді жолға қою, тұтынушы мен сатушы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқару қажет. Сот тәжірибесінде бірегей ортақ іс тәжірибе жоқ болғандықтан әзірше осы категориядағы азаматтық істерді оған арнайы дайындықтан өтіп, бейімделген судьялардың қарауын, ал болашақта арнайы мамандандырылған сот органдарының құрылуын қамтамасыз ету. Және тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты даулардың сотта қаралу мерзімін шектеу, аталған істерді қарау барысында тұтынушылар қоғамының өкілінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

Похожие:

20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconНазарбаева народу казахстана стратегия «Казахстан -2050» Новый политический курс состоявшегося государства содержание
Состоявшийся Казахстан – испытание кризисом нашей государственности, национальной экономики, гражданского общества, общественного...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconДемократия как основа гражданского общества и правового государства в рамках преподавания учебной дисциплины «правоведение»
Изучение основ Правоведения и Теории государства и права включает в себя детальное рассмотрение понятия «демократия», как основы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconНаучная программа конференции
«Достижения и перспективы современной травматологии и ортопедии», посвященная 20 – летию Независимости Республики Казахстан и 10...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПлан развития открытого акционерного общества "Казпочта" на 2002 год. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. Премьер-Министр Республики И. Тасмагамбетов Утвержден
В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года n 1199 "Об индикативном плане социально-экономического...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconБюллетень нпо астана
Астане прошел V гражданский форум, посвященный 20-летию независимости Республики Казахстан
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества icon11. 12. 2008г. Директорам школ !
В школах с русским языком обучения провести диктанты, посвященные Дню Независимости Республики Казахстан
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconМажилис Парламента Республики Казахстан Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан «О судебно-экспертной деятельности в Республики Казахстан»
Истемы Республики Казахстан на 2014-2020 годы утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2014 года...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПравительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1102 Вопросы Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconПравительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года n 1096 Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница