Скачать 1.02 Mb.
|
Әдебиеттер
Тақырып 5. Есептік кезең мен қаржылық есеп беруді дайындау Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Есептік кезең. 2.Қаржылық есеп беру. Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл 3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл 4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл Тақырып 6 Табыстар және ақшалай қаржылар есебі Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Ақшалай қаржылардың және олардың эквиваленттерінің түсінігі.
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер. №5. Келесі шаруашылық операцияларына шоттар байланысын беріңіздер: а)есеп айырысу шотына түсімдер алынды; б) есеп айырысу шотына сатып алушылардан алынды; в)есеп айырысу шотынан арнайы шоттарға алынды; г) банк несиесі қайтарылды; д)кассаға есеп айырысу шотынан ақша түсті; е)кассада ақшалардың артықшылығы анықталды жэне кіріске алынды. Әдебиеттер 1. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары. Астана 2009 жыл 2. Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспары. 2007 жыл 3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл Тақырып 7. Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны. Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Тауарлық-материалдық қорлар түсінігі, жіктелуі және бағалау әдістері.
3.Тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы есебі. 4. Тауарлық-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі. Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер. №6.Кәсіпорын 2012 жылы келесідей негізде материалдар сатып алды:
Егер жыл соңында материалдар қалдығы 1000 дананы құрағанда, ФИФО, орташа құн әдістерін пайдаланып бухгалтерлік баланстағы бейнеленуін анықтаңыздар. Әдебиеттер 1. ҚЕХС №2 «Қорлар» 2. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл 3.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 Тақырып 8. Айналыстан тыс активтер; есебі, тозу және амортизация. Тәжірибелік сабақ жоспары : 1. Материалдық емес активтердің есебі. 2. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, бағалануы және қозғалысының есебі. 3. Негізгі құралдардың тозуының есебі. Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер №7.Жабдықтардың алғашқы құны 256300 теңге, жож қүны 26000 теңге, қызмет мерзімі 30 жыл. Құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша амортизацияны есептеу керек. Ай сайынғы амортизациялық бөлулер сомасын анықтау керек. №8.Кәсіпорын 2008 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, сандар сомасы бойынша (куммулятивтік),қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 2008 жэне 2009 жылдарға тозу шығындарын, 2010 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер. №9.Жабдық техникалық паспортына сәйкес 10500 бөлшек шығаруға қабілетті. Жабдық 186200 теңгеге сатып алынды. Жабдықты жеткізу және монтаждау шығындары 54305 теңгені қүрайды. Жабдықты жою құны 7000 теңге. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеңіздер. №10.Кәсіпорынды құруда келесідей шығындар болды: кеңес берушілік қызметі үшін-250000 теңге кәсіпорынды тіркеу бойынша шығындар-86900 теңге кәсіпорынды құрудағы басқа да шығындар-6500 теңге. Материалдық емес актив түрін анықтаңыздвр, оның құнын жэне амортизациясын есептеңіздер. Шоттар байланысын беріңіздер. Әдебиеттер1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл 3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл 4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл Тақырып 9 Шығындар есебі Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Шығындар анықтамасы 2.Шығындардың бухгалтерлік есебі Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер
Тақырып 10. Міндеттеме және капитал есебі. Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Ағымдағы міндеттемелердің есебі. 2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. 3.Капитал есебі Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер №11.Кесімді жүмысшыға еңбек ақы есептеу керек. Өнім бірлігіне кесімді расценка 80 теңге, өндіру нормасы 470 бірлік, іс жүзінде нарядқа сәйкес 520 өнім бірлігі өндірілді. Нормадан тыс өндіруге кесімді расценка 5%-ке жоғарлайды. Шоттар корресподенциясын көрсетіңіздер. №12.Жұмысшы кәсіпорында 6 жыл жұмыс істейді, 8-разряды бар. Бүдан басқа өндірістің зияндылығына байланысты қосымша 6% төленеді. Жүмысшы желтоқсан айында 22-сінен 29-ына дейін ауырды, жұмысқа уақытша жарамдығы туралы қағазы бар. Жұмысшының желтоқсан айындағы еңбек ақысын жэне уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қағаз бойынша жэрдем ақысын есептеңіздер. Әдебиеттер1.Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл 2.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 3.Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 11. Қаржылық есеп беруді дайындау. Тәжірибелік сабақ жоспары : 1.Есеп берушілік – кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық және мүліктік жағдайының нәтижелерін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі. 2.Қаржылық есеп берудің нысандары. Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл 3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл 4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл 4.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің бухгалтерлік есеп пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Бухгалтерлік есеп негіздері - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қаржылық есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша бухгалтерлік есепті студенттерге меңгерту. Оларға ілгерілемелі қаржылық есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін жэне осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы өзгерістер де қарастырылады. Студенттерге Бухгалтерлік есепті оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда силлабус жасалған. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің силлабусы негізінде жасалды. Ол студенттерге басқару есебі курсының тәжірибелік сабақтарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен жүргізілетін тәжірибелік сабақтар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді. 4.2 Реферат тақырыптарының тізімі
|
![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында... | ![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға... |
![]() | Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті... | ![]() | Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті... |
![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)... | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген |
![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген | ![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген |
![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі |