Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері




НазваниеЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
страница6/38
Дата конвертации15.02.2016
Размер4.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/01 БТБА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
§ 44. Гардеробшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұйым қызметкерлері мен келушілердің сырт киімін, бас киімін және басқа да жеке заттарын сақтауға қабылдау; тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерге немесе келушіге заттардың сақталу орыны көрсетілген жетонды беру және жетонды ұсынған кезде киімі мен жеке заттарын беру. Гардероб орынын таза және тәртіппен ұстау. Мүгедектер мен қарт келушілерге шешіну және киіну кезінде көмек көрсету.

Білуі тиіс: жеке заттарды қабылдау мен сақтау ережесін; жетон жоғалған жағдайда құжаттарды ресімдеу тәртібін; ұйымның жұмыс кестесін.


§ 45. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, қондырғыларға немесе 15 куб м/сағ дейін өнімділікпен станцияларға қызмет көрсету және жөндеу. Газгенераторларды кальций карбидімен және тазартқыштарды тазарту массасымен зарядтау. Кальций карбидімен барабандардың орауын ашу. Ысырмаларда судың деңгейін тексеру. Шекқұбырлар мен бекіту шұраларын қосу. Құбырлар мен су тазартқыштарында конденсацияланатын суды құйып алу. Газгенераторлардың жұмысын және газдың сапасы қадағалау. Баллондарды таразыда өлшеу. Баллондарды газбен мөлшерлеу. Жөндеу кезінде газгенераторларды бөлшектеу және жинау.

Білуге тиіс: физика мен химия бойынша газдар туралы қарапайым мәліметтер; кальций карбидінен ацетилен алу қағидасы; ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштар мен гидроысырмалардың құрылысы; ацетилен қондырғыларын пайдалану ережесі; кальций карбидінің қасиеттері және оны сақтау ережесі; газгольдердің құрылысы, оның сыйымдылығы мен ең үлкен биіктігі; тазартқыштарды қайта зарядтау мерзімдері; қызмет көрсетілетін учаскеде бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; кальций карбидімен барабандардың орауын ашу ережесі.


§ 46. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, 15 –тен 50 куб м/сағ дейін өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға, өнімділігіне байланыссыз навигациялық жабдық құралдарына арналған жарық беретін ацетилен газын шығаратын газгенераторлар мен қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу. Кептіргіштерді, жуып- шайғыштарды, тазалағыштарды және еріткіштерді қайтадан зарядтау. Ацетиленде қоспалардың барын анықтау: фторлы сутегіні, күкіртсутегіні, ауаны және ацителен қондырғысының немесе станцияның жұмыс істеуі шарттарында басқ. Ацетилен компрессорына қызмет көрсету және оның жұмысындағы олқылықтарды жою. Баллондардың шұраларына түтіктерді қосу және оларды толтыруды қадағалау. Клапандарды, аратөсемдерді және басқа арматуа немесе бөлшектерді ауыстыру.

Білуге тиіс: ацетиленде қоспаларды анықтау тәсілдері; әр түрлі ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштардың, кептірші пен гидроысырмалардың құрылысы; ацетиленді алу технологиялық процесі және оны тазалау мен кептіру ережесі; ацетилен қондырғысы мен станциясының коммуникациялар сызбасы, шұралардың, клапандар мен басқа арматураның орналасуы; баллондарды ацетиленмен толтыру ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.


§ 47. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, 50 куб м/сағ артық өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға қызмет көрсету және жөндеу. Газ тәрізді ацетилен алу мен тазалау технологиялық процесінің параметрлерін реттеу. Кальций карбидін тиеу механикаландырылған тармағын, карбидті бункерлерді тасу тармағын, газгенераторлардың жетегін, айналымды сумен жабдықтау күйі мен реттеуін, бақылау- өлшеу аспаптарын және сигнал беруді бақылау және басқару. Жабдықты жөндеуден шығатын қосу жөндеу жұмыстарын қабылдау және жүргізу.

Білуге тиіс: газ тәрізді ацетилен өндірісінің технологиялық сызбасы, ацетилен қондырғыларының әр түрлі жүйелеріні құрылымы; бақылау- өлшеу аспаптарын реттеу тәсілдері; қажетті технологиялық құжаттама құру және жүргізу тәртібі.


§ 48. Қызметші әйел

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қонақ үйлердің, жатақханалардың бөлмелерін, санитарлық бөлмелерін және өзіне бекітілген басқа да орындарды тазалау және тазалықта ұстау. Тұрған әрбір адам кеткеннен кейін төсек жаймалары мен орамалдарды ауыстыру. Ұзақ уақыт тұрған жағдайда – қонақ үйлердегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген мерзімдерде төсек орынды қабылдап алу. Тұрғандардан тұрмыстық қызметтерге тапсырыс қабылдау және олардың уақытында орындалуын бақылау. Техника қаупсіздігі ережесін сақтау.

Білуі тиіс: коммуналдық қонақ үйлеріндегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерін; техникалық қаупсіздік ережесін; электр шаңсорғыш пен электр еден сүрткіш құрылымын; жергілікті тиекті арматураның орналасқан жерін.


§ 49. Жүк тасушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қарапайым тиеу-түсіру жабдықтарын қолдана отырып қолмен тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу жұмыстары – сұрыптау, жинау, орнын ауыстыру, қайта өлшеу, таратып салу және т.б. Жұмыс процесінде вагондарды жақындату (алыстату). Жылжымалы составты жүк түсірілгеннен кейін тазалау. Қызмет көрсететін тиеу – түсіру жабдықтарын тазалау және майлау. Щиттер мен траптарды қайта орналастыру.

Білуі тиіс: жүктерді тиеудің және түсірудің ережесін; қарапайым тиеу - түсіру жабдықтарын қолдану ережесін; жүктерді ашық теміржол жылжымалы составына тиеу кезіндегі және теміржол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды текшелеп жинау кезіндегі жол берілетін габариттерді.


§ 50. Жүк тасушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді тасымалдау құралдарын: сүйрепелерді, арбаларды, транспотерлерді және басқа да көтеру – тасымалдау жабдықтарын қолдана отырып тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу. Шығырларды, көтергіш блоктарды, уақытша скаттар мен жүктерді тиеу мен түсуруге арналған басқа да жабдықтарды орнату. Жүктерді қоймалар мен тасымал құралдарына бекіту және жабу. Қызмет көрсететін тасымалдау құралдарын тазалау және майлау.

Білуі тиіс: жүктерді тасымалдау құралдарында жинаудың, бекітудің, жабудың ережесін; тасымалдау құралдарын пайдалану ережесін; жүктерді көтеру – тасымалдау механизмдерімен тиеу және жүктерді кезіндегі шартты белгіні; қоймалардың және жүктерді тиеу және түсіру орындарының орналасқан жерін.


§ 51. Табыншы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Базарда мал табынын, көлік құралдарын, қажетті мүлік пен жабдықтарды қабылдап алу. Малдарды өлшеу, ветерениарлық өңдеу, жынысына және қоңына қарай сұрыптау кезінде қатысу. Табынды нысаналы жерге айдап бару. Малды жолда бағу, жемдеу, суару. Малды вагондарға, баржаларға және автокөлікке тиеу және түсіру. Табынға жолда ілесіп жүру және оның күзетін қамтамасыз ету, өткізу пунктінде бағу және ұстау. Табынды тұтынушыларға тапсыру, малды қабылдау және тапсыру құжаттамаларын ресімдеу. Малды түсіргеннен кейін вагондарды тазалауға дайындау.

Білуі тиіс: зоотехника мен ветеринария негіздерін; малды қабылдау мен өткізудің тәртібің; малды айдап бару, тасымалдау, жаюдың тәсілдерін; малға тамақ берудің рационы мен уақытын; аурулардың, жарақаттанудың, мал шығынының алдын тәсілдерін; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; қабылдау - өткізу құжаттарын ресімдеуді.

§ 52. Аула сыпырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелерді, тротуарларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Тротуарларды, көпір жолдары мен соқпақтарды қардан және мұздан уақытында тазалау, оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдайын; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Милиция өткізетін үй аумақтарын араулауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

Білуі тиіс: жергілікті атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау міселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлмшесінің, жедел жәрдем көрсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.


§ 53. Аула сыпырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелелрді, тротаурларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Гүлзаларды түскен жапырақтардан, бұталар мен кездейсоқ қоқыстардан (кездейсоқ заттардан, қағаздардан және т.б.) тазарту. Қалындығы 2 см. дейінгі жаңа түскен қарды сыпыру. Қарды үйіндегі үю. Тротуарларды, көпірлер мен жолдарды қар мен мұздан тазарту және оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Нөмірлі урналарды жуу. Көрсеткіш тақталарды сүрту. Контейнер алаңшасын жинап сыпыру. Ауладағы қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдаыйн; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Қызмет көрсететін үй аумағындағы көше шамдарын уақытында жағу және сөндіру. Милиция өткізетін үй аумақтарын араулауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

Білуі тиіс: жергілікті атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау міселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлмшесінің, жедел жәрдем көсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.


§ 54. Экскалатор кезекшісі

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дүкендердегі, әуе–теміржол вокзалдарындағы және басқа ұйымдардағы эскалаторларды қосу жұмысын қадағалау. Жолаушыларды қатты дауыс күшейтетін байланыс бойынша эскалаторды пайдалану ережесі туралы хабарландыру. Сауда бөлімдерінің, секцияларының, қызметтік орындардың және т.б. орналасуы туралы хабарландыру. Қарттарға, мүгедектерге мен балалы жолаушыларға эскалаторға кіру және шығу кезінде эскалаторды тоқтау, зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмек көрсету. Эскалатор ақауы кезінде слесар – электрикті, эскалатор машинисін немесе авариялық қызмет қызметкерлерін шақыру.

Білуі тиіс: эскалаторлардың жұмыс істеу және пайдалану принципін, олардың электр-радиомен жарақтандырылуын, медициналық пункттің, эскалатор машинисінің, жөндеу және авариялық қызмет қызметкерлерінің жұмыс орындарын; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ержесін; ауысымды қабылдау және тапсыруды; метрополитен схемасын, дүкендердің бөлімдері мен секцияларының және әуе -теміржол вокзалдарындағы басқа да ұйымдардың орналасуын.


§ 55. Дезактиваторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылғылар мен регламенттеретін дезактивациялайтын ерітінділерді қолданумен берілген әдістеме бойынша дезактивациялық жабдықтың көмегімен арнайы автокөлікті, жабдықты, заттарды және үй- жайларды дезактивациялау. Дезактивацияға түсетін жабдықты сұрыптауы. Жұқтырушы заттарды еріткіштермен жуып тазалау (керосинмен, бензинмен), жұқтырылған топырақтың қабатын немесе қарды алу арқылы жұқтырылған объектілерді, жабдықтарды, заттарды және үй- жайларды газдан тазарту. Газдан тазарту заттарға арналған қажетті материалдарды жұмыс орнына қоймадан жеткізу. Дезактивациялайтын жабдықты тасу бойынша тасымалдау және такелаждық жұмыстарды орындау. Дезактивациялау пукнтінде траптар мен тұндырғыштарды тазалау.

Білуге тиіс: беттерін дезактивациялау және газдан тазарту ережесі; негізгі дезактивациялайтын және газдан тазартатын ерітінділердің құрамы мен қасиеттері; жұмыс затын ұстау, такелаждық жұмыстар жүргізу мен радиациялық гигиена ережесі; дезактивациялау жабдығының, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның жұмыс істеу қағидасы; газдан тазартатын заттардың номенклатурасы.


§ 56. Дезактиваторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дезактивациялау жабдығының көмегімен арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын дезактивациялау. Дезактивациялау ерітінділері мен шаятын суларды беру үшін сорғыларды, такелаждық құрылғыларды, кір жуатын жабдықты жұмысқа дайындау. Бетінің радиоактивті заттармен ластанушылық түріне байланысты дезактивациялау құрамының түрін анықтау. Газсыздандыратын заттармен газдан тазарту аспаптардың көмегімен жұқтырылған объектілерді, жабдықты, заттар мен үй- жайларды газдан тазарту. Берілген рецептура бойынша дезактивациялайтын құрамды, газсыздандыратын заттарды дайындау. Заттарға, жабдық пен құрылғыларға ағымдағы жөндеу жүргізу. Жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: дезактивациялау құрамдарының негізгі физикалық- химиялық қасиеттері; дезактивациялау құрамдарын және газсыздандыратын заттарды дайындау ережесі, жабдыққа, қорғаныш техникасына әсері; материалдар және жеке өорғаныш құралдары; дезактивациялау жабдығының, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның және газсыздандыратын аспаптың құрылысы; радиоктивті ластанулардың шекті мүмкін деңгейлері мен концентрациясы; радиоктивті заттармен және иондайтын сәуле көздерімен санитарлық жұмыс істеу ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.


§ 57. Дезактиваторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ультрадыбыстық ванналарда, балқыту пештерінде, жуатын бокстарда және басқ. бағалы материалдарды, арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдарын дезактивациялау. Жабдық пен бақылау- өлшеу аспаптарының ақаусыздығын және жұмысқа жарамдылығын тексеру. Жабдықты дезактивациялау кезінде бөлшектеу және жинау жұмыстарын орындау. Радиактивті сәулеленудің белгілі бір түрі үшін шекті мүмкін деңгеймен салыстыру ақылы дозиметриялық бақылаудың көмегімен дезактивациялау процесінің аяқталуын анықтау. Берілген жұмыс режиміне жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: ультрадыбыстық ванналардың, балқыту пештерінің, жуатын бокстардың және бекітпе арматураның құрылысы және басқару; дезактивациялау технологиялық процесі; қолданылатын дезактивациялау материалының физикалық- химиялық қасиеттері; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.


§ 58. Дезактиваторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Араластырылған және жуылатын суларды дезактивациялау. Дезактивациялау технологиялық режимін таңдау. радиоактивті ластану мен дезактивацияланатын материалдың түріне байланысты рецептуралар есептеу және құрастыру. Дезактивациялау кезінде қызмет көрсететін машиналарды, аппаратура мен бақылау- өлшеу аспаптарын басқару және қадағалау және олардың олқылықтарын жою. Сынамаларды талдау нәтижелері бойынша технологиялық режим көрсеткіштерін реттеу. Есептік құжаттаманы жүргізу. Дезактивациялаудың жаңа әдістерін меңгеру және ендіруге қатысу.

Білуге тиіс: ультрадыбыстық ванналардың, балқыту пештерінің және жуатын бокстардың кинематикалық және элктрлік сызбалары; реагенттер мен материалдардың физикалық- химиялық қасиеттері, радиоактивті лік заңдары; барлық түрлі иондаушы сәулелердің қасиеттері; бақылау- өлшеу аспаптарын жөндеу және реттеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Похожие:

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТест тапсырмалары барлық бағыттағы топтар үшін барлық мамандықтар үшін
Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд сияқты ойшылдардың философиялық ілімдері
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconҚармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін
Барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconПсихология ғылымының салалары
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТәуелсіздік барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық
Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconБекітемін
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамилық дамуында...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Студенттер үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница