«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив)




Скачать 80.76 Kb.
Название«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив)
Дата конвертации14.02.2016
Размер80.76 Kb.
ТипДокументы
источникftp://37.151.21.4/Книги/966/Жапарова Д.К. Маркетинг/C/p5.rtf
Дәріс № 4. Тауар нарығындағы сатып аушылардың мінез-құқығы


  1. «Қажеттілік» ұғымы және түрлері

  2. Тұтынушылар түрлері

  3. Сатып алушылар мінез –құлықтарының уәжі.(мотив)

  4. Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі.


1.сұрақ. «Қажеттілік» ұғымы және түрлері

Маркетингтік көзқарасқа сәйкес тұтынушыларды 2 топқа бөлуге болады:

1)түпкі тұтынушылар-тауарды өзіне тұтыну үшін алатын тұтынушылар;

2)кәсіпқой тұтынушылар-тауарды өндіру процесінде қолдану немесе басқаларға сату үшін сатып алушылар;

Маркетингті тиімді іске асыру үшін фирма барлық күштерін тұтынушының қажетін қанағаттандыруға шоғырлануы тиіс. Ал адам қажеттерін жиі өзгеріп тұрады. Сол өзгерістерге неғұрлым икемді бейімделген кәсіпорындар ғана нарықта көп уақыт өмір сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зерттеудің негізгі бағыты-олардың қажеттіліктерін неғұрлым толық түгендеу, талдау, даму бағытын анықтау болады.

Адам қажеті дегеніміз- жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ету үшін белгілі заттарға немесе қызметтерге мұқтаждығы. Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп отыру үшін оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау қажет. Қажеттіліктерді дұрыс реттеп, айқындауы үшін оларды топтастыру керек. (1-кесте)

1 кесте - Қажеттіліктердің түрлері.



Қажеттерді бөлу белгілері

Қажеттердің түрлері

1.Тарихи орнына қарай

1.1.Бұрынғы

1.2.Қазіргі

1.3.Болашақтағы

2.Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес.

2.1.Түгел қанағаттандырылған.

2.2.Жартылай қанағаттандырылған.

2.3.Қанағаттандырылмаған

3.Қалыптасу қарқынына қарай

3.1.Сирек кездесетін.

3.2.Тұрақты кездесетін.

3.3.Өте жиі кездесетін.

4.Қажетті қанағаттандыру жолына қарай.

4.1.Күрделі.

4.2.Оңай.

5. Қалыптасу түріне қарай

5.1.Ашық..

5.2.Бүркемелі.


Қажеттіліктерді зерттеу барысында төмендегідей мүмкіндіктерге жол ашылады:

  1. Қажеттердің пайда болу себептерін, даму және өзгеру бағытын анықтайды;

  2. Олардың құрылымы және өзара байланысын белгілейді.

  3. Олардың болашағын және қанағаттандыратын коммерциялық мүмкіндіктерін анықтайды


2 сұрақ. Тұтынушылар түрлері

Тұтынушылар сатып алуға бағытталған шешімдерін жалғыз өзі қабылдамайды. Оларға әр түрлі факторлар әсер етеді:

  1. мәдени;

  2. әлеуметтік;

  3. жеке тұлға қасиеттері;

  4. психологиялық:

Мәдени фактор мәдениет саласындағы үдерістер адамды сатып алуға апаратын себептерге терең және күрделі әсер етеді. Өйткені адамдар қоғамда өмі сүріп, тіршілік жасаған соң, оның әсеріне түседі.

Әлеуметтік фактор тұтынушы іс-әрекетін референттік топтар, отбасы, әлеуметтік роль және адам мәртебесімен байланыстырады.

Референттік топтар дегеніміз-адамдардың өзара қатынасына және жүріс-тұрысына тікелей немесе жанама әсер ететін топтар. Олар шағын және бірыңғай болып келеді (достар, көршілер, отбасы мүшелері). Ал жанама әсер ететін топтар көбінесе ірі ресми ұйымдар сипатын алады.(кәсіподақтар, саяси партиялар)

Тұтынушылардың іс-әрекетіне отбасы және оның мүшелері әсер етеді. Отбасы мүшелерін екі топқа бөлуге болады:

1)жетекші тұлға (жасы үлкен адамдар, әке-шеше)

2) жетекші емес тұлғалар (балалар)

Зерттеушілер отбасының өзін 4 түрге бөлген:

  1. автономиялы отбасы- барлық мүшелері бірдей өз бетімен сатып алу туралы дербес шешім қабылдайды.

  2. Ері басқаратын отбасы- көбінесе сатып алу туралы ер адам шешім қабылдайды.

  3. Зайыбы басқаратын отбасы.

  4. Ұжым түріндегі отбасы сатып алу шешімдерін бірге қабылдайды.

Роль дегеніміз- индивидтен оның ортасы күткен іс-әрекеттер жиынтығы. Әр роль нақты мәртебесімен қоса қалыптасады.

Мәртебе(статус)-қоғам тарапынан адамға, фирмаға көрсетілетін құрмет деңгейін белгілейді.

Жеке тұлға қасиеттері мыналарға байланысты: адамның жасына, қызмет орнына, тұрмыс сипатына байланысты.

Психологиялық фактор көрсеткіштері белгілі іс-әрекетке талаптану себептері, шешім қабылдау барысы ісін меңгеру, алушыны сендіру және онымен қатынас жасау.


3. сұрақ. Сатып алушылар мінез –құлықтарының уәжі.(мотив)

Уәж дегеніміз-тұлғада қажеттіліктің интенсивті қысым көрсету арқылы қанағаттандыруға талаптандыру.


Қажеттілік


Уәждену

(қажеттіліктерді орындауға талаптану)


Тұтынушылардың іс-әрекеті


Уәждің сатып алуға әсер ететін схема

Тауарды таңдаған кезде сатып алушы көп нәрсені есепке алады: баға мен сапаны, тұтыну тиімділігін, сәнділікті және т.б.

Уәждерді зерттеудің және ұғынудың бірнеше түрлері бар. Олардың ішіндегі маркетингте маңыздылары:

  1. З.Фрейд теориясы; Бұл теория адам қылығына психологиялық күштер әсер ететіндігін негіздейді. Адам тауарды немесе қызметті сатып алу кезінде көбінесе ол ісінің себебін жеке ойланбай, іске кіріседі. Сондықтан тауардың дизайнын, жарнаманы белгілеуге осы психологиялық элементтерді ынталандыру жолдары ретінде есепке алғандар ұтымды сауда жасайды.




  1. Маслоу теориясы (1-сурет)



өзін-өзі

таныту

қажеттілігі


құрмет алуға бағытталған

қажеттілік

әлеуметтік қажеттілік


сақтану қажеттілігі

физиологиялық қажеттіліктер


Американдық ғалым Шварц адамды сатып алуға апаратын себептерді рационалды және эмоционалды деп екіге бөлген.

1) Рационалды себептерге мыналар жатады:

а) пайдалылықты немесе үнемділікті табу үшін сатып алу;

в) қауіп-қатерді, ысыраптытөмендету үшін сатып алу;

-сапалы өнімді тұтыну үшін сатып алу;

-кепілдемелі қызмет алу үшін сатып алу;

2) Эмоционалды себептерге мыналар жатады:

-өзінің мәнділігін көрсету үшін сатып алу;

-билікке және беделге ие болу үшін сатып алу;

-білімталдығын ұлғайту үшін сатып алу;

-сәнділікті қолдау үшін сатып алу;

4. сұрақ. Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі.

Сатып алу үдерісі дегеніміз-тауарға қажеттілік қалыптасып, тауардың тұтынушыларға қарай қозғалысы.

2-сурет. Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі.

қажетті және оны қанағаттандыру

мәселесін сезіп

ұғыну

қажет мәселесін

шешу үшін

ақпарат іздеу

қажетті орындау

нұсқаларын бағалау

сатып алу туралы

белгілі шешімге бел байлау



сатып алынған затқа тұтынушылар әсері



Бірінші сатыда тұтынушы қажетті орындау мәселесін ұғынып, оның себептерін, орындау мүмкіндігін зерттеу қажет. Онда:

1)қандай қажеттілікті қанағаттандыру кезекте тұр.

2)оның пайда болу себептері қандай.

3)қандай және қанша тауарлармен оны қанағаттандыруға болады.

Екінші саты.

Соның негізінде бір текті тауарлардың ерекшеліктерін, сатып алу орны,т.б. қасиеттері анықталады. Яғни, ақпараттың өзін тауарға деген тұтынушының қызығушылығын бағыттайды. Тұтынушылар әр түрлі ақпарат көздерін қолданады.

(1-кесте)

Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісіндегі ақпарат көздері

Ақпарат көздері


Жеке қолда Коммерциялық көздер Көпшілік қолда Тәжірибе көздері

бар көздер (жарнама,тауардың оралуы ) көздер (ақпарат маркетингтік

(отбасы тарату құралдары) зеттеулер

жолдастар) нәтижесі)

қызметтері

Үшінші сатыда қажетті орындау нұсқауларын бағалау сатысында қажеті бар тауарлардың баламалары талданып белгіленеді. Тұтынушылардың іс-әрекетін бағыштау қиынға түседі, өйткені кейбір тұтынушылар тауарды таңдағанда бірінші орынға оның сапасын қояды. Басқалар бағасына немесе таңбасына көңіл бөледі. Сондықтан фирмалар өз тауарының ұтымды қасиеттерін тұтынушыларға дәлелді түрде көрсетуі аса маңызды рөл атқарады.

Төртінші саты. Бұл сатыда сатып алу туралы шешім үдерісіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Олар:

1)сатып алушы ортасының пікірімен, ықпалы. Бұл фактор сатып алушының ойын өзгертуі немесе нығайтуы мүмкін.

2)Күтпеген жерде қалыптасқан факторлар әсері.

Бесінші сатыда сатып алынған тауарға тұтынушылардың әсері тауардың қасиеттеріне, тұтынушыны толық қанағаттандыруына байланысты. Бұл сатының қорытындысына сәйкес сатып алущы келешектегі нарықта өз әрекетін белгілейді. Сатып алу үдерісінің және оның сатыларының уақыт жағынан ұзақтығы әр қалай болуы мүмкін.


ОСӨЖ Көптеген экономикасы дамыған елдерде тұтынушылар нарықта ұйымдасқан топтар ретінде әрекет жасайды. Бұл тауар өндірістің және саудагерлердің әрекетін қиындатады, себебі, олар тұтынушылардың тек жеке ғана емес, сонымен қатар жалпы талаптарын ескеру керек. Тұтынушылардың құқықтары дербес. Тұтынушыларды алдау, тауар сапасын төмендету және т.б. әрекеттер тұтынушылардың заңды құқығын бұзуы ретінде қарастырылады.

Тұтынушылардың еркіндігін белгілейтін құралдардың ішінен өзіне тұтынуға керек деп есептейтін затты таңдап сатып алу, сатушыны және сауда орны мен уақытын, басқа да сатып алу шарттарын еркін түрде таңдау құқығы мен нақты мүмкіндігін айтуға болады.

Коньсюмеризм дегеніміз-тұтынушылардың өздерінің құқықтарын қорғауға және кеңейтуге, өндірістер мен саудагерлерге әсер етуге жұмылған қозғалысы. Консюмилизм 60 жылдардың ортасында АҚШ-та пайда болды. «Консюмилизм» деген ұғым тұтынушылардың «егемендігі» деген ұғымды білдіреді. Бұл экономикалық дамудың нәтижесі.

Тұтынушылардың негізгі құқықтарын қорғау ісі біздің елімізде тұтынушылардың құқын қорғау заңымен, ҚР Мемлекеттік стандартымен ҚР-ың антимонополиялық органдарымен және тұтынушылар қоғамдармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде щет елдік тауарлардың орауымда мемлекеттік тілде тауардың құрамы, сақтау мерзімі, тұтыну қасиеттері , тәсілдері және т.б. мәліметтер жазылуы мүмкін.

Похожие:

«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) icon1. ипотекалық несиелендіру ұҒымы және оның ерекшеліктері. Ипотекалық несилендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері
Ипотека дегеніміз б з д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б з д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек...
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Етістік. Етістіктің негізгі түрлері Indefinite тобының осы, өткен, келер шақ түрлері
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Сатып алу-сату шартының түсінігі. Сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатып алу-сату шартының түрлері (тауар жеткізілімі шарты, келісім...
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) icon6М030100 – Құқықтану мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының
Диспозиция ұғымы және оның қылмыстық заң нормаларының түрлері. Қылмыстық заңңың кеңістегі күші
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconЕтістіктің грамматикалық категориялары
Шақ категориясы: а осы шақ, оның түрлері, жасалуы. ә келер шақ, түрлері мен жасалуы б өткен шақ, түрлері мен жасалуы
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconТақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Аудиттің пәні, объектісі және қызметі. Сыртқы аудиттің түрлері және аудитке ілеспе қызметтер
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconКелісілді бекітемін
Статистикалық нақты шамалар және оның түрлері 11. Қатысты шамалар және оның түрлері
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconТақырыбы: Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Осыған байланысты Қазақстан республикасында мемлекеттік, қоғамдыө жіне әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың...
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconТері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы
Бағалы аң шикізаттың қысқы және көктемгі түрлері. Мех терілерінің қысқы түрлері. Теңіз жануарлар терілері. Терілердің химиялық құрамы...
«Қажеттілік» ұғымы және түрлері Тұтынушылар түрлері Сатып алушылар мінез -құлықтарының уәжі.(мотив) iconТері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы
Бағалы аң шикізаттың қысқы және көктемгі түрлері. Мех терілерінің қысқы түрлері. Теңіз жануарлар терілері. Терілердің химиялық құрамы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница