Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері




НазваниеЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
страница11/38
Дата конвертации15.02.2016
Размер4.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/01 БТБА.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
§ 108. Кондуктор

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол жүру және жүк тасымалдау үшін ақы жинау. Жол журуге және жүк тасымалдауға бекітілген үлгідегі жол жүру билеттерін беру. Жолаушыларда ұзақ мерзімді пайдаланылатын жол жүру билеттерінің немесе жеңілдікпен жол жүруге құқық беретін құжаттардың болуын тексеру. Аялдама атауларын хабарлау. Жолаушылардың автобустарды, трамвайларды, тройлебустарды пайдалану ережелерін сақтауларына бақылау жасау. Жылжымалы составтың ішін тиісті санитарлық күйде ұстау. Жол жүруге және жүк тасымалдау билеттерінің, оның ішінде ұзақ мерзімді пайдаланылатын билеттерді жұмсаудың ағымдығы есебін жүргізу. Аялдама пункттеріде белгіленген тәртіппен кіретін және шығатын жолаушылардың мерзімді есебін жүргізу (жолаушылар ағынын зерттеу күндері). Қажет болғанда жолаушыларға автобус, трамвай, троллейбус салонынан шығарда, кірерде көмек көрсету. Сатылған билеттерден түскен түсімді есептеу және оны белгіленген тәртіппен тапсыру.

Білуі тиіс: жолаушыларды, жүкті жолаушылар көлігінің тиісті түрімен тасымалдау ережелерін:жол жүру ережелерінің автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың тоқтау тәртібіне қатысты бөлігін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды пайдалану тәртібін; жолаушыларды отырғызу және шығару ережелерін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды техникалық пайдалану ережелерінің тиісті көлік құралының салонын санитарлық күйде ұстауға қатысты бөлігін; жол жүру құжаттарының түрлерін; көлікте тегін жүру құқығына ие немесе жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер пайдаланатын жолаушылар тізімін;жолаушылар зерттеу кезінде аялдама пункттерінде кіретін және шығатын жолаушыларды есепке алу жөніндегі құжаттарды толтыру тәртібін; билеттерді есепке алу құжаттарын, оның ішінде жол жүруге және жүк тасымалдауға билеттерді жұмсаудың ағымдағы есебі бойынша, түсімді тапсыру бойынша құжаттарын жүргізу тәртібін; тиісті каланың (кенттің) ішкі бағыттарында жолаушылар мен щ

Жүк тасымалдаудың тарифтік ақысын; билетсіз жүру мен ақысыз жүк тасымалдау үшін тағайындалатын айыппұлдың мөлшерін, көлік кәсіпорыны қызмет көрсететін автобустардың, трамвайлардың,троллейбустардың жүру бағыттарының схемасын; көлік кәсіпорны қызмет көрсетеін бағыттардағы аялдамалардың, оның ішінде көлікті ауыстыруға мүмкіндік бар жерлердің де атауларын; міндеттерін атқару барысында өндірістік санитария мен өртке қарсы қаупсіздік ережелерін; автобустың, трамвайдың, троллейбустың құрылымы бойынша ескерілген қосымша шығатын жерлерді ашу тәртібін.

Жол жүру және тасымалдауға билеттер беру үшін қолданылатын тиісті портативтік бақылау кассалық аппраттарды және қолданыстағы портативтік бақылау – кассалық аппаратарды пайдалану ережелерін білу – 4 разряд.


§ 109. Былғары және үлбір – тері шикізатты консервілеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес былғары және үлбір-тері шикізатты өңдеу. Теріні зақымдай құлақтардан балшықтарды, үймелерді, шеміршектерді, құйрықтардан сүйекті, тері асты қабығын, шелмай мен ет кескіндерін айыру. Шаштағы майды ағаш үгінділерімен, еріткіш заттармен және өзге де материалдармен тазарту. Шикізатты консервілеу. Жайылмаған терілерді суға салып жұмсарту және оларды тиісті қалыпқа келтіру.

Білуі тиіс: шикізаттың алғашқы өңделуін; былғары және үлбір – тері шикізатқа мемелекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды; малдәрігерлік ережелер мен былғары және үлбір тері шикізаттын алғаш рет өңдеу кезіндегі жке гигиена ережелерін. Терілерді керу, кептіру және олардың үзілген жерлерін қаптау жұмыстарын атқарғанда - 4 разряд.


§ 110. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қысқа және ұзақ сақтау уақытына бөлшектерді, бұйымдарды, жекелеген түйіндерді, құралды және басқа ұқсастай өз өнімді сырттай консервациялық және консервациялардан алу. Ұстаумен және ұстаусыз қыздырылған май ванналарында қолмен дайын өнімді әртүрлі тәсілдермен тазалау, жуу және майлау. Бояу, сіңдіру. Ыдысты дайындау және бөлшектерді, бұйымдарды, машинамен құралдық жекелеген түйіндерін орау. Оларды сақтау жеріне тасу. Қарапайым көтеру тасу механизмдерін пайдалану.

Білуге тиіс: Консервацияның және консервациясын алудың белгіленуі және түрлері; Консервацияға түсетін бөлшектердің, бұйымдардың, жаттық пен құралдың жекелеген түйіндерінің атауы; коррозия түрлері; бөлшектерді, бұйымдарды, жабдықтың жекелеген бөлшектерін тазалау жуу және дайындау үшін қолданылатын материалдармен химиялық ерітінділер; қондырғылардың, стенділердің және консервациялау кезінде қолданылатын арнайы жабдықтың белгіленуі туралы негізгі мәліметтер; антикоррозиялық материалдардың негізгі қасиеттері, маркалары және атаулары; консервациялаудың технологиялық процесі; антикоррозиялық өңдеу режимдері; дайын өнімді салу және оралу тәртібі; орындалған жұмысқа құжаттама ресімдеу; қарапайым бақылау өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; қарапайым көтеру механизміндерін басқару ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Агрегаттар және авиақозғалтқыштар – шаң мен ластан сырттай тазалау.

2. Құрал - консервациялау және консервациядан алу.

3. Болат табақтар - майлау.

4. Отын жүйесінің түтіктері - консервациялау.


§ 111. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұзақ және қысқа уақытқа машиналарды станоктарды қозғалыстарды және аппаратураны сырттай консервациялау және консервациядан алу. Консервациялау үшін майлау материалын дайындау. Жабдық пен бұйымдарды тазалау, жуу, майлау, бояу, сіңдіру және орау. Машиналарды, станоктарды, агрегаттарды және авиа-қозғалтқыштарды және басқа жабдықты орау. Май қыздыратын және көтеру- тасу механизмдерін басқару.

Білуге тиіс: машиналарды, станоктарды, агрегаттарды және авиа-қозғалтқыштарды және басқа жабдықты сыртқы консервациялау және консервациядан алудың түрлері мен белгіленуі және олардың конструкциялық деректері; коррозияның пайда болу себептері және онымен күресу әдістері; орау мен консервациялау үшін қолданылатын материалдар; консервациялау және консервациядан алу үшін қолданылатын майлар мен майлау материалдарының маркалары мен атауы; аспаптарды, құрылғыларды, жабдықтарды пайдалану ережесі; қарапайым бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; консервациялануға жататын агрегаттардың, түйінлердің, бөлшектердің, машиналардың, станоктар мен қозғалтқыштардың атауы мен белгіленуі.

Жұмыс үлгілері

1. Авиақозғалтқыштар - сырттай консервация және орау.

2. Бензо- және майсорғылар - консервация.

3. Әуе компрессорлары – сыртай консервация және консервациядан алу.

4. Редукторлер – майларды айдау.

5. Цилиндрлар, поршеньдер, бас шатунның тығындары -консервациядау алу.


§ 112. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұзақ уақыт сақтауға машиналарды, станоктарды, аппараттарды, агрегаттарды, авиациялық және басқа ауырлық қозғалтқыштарды ішінара бөлшектеумен, жинаумен және жиынтықтаумен сыртқы және ішкі консервациялау және консервациядан алу. Аппараттар мен жабдықтарды арнайы камерада ыстық ауамен кептіру және ыстық маймен тербету. Авиақозғалтқышты және басқа жабдықты қажетті агрегаттармен және қосалқы бөлшектермен жиынтықтау және қабықты тысқа орау. Қозғалтқыштарды консервациялауға арналған арнайы камералар мен құрылғыларды басқару. Қызмет көрсететін жабдықты және құралды ағымдағы жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: консервациялаудың белгіленуі және түрлері; машиналарды, станоктарды және аппаратураны консервациялауға, консервациядан алуға және қайта консервациялауға тазалау, шаю және дайындау үшін қолданылатын материалдар мен химиялық ерітінділер; коррозияның түрлері және антикоррозиялық жабындар; авиақозғалтқыштың құрылымында қолданылатын негізгі металдар, қорытпалар мен металл емес материалдар, және олардың қасиеттері; консервациялау бойынша жұмыстар орындауға техникалық құжаттаманы ресімдеу.

Жұмыс үлгілері

1. Авиақозғалтқыштар - консервациялау және консервациядан алу.

2. Авиақозғалтқыштар – ыстық маймен айдау.

3. Әуе компрессорлары – ішкі консервациялау.


§ 113. Қазандық тазартушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті қазандық тазартушының басшылығымен қолмен қазан тазарту құралын пайдаланумен қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Қазандардың беттерін және құбырларды тазалаудан кейін үрлеу және шаю. Қарапайым қазан тазарту құралын жинау, тазалау және құрастыру.

Білуге тиіс: қазандарды қыздыру беттерінің атауымен орналасуы; қазандарды қыздыру беттерін тазалау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі; қазандарды қыздыру беттерін тазалау ережесі; қолмен қазан тазалау құралын жипау, тазалау және құрау тәсілдері; жеке қорғану құралдарын және өртке қарсы заттарды пайдалану тәртібі.


§ 114. Қазандық тазартушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен су қайнататын қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Барлық түрлі қазандардың отындарын электр сүзгілерімен бункерлерін тазалау. Бөлшек ағысты қондырғыларға қызмет көрсету. Қазан тазалау құралын ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қазан агрегаттардың қысқаша сипаттамасы; қолданылатын қазан тазалау құралының құрылысы; қазандардың және көмекші жабдықтың қыздыру беттерінің ішкі және сыртқы тазалау тәсілдері; қазан тазалау құралын ағымдағы жөндеу ережесі; арнайы киімді және арнайы қорғану құралдарының тәртібі.


§ 115. Қазандық тазартушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен ыстық құбұрлық және көлденең су құбырлық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Су жылытатындардан басқа қазандардың сыртқы қыздыру беттерін, түтікті ауа жылытқыштарды, циклондарды, скрубберлерді, коллекторларды, гидрокүл алу арналарын, айналатын механизмдерді тазалау. Оттықтағы температураны өлшеулермен барлық түрлі қазандардың жаңарғылардың оттықтарының қождарын алу. Тұнбалар дайындау және оларды бункерлерге немесе тиісті ыдыстарға салу. Бөлшекті ауыстыру және қалпына келтіру. Қажетті концентрациялы сілті ерітінділерін дайындау. Ормандар мен төсемдердің құрылысы.

Білуге тиіс: қыздыру беттерінің ластану сипаты және олардың қазан агрегаттардың жұмысына әсері; қыздыру беттерінің ластану деңгейіне және конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты құралды таңдау ережесі; бөлшекті ауыстыру және қалпына келтіру; химиялық тұнбалардың белгіленуі; сілті ерітінділерін дайындау тәсілдері; жұмыс өндірістері үшін орман мен төсем құрылысының ережесі.


§ 116. Қазандық тазартушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен тік су құбырлық және газ құбырлық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Регенеративті ауа қыздырғыштарды, экономайзерлерді, түтіктік кондерсаторларды, барлық түрлі қазандардың ауабужылытқыштарымен суытқаштарын тазалау. Анағұрлым жоғары білікті қазандық тазартушының басшылығымен турбиналарды тазалау. Қазан тазалау жұмыстарының барлық түрлерінің сапасын бақылау. Тазаланған жабдықты дайындау және тапсыру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысы туралы техникалық құжаттама жүргізу.

Білуге тиіс: қазанагрегаттардың және жылу айырбас жабдығының құрылысы; қазан тазалау жұмыстарының технологиялық реттілігі, негізгі түрлері; қазан тазалау жұмыстарының сапасын бақылау әдістері; қазан тазалау құралын жөндеу тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысы туралы техникалық құжаттама жүргізу ережесі.


§ 117. Қазандық тазартушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен барабандық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Турбиналарды, барлық түрлі қазандарды қыздыру беттерінің экрандық бу қыздырғыштарын тазалау. Қазан агрегаттардың және жылу айырбастағыштардың қызу беттерінің ластанушылық күйәі бойынша жұмыстар көлемін анықтау. Шығатын газдардың температурасының өзгеруіне, газ тракті учаскелерінің кедергісіне, салқын ауаның температурасына байланысты техникалық құралдарының тиімді әсері мен жұмысқа уақытында қосылуын бақылау. Қазан тазалау құралын, қолданылатын құрылғыларды және механизмдерді жөндеу. Орындалған жұмыстарға акт толтыру.

Білуге тиіс: Барлық түрбиналық қондырғылармен қазандардың құрылымы және сипаттамалары; күйі бойынша жұмыстар көлемін анықтау әдістері; кешенді тазалау техникалық құралдың белгіленуі қазан тазарту құралын, қолданылатын құрылғыларды және механизмдерді жөндеу ережесі. Орындалған жұмыстарға актілер толтыру ережесі.


§ 118. Қазандық тазартушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын және жабдықты пайдаланумен тік тура ағыстық қазандардың, қазан-утелизаторлардың, газ қондырғыларының сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Мембраналық ширмалық консективті буқыздырғыштарды, экрандардың тік және көлденең түтіктік панельдерін тазалау. Қазанагрегаттардың қызу беттерін тазалаудың үйлесімді режимін және технологиялық жүйеліліктің тиімді тәсілін анықтау. Әр түрлі жылу айырбастау жабдығының және барлық үлгілі қазанагрегаттардың қызу беттерін химиялық тазалау. Қызу беттерін кешенді тазалаудың техникалық құралдарын реттеу және жөндеу. Бригадаға басшылық ету және қазан тазалау барлық жұмыстардың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: жылу техникасы мен жылу механиканың негіздері; қызу беттерін тазалаудың үйлесімді режимін анықтау тәсілдері; жылу энергетикалық жабдықтың қызу беттерін химиялық тазалаудың ерекшеліктері; қызу беттерін кешенді тазалаудың техникалық құралдарын реттеу және жөндеу ережесі; қазан тазалау жұмыстары туралы техникалық құжаттама, сызбалары мен нұсқаулық.


§ 119. Технологиялық пештердің от жағушысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептіру барабандарының, күйдіру, муфельді және басқа технологиялық пештердің әр түрлі оттықтарында қатты, сұйық және газ тәрізді отын өртеу процесін жүргізу. Шұжықтар мен шошқа етін ыстау және қуыру бойынша екі қабатқа дейін биіктікпен камераларға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықта жану, үрлеу процесін және температуралық режимді реттеу. Отын мен жабдықты жұмысқа дайындау: оттықты қож бен күлден тазалау, форсункаларды, мазутсүзгілерді тазалау, оттық масақтарын қалаудың дұрыстығын, шиберлердің күйі мен жұмысын, ұшқынұстағыш құрылғылардың ақаусыздығын, форсункалардың, желдеткіштердің, реттеуші және бақылау - өлшеу аппаратурасының күйін тексеру. Оттықтың жұмыс режимін таңдау. Оттықтардың, сорғылардың, қозғалтқыштардың, газ коммуникациясының, ауаағарлардың, эксгаустерлердің жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: әр түрлі технологиялық пештердің оттықтарыны, желдеткіштердің, сорғылардың, қозғалтқыштардың, эксгаустерлердің, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; жабдықты тиімді пайдалану әдістері; отынның жылу шығаратын қабілеті; отынның жануын реттеу ережесі және қалыпты технологиялық режимі.


§ 120. Технологиялық пештердің от жағушысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп қалыңдықты және содалы пештердің қатты, сұйық және газ тәрізді оттықтарында өртеу процесін жүргізу. Шұжықтар мен шошқа етін ыстау және қуыру бойынша екі қабаттан артық биіктікпен камераларға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықта жану, үрлеу процесін және температуралық режимді реттеу. Отын мен жабдықты жұмысқа дайындау: оттықты қож бен күлден тазалау, форсункаларды, мазутсүзгілерді тазалау, оттық масақтарын қалаудың дұрыстығын, шиберлердің күйі мен жұмысын, ұшқынұстағыш құрылғылардың ақаусыздығын, форсункалардың, желдеткіштердің, реттеуші және бақылау - өлшеу аппаратурасының күйін тексеру. Оттықтың жұмыс режимін таңдау. Оттықтардың, газ коммуникациясының, ауаағарлардың жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: көп қалыңдықты және содалы пештердің, желдеткіштердің, ауаағарлардың, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; жабдықты тиімді пайдалану әдістері; отынның жылу шығаратын қабілеті; отынның жануын реттеу ережесі және қалыпты технологиялық режимі.


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

Похожие:

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТест тапсырмалары барлық бағыттағы топтар үшін барлық мамандықтар үшін
Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд сияқты ойшылдардың философиялық ілімдері
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconҚармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін
Барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconПсихология ғылымының салалары
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconТәуелсіздік барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық
Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconБекітемін
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамилық дамуында...
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Студенттер үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері icon«Дінтану» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені Оқытушылар үшін Редакция №1
Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған
Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница