Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 104.46 Kb.
НазваниеИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации15.02.2016
Размер104.46 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/SD/1 kurs/Fizioligiy/
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Физиология кафедрасы




Д Ә Р І С


Тақырып: «Ішкі секреция бездерінің жалпы физиологиясы»


«Физиология» пәні

051101 «Мейірбике ісі» мамандығы

1 курс

Уақыты 1 сағат


Қарағанды 2010 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№7 хаттама 14.01.2010 ж.


Кафедра меңгерушісі, профессор Ф.А. Миндубаева


Дәрістің тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің жалпы физиологиясы.


Дәрістің мақсаты: эндокринді жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуы туралы, гормондар жіктелуі, гормондардың тасымалдау ерекшеліктері, гормондардың әсер ету механизмдері, гормондардың өзара әсерлері түрлері туралы түсінік беру.


Дәрістің жоспары:



  1. Эндокринді жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуы.

  2. Гормондардың биологиялық қасиеттері, Гормондардың физиологиялық әрекеттерінің типтері.

  3. Гормондардың жіктелуі.

  4. Гормондардың әсер ету механизмдері.

  5. Гормондардың өзара әсерлері түрлері.



Адам денесіндегі бездерді сыртқы және ішкі бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық бездерге секреттерін шығару үшін түтікшелері бар бездер жатады. Сол түтікшелері арқылы секретін арнайы мүшелер қуысына, кілегей қабықша бетіне бөліп отырады.

Екінші топтың бездерінің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлінген сұйықтарды шығаратын түтікшелері болмайды, сондықтансұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөліп шығарады. Бұл бездерді ішкі секреция бездер деп немесе эндокринді бездер деп атайды.

Ішкі секреция бездері деген түсінікті алғаш рет ашып берген 1855 ж. Клод Бернар ғалымы. Осы түсінігі бойынша оларға физиологиялық активті заттарды тікелей қанға бөліп шығаратын бездерді жатқызады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін- гормондар деп атайды. ( грек тілінде «гормас» – қозғаймын, қоздырамын деген сөз.) ағылшын физиологтары Бейлис және Старлинг 1905 ж.( секретті) 12- елі ішектің секретін бөліп алған, бұл себептен осы заттарды гормондар деген атауын ұсынады. Бұл эндокриндік бездердің жалпы атқаратын қызметі организмдегі ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұрады да тіршілік процесстеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетіліуне т.б.) өте қатты әсер етеді. Оларды не жоғарлатып, не төмендетіп отырады. Осы гормондар арқылы организмге, мүшелерге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу жолы деп атайды. Химиялық заттардың әсерімен өтетін гуморальды реттелу нерв импульсінің әсерімен өтеді. Қорытып айтқанда, бұл екі процесс ( гуморальды және нерв процесстері) бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан осы ұғымдарды пайдалана отырып эндокриндік жүйекні нейронэндокриндік жүйе немесе нейроэндокриндік реттелу деп атасақ та дұрыс болады.


Организмнің эндокриндік қызметіне бірнеше жүйелер қатысады:

І. Эндокриндік бездер, гормондарды бөліп шығаратын.

ІІ. Гормондардың өзі және олардың әрбір мүшелерге тасымалдау жолдары.

ІІІ. Қабылдап алатын белгілі бір мүшелер, ұлпалар гормондардың әсері (ұлпа-мишень).

Ең басты ішкі сереция бездерге –гипофиз, ұйқы безі, қалқанша безі, бүйрек үсті бездері, жыныс бездері, эпифиз, тимус бездері жатады.

Ұйқы безі мен жыныс бездері әрі ішкі секреция қызметін, әрі сыртқы секреция қызметін атқарады.

Ішкі секреция бездерінің жіктелуі:

І. Химиялық табиғатына қарағанда 3 топқа бөлінеді:

а) белокты гормондар, олар гидрофильдік және бос түрінде қанмен тасымалданады. ( мысалы: АКТГ, СТГ, пролактин, инсулин т.б.).

б) стероидты гормондар (липидтік). Мысалы: кортикостеран кортизол, альдестерон, тестостерон, прогестерон т.б. Жалпы оларға бүйрек үсті бездеріжәне жыныс бездері жатады.

в) аминоқышқылдың туындыларынан пайда болатын гормондар.


ІІ. Жұмыс атқаратын қызметіне қарай гормондар 3 топқа бөлінеді:

а) эффекторлық гормондар – оларға жататын гормондар белгілі бір мүшелердің қызметін өзгертеді. Мысалы: адреналин жүрек соғуының жиілігін күшейтіп, қан қысымын жоғарлатады.

б) Троптық гормондар – оларға гипофиздің алдыңғы бөлімінен шығып, басқа бірнеше ішкі секреция бездерінің қызметін ( олардың гормондарының синтезіне және шығуына) басқаруға қатысатын гормондарды атайды. Мысалы: тиреотропты гормон ол қалқан әсер етіп атқаратын қызметін өзгертеді.

Қалқан безінің гормондарының (тироксин, трийодтироның) синтезін және шығуын жоғарлатады. Тиреотроптық гормон аденгиопофизденбөлінбесе, онда қалқанша бездіңгормондары түзілмейді.


ІІІ. Рилизинг (нейросеккреттер)- гормондар, оларға гипоталамустың нерв клеткаларынан түзілетін және аденогипофизға әсер етіп, оның гормондарының бөлініп шығуына қамтамасыз ететін химиялық заттар.

Гормондардың негізгі қасиеттері.

  1. Әсер етуінің жоғарғы өзгешелік қасиеті – бұл қасиетіне қарасақ, гормондар барлық мүшелерге бірдей әсер етіп бермейді, тек белгілі мүшелерге , ұлпаларға ғана әсер етеді, (мысала: инсулин гормоны тек қана қандағы глюкозаның мөлшерін азайтады, егер оның мөлшері жоғары болса. СТГ- соматотропты гормон (өсу гормоны бойдың өсуін қадағалайды).

  2. Физиологоиялық активтілігінің жоғары болуы- гормондардың қандағы мөлшері өте аз болсада атқаратын қызметі өте жоғары болады. Мысалы: инсулиннің І г. 125000 үй қоянының қанындағы глюкозаның мөлшерін азайтады. 1х10(-7) г/мл адреналиннің мөлшері жүректің жұмысын күшейтеді.

  3. Қашақтықта әсер ету қасиеті – даму ,барысында белгілі бір мүшелердің әсер ететін гормондар арқылы мүшелердің жанында емес, одан қашықтықта пайда болады да, қан немесе лимфа жүйесі арқылы тиісті мүшелерге жеткізіледі. Мысалы: АКТГ –адренокортикотроптық гормон қанмен бүйрек үсті бездеріне жеткізіледі.

  4. Горондардың тезбұзылуы – сондықтан олардың қанға бөлінуі үздіксіз болу керек, өзгерген мүшенің қызметін атқару үшін.

  5. Стероидтыгормондардың және аминоқышқылдардың туындыларынан пайда болатын гормрндардың түрлік ерекшелігі жоқ. Бұл себептен жануарлардың бір түрінің гормоны ( не оның сығындысы) екінші бір жануар денесінде де сондай әсер ете алады. Түрлік ерекшеліктері тек қана белокты гомодарда бар.



Гормондардың жасалуы организм қажетіне және қоршаған ортаның жағдайларына тікелей байланысты болады. Гормондарды реттеуші деп есептесе, реттеуші мен бұлар реттейтін процесстердің арасында екі жақты байланыс болады. Егер белгілі бір мүшенің қызметін өзгертетін гормон көбірек жасалса, соған орай ол мүшенің қызметі белгілі бір тиісті дәрежеге жетеді. Енді бұдан былай гормонның бөлініп шығуы азаяды не тоқтапқалады. Осындай реттеу «тікелей және қарама-қарсы байланыс принцпі» бойынша атқарылады. Олар теріс немесе оң байланысқа бөлінеді. Мысалы: аденгипофиздің гонадотроптық гормондары көп бөлінсе олар жыныс гормондарының түзілуін жоғарылатады. Бұл тікелей оң байланыс болады. Кейінжыныс гормондарының көп жасалуы, қандағы гонадотроптық гормондардан шығуын төмендетеді. Бұл қарама-қарсы байланыс.


Схемасы:


Гонадотроптық гормондар

« оң тікелей «теріс қарама- байланыс» қарама байланыс»


жыныс бездерінің

гормондары

Тағы да бір реттеуге –жүйке реттелуі жатады. Ол реттеуді атқаратын гипоталамус және гипоталамустан бөлінетін физиологиялық активті заттар. Ішкі бездердің секреторлық клеткаларының қызметінң тікелей жүйке реттелуі әлі белгісіз, ондай реттелу тек қана бүйрек үсті безінің ішкі ми қабатында және эпифизде бар. Нерв талшықтары арқылы ішкі секреция бездерінің реттелуі тек қана олардың қан айналымының және қан тамырлардың тонусын реттелуі арқылы өтеді.

Гормондардың әсер ету механизмдері өту үшін биологиялы жүйесінде белгілі бір мүше және оған жауап беретін бөлімі болу керек. Бұл жүйедегі сол процесс өту үшін, біріншіден гормон солбелгілі бір мүшені танып онымен байланысуы керек. Белгілі бір гормондар қанмен тасымалданып барлық мүшелерге бірдей әсерете бермейді, белгілі бір ғана мүшеге, ұлпаларға ғана әсер етеді. Оның себебі сол мүшелерде ұлпаларда тек өзіне тән сол гормонның әсерін қабылдайтын арнайы рецепторлары болады. Рецептор мен гормонның арасында бір-біріне тән байланысты өте тығыз. Сондықтан рецепторлар өзіне тән гормоның әсерін ғана қабылдайды. Қазіргі кезде 60 гормондардың рецепторлары ашылған. Оның жартысы клеткалардың мембранасында орналасқан, қалғандары клеткалардың ішкі жағында болады.

1959 жылы Саттерленд және басқалары глюкагон мен адреналиннің әсер ететін механизімін анықтағанда барлықгормондарға сәйкес жалпы механизмдерін ашты. Қорытып айтқандаа бұл процесске қатысатын гормондар аденилатциклаза деген ферменттің активтілігін күшейтеді. Аденилатциклаза ферменті- бұл липопротейд, клетканың мембранасында орналасқан, оның каталитикалық активтілігі АТФдеген химиялық затқа ( олклетканың ішкі жағында орналасқан) өте жоғары. Қанмен келегн гомон бұл жерде « І-ш хабаршы» деп аталады. Сол гормонның әсерінен адениатциклаза ферментінің активтілігі күшейеді де ол клетка ішіндег АТФ-ті цикл- ді АМФ-қа айналдырады. Бұл процесс бойынша пайда болатын циклді АМФ « 2-ші хабаршы» деп аталады.

Оның әсерінен клетканың ішіндегі протеинкиназа деген ферменттің

Активтілігін жоғарлатады да жалпы айтсақ гормонның биологиялық соңғы әсері осы процесстерді арқылы қамтамасыз етіледі.

Кейбір гормондарға «2-ші хабаршы» болып Са+, фосфолипидтер, простагландиндер мүмкіншілігін көрсетеді.

Белокты емес гормондардың әсер ету механизмдерінің белокты гормондардың әсер ету механизмдерінен айырмашылығы бар. Олардың рецепторларымен байланысуы клетканың цитоплазмасында пайда болады.жалпы айтқанда барлық гормондардың әсер ету механизмдері:

1.мембрананың өткізгіштігін өзгертеді, оған қатысатын циклді АМФ. Мысалы: инсулин өткізгіштік қабілетін жақсартады.

2.Клеткалардың ішіндегі ферменттердің мөлшерін жлоғарылатады. Ол биосинтез процесіне қатысатын гендердің активтілігінің күшейгенініен пайда болады.

3.Клетка ішіндегі ферменттердің активтілігін циклді- АМФ арқылы жоғарылатады.


Гормондардың организмде жалпы атқаратын қызметтері:

  1. организмдегі барлық мүшелердің және олардың атқаратын қызметін бір-біріне біріктіреді.

  2. Организмнің өсуіне, дамуына , жыныстық жетілуіне өте қатты әсер етеді.

  3. Организмнің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделу процестерінің дамуына қатысады.

  4. Стрес-реакцияларына қатысады.

  5. Ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұруына әсеретуі.


Гормондар бірнеше физиологиялық көрсеткіштердің салыстырмалы тұрақтылығын сақтап тұрады. Оларды «гоместатикалық» гормондар деп атайды. Мысалы: қанның осмос қысымының және қандағы глюкозаның мөлшерін салыстырмалы тұрақтылығына әсер етеді.


Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеуге арналған әдістер:


  1. Экстррапация –белгілі бір безді операция жасап алып тастау. Безі алынып тасталған организмнің мүшелерінің қызметінде туған өзгерістер арқылы бездің ролін анықтайды.

  2. Трансплантация әдісі – бір орган не ұлпаларды тірі организмнен екінші бір жеріне көшіріп қондыру немесе жамау. Жамайтын органның бөлшегі трансплантат деп атайды. Трансплантацияның үш әдісі бар:

а) аутотрансплантация организде бір орынан екінші орнына өз безін жамау.

б) Гомотрансплантация – бір түрге жататын жануарлардың бірінің безін екіншісіне көшіріп қондыру немесе жамау.

в) Гетеротрансплантация - әр түрлі түрге, туысқа жатпайтын жануарлардың безін бір-біріне көшіріп қондыру. Трансплантация экстирпацияға қосымша әдіс.

  1. Организмге ішкі секреция бездерінің экстрактын енгізу және ұнтақ күйіндегі не шикі күйіндегі безбен тамақтандыру. Бұл да алынып тасталған бездің қызметін уақытша ғана атқара алады.

  2. Парабиоз әдісі – хирургиялық жолмен екі организмді бір-біріне тігу не болмаса олардың қан тамырларын бір-бірімен біріктіру. Мұндай жағдайда белгілі бір безі жоқ жануар, сондай безі бар жануардың қанымен келетін гормон әсерінен қалыпты өмір сүреді.

  3. Перфузия әдісі – денеден бөлініп алынған бездің қызметін сақтай отырып зерттейтін әдіс.

  4. Зерттеп отырған бездің белгілі бір гормонның барын не жоқтығын қандағы гормонның концентрациясын анықтау арқылы зерттеу.

  5. Биологиялық және химиялық әдістермен қандағы гормондардың мөлшерін анықтау.

  6. Гормондардың биосинтез механизмін радиоактивті изотоптар көмегімен анықтау.

  7. Биохимиялық әдістермен, біраз гормондардың химиялық құрылысын анықтау және гормондардың синтетикалық препараттарын жасау.

  8. Ішкі секреция бездерінің гетерофункциясы немесе гипофункциясы кезінде ауырған адамға бақылау жүргізу. Бұл клинико-гистологиялық әдістер.

  9. Бездің атқаратын жұмысын тежейтін химиялық заттармен әсер ету. Мысалы: а) қалқанша безге метилоурацилмен әсер ету, б) ұйқы безіне аллоксанмен әсер ету.

  10. Рентген әдісі.

  11. Шартты рефлекстер әдісі.

Ішкі секреция бездерінің қызметін және одан бөлінетін гормондардың организмге тигізетін физиологиялық әсерін тексеріп, медицина тәжірибесінде қолданылады.


Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

1. Гормондардың әсер ету механизмдері.


Кодокарталар

1. Гормондардың әсер ету механизмдері.

2. Химиялық табиғатта гормондардың жіктелуі

3. Гипофиз гормондары және олардың қызметтері


Әдебиеттер:


  1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

  2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

  3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

  4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Тура оң байланыстың мысалын келтіріңдер.

2. Кері теріс ұзын байланыстың мысалын келтіріңдер.

3. Кері теріс қысқа байланыстың мысалын келтіріңдер.

2. Метаболиттік-гормондық байланыстың мысалын келтіріңдер.

Похожие:

Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді тамақтануда белок, май және көмірсудың маңызымен, олардың тамақтық және биологиялық құндылығымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница