Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер




Скачать 451.37 Kb.
НазваниеСарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер
страница5/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер451.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://asyl-bilim.kz/_ld/11/1105_8__.doc
1   2   3   4   5

Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі

ХІХ ғасырдың 80 жылдарында Семей жерінде Е.П.Михаэлис, Н.Я.Коншин, А.А.Леонтьев, П.Д.Ловановский, С.С.Гросс, А.А.Блек, А.Н.Федоров, В.О.Костюрин, Н.Я.Ватсон сияқты саяси жер аударылғандардың үлкен бір тобының болуы Семей өлкесінің мәдени, рухани дамуына өшпес із қалдырды.

Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуына қалада 1878 жылы құрылып, ресми түрде төрағасы губернатор А.П.Проценко болғанымен іс жүзінде барлық жұмысын Е.П.Михаэлис басқарды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлкенің қоғамдық өмірінің тыныс – тіршілігімен тығыз байланыста болып, Комитетке 1886 жылдың 4 мамырында мүше болып тіркелген.

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі ресми түрде 1902 жылдың 31 наурызында (13 сәуір) қоғамдық мәжіліс үйінде көпшіліктің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, онда Комитет хатшысы Н.Я.Коншин сөз сөйлеп, комитет мүшесі Ф.К.Зобкин «О рабстве в киргизской степи» баяндамасын оқыды. Бұл Семей облысы үшін ғана емес, жалпы Қазақстан ғылымының дамуында өшпес із қалдырған сәулелі сәт еді.

Семей қамалы алғашында әскери бекініс ретінде салынғанымен Ресей империясы үшін рның маңызды шекаралық нүктеде орналасуы көршілес азиялық елдер туралы тың мәліметтер жинауға, шығыс мемлекеттерімен Ресей арасында сауда – экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнатуға қолайлы болды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көне шаһар Семейден саяхатшылар, экспедициялар мен сол кездегі басты көлік түйелерге жүк артқан сауда керуендер шартарапқа өтіп жатты. Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуы бұл іске жаңа сипат берді.

Семей арқылы ғылыми саяхатқа өтіп бара жатып әйгілі ғалымдар В.В.Сапожников, М.Э.Янишевский, П.Л.Драверт, Н.Я.Новембергский, т.б. бөлімшеде дәрістерін оқыған.

Семей жерінде туып - өскен ағайынды Николай, Виктор, Федор, Алексей Белослюдовтар. Төртеуі де өлкетанушы, суретші, педагог ретінде өлкеде үлкен ғылыми – зерттеу, ағартушылық қызметке саналы ғұмырын арнап, Семейде 1906 жылы өз қаржыларына геология, минералогия, антропология, археология, ерте заманғы киім үлгілері, кітаптар мен қолжазбалар, нумизматика, этнография бөлімдерінен тұратын 4 мыңнан аса экспонаты бар этнографиялық мұражай ашқан.

1909 жылы 24 тамызда өтке географиялық бөлім отырысында Семей бөлімшесіне белгілі орыс жазушысы, этнограф, Орталық Қазақстанды зерттеуші, табиғат сүюші М.М.Пришвинді мүшелікке қабылдады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары да саяси аренаға шығып, қоғам өміріне белсене араласа бастады. Қазақ зиялыларынан Әлихан бөкейханов Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Ұлтымыздың мақтанышы, ойшыл ақын Шәкерім Құдайбердиев (1903 – 1907 ж.ж), Томсктехнологияинститутының түлегі, Алаш жетекшілерінің бірі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор – матиматик Әлімхан Ермеков, Санкт – Петербңург университетінің алтын медальмен бітірген, ұлтымыздың тұңғыш заң магистрі, болашақ Алаш автономиясының құқықтық негізін қалаған Жақып Ақбаев, Санк – Петербург шағы үшін күрескен арыстарымыздың бірі Райымжан Мәрсеков (1902 – 1911 ж.ж.) қысқа да санаулы ғұмырына өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосу жолына жұмсаған Семейдегі семинария мұғалімдері Нұрғали Құлжанов пен зайыбы Нәзипа Құлжанова, орыстың ұлы жазушысы Л.Толстоймен хат жазысқан, мұсылман балалар мектебінің меңгерушісі, татар зиялысы Р.Елікбаев (1907 – 1919 ж.ж.) Зайсан уезінің тілмашы Иманқұлов Жәмбек (1902 ж.), тілмаш Оспанов Өмірбек, Күре болысынан Сандыбаев Сағындық (1902 ж.), Семей өлкелік сотының тілмашы Тарабаев Имамбек (1907 ж.), Павлодар көпесі Айткин Ахметолла (1902 ж.), көпес Хамитов Мұхамет (1902 ж.) және Абылайханов Арынғазы Семей географиялық бөлімшесіне мүше болған. Мұхтар Әуезов, Жұмағали Шанин, Шайбай Айманов, Мәннап Тұрғанбаев, Әбікей Сәтбаев, Ахметтолла Барлыбаев, Халел Ғаббасов, Кәрім Дүйсебаев географиялық бөлімге мүшелікке 1924 жылы қабылданып, бөлімнің ғылыми жұмысынан үлес қосқан.

Семей қаласының географтары 2008 жылдың 28 - қарашасы күні (Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология және география кафедрасы оқытушылары мен студенттері, қала мектептері мен коллледж мұғалімдері) бұрынғы География қоғамының Семейдегі бөлімшесін қайта құру жөніндегі отырысына жиналды. Олар Географиялық қоғамның Семей бөлімшесінің жұмысын қайта жандандыруға қаулы қабылдады. Семей География қоғамы бөлімінің төрағасы болып география ғылымының докторы М.Е,Белгібаев сайланды.

СӨЗДЕРГЕ АНЫҚТАМАЛАР


Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.

Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Циклон – атмосфераның ауа массалары құйын тәріздес қозғалыста болатын төмен қысымды аймағы. Қысымның таралуына сәйкес желдер циклонның жан – жағынан ортасына қарай соғады. Жердің өз өсінен айналуының әсерінен циклон солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға қарай ығысады.

Климат – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай күйі.

Дата ауыстыру сызығы

Декреттік уақыт – (латынның decretum – указ, қаулы деген мағынаны білдіреді). -табиғи жарықты толығырақ пайдалану, әрі электр энергиясын үнемдеу мақсатымен сағат тілінің жаз кезінде 1 сағат ілгері жылжытылуы. Бұрынғы КСРО – да 1930 жылы енгізілген.

Сағаттық белдеу деп Гринвич меридианынан батысқа қарай 7° 30´ батыс бойлық (б.б.) пен 7° 30´ шығыс бойлық (ш.б.) арасында өтетін сағаттық белдеуді атайды.

Атмосфералық жауын- шашын – жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық күйінде түседі.

Атмосфералық циркуляция -

Күн радиациясы -

Изотерма – белгілі уақыт кезеңінде жер бетіндегі температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Ауа температурасының таралу заңдылықтарын көрсету үшін қаңтар және шілде айларының изотермалары алынады.

Қарашірік – топырақтың органикалық бөлігі, оның ең негізгі құрамы құнарлылықпен байланысты. Бұл өсімдіктің, жануарлардың және микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі. Ол топырақтың беткі қабатын қоңыр және қара түске бояп тұрады.

Топырақ –

Лëсс – саз, құм және әктастың майда бөлшектерінен тұратын қопсынды кеуек, сарғыш түсті тау жынысы, қалыңдығы бірнеше см-ден 400 мертге дейін барады. Лëсстің үстіне өте құнарлы топырақ түзіледі.

Өзен жүйесі – берілген өзен алабындағы өзендердің жиынтығы. Өзен жүйесі негізгі өзен мен оның салаларынан тұрады.

Өзен аңғары – жер бетіндегі өзен ағып өтетін ирелеңдеген ұзын ойыс. Өзен аңғары ағын судың әрекетінен қалыптасады. Өзен аңғарының арнасы, жайылмасы, беткейі, террасалары, негізгі жағасы болады.

Өзен бастауы – өзеннің басталатын жері. Бастау бұлақ, батпақ, көл, мұздық болуы мүмкін.

Өзен сағасы – өзеннің теңізге, көлге немесе басқа өзенге құяр жері.

Өзен алабы – өзен, көл, теңізге су жиналатын алап.

Өзен құламасы – өзеннің бастауы мен сағасының мұхит деңгейінен биіктігі арасындағы айырмашылық. Өзен ағысының жылдамдығы оның құламасына байланысты.

Өзен еңістігі – өзеннің белгілі бөлігіндегі құламасының оның ұзындығына қатынасы.

Су шығыны – өзеннің, каналдың, құбырдың көлденең қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін судың мөлшері. Ол текше метрмен өлшенеді.

Жылдық ағын – өзен арнасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, м ³ немесе км ³ - мен белгіленеді.

Су басу – өзен, көл, теңіз суы деңгейінің көтерілуінен жергілікті жерді су басуы. Су басу қар мен мұздықтың кенет еруінен, жауын – шашынның көп түсуінен, өзен арнасын мұз кептеп қалуынан, суды жел көтеруінен туады.

Тау жүйесі – шығу тегі ортақ, тізбек түзе орналасуында белгілі бір заңдылық болатын тау жоталарының жиынтығы.

Тау – айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер.

Тау тізбегі – тізбектеле орналасқан тау жоталары. Олар әдетте бір кезде пайда болған, шығу тегі өзара ұқсас тау жоталарынан тұрады. Мыс., Камчаткадағы тау жоталары тау тізбегін құрайды.

Тау жыныстары – жер қойнауын түзетін, құрамы әр түрлі минералдардан тұратын табиғи түзінділер. Шөгінді, магмалық, метаморфтық тау жыныстары болады.

Тау сілемі – негізгі немесе бүйірлік тау жотасынан тараған тау тарамдары. Мысалы Тянь – шаньның тау сілемдері.

Тау жотасы – екі жақ беткейі анық байқалатын, ұзындығы едәуір көтеріңкі жер.

Топырақтың тозуы (деградация почвы) – топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне немесе адамның шаруашылық әрекетіне байланысты топырақ қасиеттерінің біртіндеп нашарлауы.

Дефляция – желдің әсерінен борпылдақ тау жыныстары мен топырақтың бұзылуы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Ұ.Ә.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту. Әдістемелік құрал. Алматы – 2004.

2. Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық 8 – сынып. Алматы «Атамұра» 2004.

3. Т.М.Бенькович, Д.Л Бенькович. Опорные Конспекты в обучении географии России. Москва. «Просвещение» 1997.

4. А.В Егорина, Ю.К Зинченко, Е.С Зинченко. Физическая география Восточного Казахстана.Альфа- ПРЕСС Усть Каменогорск 2002.

5. И.В Душина, Е.А.Таможняя, В.Б Пятунин. Методика и технология обучения географии в школе. АСТ «Астрель» Москва 2002.

6. Ұ.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық 8 – класс

Алматы 2002.

7. Қ.Құрманов. Физикалық география. Анықтамалық сөздік. Алматы «Рауан» 1993.

8. И.Стрелкова. Шоқан.Алматы «Жалын» 1985.

9. В.И.Сиротин. Практические работы по географии 6 – 10 классы. М.: 2000.

10. В.С.Добржицкий, Б.А.Кондратьев. Практические работы по физической географии в средней школе. М.: Просвещение 1980.

11. И.И.Баринова. Самостоятельные и практические работы по физической географии. М.: Просвещение 1990.

12. Линева Л.А. Методические рекомендации. Усть – Каменогорск, 2001.

13. Т.Омаров. Қазақстан көлдері. Алматы «Қазақстан» 1987.

14. Белгібаев М.Е. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі// География және табиғат. - 2004. - № 3. 5-8 б.





1   2   3   4   5

Похожие:

Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconБиология, экология, орыс және ағылшын тілі. Ұйымдастыру кезеңі
Көрнекілік: Д. ж географиялық белдеулер картасы;Д. ж физикалық географиялық картасы; Венн диаграммасы салыстыру кестесі, Табиғат...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconБіріңғай жетістікке жету үшін сарамандық жұмыстың орындалуы
Саяси картаның қалыптасу кезеңдері,тарихи-географиялық аймақтаржәне мемлекеттердің құрамы,елдердің мемлекеттік құрылысы
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер icon1. Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconҚазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер icon1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны
Жұмыс бағдарламасы барлық мамандықтарының оқу-жұмыс жоспары мен Қр бжҒМ 2005 жылдың «11» мамырындағы №289, 12 шілдедегі №480 бұйрықтарымен...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconҚазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары Курстық жұмыс кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларына...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер icon1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының,...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер icon2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар Тәжікстан Республикасының
Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы...
Сарамандық жұмыс №1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер iconАмб бойынша бағдарлама
Республикасының конституциялық құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың орны және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница