Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014




Скачать 382.72 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014
страница1/5
Сергазина Г М
Дата конвертации15.02.2016
Размер382.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/04/09/55263ec60ebf7.doc
  1   2   3   4   5

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен




СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС


Пән: Информатика

Пәннің коды: Іnf 1105

Мамандығы: 5В110400, Медициналық профилактикалық іс

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі - 135 (3 кредит)

Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр


Семей, 2014

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды


Автор: Ғaлымова Әсем Дүйсенғалиқызы


___ _______ 2014 кафедра отырысында талқыланды №__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к _____________ Сергазина Г.М.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Буланова Р.К.

Завуч, аға оқытушы




2

Дихамбеков Ж.К.

аға оқытушы




3

Бектурова А.Ш.

аға оқытушы

Магистр

4

Абдуакитова А.Е.

аға оқытушы




5

Букатаева А.Б.

оқытушы

Магистр

6

Ғaлымова Ә.Д.

оқытушы

Магистр

7

Кусаинова К.Т.

аға оқытушы

Магистр

8

Ковалева Л.В.

аға оқытушы




9

Токабаева Г.К.

аға оқытушы

Магистр


Байланыс ақпараты: Семей қаласы, Абай Құнанбаева көшесі, 103,

2-қабат, аудиториялар: 232, 233, 234, 236, 236а, 237

Телефон-56-28-84; внутр - (1053)

Электрондық адрес - Informatics_OZ@mail.ru


Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

  • Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

  • Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

  • Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

  • Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

  • Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

  • Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)



1. Кіріспе

Информатика пәні, объектілері және оны құрайтын бөлімдері. Информацияның физикалық және математикалық аспектілері. Информатиканың математикалық негізі. Есептеу жүйелері. Дискретизация түсінігі. Тілдер – объектілерді және процестерді бейнелеу әдістері. Суреттерді формализациялау. Компьютерлік графика түсінігі.

2. Пәннің мақсаты:

Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз ету, компьютерлік графика, деректер базасын жобалау негіздерімен, желілік технологиялар негізгі концепцияларымен таныстыру.

3. Оқыту мақсаттары:

Студенттерді есептерді алгоритмизациялау негіздеріне, нәтижелі алгоритмдерді құру, жоғары деңгейлі осы заманғы тілдерде программалау негіздерін үйрету, осы заманғы информациялық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын зерттеу, компьютерлердің және компьютерлік желілердің аппараттық және программалық жабдықтау қалып-күйі мен келешектегі дамуын зерттеу.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент пән оқыту қортындысы бойынша білуі қажет:

Білім:

  • Есептерді шешу үшін алгоритмдер және программаларды құру әдістерін меңгеру;

  • Жергілікті және ауқымды желілер негізін және келешектегі дамуын салалық ауданда қолдану;

  • Жүйелік программалық қамсыздандыру негізін білу.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІІІ іү семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014
Пәннің силлабусы «Құқық негіздері» пәні Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница