Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері




НазваниеЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
страница7/38
Дата конвертации15.02.2016
Размер4.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/01 БТБА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
§ 59. Дезинфектор

3 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Киімді, үйде қажетті заттарды, жабдықтарды, машиналарды, шикізатты, жартылай шикізатты, көлік құралдарын, аумақты, өндіріс орындарын, ғимараттарды, құрылғыларды және т.б. физикалық, химиялық, биологиялық және аралас әдістермен жұқпасыздандыру (ауру туғызатын микроорганизмдерді немесе жұқпалы ауруларды, инфекцияны таратушыларды жою немесе әлсірету) және дезодорациялау (зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Өңделетің заттарды дезинфекция камераларына жақындату, оларды тиеу және түсіру.

Білуі тиіс: жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекция камераларына тиеуді және түсірудің тәсілдерін, жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және қоғамдық қаупсіздік шараларын; улы химикаттармен жұмыс жұмыс қаупсіздігі ережесін; жеке қорғаныс заттарын пайдалану ережесін.


§ 60. Дезинфектор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық улы заттармен және интексицидтармен арнаулы машиналардың және жабдықтардың көмегімен дезинсециялау ( зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Арнаулы машиналар мен жабдықтарды дайындау және қызмет көрсету, жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын улы химикаттар мен басқа жем дайындауға қажетті тағамдарды нұсқаулық талаптарына сәйкес қабылдау, есебін жүргізу, сақтау, босату. Қорғаныс құралдарының: противогаздардың, арнаулы киімнің, құралдардың және т.б. сапасы мен уландыратын заттардың әсірінен ақаусыздығын тексеру.

Білуі тиіс: жұқпасыздандыру, дезинсециялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекциялау машианалары мен улы химикаттарды себуге арналған аппаратардың құрылымын және жұмыс істеу принципін; жұқпасыздандырылатын заттардың сипатына қарай дезинфекциялық камералардың құрылымын және жұмыс кестесін; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды гидравликалық сынау әдістерін; улану белгілерін және бұл реттегі алғашқы көмек көрсету ережесін; улы химикаттармен жұмыс жұмыс қаупсіздігі ережесін; жұқпасыздандыру және дезодорация кезінде экспозиция жүргізу мерзімдерін.


§ 61. Дезинфектор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұқпасыздандыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және атқару, олардың көлемін, әдістемесін және жекелген нысандарды жұқпасыздандыру заттарын анықтау. Дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуын және қолданылуын, радиоаппарураның, құрал-жабдықтардың қолданылуын, орындалған жұқпасыздандырудың сапасын, жұқпасыздандырушылардың дезинфекциялық жұмыстарды орындау кезінде жеке басының және қоғамдық қаупсіздік ережесі мен еңбекті қорғау ережесінің сақталуын бақылайды. Барлық дезинфекциялау жұмыстарының орындалуына арналған құжаттамаларды жүргізеді.

Білуі тиіс: дезинфекциялық жұмыстардың тәртібі мен ережесін анықтайтын нормативтік және құқықтық құжаттарды; қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық, стерилді заттарды; оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды; дезинфекциялау жабдықтарын қолдану жағдайларын; жеке қорғаныс заттарын пайдалану және улану кезінде алғашқы көмек көрсету ережесін.


§ 62. Киім көрсетуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық, көркемдік кеңестерде, көрсету залдарындағы сеанстарда, көрмелерде, ұйымдардағы көпшілік лекцияларында және басқа да көрсітілімдерде киім үлгілерін көрсету. Үлгілірді дайындау кезінде өндірістік өлшеп көру. Сүретші - салушыларға, сондай-ақ фото - кинотүсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: киім үлгілерін сипатына қарай көрсету ережесін; костюмдер тарихы мен Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі сән бағытын.

§ 63. Киім көрсетуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық, көркемдік кеңестерде, әдістемелік мәжілістерде, сән конгрестерінде, демонтрация залдарының сеанстарында, көрмелерде, мекемелердегі көпшілікке оқылатын лекцияларда және өзге де көрсетудің сценарийлік жоспарын өңдеу. Үлгі жасаушы сүретшілерге, сондай-ақ фото-кинотүсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: сипатына қарай киім үлгілерін көрсету ережелерін білу; костюм тарихын және Қазақстан Республикасындағы одан тыс жерлердегі сән бағытын білу.

§ 64. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақыланатын бұйымдарды сынауға дайындау. Бұйымның және вакуумдық жүйелердің бетін ауамен үрлеу және үрлеп кептіру, вакуумдық шекқұбырлар мен вакуумдық жүйелердің шығатын келтек құбырларын спиртпен сүрту. Енетін сұйықтық пен абсорбциялайтын жабындарды жағу және жою. Бұйымды ультракүлгін сәулелерде қарау. Гелий және галогендік ағыс іздегіштері жұмыс режимдеріне қосу және шығару. Кварцты диффузиялық ағыс бойынша ағыс іздегіштерді гелийге реакцияға тексеру. Гелий баллондары мен редукторларды гелий жүйесіне қосу. Электр өлшеу және механикалық аспаптардың көмегімен газдың артық қысымы мен вакуумды өлшеу. Механикалық және буағыс вакуумдық сорғыларды пайдалану.

Білуге тиіс: вакуумды алу туралы негізгі мәліметтер; сынап- кварцты лампалардың, люминесцентті аспаптардың, сорғылардың, пластина – роторлық, пластина – статорлық, плунжерлік, бу ағысты және салқындатылытын қақпандардың жұмыс істеу қағидасы; вакумды өлшеу үшін бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; бояу бүріккіштердің, гелий және галоген ағыс іздегіштердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; ағыс іздегіштермен конструкциялардың герметикалығы, бақылау кезінде қолданылатын әдістер.

Жұмыс үлгілері

1. Қарапайым конфигурациялы штампталған дайындамалар және құю, орау ультракүлгін сәулелермен бақылау.

2. Артық қысым мен вакуумды өлшеуге құралы- манометрлердің, механикалы және электрондық вакуум өлшеуіштердің көрсеткіштерін алу.

3. Дәнекерленген түйіске қосылыстар - ультракүлгін сәулелермен бақылау.

4. Ағыс іздегіш - құралды джмысқа дайындау және оны қосу.


§ 65. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынауларға дайындау – артық қысымды пайдаланумен, гелий қуыс бұрғысының көмегімен үрлеу әдісімен бақылау сызбасын жинау және жекелеген бөлшектерді операцияаралық бақылау. Пайдалану ережесінің талаптарына және герметикалық бақылау нұсқаулығына сәйкес гелий және галогенді ағыс іздегіштерді пайдалану. Газ қысымдары мен вакуумды өлшеуге арналған бақылау - өлшеу аспаптарын таңдау. Бақыланатын бөлшектердің герметикалығын байқаулар бойынша қорытындылау. Стационарлық жағдайларда және объектілерде бұйымдарды люминесценттік және түрлі- түсті бақылау өткізу. Люминесцентті дефектоскопия құралдарымен жұмыс жасау. Нұсқаулыққа сәйкес енетін сұйықтықтарды және соратын жабындарды дайындау. Индикаторлық іздер бойынша ақауларды белгілеу. Ақаулардың шифрын ашу.

Білуге тиіс: вакуум алудың негізгі әдістері; шайқау процесінің негіздері; соғының әрекет ету жылдамдығы; құбылардың кедергісі мен өткізу қабілеті; газдардың ағу режимі; объектіні шайқауға арналған жабдық пен аппаратураның құрылысы; айналу және буағыс сорғыларының құрылысы; вакуумды өлшеуге арналған бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; электрлік, радиотехникалық және ағыс іздегіштердің вакуумдық жүйелерінің аса қарапайым ақаусыздықтары; ағыс іздегіштердің сезімталдылығын тексеру және реттеу тәсілдері; бақылау объектілерін сынау әдістері; бақылау әдістерінің мәнісі, артықшылығы мен кемшіліктері; люминесцентті аспаптардың құрылысы; сынапкварц лампалардың электрлік параметрлері; ультракүлгін сәулелердің және флюоресценцияның табиғаты; сұйықтықтың физикалық қасиеттері (дымқылданғыштық, тұтқырлық, үстіртін созылу, капиллярлық құбылыстар), дефектоскопияның түсті әдісі үшін және люминесцентті дефектоскопия үшін бояйтын заттардың түрлері; бұйымдардың бетіне пенетрант жағу және кетіру әдістері; ерітінділер дайындау кезінде аспаларды құрау үшін аналитикалық таразының пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Металлургия және энергетикалық жабдықтардың бөлшектері темір соғудан, домалату және механикалық өңдеуден кейін люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.

2. Орта және күрделі конфигурациялы штампталған дайындамалар және құю, ораулар- люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.

3. Газдың артық қысымын және вакуумды өлшеу құралы – термобу шамының жұмыс тоғын орнату, разрядтау деңгейін анықтауға арналған қисық термобу градусталған қисық шамдарды қолдану.

4. Гелий жүйелері – манометрдің көрсеткіштері бойынша тығыздығы тексеру.

5. Вакуумды жүйелер және сынау камералары – гелий тығыздығын тексеру.

6. Бөлшектер мен объектілерде дәнекерленген бұрыштық қосылыстар- люминесцентті және түсті әдістермен бақылау.

7. Құбырлы дәнекерленген жапсарлар - люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.


§ 66. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гелий және галогенді ағыс іздегіштерді пайдалану нұсқаулығына және герметикалық бақылау нұсқаулығының талаптарына сәйкес құрастыру бірліктерінің, дәнекерлеу қосылыстарының және иіртүтік жүйелердің герметикалығын бақылау. Кварцты диффузиялық ағыс бойынша немесе таза ауа камерасының көмегімен ағыс іздегіштердің сезімталдылығын баптау. Радиоблоктардың жұмыс режимдерін реттеу. Төмен вакум мен газдың қысымын өлшеуге арналған бақылау - өлшеу аспаптарын калибрлеу. Стационарлық жағдайларда және объектілерде бұйымдарға кешенді бақылау өткізу. Индикаторлық іздің ерекшелігі бойынша ақаудың сипатын анықтау. Бақылау жүйелі карталарын құрастыру. Бетінің күйіне және дәнекерлеу қосылыстың конфигурациясына байланысты бақылау әдісін - люминесцентті, түрлі - түсті, кешенді әдісті таңдау. Дроссельді, вакуумдық ысырмаларды, сильфонды шұраларды жөндеуді қосқанда, люминесцентті аппаратурадағы ақаулықтарды жою. Вакуумдық сорғыларды қарау және техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: айналатын май буағыс сорғыларды орнату ережесі; масс -спектрометрлік ағыс іздегіштердің негізгі бөліктерінің құрылысы; электрлік бөліктің вакуумдық жүйелері, қуаттандыру және басқару блоктары; герметикалықты бақылау әдістері; сынаулар ережесі; вакуумды өлшеуге арналған ионизациялық және механикалық аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; бейорганикалық және органикалық химияның қарапайым негіздері; машина жасау сызудың негіздері; бақылау үшін қолданылатын ерітінділер мен бояулардың белгіленуі мен қасиеттері; зертханалық жабдыққа қызмет көрсету ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Вакуумметрлер – термобу лампасын тексеру және градустау.

2. Бу турбиналардың күрекшелері - люминесцентті және түрлі- түсті әдістермен бақылау.

3. Ағыс іздегіштер – ең үлкен сезімталдылықты қамтамасыз ету мақсатымен радиоблоктардың жұмыс режимдерін тексеру және реттеу.


§ 67. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вибростенділерде, бусынау стенділерде, термошайқау стенділерде және т.б. сынауға дейін және кейін бұйымдардың герметикалығын бақылау. Соңғы «бітейтін жапсарды» бақылау. Стенділік немесе «бітейтін жапсарда» сынауларға дейін және кейін бақылатаны бұйымдарда жалпы газдық тығыздықсыздықты тапқаннан кейін жергілікті ағыстарды іздеу. Диффузиялық, капиллярлық, ұсақ саңылаулы ағуларды және инелі аққыштарды калибрлеу. Сынау стендісінде әр түрлі газдар бойынша вакуумдық сорғыларды сынау. Ағыс іздегіштердің барлық түрлерінде, масс-спектрометрлік анализаторда олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: күйіне (қысымы, разрядталуы, температурасы) байланысты газдардың аса маңызды қасиеттері; объектіні шайқау жылдамдығы және сорғының жұмыс істеу жылдамдығы; газ ағыны; құбырлардың кедергісі мен өткізу қабілеті; вакуумдық техниканың негізгі теңдеулері; термобу қақпандарының, компенсациялық, вакуумды өлшеуге арналған магнитті және электрразрядты аспаптардың құрылысы; гелий және галогенді ағыс іздегіштердің тораптарының белгіленуі және құрылысы; төмен және жоғары жиілікті геренаторлардың, түзеткіштер мен тұрақтандырғыштардың ауыспалы және тұрақты тоғының күшейткіштерінің негізгі сызбалары; электрвакумдық және газразрядты аспаптардың түрлері мен қағидалары.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс үлгілері

1. Термобу, магнитті, электрзарядты вакуумметрлер, - баптау.

2. Иіртүтікті конструкциялар – газдығыздықты емес жерлерін іздеу.

3. Ағыс іздегіштер – диффузиялық ағуларын калибрлеу.


§ 68. Газдық және сұйықтық бақылау бойынша дефектопист

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрондық аппаратураны пайдаланумен жинақтау және жөндеу жағдайларында құрылымдардың герметикалығын бақылау. Техникалық құжатнама талаптарына сәйкес тораптарда және тұтас контсрукцияда аралоық ақау дерлерін анықтау мен жалпы герметикалығын тексеруге арналған аспапты және жабдықты бақылау тәсілін таңдау. Жинақтау конструкцияны бақылау нәтижелері бойынша соңғы қорытындылар беру. Сынаулар кезінде құрылымдарда табылған ақаулардың мөлшерін сандық талдау. Бақылау әдістемелерін әзірлеу бойынша тәжірибе жұмыстарын орындау. Алынған жұмыс нәтижелерін ресімдеу. Масс-спектрометрлік анализаторлардың электрондық оптикасына юстировка жасау. Герметикалықты бақылау әдістерін метрологиялық қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: газдардың молекулалық- кинетикалық теориясының элементері, «газ» және «бу» түсініктері, қаныққан газдардың қысымдары, негізгі газдық заңдар, газдардың ағу режимдері; вакуумды алуға арналған сорғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; бақыланатын бұйымдардың конструкциялық және технологиялық ерекшеліктері; сұйықтықтардың физикалық қасиеттері.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс үлгілері

1. Түтікті тақталар – аралық ақау жерлерін анықтау және ралық ақау мөлшерін бағалау.

2. Бақылау объектісі – бақылау тәсілін және оның режимдерін таңдау.


§ 69. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта конфигурациялы бөлшектерді магнитті әдіспен, цилиндрлік және жалпақ пішінді бұйымдарды ультрадыбыстық әдіспен бақылау, дайындамалар мен бөлшектерді ультрадыбыстық бақылау. Магнитті, электромагнитті және қарапайым ультрадыбыстық дефектоскоптарды қосу және баптау. Металдың қалыңдығын өлшеу. Дефектоскоппен қарастырылған қалыңдықтар диапазонында бапталған аспаппен қабаттардың аймағының болуы мен аймақ мөлшерлерін анықтау. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскопистің басшылығымен күрделі конфигурациялы бөлшектерде ақауларды анықтау. Магниттік суспензияларды дайындау. Есеп журналын жүргізу.

Білуге тиіс: магнитті, электромагнитті және ультрадыбыстық дефектоскоптардың, еңіс және тура түрлендіргіштердің жұмыс істеу қағидасы; дефектоскопты басқарудың негізгі органдарының белгіленуі; электротехника бойынша негізгі мәліметтер; магниттің суспензияның құрамына кіретін компоненттердің белгіленуі мен қасиеттері; магниттеу және магнитсіздендіру құбылыстары.

Жұмыс үлгілері

1. Тегіс біліктер, осьтер, шпонкалар, крандардың бөлшектері – магнитұнтақтық бақылау.

2. Фланецтердің дайындамалары және цилиндрлік болат - ультрадыбыстық бақылау.

3. Еспелі бұрандалардың қалақтары – тамырлық қиманы бақылау.

4. Табақтық болат – қалыңдығын өлшеу және қабатын анықтау.

5. Түтіктер – ақау жерлерін белгілеумен және жазумен тоққұйын тәрізді аспамен бақылау.

6. Тікұшақтың көтеретін бұрандасының тіреулері мен тығын шығыршықтары, соңғы біліктің түтіктері- магнитұнтақтық бақылау.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Похожие:

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТест тапсырмалары барлық бағыттағы топтар үшін барлық мамандықтар үшін
Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд сияқты ойшылдардың философиялық ілімдері
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconҚармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін
Барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconПсихология ғылымының салалары
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТәуелсіздік барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық
Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconБекітемін
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамилық дамуында...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Студенттер үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница