«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш




Название«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш
страница1/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://file.amu.kz:8080/filedownload/clientdownloadfile/337/a294169ca8bbb872605fad13ee6c8ad4df73
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Астана медицина университеті» АҚ


«Астана медицина университеті» АҚ

бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш

2014-2015 оқу жылы





Астана 2014





«Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілді,

2014 жығы 10 қыркүектегі № 34 хаттама


І. «Астана медицина университеті» АҚ

студентінің ар-намыс кодексі


Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді.

Студент өнегелі жоғары медицина мектебінің өкілі екенін әрқашан есте ұстайды, оның ар-намысы мен имиджін қадірлейді, оның абыройына кір келтірмеу үшін қолынан келгенін істейді.

Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.

Студент үлкенді сыйлайды, қасындағыларға дөрекі мінез көрсетпейді.

Студент парасаттылықтың, мәдениеттіліктің, адамгершіліктің үлгісі, ол адагершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшеліге қарай кемсітуге жол бермейді.

Студент саламатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады.

Студент жоғары оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды, студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды.

Студент шығармашылық (ғылыми-біліми, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, корпоративтік мәдениетті және ЖОО беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды.

Студент академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды.

Студент студенттік ынтымақтастықтың интернационалдығының және көптілділіктің қажеттігін мойындайды.

Студент «Астана медицина университеті» АҚ негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қалтқысыз орындайды.


СТУДЕНТКЕ ЖАДНАМА!


Біз саналы қоғамда өмір сүреміз. Әр адамның қоғамдағы тәртібіне, жүріс-тұрысына қарап, оның тәрбиесі мен мәдениетіне баға береміз.

Қоғамдық орындарда жалпыға бірдей тәртіп ережесі белгіленген.


Келесі қарапайым және міндетті ережелерді есте сақтаңыз:

- үнемі таза, ұқыпты әрі жинақы жүріңіз;

- сабақта таза, үтіктелген халат киіп, шашыңызды жинап, медициналық баскиім киіп жүріңіз;

- жабық тұрған есікті қағып, рұқсат сұрап кіріңіз;

- егер ғимараттың есігіне қарай бірнеше адам келе жатса, жасы кіші адам тоқтап, үлкен кісілерді өткізіп жіберуі керек;

- егер есік алдында өзіңізге жақындап қалған адамды көрсеңіз, есікті ашып, арттағы адамның келуін сәл күтіңіз, келе жатқан адамның алдынан есікті сарт еткізіп жабу мәдениетсіздікке жатады;

- бөлмеге кірген адам бірінші болып амандасуы керек;

- жасы кіші адам бірінші болып сәлемдесуі керек;

- лифтіге кірерде оқытушыларға, әйелдерге және үлкен кісілерге жол беріңіз;

- абайсызда біреуді қағып кетсеңіз, аяғын басып кетсеңіз кешірім сұраңыз.


Қоғамдық орындарда:

- аяқкиіммен тарсылдатып жүруге болмайды;

- қатты сөйлеуге, шулауға болмайды;

- орындықта шалқайып отыруға немесе бар күшпен орындықты ысыруға болмайды;

- үстелге жантайып жатуға болмайды;

- маңызды себеп болмаса өзгелердің әңгімесін бөлуге және рұқсатсыз өз пікірін айтуға болмайды;

- басты шайқауға, буындарды сыртылдатуға, саусақтармен үстелді тарсылдатуға болмайды;

- сағыз шайнап, оны үстелге немесе орындыққа жабыстыруға болмайды;

- тырнақты мүжуге, тамақ жегенде шылпылдатып шайнауға, тісіңізді, мұрныңызды шұқуға, қасынуға және түкіруге болмайды.


Сіздің жаныңызда сыпайы, әрі тәрбиелі адамдар бар! Сіз де әдепті болыңыз!


ІІ. «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫ


2.1 «Астана медицина университеті» АҚ миссиясы:


Астана медицина университеті – денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын даярлау бойынша медициналық жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз білім беру жүйесіндегі лидер. Тұлға, қоғам, мемлекет мүддесі білім, ғылым, практика мен инновациялық тәсілдерді интеграциялау негізінде сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми-клиникалық орталығы.


2.2 Университеттің болашақты болжауы – Университет болашақта:


  • Қазақстан Республикасының медициналық жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз білім беру жүйесіндегі лидер.

  • Медициналық озық технологиялардың, интеллектуалдық жұмыстардың ғылыми-клиникалық орталығы.

  • Қазақстан Республикасының және ҚР солтүстік аймағының саяси, әлеуметтік-экономикалық саласын және мәдениетін дамытуға белсене қатысатын оқу орны.

  • Менеджменттің инновациялық жүйесін және сапаны басқару жүйесін жоғары медициналық білім беру саласына енгізетін орталық.

  • Әлемнің жетекші медициналық ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтармен тең құқықты серіктес.

  • Білім беру жобаларын, ғылыми, мәдени жобаларды орындау үшін аймақтық, республикалық, шетелдік ұйымдармен және қоғамдастықтармен серіктестік қарым-қатынас орнатуға дайын жоғары оқу орны.

  • Білім беру процесінде ең заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және «ғылым арқылы білім беру» принципін қолданатын, мамандарды даярлауда дәстүрлі әдістер мен инновациялық әдістерді ұтымды үйлестіре білетін жоғары оқу орны.

  • Университет өзі жинақтаған білім беру тәжірибесі, ресурстары мен құндылықтарының арқасында Қазақстан Республикасының және Астана қаласының мақтанышы болады.

  • Университеттің миссиялары мен болжауларын орындауға жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер мен білім алушылардың қауымдастығы және қызметкерлердің оны дамытуға қосқан үлестерін мойындайтын университет.



2.3 Университеттің құндылықтары:


  • Біліктілік және кәсіби шеберлік.

  • Жоғары білікті оқытушы-профессорлары

  • Басқарудағы демократизм, басшылықты таңдау, шешімді алқалы жиналыстарда қабылдау

  • Әділдік және тұрақтылық

  • Жауапкершілік

  • Ашықтық, ақпараттың айқындығы және қолжетімділігі

  • Тұлғаны қадірлеу

  • Лидерлік

  • Корпоративтік патриотизм

  • Әлеуметтік патернализм, ардагерлерге қамқорлық көрсету және жастарды қолдау

  • Корпоративтік мәдениет және демократиялық рух

  • Үздіксіз білім беру және сабақтастық

  • Еркін шығармашылықпен айналысуға қолайлы жағдай жасау

  • Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

  • Университеттің тұрақты байланысы

  • Дүниежүзілік білім беру, ғылыми және мәдени кеңестікке интеграциялану.


2.4 Университеттің басты басымдықтары:

  • Қазақстанның аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасы жүйелерін дамытуға белсенді қатысуы;

  • Халықаралық стандарттарға және үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығы мен технологиялардың талаптарына сәйкес «барлығы үшін және өмірінің барлық кезеңдерінде білім беру» принципі бойынша сапалы білім беруді ұсынады;

  • Білім беру бағдарламаларының үздіксіздік және бірізділік принципі бойынша қоғамды, экономиканы, практикалық денсаулық сақтау саласын, ғылымды жетілдіруге және жаңа технологияларды әзірлеуге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

  • Университеттің халықаралық тартымдылығын қамтамасыз ету – халықаралық білім беру және ғылыми қауымдастыққа интеграциялануы;

  • Жұмыспен қамтып, әлеуметтік тұрғыдан қорғап, кәсіби өсу мүмкіндігін жасап арқылы адами ресурстарды дамытуы;

  • ЖОО-ның ғылымын жетілдіру, университеттің оқытушы-профессорлар құрамының ҒЗ нәтижелерін коммерциализациялауды қамтамасыз ету;

  • Білім беру жобаларын, ғылыми және мәдени жобаларды орындау үшін аймақтық, республикалық және шетелдік ұйымдармен, бірлестіктермен серіктестік қатынастарды орнату;

  • Білім сапасын бағалаудың ұлттық және халықаралық жүйелеріне сәйкестігі – ұлттық және халықаралық институционалдық аккредитациядан өтті және білім беру бағдарламалары аккредиттелді;

  • Оқу процесін ұйымдастыру технологияларын жетілдіру, оқу процесін білім алушылардың мүдделеріне бағындыру және ЖОО-ның оқытушы-профессорлары арасында бәсекелестікті туғызу;

  • Жеке меншік клиникалық базаны құру;

  • көп тілде үздіксіз және сабақтастыра білім беру моделін құру;

  • ЖОО-ны басқару принциптері мен практикасын, стратегиялық менеджмент жүйесін, университеттің корпоративтік мәдениетін жетілдіру.



ІІІ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. Анықтамалық-жол көрсеткіш «Астана медицина университеті» АҚ-тың 1-курс студенттеріне арналған.

2. Анықтамалық-жол көрсеткіште «Астана медицина университеті» АҚ , университеттегі оқу процесін ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, пәндер бойынша тіркеу тәртібі, білім алушылардың үлгерімін ағымдық, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау және оқудан шығару, студенттердің өздік жұмысы, материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.

3. Анықтамалық-жол көрсеткіш 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім беру. Бакалавриат»; 3.08.388-2006; ҚР МЖМБС 3.07.485-2006 «051301 – Жалпы медицина»; ҚР МЖМБС 3.07.476-2006 «051302 – Стоматология»; ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 «051102 – Қоғамдық денсаулық сақтау»; ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 «051103 – Фармация»; ҚР МЖМБС 3.08.388-2006 «051101 – Мейірбике ісі»; ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы (04.11.2013ж. өзгерістермен және толықтырулармен) «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» №125 бұйрығы (2011 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 «Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағаидалары туралы» қаулысы; «Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелерін бекіту туралы» 18.03.2008ж. №124 бұйрығы, ҚР Үкіметінің №116 «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысы (31.03.2014ж. өзгерістермен); 2011 жылғы 20 сәуірдегі «Оқытудың кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру ережелері» №152 бұйрығы (02.06.2014ж. өзгерістермен және толықтырулармен) негізінде әзірленді.


3.1 Университет туралы мағлұмат





1964 жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1964 жылғы 26 қазандағы №729 қаулысына сәйкес «Целиноград мемлекеттік медицина институтының» негізі қаланды. 1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт «Ақмола мемлекеттік медицина институты» деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысына сәйкес ЖОО академия болып өзгертілді. ҚР Үкіметінің


2003 жылғы 14 наурыздағы №249 қаулысына және ҚР ДСМ 2003 жылғы 20 наурыздағы №232 бұйрығына сәйкес «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» деп аталды.

2006 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Мәскеуде Халықаралық Саммит шеңберіндегі халықаралық сыйлықтың «Ұлттық Экономика Лидері – 2006» Құрмет белгісін алды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы «‘‘Ұлттық медициналық холдинг’’ акционерлік қоғамын құру туралы» №451 қаулысына сәйкес Қазақ мемлекеттік медицина академиясы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың құрамына кірді және «Қазақ медицина академиясы» АҚ болып қайта ұйымдастырылды. «Ұлттық медициналық холдинг» Басқармасының 2009 жылғы 6 қаңтардағы №81 бұйрығы негізінде «Қазақ медицина академиясы» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі №710 қаулысымен "Астана медицина университеті" АҚ "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ құрамынан шығарылып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстылығына берілді.


3.1.1 ЖОО-ның басшылары және құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат




Ректорат


Телефон

Аты-жөні




Ректор-Басқарма төрағасы

Қабылдау бөлмесі 539424

Шайдаров Мажит Зейнуллаұлы




Ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі 539431

Галицкий Франц Антонович




Білім беру қызметі жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі 539428

Жаксылыкова Гүлнар Әділханқызы




Тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі

539443

Хайрли Гафур Зинурұлы




Әкімшілік және экономикалық қызметтер жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі

436130

Нұржаубай Марғұлан Оңталапұлы

Жалпы медицина факультетінің деканаты




курс

Декан

539437

Махамбетов

Қайыргелді Омбайұлы



Деканның орынбасары

539437

Байканова

Раушан Карабайқызы



Деканның орынбасары

539437

Тайжанова

Ляззат Евгеньевна



Деканның орынбасары

539437

Игенбаева

Бахыт Балкенқызы



Деканның орынбасары

539440

Нұрхан

Бакшагүл Кәрібайқызы



Деканның орынбасары

539440

Габбасова

Анар Мейрамқызы

Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі,

медициналық-профилактикалық іс факультетінің деканаты




Декан

539572

Карибжанов

Айтбек Әнуарбекович




Деканның орынбасары

539432

Аджибаева Ботагөз Жорқаевна




Деканның орынбасары

539432

Зейнульдина Айжан Сайпиденқызы




Интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты




Декан

539445

Сыздыкова

Айнұр Сайлаубайқызы




Деканның орынбасары

539445

Досхожина Гүлнәр Нығметжанқызы




Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты




Декан


539450

Жарлығанова

Динара Сарқыбекқызы




Деканның орынбасары

539450

Ағыбаева Дина Батырқызы




Үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультетінің деканаты




Декан

539438

53-95-45

Сапарова

Ләйлім Тасболатқызы




Деканның орынбасары

539523

Түгелбаева Қызылгүл Әлімқызы




Жастар ісі жөніндегі деканат




Декан

53-94-26

Нұрмұханов

Алтынбек Амангелдіұлы




Деканның орынбасары

539442

Мүсірепов Нұрбек Нұрфазылұлы




Радиобиологиялық зерттеу институты




Директор

539439

Казымбет

Полат Казымбетұлы




Директордың орынбасары

539448

Бахтин

Мейрат Мұхамедкәрімұлы




ЖОО-ның бөлімшелері




Кітапхана

539533

Кенжебаева

Ляйля Саимбекқызы




Оқу процесін жоспарлау бөлімінің бастығы

539436

Досанова

Багдат Рахимқызы




Оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі

539461

Букеева

Жанар Каналбайқызы




Сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімі

53-95-27

Жумашева Захира Сраждинқызы




Студенттерді есепке алу бөлімінің бастығы

539435

Алиева

Мухаббат Байтемірқызы




Офис-тіркеуші бөлімінің бастығы

539641

Жукина Динара Қамидоллақызы




Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық бейімдеу бөлімінің бастығы

53-95-47

Ақполатова

Гүлнұр Момынқызы




Оқытудың инновациялық технологиялары және қашықтықтан оқыту орталығы

56-98-64

Исабаев Эльдар Сағидоллаұлы




Ғылым бөлімінің бастығы

539528

Ақанов Аманғали Балтабекұлы




Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің бастығы

539548

Ахметов Мұхамбедия




Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

539454

Дүйсенбекова

Дариға Нүкенқызы




Оқу-клиникалық орталықтың жетекшісі

539521

Жумадилов

Даулет Шаймарданұлы




Компьютерлік тестілеу бөлімінің бастығы

539573

Тлешова

Нұргүл Серікқызы




Университеттің спорт клубының жетекшісі

539535

Саттыклышов

Берік Сапарбайұлы




«Студенттер қалашығы» бөлімінің бастығы

539520

Ысқақова Сәуле Амангелдіқызы




АҚ және ТЖ бөлімінің бастығы

539446

Бектұрсынов

Нұрдәулет Ташкенбайұлы




"Астана медицина университеті" АҚ медициналық орталығы

239284

Регистратура




Бас бухгалтер

57-78-96

Искакова Жансая Тұяққызы



3.2 АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш iconПрограмма-приглашение
«Астана медицина университеті» АҚ-тың Ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор...
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш iconТағамтану және профилактикалық медицина кафедрасы
Силлабусты «Тағамтану гигиенасы» пәнінің бағдарламасы негізінде тағамтану және профилактикалық медицина кафедрасы құрастырған. «Астана...
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш iconПрограмма-приглашение 53-й научно практической конференции молодых ученых и студентов ао «Медицинский университет Астана»
Сізді 2011 жылғы 12-13 мамыр күндері Бейбітшілік көшесі, 49/а мекенжайында өтетін «Астана медицина университеті» АҚ-тың жас ғалымдары...
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш icon«Астана медицина университеті» АҚ
Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш icon«Астана медицина университеті» АҚ
Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш icon«Астана медицина университеті» АҚ
Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш icon«Астана медицина университеті» АҚ
Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш iconҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2
Т. З. Сейсембеков «Астана Медицина Университеті» аб №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ. д
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш iconҒылыми және клиникалық қызмет жөніндегі проректор м.ғ. д.,профессор
АҚ «Астана медицина университеті» ректоры м.ғ. д.,профессор Шайдаров Мажит Зейнуллович
«Астана медицина университеті» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ бойынша анықтамалық-жолкөрсеткіш icon«Астана медицина университеті» АҚ Медициналық және фармацевтикалық жоғары білімі бар мамандарды қайта даярлау
Терапиялық/педиатриялық бейін мамандықтары бойынша білімі мен еңбек өтілі бар мамандарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница