«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа




Скачать 322.74 Kb.
Название«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер322.74 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/7626554c-68c7-11e5-9d50-f6d299da70eeВО для студ.doc
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК



042-14-3-02.- 1.12.- 33 -2015

« Валюталық операциялар » пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 2 Баспа



5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

«Валюталық операциялар»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей – 2015


Мазмұны




Жалпы мәліметтері






Студенттер оқуының әдістемелік кепілдеме тәртіптері






Курстың формат және саясаты






Баға қою саясаты






Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі






ӨӨЖМ және ӨӨЖ мазмұны






Пәнінің оқу процессінің күнтізбелік графигі







    1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


1.1. Оқытушы туралы және пәні бойынша жалпы мәліметтер

  • Оқытушының аты-жөні - Шакаримова Гүлжан Мырзатайқызы;

  • Кафедра – Қаржы;

  • Байланыс ақпараттары – тел: 53-03-16, оқу ғимараты № 8, кабинет № 229;

  • Пәннің атауы – «Валюталық операциялар»;

  • Кредит саны – 3;

  • Жұмыс оқу жоспарынан көшірме



1.2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс


Семестр

Кредит-тер

Дәріс

(сағат)

СПС (сағат)

ОСӨЖ (сағат)

СӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қорытынды бақылау формасы

2

3

3

30

15

45

45

135

емтихан


1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

«Валюталық операциялар» туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Банк және мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі туралы оқу – валюталарды және валюталық операциялардың техникасын теориялық тұрғыдан танып білуді сипаттайды.

Курстың мақсаты мен міндеттері банктердің валюталық операцияларын және оларды ұйымдастыруды оқып білудің қажеттілігімен, валюталық операцияларды оқып білудегі теориялық және әдістемелік тәсілдердің маңыздылығымен шартталған. Берілген курс банктің қызметіндегі валюталық операциялардың ұйымдастырылуын, олардың жүзеге асырылу тәртібін, валюталық шоттардың, есеп айырысулардың ерекшеліктерін қарастыру сияқты тақырыптарды қарастыратын практикалық пән болып табылады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық пән болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсының пәні - банктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары, сонымен қатар қазіргі заманғы банктердің валюталық операцияларының, валюталық мәмәлелердің жағдайларын қарастыру, банк қызметіндегі валюталық операциялардың тиімді ұйымдастыру әдістері, формалары мен принциптері болып табылады.

«Валюталық операциялар» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, валюталық операцияларға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.


1.4. Берілген курстың мақсаттары:

  • студенттерге коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың теориялық аспектілері бойынша, банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің валюталық операциялары мен валюталық мәмілелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.



1.5. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

  • студенттерге банктегі валюталық операциялардың ерекшеліктері бойынша тиісті білім беру;

  • нарықтық коньюктурамен байланысты шетелдік тәжірибені ескеріп, математикалық-статистикалық әдістерді қолдана отырып коммерциялық банктің валюталық операцияларын жүзеге асырумен байланысты байланысты сұрақтарды шешумен байланысты практикалық дағдыны меңгеру.

  • оларға банктік сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • банк қызметінің болашақ кәсіпқой мамандарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.

1.6. Пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде валюталық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, банк саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың ұйымдасты-рылуын, соның ішінде заңды және жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізудің, валюталық нарықтың, валюталық мәмілелердің, валюталық несиелердің, банкаралық валюталық қатынастар жүйесінің ерекшеліктері мен тіртіптерін, сонымен қатар банк қызметіндегі халықаралық валюталық есеп айырысулардың жүзеге асырылу негідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, банк жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Валюталық операциялар» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы ақша–несие, валюталық саясатын, банктегі валюталық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады;

1.7. Курстың алдыңғы реквизиттері: қаржы, экономикалық теория.

1.8. Курстан кейінгі реквизиттері: банк ісі, экономиканы ақша - несиелік реттеу, төлем жүйесі, векселдік несиелендіру, коммерциялық банктегі қаржылық талдау.


2. СТУДЕНТТЕР ОҚУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕПІЛДЕМЕ ТӘРТІПТЕРІ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасын негізгі курс сұрақтарын қамтиды. Онда ұйымдардың негіздері және қаржы орталығының мазмұны, шетел мемлекеттерінің қаржы функциялары берілген.

Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның ішінде 30 сағат дәріс және 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақтар қарастырылған.

Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.

Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.

Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Валюталық операциялар» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ реферат түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген ревераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, KZ Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.



    1. ФОРМАТ ЖӘНЕ КУРС САЯСАТЫ


Қатысу - студент дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы керек. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда меңгермеген мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында тәртіп бұзушылық үшін студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек.

Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсыруымен, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруімен бағаланып, межелік бақылаудың қорытындысы ескеріліп шығарылады. Семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагеат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) үшін аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойына «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – «Валюталық операциялар» курсы бойынша қорытынды емтиханды емтиханға босатылған барлық студенттер билет негізінде тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде тыйым салынады.

2 кесте



Сабақ тақырыбы

Аудиториялық сабақтардың нысаны

ОСӨЖ нысаны

СӨЖ нысаны

1.

Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

2.

Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

3.

Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

4.

Валюта нарығы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

5.

Валюталық мәміле-лер.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

6.

Валюталық несиелер.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

7.

Халықаралық валю-талық есеп айырысу-лар.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

8.

Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

9.

Банкаралық коррес-понденттік қатынастар жүйесі.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру


  1   2   3

Похожие:

«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Валюталық операциялар» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер №2 Баспа
ДӘрістер: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Агробизнесті ұйымдасытру» пәні бойынша
«Агробизнесті ұйымдастыру» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған
««Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа iconСтуденттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
ПОӘК «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен»
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Жарнама психологиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Корпоративтік қаржы» пәні бойынша магистранттарға арналған пәннің бағдарламасы Баспа №1 11. 09. 2014 ж
«Корпоративтік қаржы» пәні бойынша магистранттарға арналған пәннің бағдарламасы
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа iconМазмұны
«Компанияның қаржылық стратегиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«Валюталық операциялар» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы №2 Баспа icon«Химия» пәні бойынша “Дайындық бөлім” мамандығының студенттері үшін Оқу-әдістемелік кешен (Силлабус)
Силлабус оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары ( ) және пәннің жұмыс бағдарламасы ( ) негізінде жасалған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница