Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы




Скачать 105.21 Kb.
НазваниеБанктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы
Дата конвертации15.02.2016
Размер105.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/files/1e/8a6091fb9fe9e0741bb2eec5b2a7/8c.doc
БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗЫ


Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегі арқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларында оған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегі арқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар несие ақша айналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.

Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет. Банк саясатының қалыптасуы банк қызметін жоспарлау кезеңдерінің құрамдас бөлігі табылады.

Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдау басымдықтары арқылы, екіншіден, банк қызметкерінің тәжірибелік қызметін реттейтін және осы басымдықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелер арқылы, үшіншіден, банк басшылығының құзіреттілігі мен несие қызметкерлерінің біліктілік деңгейі арқылы анықталады.

Бүтіндей алғанда несиелік саясатқа, бір жағынан, несие нарығындағы нақты бір банктің басымдықтары, принциптері мен мақсаттары, екінші жағынан, банк өзінің несиелік мәмілесін жүзеге асыру, оларды жетілдіру, несие үдерісін ұйымдастыру тәртібі барысында пайдаланылатын қаржылық және басқа да құралдарды қамтиды.

Банк несиелік қызметін жүзеге асыру барысында өзін тікелей қоршаған ортамен – күннен күнге аясы кеңіп, сапалық өзгеріске түсіп отыратын клиенттік және серіктестік ортамен белсенді жұмыс жүргізеді. Нәтижесінде банктік несиелеудің шеңбері кеңиді, несие өнімдерінің жаңа түрлері мен несиелеудің жаңа түрлері мен әдістері енгізіледі. Сонымен қатар несиелік өнімдер мен қызметтер нарығындағы бәсекелестік үнемі шиеленісіп отырады, сондықтан банктер өздерінің несиелік саясатын сапалық тұрғыдан жетілдіріп отыруға мәжбүр болады [1].

Қазіргі қазақстандық банктердің тәжірибесіндегі «несиелік саясат» ұғымына біржақты нақты анықтама жоқ. Саясат, яғни орыс тіліндегі «политика» (грекше politike – мемлекет басқару өнері) – жалпы ұғымда қоғамдық қызмет ретінде түсіндіріледі [2].

Саясат ұғымы философиялық энциклопедиялық сөздікте «таптар және ұлттар арасындағы түрлі қарым-қатынастарға қатысты қызмет саласы» ретінде анықталады [3]. Сонымен қатар, аталмыш сөздікте саясаттың қоғамдық қызметтің ерекше өзгеше түрі екендігі және оның тәжірибелік қатынастар ретінде де, сондай-ақ идеология ретінде де экономикалық үдерістер дамуы нәтижесінде детерминделгенін және қоғамның экономикалық базисіне қондырма түрінде көрініс беретіндігі айтылады. Бұл жерде саясат ұғымыбір мезгілде әрі қызмет (тәжірибелік қатынастар), әрі идеология, қимылдың, тұжырымның бағдарламасы ретінде түсіндіріледі деген қорытынды жасауға болады.

Несиелік саясат – банк қызметінде жүргізілетін кең өрісті саясаттың бір қыры ғана болып табылады. Несиелік саясат экономикалық саясаттың әр алуан түрлерінен өзіндік қызметтік сипаттарымен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік ең алдымен несиелік саясаттың несие қозғалысын, оның алуан формалары мен түрлерін басқарып отыруымен байланысты. Сол себепті несиелік саясат – несие ұсыну саласында да, сондай-ақ оны алу саласында да жүргізілетін саясат. Оған несиелік қатынастарды ұйымдастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасы, халық шаруашылығы мен тұрғындарды несиелендіру бағытында қойылатын міндеттер мен оларды жүзеге асыру бойынша жүргізілетін тәжірибелік шаралар енеді.

Қызметтерді құбылыстар мәнінің ерекше көрінісі ретінде қарастыра отырып несиелік саясат бір ғана өте маңызды қызметті – банк жүйесін дамыту және алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған несиелік үдерісті оңтайландыру қызметін орындайды.

Несиелік саясаттың мәні несиелік қорды шоғырландыру мен инвестициялау үдерісіндегі банктік қызметті дамыту мен жетілдірудіңбасым бағыттарын анықтауда, несиелік үдерісті дамыту мен оның тиімділігін арттыруда жатыр.

Барлық банктер үшін біртұтас (бірдей) несиелік саясат болмайды. Әрбір нақты банк несиелік саясатын өзі орналасқан аймақтағы банк жұмысына ықпал ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік ахуалды назарға ала отырып, сондай-ақ ішкі және сыртқы тәуекелдер жиынтығын ескере отырып айқындайды.

Егер банктің несиелік саясаты болмаса, немесе несиелік саясатының сапасы төмен болса, оның оның тәуекел жиынтығы артады. Несиелік саясаттың негізгі қағидалары мен ережелері нақты орындаушылардың назарына толық жеткізілмеген жағдайда да банк тәуекелінің деңгейі артып, оның жүзеге асу мүмкіндігі төмендейді.

Қазақстан экономикасын қайта құру үдерістері қазіргі несиелік механизм қызметін жетілдіру міндетін алға тартуда. Сондай-ақ, әсіресе, халық шаруашылығының тиімсіз құрылымдарына жұмсалатын ақталмайтын несиелік салымдарды болдырмауға, қарыздардың уақытында және толық қайтарылуына мүмкіндік беретін несиені басқарудың экономикалық әдістерін негіздеу және пайдалану жоспарын бірінші кезекке шығарып отыр.

Қалыптасқан жағдайда қоғамның пайдаланылатын материалдық және қаржылық қорларының (несиелер) тиімділігін арттыру әдіснамалық тұрғыдан сауатты даярланған шаруашылық нысандарының несиелік қабілеттілігін олардың салалық қызметін ескере отырып бағалау жүйесінің нәтижесінде ғана мүмкін болады. Қалтқысыз бағалау жүйесін қалыптастыру кез-келген банктің несиелік саясатының негізгі міндеті болып табылады.

Банктік тәжірибеде қолданылатын қарызгердің несиелік қабілеттілігін бағалау әдістемесі клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, яғни қаржылық коэффициенттердің есебіне негізделеді.

Қазақстан банктерінде қабылданған қарызгердің несиелік қабілеттілігін бағалау берілетін несиенің мөлшері мен оның өтелім мерзімі айқындалатын банктердің кәсіпорындардың несиелік қабілеттілігін анықтауы арқылы жүргізілетін жүйеге негізделген. Бағалау қарызгердің несие қарызын өтеу мүмкіндігін анықтайтын несие қабілеттілігіне лайықты немесе лайықты емес деген өлшемдер арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты несие қабілеттілігін бағалаудың екі аспектісін бөліп қарастыруға болады.

Бірінші аспект – қарызгердің несиелік қабілеттілігін банк-кредитор тарапынан бағалау.

Екінші аспект –кәсіпорынның несиелік қабілеттілігінің талапқа сай, сай еместігін анықтау және оны арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру. Бұл банктердің алдында тұрған қазіргі таңдағы аса маңызды мәселе болып табылады.

Бұл әдістеме бойынша қарызгер-кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін талдаудың екі кезеңі жүргізіледі:

1 кезең. Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін жалпы талдау (өтемпаздық көрсеткіштерінің, төлем қабілетінің, қаржылық тұрақтылығының, ағымдағы активтер мен табыс айналымдылығының есебі);

2 кезең. Кәсіпорынның рейтингтік бағасы (қарызгердің балдық негіздегі жіктік деңгейін анықтау).

Бірінші кезеңде қарызгердің шаруашылық-қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер есептеліп шығарылады. Бұл көрсеткіштердің көпқырлылығы ұйымның қаржылық жағдайының өзгеруінің жалпы үрдістерінің анықталуын күрделендіреді, осы себепті алынған мәліметтерді біріктіру және жүйелеу қажеттілігі туындайды. Бұл міндет несиелік қабілеттілікті бағалаудың рейтингтік бағалау арқылы жүзеге асырылатын екінші кезеңінде шешіледі. Рейтингтік бағалау балдық өлшем арқылы көрініс беретін синтезделген рейтинг-көрсеткіш көмегімен ұйымның қаржылық жағдайын анықтауға және оны белгілі бір класқа жатқызуға мүмкіндік береді.

Несиелік қабілеттілікті рейтингтік бағалауға мыналар кіреді:

  • несиелік қабілеттілікті бағалау көрсеткіштерінің жүйесін құру;

  • бағалау көрсеткіштерінің шекаралық белгілерін анықтау;

  • бағалау көрсеткіштерін жүйелеп, реттеу;

  • несиелік қабілеттілік жиынтығын бағалау.

Бұл әдістеменің мынадай кемшіліктері бар:

а) көрсеткіштердің бір-біріне өзара ықпалын талдауы мен көрсеткіштер сапасының талдауы болмаған жағдайдағы зерттеліп отырған құбылыстың мейлінше жалпы сипаттамасын беретін коэффициенттердің болуы.Анықталған коэффициенттер қарызгердің тек бүгінгі жағдайын ғана сипаттайтын болғандықтан, олар несиелік қабілеттілікті толық бағалай алмайды. Олар өздігінен кәсіпорынның жағдайын толық және мейлінше субъективті түрде ашып көрсете алмайды. Мұндай коэффициенттік көрсеткіштер банкке несие беру туралы шешім қабылдата алғанымен, берілген несиенің болашақта толық өтелу мүмкіндігі туралы ақпарат бере алмайды;

ә) қарызгердің жағдайына талдау жүргізуге негіз болатын ақпараттық дерекқор өткен және есеп беріліп отырған кезеңге беріледі. Нәтижесінде мәліметтер статистикалық сипатқа ие болады да, банк үшін қарызгердің қызметі мен қаржылық жағдайындағы өзгеріс үрдістерін нақты анықтау мүмкін болмайды;

б) талдау барысында пайдаланылатын коэффициенттер инфляция мен қарызгердің салалық қызметіндегі экономикалық өзгерістер ерекшелігіне байланысты қаржылық жағдайынүнемі нақты ашып көрсете бермеуі мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі жалған мәліметтерге негізделуі мүмкін, нәтижесінде қарызгердің қаржылық жағдайы туралы талдау шынайы әрі дәл болып шықпайды;

в) қарызгер-кәсіпорынның ақша құралдырының қозғалысы мен жетімділігін бағалау талдау шеңберінен тыс қалады. Несиені өтеу барысындағы негізгі көз ақша құралдары болғандықтан, бұл факт талдаудың толыққанды әрі нақты болуына кері әсер етеді.

Несиелік тәуекелді қысқарту үшін банктер қарызгерлер сапасын тиімді бағалай білуі қажет. Бұл үшін ең алдымен мыналар қажетті:

  1. қарыз беру туралы негізді шешім қабылдау үшін қарызгердің алдағы кезеңдегі қаржылық жағдайын бағалаудың шетелдік тәжірибесін пайдалану;

  2. несиелік қабілеттілікті бағалау барысында алдағы нарық жағдайларының шынайы әрі нақты сипаттарын, оның ішінде қарызгерге өнімін өткізуден түсетін қаржы мөлшерінің көлемін ескеру;

  3. қарызгердің төлем тәртібінің жағдайын бағалау. өнім жеткізушілерге, банктерге, қаржы органдарына төленбеген қарыздарды, сондай-ақ төлем мерзімі өтіп кеткен қарыздардың жиынтығын несиелік қарыздылықтың түріне бөлмей, дербес топ түрінде қарастыру қажет;

  4. бизнес-жоспарлар негізінде қарызгердің қаржылық жағдайының болашағын бағалау, яғни қарызгер өндіретін өнім көлемінің өзгеруі, оның өнімінің баға деңгейі мен төлемге қабілетті сұраныс деңгейін ескере отырып, ақша ағынын болжауды жүзеге асыру;

  5. несиелеу қағидаларын сақтау. Шетелдік банктерде несиелеу қағидалары біртұтас ұйымның қажетті шарттары ретінде қарастырылады. Мәселен, Англияда басылып шығарылған банктік қызметтер жөніндегі нұсқаулықта қарызгерлерге несие беру барысындағы талаптарды білдіретін шешуші сөз - Purpose – тағайындау, мақсат; Amount – сома, өлшем; Repayment – төлем, қайтару (қарызар мен пайыздарды); Term – мерзім; Security – қамтамасыз ету, кепілдік деген ұғымдарды білдіретін сөздердің бас әріптерінен құралған «PARTS» термині болып табылады.

Банктерде қолданылатын несиелік қабілеттілікті талдау әдістемесі барлық ұйымдар үшін, олардың айналысатын қызмет саласының әр алуандығына қарамастан біркелкі болып келеді. Алайда ұйымдардың несиелік қабілеттілігін талдау барысында олардың қызметтік бағыттары әр келкі болғандықтан талдау нәтижелері де олардың шынайы несиелік қабілеттілігін толық ашып көрсетпейді. Сол себепті әрбір банк өзінде бар әдістемеге кәсіпорынның барлық факторлары мен нақты қарызгер өнімінің өтімділік жағдайы ескерілетін көрсеткіштермен толықтырылуы қажет.

Несиелік қабілеттілікті бағалау барысында банктердің баса назар аударатыны негізінен – қарызгердің ағымдағы жағдайы, осылайша банктер несиенің өтелу мүмкіндігіне кепіл болатын қарызгер-кәсіпорынның болашақ даму жағдайын назардан тыс қалдырады. Сондықтан несие беру туралы шешім қарызгердің ауқаттылығын бағалауға, яғни оның төлем қабілетінің барлық (өткен, ағымдағы, болашақтағы) кезеңдерін бағалау нәтижелеріне негізделінуі тиіс.

Банктер несиелеу туралы шешім қабылдау барысында қарызгер ауқаттылығының ұзақ мерзімді басымдықтарының сақталу мүмкіндігіне баса назар аударылуы тиіс. Несиенің қайтарылмай қалу фактілері жиі кездесетіндіктен, бұл банктік тәжірибеде аса маңызды орын алатын мәселе [6]. Осымен байланысты қарызгердің болашақатағы даму жағдайын куәландыратын экономикалық және мүліктік сипаттамаларының жиынтығын бағалау қажеттілігі туындайды.

Осыдан келіп перспективті ауқаттылық және оны бағалау ұғымы пайда болады. Оның негізгі мақсаты – кәсіпорынның несиені уақытында қайтара алу мүмкіндігін анықтау.

Уақыт аралықтарын (өткен, болашақ) ескере отырып, ауқаттылықты қазіргі таңдағы, сондай-ақ ұзақ мерзімді келешектегі қарызгердің тұрақты, табысты қызметі ретінде сипаттауға болады. Осыған байланысты мүмкін қарызгерд қызметінің келесі бағыттарын қарастыруға болады [6]:

  1. Нарықтық.

  2. Өндірістік.

  3. Қаржылық.

  4. Мүліктік.

Қарызгердің несиелік қабілеттілігін бағалаудың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып, ауқаттылықты бағалауға сандық қаржылық көрсеткіштер мен өндірістік көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар келесі өлшемдерді де енгізу қажет:

  • кәсіпорындағы менеджмент деңгейі мен жағдайы;

  • қарызгердің жетекші ретіндегі және жеке өзінің беделі;

  • кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыру деңгейі;

  • қарызгердің инфрақұрылымдармен, т.б. өзара қатынасы;

  • кәсіпорын саласының аймақтық экономикада алатын орны мен маңызы.

Бұған қоса банк қарызгерлерінің несиелік қабілеттілігін бағалау әдістемесін қарызгер қызметі бағыттарының барлық қырлары мен оның салалық ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылуы қажет. Бұл банктердің мынадай жағдайларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді:

  1. банк қалыптастырған несиелік қордың жалпы тәуекелі кемиді;

  2. қарыздар қоры тәуекелінің деңгейін олардың қорлану кезеңінде-ақ сапасын көтеру мақсатында реттеуге жағдай туғызады;

  3. банкке шақ деңгейдегі тәуекел портфелінің сақталуы жағдайында жекелеген қарызгерлерді несиелендірумен байланысты жоғарғы тәуекелді өзіне қабылдай отырып, несиелік операциялардың жоғарғы табыстылығын қамтамасыз етеді;

  4. өзінің несиелік қорын мейлінше тиімді басқарады.

Несиелік саясат банктің стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы маңызды құрал болып табылады. Осымен байланысты, несиелік саясатты мазмұндық тұрғыда қорларды қайтарымды негізде тарту мен инвестициялау бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы, ал қолданбалы түрде көбіне банк мекемесі қызметінің табысты нәтижелері келіп шығатын қимылдың дәл жоспары, бағдарламасы ретінде қарастыру қажет.

Дербес несиелік мекеме ретінде банк өзінің несиелік саясатын саяси және экономикалық жағдайларды, банктік заңнамалардың даму деңгейін, банкаралық бәсекелестіктерді, банктік инфрақұрылымдардың даму дәрежесін және т.б. ескере отырып жүргізуі тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Кредитная политика банка [Электронный ресурс]: URL: http://www.grandars.ru/student/finansy/kreditnaya-politika-banka.html (дата обращения 13.05.2012).

  2. Ковалев В.А. О кредитоспособности заемщика // Деньги и кредит. 2008. №1. С. 56 – 59.

  3. Косой М.А. К вопросу о методологии формирования кредитной политики банка [Электронный ресурс]: Москва, 2009. URL:www.987.su/ns447.html (дата обращения 15.05.2012).

  4. Новосельцева М.М. Вопросы кредитной политики коммерческих банков в современных условиях // Банковские услуги. 2010 .№2. С.11-17.

  5. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. М. : ИКЦ «ДИС», 1997. 464 с.

  6. Предтеченский А. Н. Коэффициентный анализ в системе кредитных рейтингов заемщиков банка // Банковское дело. 2005. №4. С. 28-33.

Похожие:

Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
...
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы icon1. Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шараларға
...
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconЖеке меншік мекеме
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, НӘтиже көрсеткіштері және бағдарламада қойылған мақсаттарға жету...
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы icon4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Ойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconМақсаттарға, міндеттерге, мақсатты нәтижелерге, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу Стратегиялық бағыттар 1: Корпоративтік басқару жүйесімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімі аппараты» мм 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconПеречень примерных тем магистерских диссертаций
Кәсіпорындардың несиелік қарым-қатынастары: нысандары, қағидалары, несиелік және төлемдік тәртіпті нығайту шаралары
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы icon«Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері»
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының...
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconКіріспе
Тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconЛондондық халықаралық конференция (1924). Оның шешімдері және Еуропадағы халықаралық қатынастарға тигізген әсері. Германия мәселесі. Н. Назарбаевтың “Қазақстан жолы” атты еңбегінде Қазақстан Республикасының сыртқысаяси проблемалары
Шығыстағы әлемдік державалардың саясаты. Хей доктринасы. Орыс-жапон соғыстары және оның нәтижелері
Банктің несиелік саясаты және оның стратегиялық мақсаттарға жету қҰралы ретіндегі маңызы iconМазм ұ н ы кіріспе
Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница