Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері




НазваниеЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
страница8/38
Дата конвертации15.02.2016
Размер4.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/01 БТБА.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
§ 70. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тікелей агрегаттарда оларды алусыз стационарлық және тасымалды дефектоскоптарда магниттік әдіспен күрделі конфигурациялы бөлшектерді бақылау. Дефектограммалар бойынша ақаулардың орналасқан жерін ашумен тоққұйын тәрізді аспаптармен цилиндрлық бұйымдарды бақылау. Үстіңгі ақаулардың шифрын ашу. Магнитографты әдіспен дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау- магнитті таспаға жазу. Дәнекерлеу жігінің сапасын анықтау. Люминесцентті, ультрадыбыстық және рентгендік талдау нәтижелері бойынша үлгілерді таңдау. Ферриттің саны бойынша аустениттік болаттардың магниттік өткізгіштігін анықтау. Көміртегі аз көміртегілі болаттардан домалатуды, құюды, орау мен дәнекерлеу қосылыстарын ультрадыбыстық бақылау. Орта күрделі ультрадыбыстық дефектоскоптарды үлгілері бойынша қосу және баптау. Тереңдік өлшеуіштің көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, дефектоскоптарды, түрлендіргіштерді тексеру. Бір қуыс бұрғылық сызба бойынша тура және көлбеу іздегіштермен жұмыс жасау. Ақаулардың координаталары мен созылушылығын анықтау. Бастиектердің және қосатын кабельдердің түрлендіргіштерін жөндеу.

Білуге тиіс: магниттік, электр-магниттіктер, магнитографиялық, ультракүлгін дефектоскоптардың және түрлендіргіштердің құрылысы; ультрадыбыстық дефектоскоптар мен түрлендіргіштерді тексеру мен баптауға арналған станлартты және сынау үлгілері; бақылаудың ультрадыбыстық әдісінің физикалық мәнісі; жаңғырық импульсті, көлеңкелік, айна- көлеңкелік және резонансты; металдардың қалыңдығы мен қабатын анықтау әдістері; толқындардың негізгі үлгілері; ультрадыбыстық толқындарды қоздыру және акустикалық контактіні қамтамасыз ету тәсілдері; ақаулардың түрлері; дәнекерленген қосулардың үлгілері; бақыланатын бетке (кедір-бұдырлық параметрлері) қойылатын талаптар; электроника, метал танудың және дәнекерлеу өндірістің негіздері; әр түрлі қалыңдықты көміртегі және аз көміртегілі болаттардан домалату, құю орау мен дәнекерлеу қосылыстарын бақылау әдістері; магнитті және электромагнитті дефектоскопияның белгіленуі; магнитті, магнитографиялқ және тоқ құйын тәрңздң бақылау бойынша техникалық шарттар мен нұсқаулықтар; ірі бөлшектерді магниттеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жүк көтеретін механизмдердің бөлшектері- ультрадыбыстық бақылау

2. Аустенитті класты болаттан бөлшектер – шынықтырудан кейін ферриттік фазаның мөлшерін аспаппен анықтау.

3. Болат құятын шөміштер - ультрадыбыстық бақылау.

4. Ұялы құрылымдар- тігудің жабыспау аймақтарын табу.

5. Болат табақтар – дефектоскоптың көмегімен ақаулардың созылушылығы мен координаталарын анықтау.

6. Турбина роторының және газтурбиналық қозғалтқыштардың компрессорының күрекшелері- жиектерін ультрадыбыстық бақылау.

7. Бақылау үлгілер – дефектограмма дайындау.

8. Салпыншақтар, сақтандыратын оқтамалар, жұқа тақтайшалар, траверстер, рычагтар, тарту күштер, крестовиналар, теңгершілдер, тіректер, шатундар, штоктар, автотіркеу құрылғысының бөлшектері – магнитұнтақтық бақылау.

9. Тоқ құйын тәрізді бақылау кезінде жазу және таңбалау жүйесі – баптау және реттеу.

10. Корпустық кемелік таврлық конструкциялардың дәнекерленген қосылыстары- ультрадыбыстық бақылау.

11. Пісірілген шығыршықтардың, фланецтердің, аралық штуцерлердің, түтіктермен ниппельдердің қосылыстары- магнитұнтақтық бақылау.

12. Алынбайтын жеңіл қол жетімді ұшақтың тораптар мен бөлшектері- магнитұнтақтық бақылау.

13. Аустенитті класты дәнекерленген болаттардың жіктері- ферриттік фазаны бөлу аспабымен тіркеу.


§ 71. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термоөңделген бөлшектердің сапасын анықтау және оларды материал маркалары бойынша іріктеу. Ферриттік фазаның саны бойынша бұйымдарды ақауға шығару. Гальваникалық жабындардың қалыңдығын өлшеу. Магнитсіздендіру қисықтарын құру. Магнитті өтушілікті анықтау. Аз магнитті және магнитті бұйымдарды тоқ құйын тәріздң бақылау кезінде магниттеу режимін таңдау. Тұқ құйын тәрізді әдіспен бұйымдарды бақылаудың оңтайлы режимін таңдау. Қоспаланған болаттардан, қорытпалардан және дәнекерлеудің әр түрлі түрлерімен орындалған түрлі- түсті металдардан дәнекерлеу қосылыстарының алуан түрлерін ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша күрделі ультрадыбыстық тасымалды, зертханалық және стационарлық дефектоскоптардың жұмыс режимін баптау. Түзу және көлбеу түрлендіргіштерді тексеру. Дефектограммалардың шифрын ашу. Ультрадыбыстық бақылау нәтижелері және техникалық шарттар бойынша дәнекерлеу қосылыстарын құюдың, домалатудың, ораулың сапасын анықтау. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған құрылғыларды, және көлбеу түрлендіргіштерді дайындау. Ультрадыбыстық дефектоскопиялық аппаратураны негізгі параметрлерге сәйкестікке тексеру Көлбеу түрлендіргіштерді енгізу бұрыштарын есептеу және тәжірибеде анықтау. Дефектоскоптарды ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: магнитті, электромагнитті және магнитографиялық дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; гальваножабынды термоөңдеу негіздері; электромагнитті индукциялық дефектоскоптарды жөндеу ережесі; ферриттік фазаның магнит өткізушілігін анықтауға арналған аспаптардың құрылысы; дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; электроника негіздері; дәнекерлеу түрлері мен тәсілдері; құюда, домалатуда, орау мен дәнекерлеу қосылыстарында кездесетін ақаулардың түрлері; екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; екі ортаның шектері арқылы ультрадыбыс өткен кезде болатын физикалық құбылыстар; негізгі бақылау параметрлері; негізгі сигналдарды құрылымнан ультрадыбыстың көрінісімен, бөлшектердің кескіндерінің өзгеруімен және басқа факторлармен туындаған жалғандардан ажырату тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Домалатып жазу станоктардың білікшелері - ультрадыбыстық бақылау.

2. Феррозондты сезгілер – сезімталдылықты анықтау.

3. Тікұшақтардың ауа көтеретін және рольдік бұрандаларының бөлшектері - ультрадыбыстық бақылау.

4. Құйылған болат бөлшектер - ультрадыбыстық бақылау.

5. Болат бөлшектер - хромдық жабынның қалыңдығын анықтау.

6. Домалатып жазу дайындамалар – сызаттарды анықтаудың магнитұнтақтық әдісі.

7. Гистерезис қисығы – магниттеуді анықтау.

8. Табақтық домалатып жазу - ультрадыбыстық бақылау.

9. Жеңіл қорытпалардан кесектер- ультрадыбыстық бақылау.

10. Өскіндердің, штуцерлердің және түтіктермен дәнекерлердің қосылыстары - магнитұнтақтық бақылау.

11. 15 мм дейін қабырға қалыңдығымен дәнекерлеу қосылыстары- ультрадыбыстық бақылау.

12. Шпангоуттардың пішіндерінің түйісулері - ультрадыбыстық бақылау.

13. Иілу жерлерінде 4 мм дейін қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.

14. Гатурбиналық қозғалтқыштардың жұмыс форсункалары - магнитұнтақтық бақылау.


§ 72. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Магнитті және электрмагнитті дефектоскоптардың барлық түрлерінде магнитті дефектоскопия жүргізу. Бұйымдардың материалдарының магнитті және электрлік параметрлерін өлшеу бойынша дәл өлшеу аспаптарымен және қондырғылармен жұмыс жасау. Дефектоскоптарды сынау және жөндеу. Феррозондты сезгілерді дайындау және олардың сезімталдылығын анықтау. Феррозондты сезгілермен аппаратурадан ақпараттың шифрын ашу. Ақаулардың мөлшерлері мен жату тереңдігін анықтау. Бөлшек немесе дәнекерлеу жік бойынша магнит өткізушілікті бөлу картограммасын құру. Ірі кристалдық құрылыммен болаттардан, түрлі- түсті металдарды және бөлшектерді ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша көрсеткіштерді қашықтан берумен автоматты ультрадыбыстық бақылау қондырғыларын және ерекше күрделі және дәл дефектоскоптардың режимін баптау. Сынау үлгілерін дайындау, нобайларды құрастыру. Тізімдемелер және ультрадыбыстық бақылау карталарын құру. Диаграммалар бойынша аспаптардың сезімталдылығын баптау: амплитуда, қашықтық, аттенюатордың көмегімен диаметр. Бөлек- біріктірілген түрлендіргіштермен ультрадыбыстық бақылау жүргізу.

Білуге тиіс: магнитті және электромагнитті бақылау бойынша жұмыстардың барлық түрлері; материалдардың магнитті сипаттамаларын алу бойынша аспаптардың құрылысы, қалыңдық өлшеуіштердің түрлері; аспаптарды градустау тәсілдері; әр түрлі құрылыммен денелерде бойлау, көлденең және үстіртін ультрадыбыстық ауытқулардың таралу заңдары; екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; күрделі және дәл ультрадыбыстық дефектоскоптардың негізгі сызбалары мен конструкциялық ерекшеліктері, оларды реттеу және юстировка жасау тәсілдері; аспаптардың жұмысы кезінде ақаулықтардың туындау себептері және оларды жою тәсілдері; металл жүргізу және дәнекерлеу негіздері.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс үлгілері

1. Цилиндрлік бос денелі еспелі біліктер - ультрадыбыстық бақылау.

2. Еспелі бұрандалар – дәнекерлеу жіктерін ультрадыбыстық бақылау.

3. Мойынтіректердің сыналары және көпшіктері- ультрадыбыстық бақылау.

4. Қазандық коллекторларының түптері - ультрадыбыстық бақылау.

5. Домалатып жазылған квадратты дайындамалар - ультрадыбыстық бақылау.

6. Еспелі бұрандалардың крекшелері- тамырлық қимада жату тереңдігін және ақау мөлшерлерін анықтау.

7. Пластмассалар, резеңке - ультрадыбыстық бақылау.

8. Әр түрлі пішінді және мөлшерді орамдар - ультрадыбыстық бақылау.

9. 15 мм артық қабырға қалыңдығымен дәнекерлік қосылыстар - ультрадыбыстық бақылау.

10. Иілу жерлерінде 4 мм артық қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.

11. Баллистикалық қондырғылар - калибрлеу.

12. Цапфалар, осьтік шарнир корпусы, тікұшақтың көтеретін бұрандасының тығынының күрекшелерінің иінтірегі – магнитті бақылау.

13. Доңғалақ жұптарының элементтері – магнитті және ультрадыбыстық бақылау.


§ 73. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әдістермен қатты ауытқулардың сөну коэффициентін, екі ортаның бөліну шекарасында ультрадыбыстың шағылысу және өту коэффициенттерін анықтау. Аспаптың сезімталдылығын баптау және үлгілерсіз ақаудың эквивалентті мөлшерлерін немесе стандартты және және сынау үлгілерін қысқартылған саны кезінде тексеру. Бақылау әдістемелерін әзірлеу кезінде сынақ жұмыстарын орындау және эксперименталды номограммаларды құру. Өндірістік жағдайларда кездесетін ультрадыбыстық бақылау бойынша барлық жұмыс түрлерін жүргізу. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған құрылғыларды есептеу және дайындау. Өнеркәсіптік мамандандырылған аспаптармен ультрадыбыстық ауытқулардың таралу жылдамдығын өлшеу. Автоматты қондырғыларда алынған дефектограммалардың шифрын ашу. Автоматты қондырғылардағы ақаулықтарды жою. Аспаптарды жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: автоматты қондырғылардың кинематикалық және электрлік сызбалары; механика, телемеханика және метрология негіздері; номограммалар құру негізі ретінде акустикалық трактінің теңдеуі; өшуді анықтау қағидалары және ультрадыбыстың таралу жылдамдығы; бар ультрадыбыстық дефектоскоптардың, қалыңдық өлшеуіштердің және ультрадыбыстық ауытқулардың таралу және өшу жылдамдығын өлшеуге арналған қондырғылардың түрлері; Лэмб толқындарының таралуының негізгі заңдылықтары және олардың көмегімен ультрадыбыстық бақылау тәсілдері.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс үлгілері

1. Бұрандаманың дайындамалары - бұйымдарға ультрадыбыстық ауытқулардың өшу жылдамдығын және табылған ақаулардың балама аудандарын анықтау.

2. Дизельдердің буынды және тарататын біліктері; ауыр қозғалтқыштардың, редукторлардың, сорғылардың, компрессорлардың, роторлардың зәкірлерінің біліктері; кардандық біліктер, дизель блоктары, корпустардың арттары және автотіркеу жұту аппараттарының болттары, ауыр қамыттар, тісті доңғалақтардың тістер.

3. Жеткізу күйінде жоғары қоспаланған болаттардың табақтары-алынған дефектограмманың шифрін ашумен ультрадыбыстық бақылау

4. Күшеюімен бойлай тесік жіктерімен обечайкалар- қоратанда берумен ультрадыбыстық бақылаудың мүмкіндіктерін анықтау

5. Қоспаланған болат үлгілері- ультрадыбыстық ауытқулардың өшу жылдамдығын өлшеу.

6.Арба рамасы, орталық брус, кардандық муфта, автотіркеу бөлшектері, рельсмайлаушы - магнитұнтақтық бақылау.

7. Корпустық конструкциялардың дәнекерленген жіктері- ультрадыбыстық бақылау.

8. Доңғалақ жұптарының элементтері, шығыршықты мойынтіректердің ішкі және сыртқы доңғалақтары- магнитті және ультрадыбыстық бақылау.


§ 74. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскопистің басшылығымен бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Бұйымдарға рентген сәулесін түсіруге дайындау. Бақылаудың берілген параметрлері бойынша рентген сәулесін түсіру кезінде учаскелерді белгілеу және маркалау. Рентген пленкасын шығару және бекіту.

Білуге тиіс: рентген қондырғыларының және гамма-дефектоскопияға арналған аппаратураның жұмыс істеу қағидасы; сәуле түсіру түрлері мен көздері және олардың табиғаты; сәуленің заттар арқылы өтуі; рентген пленканың әр түрлі сорттарының қасиеттері және олардың сапасын тексеру тәсілдері; кассетелерды зарядтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Пластиналардың үлгілері- дәнекерлеушілердің разрядына аттестациялау кезінде рентген сәулесін түсіру.

2. Түйістіру қосылыстары- рентген сәулесін түсіру.

3. Цилиндрлардың және конустық қабыршықтардың бойлай жіктері- рентген сәулесін түсіру.


§ 75. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскописің басшылығымен жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру, қарапайым және орта күрделі бұйымдарды ионизационалық және сцинтилциялық бақылау. Сәулеге түсірудің қажетті көздерін таңдау және экспозицияны анықтау. Радиоктивті изотоптың активтілігін анықтау. Сапасые анықтау мақсатымен түсірілімдерді қарау. Рентгендік және гамаграфикалық апаратураны реттеу.

Білуге тиіс: күшейтуші рентген қондырғылардың, гамма-графирлеуге, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға арналған аппаратураның

жұмыс істеу қағидасы; электротехниканың және металл жүргізудің негіздері; металдарды дәнекерлеудің алуан түрлері және құю технологиясы; дәнекерлеу қосылыстарының түрлері және оларды дәнекерлеу технологиясы; дәнекерлеу жіктерінің сапасына ақаулардың тигізетін әсері; дәнекерлеу жіктеріне қойылатын талаптар; олардан сәуле өткен кезде материалдардың әлсіретететін қасиеттері; рентген гамма-графирлеу үшін қолданылатын металдардың қасиеттерімен сипаттамалары; сәуле көздерін

Жұмыс үлгілері

1. құйалғын бұйымдар - рентген сәулесін түсіру.

2. Тавырлы және жолақбулбалық қосылыстар - рентген сәулесін түсіру.

3. Дәнекерленген құбырлар - рентген сәулесін түсіру.

4. Тік ұшықтың көтеретін бұрандасының құбырлары, тығындары- рентген сәулесін түсіру.

5. Баллондардың және цилиндрлардың доңғалақ жіктері - рентген сәулесін түсіру.


§ 76. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделі бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Күрделі бұйымдарды ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау. Күшейтетін техниканың және гамма-қондырғылардың көмегімен бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру. Ксерографиялық құрылғыларда жұмыс істеу. Рентген және радиографиялық аппаратураны ағымдағы жөндеу және реттеу. Сәуле көздерін зарядтау және қайта зарядтау. Рентгенограммалардың шифрін ашу.

Білуге тиіс: ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға араналған рентген және радиографиялық аппаратураның электрлік сызбалары; рентген сәулесін түсіру затымен үлкен энергиялы сәулеге түсірудің өзара әрекеттестігі; ксерография негіздері; сәулеге түсірудің дозаларын көздерден қашықтықтарды және көздерден ьерілген қашықтықтырда болу уақытын есептеу; іртүрлі күшейткіштердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Цилиндрлік және домалақ беттердегі дәнекерлер- рентген сәулесін түсіру Вварыши

2. Авиақозғалтқыштардың отын коллекторы - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

3. Жұмыс контейнерлер – изотоптармен зарядтау.

4. Металлургиялық цехтерге арналған металл және шихта - рентген сәулесін түсіру.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

Похожие:

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТест тапсырмалары барлық бағыттағы топтар үшін барлық мамандықтар үшін
Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд сияқты ойшылдардың философиялық ілімдері
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconҚармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін
Барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconПсихология ғылымының салалары
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТәуелсіздік барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық
Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconБекітемін
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамилық дамуында...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Студенттер үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница