Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны




НазваниеҚазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны
страница1/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДиплом
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Алипбаев статья doc.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

халықаралық қатынастар және

ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

доценті, т.ғ.к. А.Р.Әліпбаев

aman19@mail.ru


Халықаралық қатынастарда орын алып жататын саяси өзгерістер мемлекеттердің дамуына ерекше ықпал етері сөзсіз. ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында орын алған Шығыс Еуропадағы саяси дүрбелең өзара тәуелділік үрдісінің нәтижесінде Кеңестер Одағының ыдырауына алып келсе, бұл өз кезегінде халықаралық қатынастардың жаңа субъектілерінің қатарына қосылған Қазақстан еліне де тікелей әсер етті. Өйткені бұрынғы Кеңестер Одағы шеңберінде Қазақстанның сыртқы әлеммен байланысы негізінен сол кездегі «орталық» арқылы ғана жүзеге асқан болатын. Енді міне Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде бүкіл әлеммен, соның ішінде еуропалық мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастар орнату нәтижесінде мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыта түсті.

Еуропалық мемлекеттердің ішінде Германия Федеративтік Республикасымен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа өзіндік ерекшеліктер тән. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың ақпан айының басында Германия Федеративтік Республикасына жасаған ресми сапарынан кейін қазақстандық-германдық жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастардың қосымша серпіліс алғанын атап кеткен дұрыс. Екі ел арасында іс жүзінде барлық бағыт бойынша байланыс қалпына келтірілген, жүйелі түрде аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша кеңесулер мен пікір алмасулар өткізілуде.

Қазақстан елі тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап Германиямен тығыз байланысты қалыптастырғаны белгілі. Қазақстан мен Германияны тек саяси және экономикалық мүдделер ғана емес сонымен бірге мәдени-ізгілікті байланыстар да, оның ішінде Қазақстаннан ата-жұртына оралған 900 мыңнан астам және Қазақстанда тұрып қалған 200-230 мыңдай неміс ұлтының өкілдері біріктіреді.

Германияда 2009 жыл Қазақстан жылы болып жарияланып, екі елдің өзара қарым-қатынастарына жаңа серпін беріп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа сатыға көтергені айқын. Осыған орай үстіміздегі жылдың 15-25 қаңтар аралығында Берлинде қазақстан ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегацияның жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуы екіжақты қатынастардың нығаюына қосқан жаңа үлесі десе болады. Өйткені ҚР-ның аграрлық секторын модернизациялау және батыстық стандарттар мен ноу-хауды енгізу мақсатында ү.ж. 17 қаңтар күні ҚР-дың ГФР-ғы Елшісі Н.Онжановтың қатысуымен вице-министр М.Оразаев және Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Герд Мюллер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау Федералдық министрлігі арасындағы «Қазақстан-герман аграрлық-саяси диалогы» бірлескен екіжақты кооперациялық жобасының жүзеге асырылуы жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойды [1].

Осы сапар барысында қол жеткізілген құжаттардың мақсаты Қазақстан мен Германия арасында ауылшаруашылық саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты орнату, бірлескен жобалардың іске асуын, қазақстандық сарапшы мамандардың германиялық сарапшылар тарапынан ақыл-кеңес алып отыруын, қазақстандық мамандарды даярлайтын екіжақты жоба келешекте ҚР-ның аграрлық кешеніне қажетті үздік және мол тәжірибені әкелу болып табылады.

Екі жақты өзара ынтымақтастық ү.ж. 21 қаңтарында ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжанов Бавария федералдық жеріне жұмыс сапармен барып, осы жердің Экономика, инфрақұрылым, көлік және технология министрі Мартин Цайльмен кездесуімен жалғасты. Кездесудің нәтижесінде екі жақ осы жылдың көктем айында Министрліктің Мемлекеттік хатшысы Кати Хессельдің Қазақстанда бавар кәсіпкерлерінің қатысумен өтетін бизнес-форумның шеңберінде біздің елге сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді. Сонымен бірге осы күні Мюнхенде ҚР Елшілігінің, Мюнхен мен Жоғары Баварияның Сауда-өнеркәсіптік палаталарының және Бавария федералдық жерінің Экономика және көлік министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Бавариядағы Қазақстанның экономикасы күні өтті. К.Хессель Бавария федералдық жерінің Қазақстанмен экономикалық байланысы жайлы баяндамсында: «Қазақстан қазір Бавариямен сауда жасауда Ресейден кейінгі ТМД елдері ішінде екінші орында, ал Орталық Азияда бірінші орында тұр. 2007 жылы екі арадағы сауда айналым алдыңғы жылдағыдан 10%-ға артып 2,6 млрд. евроға жеткен», деп атап өтті [2].

Қазақ-герман экономикалық қатынастарын тереңдетуге екіжақты байланыстарды нығайту мен екі елдің халқын жақындату үшін жарияланған «Германиядағы Қазақстан жылы» аясында өтіп жатқан әртүрлі іс-шаралар екі ұлтты ұйыстыра түсуде.

Германиядағы Қазақстан жылын өткізу шеңберінде 2009 жылдың 26 ақпанынан 2 наурызына дейін Мюнхен қаласында туризм саласының дамуындағы әлемдік үрдісті анықтайтын, әйгілі «F.RE.E - 2009» халықаралық көрмесі өтсе, 11-15 наурыз күндері Берлин қаласында өткен «ITB-2009» Халықаралық туристік көрмесінде біздің ел «Германиядағы Қазақстан жылының» көлемінде өз көрмесімен таныстыруы екіжақты танымдық байланысқа өзіндік үлес қосып жатты. Азғана уақыттан кейін, 20 сәуірде Ганновер өнеркәсіп көрмесінде Қазақстанның көрме бұрышы ұйымдастырылды. Ганновер өнеркәсіптік көрмесі жаңа технологиялар мен өнеркәсіпті автоматтандырудағы жаңа құралдар қойылатын және ел өнеркәсібін таныстырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі екендігі белгілі.

Ал 19 наурыз күні Ройтлинген қаласында (Баден-Вюртемберг федералдық жері) «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстанның экономика саласындағы жетекші мамандары мен менеджерлерінің біліктілігін жетілдіру бағдарламасының қатысушылары мен түлектерінің «Өзгерістерді басқару және дағдарыс жағдайындағы сыртқыэкономикалық серіктестік» конференциясы өткізілген болатын. Қатысушылардың негізгі мақсаты дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан кәсіпорындарда пайда болған мәселелерді талқылау және Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын осы өзгерістерге бейімдеу бойынша кеңестер дайындау болды.

Конференцияда жақын арада InWEnt қоғамының бүкіл Орталық Азияға арналған аймақтық кеңсесін ашу туралы өте маңызды келісімге қол жетті [3].

Германиядағы Қазақстан жылының шеңберінде Мюнстер қаласының тұрғындары «Waldorf» залында 18 сәуір күні Қазақстандық неміс драма театрының қойылымдарын тамашалады. Осы мәдени шараның жалғасы 20 сәуірде Берлиннің «Ernst-Reuter-Saal» атты залында өтті. Неміс драма театрын таныстырып сөз сөйлеген ГФР-дағы Елші Н.Онжанов қонақтарға Қазақстандағы театр өнерінің дамуы, Үкіметтің этникалық азшылықтардың рухани-мәдени дамуы үшін көрсетіп жатқан көмек шаралары және еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің арасындағы конфессияаралық және мәдениетаралық келісім мен төзімділіктің нәтижесі екендігін жеткізді.

Осы бағытта үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні Баден-Вюрттемберг жерінің астанасы Штутгарт қаласында ГФР-дағы ҚР Елшілігі, Штутгарт қаласының әкімдігі және Баден-Вюрттембергтегі ҚР-ның Құрметті консулдығының ұйымдастырумен «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстан экономикасының күні өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, әртүрлі экономикалық жобаларға герман кәсіпкерлерінің қатысуы және Елбасының «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты халыққа жолдауын таныстыру болды. Штутгарт қаласының мэрі В.Шустер біздің елдің жақсы дамып келе жатқанын және герман кәсіпкерлері үшін қазақстан кәсіпкерлерімен бірлестік құруға мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті [4].

Осы күні Штутгарттегі Koеnig-Karl-Halle концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің шығармашылық кеші екіжақты саяси-экономикалық қатынастардың мәдени байланыстармен ұласып жатқандығының айғағы.

Майндағы-Франкфурт- қаласында 22 сәуір күні өткен Орталық және Шығыс Еуропа Бірлестігінің шеңберіндегі Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмысшы тобының 3-ші мәжілісі барысында германдық банктер тарапынан несие беру жүйесі талқыланған еді. Бұл жұмысшы тобының құрамына Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытудағы үш жүзден астам ірі және орта деңгейдегі германдық кәсіпорындар кіреді. Бұл орган германдық іскерлік бірлестіктер ішіндегі қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының стратегиялық мәселелерін талқылау және толықтыру үшін, тәжірибемен алмасу үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жеке жұмысшы тобы құрылған бірегейі болып табылады [5].

Осындай сындарлы қатынастардың негізінде екі ел арасындағы азаматтардың қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін мемлекетаралық визалық тәртіп шартына жеңілдіктер жасау көзделуде. Сол ретте Қазақстан тарапынан 2008 жылдың қарашасында «Дипломатиялық және қызметтік төл құжаттары бар тұлғалар үшін визадан бас тарту талаптары жөніндегі келісім» жобасы герман тарапына ұсынылған болатын. Бүгінгі күні Қазақстан тарапынан Еуропалық Одақ-Орталық Азия әріптестігінің жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық Одақ елдерімен кең көлемдегі байланыстары жобалануда. Сонымен бірге Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуіне байланысты мемлекеттің «Еуропаға жол» бағдарламасы шеңберінде 2009-2011 жылдар аралығына жаңа міндеттер жүктелген болатын. Бұл міндеттілік Қазақстан өкілдері мен азаматтары үшін жаңа қарым- қатынастар деңгейінің қалыптасуына әкелетіндігі айқын. Ол өз кезегінде еуропалық елдерге шығу тәртібінің қолайлы болуын қажет етеді. Яғни, дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарға ие тұлғалар үшін визалық жүйеден бас тарту, қажеттіліктен тыс ресімдеу істерін қысқартып, ресми өкілдердің өзара жол сапарларын жеңілдетеді және әлдеқайда белсендіре түсері сөзсіз. Қазақстанда дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттардың тек мемлекет қызметкерлеріне ғана берілуі, Германияда ешқандай көші-қон мәселесіне қауіп туғызбайтындығы айқын. Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметі бойынша бүгінгі күнге Шенген аймағында іс жүзінде Қазақстаннан ешқандай заңсыз босқынның жоқ екендігі келтіріледі. Алайда, Германияға жол сапар шегуге ниет еткен қазақстандықтар үшін рұқсат алу мәселесінде әлі де бірқатар қиыншылықтар кездеседі. Өйткені Еуропалық Одақтың басқа елшіліктерінен өзгешелігі Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің консулдық бөлімшесі және Алматы қаласындағы Бас Консулдығы көптеген құжаттар мен анықтамаларды өткізуді талап етеді. Бұл кең байтақ Қазақстанның шалғайда жатқан елді мекендерінің тұрғындары үшін виза алу мәселесінде мол қаржылық шығындармен қоса бірталай уақыттарының кететіндігін ескеруді қажет етеді. Әдетте Қазақстан азаматы құжаттарын өткізу үшін алдымен тізімдеу нөмерін алуға келеді, келесі жолы осы құжаттарды өткізуге, соңынан сұхбаттасуға немесе виза алуға келуі екі ел арасындағы қарқынды даму үстіндегі саяси және экономикалық өзарақатынастардың толыққандылығына сызат түсіретіндей. Сонымен бірге виза алу барысында германдық тарап қосымша түрде ресми шақыруды, өтініш берушінің банктік анықтама үзіндісін, дүние-мүлкі жайлы әртүрлі ақпараттар мен Қазақстанда қалып отырған туған-туыстары және тағы басқа, бар жоғы 15-20 шақты тармақ бойынша мәліметтерді талап етуі, тікелей азаматтың жеке басының мәселелеріне араласуға әкеледі. Өркениетті қарым-қатынасқа ұмтылған қазіргі сәтте мемлекетаралық байланыста азаматтарға қатысты алмасу шараларын жұмсарту күн тәртібіндегі қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

Елге кіруге рұқсат беру мәселесінде Шенген аймағындағы басқа елдердің тәжірибесі әлдеқайда либералды екендігін және ТМД көлеміндегі елдерден өтініш берушілерге германдық шетелдік өкілдіктерінің талаптарымен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар. Виза беру жөніндегі Шенген келісімі өте икемді болып келеді, бұл келісім шеңберіндегі елдердің өздері қандай құжатты талап ететіндіктерін өздері айқындауға құқылы. Соған орай соңғы кезде осы мәселені түбірлі шешу мақсатында Қазақстан тарапынан бірқатар ұсыныстар жасалынған болатын. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында визалық тәртіп пен реадмиссияны оңайлату жөнінде екіжақты келісімге келу мәселесі, өйткені мұндай құжаттың қабылдануы тараптар азаматтары үшін визалық мәселені біршама жеңілдетеді. Әрине, Қазақстанның жаппай барлық азаматтарына қатысты визалық мәселені жеңілдетуге германдық тарап келісе қоймас, дегенмен алқашқы сатыда азаматтардың нақтылы бір санаты үшін жеңілдік жасау мүмкіндігін ойластырған дұрыс. Бұл санатқа ең алдымен қысқа және ұзақ мерзімді сапарға аттанатын дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарға ие тұлғаларды, қызметтік жолсапарға шығатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, мәслихаттар мен келіссөздерге баратын ұлттық компаниялар мен ұйымдар қызметкерлерін, мәдени шараларға қатысу үшін шығатын өнер қайраткерлері мен спортшыларды, сондай-ақ жедел дәрігерлік көмекті мұқтаж ететін азаматтарды жатқызуға болады. Келіссөз барысында тараптар виза алу үшін қажетті құжаттардың тізімдемесін нақтылы айқындауға көңіл бөлуі керек. Бүгінгі күні мұндай құжаттардың қатарына - ҚР кепілдік хаты, төлқұжат, визалық сауалнама, қамсыздандыру полисі жеткілікті болып табылады.

Германиядағы Қазақстан жылының аясында 10-11 маусымында Қазақстан Республикасының әділет министрі Р.Түсіпбеков өзінің Германияның астанасы Берлин қаласында болған сапары барысында ГФР-дің федералды әділет министрі Бригитте Цюприес ханыммен болашақтағы екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз өткізген болатын. Келіссөз барысында қатысушы тараптар үстіміздегі жылдың 7 мамырында екі елдің сыртқысаяси ведомство басшылары қол қойған «Болашақ үшін әріптестік аясындағы әрекеттер бағдарламасын» жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша кешенді шараларды дайындау қажеттілігін атап өтті. Екі елдің әділет ведомствосының жетекшілері келіссөз қорытындысы бойынша «ҚР әділет министрлігі мен ГФР федералды әділет министрлігі арасындағы алмасу және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мәлімдемеге» қол қойған болатын [6]. Бұл құжат Қазақстан мен Германия арасындағы ведомствоаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Осы кездесулердің құқықтық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға арналуы, болашақта екі ел азаматтарының өзара қатынасын жеңілдетуге өзіндік үлес қосары анық.

Жалпы Қазақстанның сыртқы саясаты үшін еуропалық бағыт халықаралық ынтымақтастықтың маңызды басымдылықтарының бірі. Сырт елмен байланыстың нәтижелі дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан елі әлемнің 35 мемлекетінің азаматтары үшін қазақстандық визаны алу тәртібін жеңілдеткен болатын, сол елдердің қатарынан Германияны да көруге болады. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат алу тәртібі туралы Нұсқауға сай экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдердің азаматтары үшін бір ай көлеміндегі бір реттік іскерлік, туристік және жеке тұрғыдағы визаны алу - Қазақстанның консулдық мекемесіне хат күйіндегі өтінішінің негізінде-ақ ресімделеді. Бұл іс әрекет мүмкіндігінше бар жоғы үш жұмыс күні шеңберінде жүзеге асады. Соңғы кезде осы тізімнің шеңбері Еуропалық Одақтың басқа елдерімен де толықтырылуы жобалануда.

Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 22-23 қазанда Астана қаласында алғаш рет «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында көші-қон және визалық тәртіпті жеңілдету туралы» семинар өткізілді. Келіссөзге визалық саясат, көші-қон, халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша Еуропалық Одақтың жетекші сарапшылары, еуропалық елдердің Қазақстанда аккредиттелген елшілері мен консулдары, біздің елдегі Еуропалық Комиссия басшысы Норберт Жустен қатысқан болатын. Кездесу барысында кең көлемде консулдық мәселелер оның ішінде еуропалық елдерге жолсапар шегетін қазақстандық азаматтар үшін Еуропалық Одақ елдері тарапынан визалық тәртіпті либерализациялау мәселесі талқыланады. Қазақстан азаматтарына виза ресімдеу үрдісін қысқарту, заңсыз көші-қонмен күрес және ұйымдасқан қылмыспен, босқындық, еңбек көші-қоны мәселесіне, төлқұжат мәліметтерін қорғауды күшейту және шекаралық бақылау басқармашылығына қатысты мүдделік пікір алмасу орын алды.


------------------------------

1. Ү.ж.15-25 қаңтар аралығында Берлинде қазақстан ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегацияның жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуы //http://www.mfa.kz

2. Ү.ж. 21 қаңтарда ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжановтың Баварияға жұмыс сапары болды //http://www.mfa.kz

3. Германияда экономика саласындағы Қазақстан менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына қатысушылардың конференциясы өтті //http://www.mfa.kz

4. Ү.ж. 21 сәуірде Штутгартта Қазақстан экономикасының күні өтті //http://www.mfa.kz

5. 22 апреля с.г. в Германии состоялось 3-е заседание рабочей группы по сотрудничеству с Казахстаном в рамках Объединения Центральной и Восточной Европы //http://www.mfa.kz

6. 10-11 июня с.г. министр юстиции РК Р.Тусупбеков посетил с визитом в ФРГ//http://www.mfa.kz


2.

3. На сегодняшний день РК заключила аналогичные Соглашения с некоторыми странами Евросоюза, как Венгрия, Словакия и Польша, а также подписаны Соглашения с Республикой Хорватия и Федеративной Республикой Бразилия.

Справочно: Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Венгерской Республики о порядке взаимных безвизовых поездок граждан с дипломатическими и служебными паспортами вступило в силу 6 ноября 1996 года, Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Словацкой Республики о взаимных безвизовых поездках граждан-владельцев дипломатических и служебных паспортов вступило в силу 17 апреля 1998 года.


КС МИД РК

Предложения к тезисам беседы

И.о. директора МИД РК Б. Сейтбатталова с консулом Республики Чехия по вопросам миграции, интеграции, беженцев и европейской гармонизации МВД ФРГ Герольдом Ленгутом

(г. Астана, 17 февраля 2008 года 17:30)

Приветствую Вас, г-н Герольд Ленгут, на гостеприимной казахстанской земле. Придавая особое значение такой встрече, уверен, что достигнутые в ходе нынешнего визита договоренности будут способствовать развитию сотрудничества между нашими странами.


Консультации между делегациями

МВД Казахстана и МВД Германии


Справочно: первые консультации между делегациями МВД Казахстана и МВД Германии состоялись в Берлине 20-21 июня 2007 года по предложению МИД РК.

На данной встрече были обсуждены такие вопросы, как: борьба с нелегальной миграцией и трафиком людей, двойное гражданство, облегчение заграничных поездок, а также рассмотрен вопрос подписания двустороннего Соглашения о реадмиссии. В ходе данных переговоров была так же достигнута устная договоренность о проведении следующего этапа переговоров в Астане.

Такие консультации, как правило, состоят из трех этапов, и на последнем этапе должны быть уже подписаны соответствующие соглашения. В этой связи МВД РК необходимо предпринять неотложные меры по скорейшему согласованию проекта вышеуказанного Соглашения с заинтересованными министерствами и ведомствами РК, с учетом позиции МФ РК и МЭиБП РК в части возможных крупных финансовых потерь бюджета по приему депортированных из Европы граждан РК, так как от конкретных результатов планируемого мероприятия, а также степени готовности к подписанию Соглашения о реадмиссии будет зависеть вопрос облегчения визового режима для граждан Казахстана.

Служебная записка


В соответствии с протоколом заседания Правительства РК от 20.02.2007 года, пункт 2.10. (совместно с Министерством внутренних дел проработать вопрос облегчения режима въезда для граждан РК в Федеративную Республику Германия/страны Шенгенской зоны), а также протоколом казахстанско-германских консульских консультаций, состоявшихся 7-8 ноября 2006 года в Астане, была достигнута договоренность продолжать совместную работу по консульско-правовым вопросам с привлечением экспертов других заинтересованных министерств и ведомств двух стран.

Во исполнение пункта 2.10. указанного Протокола и достигнутых договоренностей, Департамент консульской службы совместно с Посольством РК в ФРГ инициировал проведение консультаций между Министерством внутренних дел РК и Министерством внутренних дел ФРГ во второй половине апреля т.г. в Берлине с нашим участием. МВД ФРГ выразило свое согласие. Однако МВД РК, ссылаясь на активное сотрудничество между правоохранительными органами двух стран по различным каналам, отсутствие финансовых средств на консультации и проведение в указанные сроки согласованных международных мероприятий со своими партнерами, информировал о невозможности их участия в данном мероприятии.

Учитывая сложившуюся ситуацию и необходимость исполнения указанного поручения Правительства РК, а также принимая во внимание актуальность поднимаемых вопросов для граждан Казахстана, полагаем целесообразным провести межмидовские консульские консультации.

Следует отметить, что будущие переговоры могут стать «прорывными» в плане достижения облегчения режима въезда для различных категорий граждан Казахстана (выезжающие в служебные командировки, на лечение или похороны, деятели культуры, спортсмены и др.) в Федеративную Республику Германия/страны Шенгенской зоны.

Просим рассмотреть.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты өкілдіктердің
Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны icon1. Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconҚазіргі кезде нарықтық экономикалық қатынастардың даму- ына байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі ха- лықарылық стандарттарға біртіндеп көшіріліп
Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілеттілетті болған жағдайда ғана істей аламыз
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconРеферат Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бюджеті
Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconҚарым қатынас маркетингінің ерекшелігі
Мұнда нарықтық қатынастардың үзіліссіздігінің негізгі факторлары интеллектуалдық және ақпараттық ресурстар өзара біріккен
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconЭкологияның даму тарихы
Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем модельдер құру (А. Лотка, В. Вольтерра, 1925,...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconАдамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі
Тəрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық əрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-əрекеттің...
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconМемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктер арасындағы қарым қатынас қалай аталады?
Мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктер арасындағы қарым – қатынас қалай аталады?
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі. Ақпараттың қорғанышы. Ақпараттық қарым-қатынастардың субъектілері. Компьютерлік қауіпсіздік. Қолданушы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница