1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары




Название1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
страница1/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://economy.gov.kz/upload/iblock/PSER_15-19_kaz_m2u.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

отырысында өзгерістерді ескере отырып

(2014 жылғы 4 қарашадағы

№ 48, 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50, 2015 жылғы 17 ақпандағы № 9 хаттамалар) мақұлданған

(2014 жылғы 27 тамыздағы

№ 37 хаттама)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

2015 – 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУ БОЛЖАМЫ


1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары


    1. 2013 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері

Ел экономикасы 2014 жылы әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюі және мұнай мен металдарға әлемдік бағаның елеулі төмендеуі жағдайларында дамыды.

2014 жылы Дүниежүзілік Банктің (бұдан әрі – ДБ) деректері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2,6%-ды құрады. АҚШ экономикасының өсуі
2,4%-ды құрады. Еуро аймағы біртіндеп рецессиядан шығуда (2013 жылғы
-0,4% қарағанда 2014 жылы 0,8%).

Нарықтары қалыптасып келе жатқан елдерде экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі байқалды. Бәсеңдеудің негізгі себептері циклдік факторлар, еңбек өнімділігінің төмендеуі, көптеген елдер жүргізген саясатты қатаңдату кезеңі, сондай-ақ саяси шиеленіс болып табылды.

Соның салдарынан Қытайды қоспағанда дамушы елдердегі ішкі сұраныс жалпы төмен сипаттамада болды. 2014 жылы Қытай экономикасының өсуі 7,4%-ды құрады.

Ресей экономикасы өсудің 0,6%-ға дейін бәсеңдеуімен сипатталды. Бұл Украинаның оңтүстік-шығысындағы оқиғалар аясындағы геосаяси жағдайлардың және батыс елдері мен Ресей арасында енгізілген өзара санкциялардың күшеюіне негізделген. Бұдан басқа, 2014 жылдың жазынан басталған мұнайға әлемдік бағаның құлдырауы Ресей экономикасының экономикалық өсу тұрақтылығын тежеді, бұл рубльдің 2 есеге дерлік құнсыздануына, капиталдың айтарлықтай сыртқа кетуіне, сондай-ақ қаржы секторындағы тәуекелдердің ұлғаюына әкеп соқтырады.

Дамудың күрделі сыртқы экономикалық жағдайлары мен геосаяси тәуекелдердің күшеюі аясында Қазақстандағы экономикалық белсенділік біртіндеп бәсеңдеді, бірақ тұрақты даму траекториясында қалды. 2014 жылы алдын ала деректер бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсуі 4,3%-ды құрады. Бағалау бойынша, жан басына шаққанда ЖІӨ 13 004 АҚШ долларын құрады.

Экономика өсуінің негізгі драйвері құрылыс индустриясы мен көрсетілетін қызметтер саласы болды. ЖІӨ-нің өсуіне жағымды әсер еткен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің елеулі өсуін атап өткен жөн.

2014 жылы өнеркәсіпте өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдер өндірісінің
1,0%-ға, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісінің 2,9%-ға, сусындардың 5,9%-ға, жеңіл өнеркәсіптің 3,7%-ға, мұнай өңдеудің 2,5%-ға, минералды өнімдердің 3,5%-ға, қара металлургияның 8,6%-ға өсуінен өнімдерді 0,3%-ға шығарудың өсуі байқалды.

Тау-кен өнеркәсібінде шикізат өндірудің 0,3%-ға, оның ішінде мұнай 1,1%-ға, көмір мен лигнит – 2,0%-ға, темір кені – 0,7%-ға төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, салада табиғи газды 7,5 %-ға, металл кенін 6,3%-ға, түсті металлдар кенін өндірудің 9,7%-ға өсуі байқалады.

Осылайша, 2014 жылы тауар өндірісінің өсуі өңдеу өнеркәсібінде оң екпіндердің есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, 2014 жылы көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсімі 6,0%-ды құрады.

Көрсетілетін қызметтердің жалпы қосылған құнының жағымды өсуі сауданың (9,0%), ақпарат пен байланыстың (8,5%), көлік және қоймаға қоюдың (7,0%) және тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер (6,1%) көлемдерінің едәуір ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

2014 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі 100,8%-ды құрады. Дәнді дақылдар шамамен 14,9 млн. га немесе жинауға келетін 99,1% жерден жиналды, 12,7 ц/га өнімділігі кезінде шамамен 18,9 млн. тонна астық бастырылды. Ағымдағы жылғы пысықаудан өнімнің астығын жинаудың көлемі 17,0 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

Өткен жылы негізгі капиталға 6 574,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынды, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 3,9%-ға жоғары. Инвестициялардың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты (жалпы көлемнің 57,9%-ы) мен мемлекеттік бюджеттің қаражаты (20,1%) болып отыр. Инвестицияның елеулі бөлігі кен өндіруші өнеркәсіп пен карьерлерді игеруге (30,3%), көлік пен қоймаға қоюға (18,3%) және жылжымалы мүлікпен жасалатын операцияларға (10,2%) тиесілі.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың айтарлықтай өсімі байқалады. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда инвестициялар көлемі 18,1%-ға ұлғайып, 613,6 миллиард теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 7 516,5 мың шаршы метрді құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 9,8%-ға артық. Инвестицияның өсуі есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1%-ға өсіп, 2 652,5 миллиард теңгені құрады.

2014 жылғы ақпандағы теңгенің бағамына түзету жасау және инфляцияны импорттау нәтижесінде инфляциялық үрдістердің күшеюі байқалады. 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда инфляция 7,4%-ды құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары. 2013 жылдың ұқсас кезеңіндегі 3,3%-ға қарағанда азық-түлік тауарлар бағасының 8,0%-ға көтерілуінен азық-түлік тауарлары инфляциясына салымдар 3,0 пайыздық тармақты құрады (2013 жылы
1,3 пайыздық тармақ). Азық-түлік емес тауарлардың бағалары 7,8%-ға (3,3%) көтерілді, инфляцияға салымдар 2,5 пайыздық тармақты (1,1 пайыздық тармақ) құрады. Ақылы қызметтер көрсетудің бағалары 6,4%-ға (8,0%) артты, жылдың соңынан бастап салымдар 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 2,3 пайыздық тармаққа қарағанда 1,9 пайыздық тармақты құрады.

2014 жылы сыртқы сұраныстың қысқаруы және мұнай мен металдың жекелеген түрлеріне бағаның елеулі құлдырауына байланысты тауарлар экспортының 7,6%-ға (78,2 миллиард АҚШ доллары) құлдырауы байқалады. Ішкі нарықта сұраныстың бәсеңдеуі мен теңгенің бағамына түзету жасауынан тауарларды иморттау көлемі 15,6%-ға дейін (41,2 миллиард АҚШ доллары) қысқарды. Тұтастай алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы бұл кезеңнің ішінде 10,5%-ға қысқарып, 119,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша 2014 жылдың 9 айы бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 5 163,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылдың ұқсас кезеңімен (994,0 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 5,2 есеге ұлғайды.

2014 жылдың 9 айы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы
106,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт 66,0 млрд. АҚШ долларына (1,8%-ға төмендеу), импорт 40,7 млрд. АҚШ долларына (11,4%-ға төмендеу) төмендеді.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету экономиканың негізгі даму шарттарының біріне айналды.

Макроэкономикалық даму банк секторының кредиттеуді кеңейтуімен және халықтың ақшалай табысының ұлғаюымен расталып отырған орнықты өсуімен байланысты.

Халықаралық резервтердің көлемі 2014 жылы 7,3%-ға ұлғайып,
102,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері жыл басынан 3,9%-ға өсіп, 73,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Мемлекеттік бюджеттің түсімдері 2014 жылы 7 321,3 млрд. теңгені, шығындар 7791,9 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің түсімдері 14,7%-ға, шығындар 13,7%-ға ұлғайды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1086,7 млрд. теңгені құрады (тапшылық 2013 жылдың ұқсас кезеңіңде 700,9 млрд. теңгені құрады).

Салық түсімдері 5115,7 млрд. теңгені құрады және 7,1%-ға, салықтық емес түсімдер 179,5 млрд. теңгеге ұлғайды (26,7%-ға ұлғайды), негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 71,0 млрд. теңгені (26,6%-ға өсу), трансферттердің түсімдері 1 955,0 млрд. теңгені (39,1%-ға өсу) құрады.

2014 жылғы 30 қыркүйекте елдің сыртқы борышы 155,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 5,0 млрд. АҚШ доллары немесе 3,2%-ы мемлекеттік сектордың сыртқы борышын құрайды.

Бүгінгі күнде қалыптасқан мемлекеттік борыш қолайлы деңгейде және оның ұлғаюы елдің дамуына және экономиканың тұрақтылығына қауіп туғызатын шектен шықпайды.

Экономиканың өсуін ынталандыратын факторлардың бірі ақшалай ұсыныстардың қажетті деңгейін және банктердің экономиканы кредиттеу көлемін қамтамасыз ету болып табылады. Экономика субъектілерінің банк жүйесіне сенімін арттыру депозиттік базаның өсуін және ішкі көздер есебінен банктердің ресурстық базасын толықтыруды, сондай-ақ банктердің кредиттік белсенділігін арттыруды, банк активтерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етті.

Экономика саласында екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 2014 жылғы 31 желтоқсанда 12106,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға қарағанда 7,2%-ға жоғары.

Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2014 жылғы 31 желтоқсанда 11694,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға қарағанда 15,9%-ға жоғары. Халықтың депозиттері 4397,5 млрд. теңгені құрады және 12,6%-ға өсті.

Экономикадағы оң үрдістер елдегі әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етуді сақтауға мүмкіндік берді.

2014 жылғы орташа айлық атаулы жалақы 10,9%-ға өсіп, 120,5 мың теңгені құрады. Халықтың нақты табысы 3,5%-ға, нақты жалақы 3,9%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0%-ды құрады.

Халықтың табысы мен жалақысының үдемелі өсуі, сондай-ақ жұмыссыздықтың қолайлы деңгейі тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюына ықпал етті. Ішкі тұтынудың өсуі 2014 жылы экономика өсуінің негізгі және басты факторларының бірі болды.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы елдің үдемелі дамуы ақша-кредит, фискалды, инвестициялық және салалық саясат құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.


1.2 Дамудың сыртқы шарттары

2014 жыл әлемнің жетекші экономикалары үшін өтпелі болды. Дамушы елдер экономикасының өсуі баяулағанда, АҚШ және Еуроаймақ сияқты дамыған елдер біртіндеп қайта қалпына келе бастады. Жақын арада талдаушылар орта мерзімді перспективада өсу қарқындарының жылдамдайтынын болжамдайды.

1-сурет



Әлемдік экономиканың өсу болжамын көптеген халықаралық ұйымдар кему жағына қарай қайта қарады. Әлемдік экономика 2015 – 2016 жылдары 3,5-тен 3,8%-ға дейінгі қарқында өсетін (консенсус болжам) болады.

Өткен жылы басталған оң экономикалық үрдістер ағымдағы жылы сақталады. АҚШ пен Еуроаймақтағы жағдайдың жақсаруы арқасында дамыған елдер әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштері болмақ.

Дамыған мемлекеттер тарапынан өсіп отыратын сұраныс аясында нарығы қалыптасып келе жатқан және дамып келе жатқан елдер экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен (2015 – 2016 жылдарға тиісінше 4,8-5,3 %) дамитын болады.

Еуроаймақ. Еуроаймақ елдерінде дефляциялық үдерістерден басқа 2014 жылы басталған оң үрдістер ағымдағы жылы да жалғасады.

Экспорт көлемінің өсуі және ішкі сұраныстың қалпына келуі оң өзгерістер болып табылады. Жұмыссыздық өңірдегі экономикалық жанданудың негізгі қаупі болып табылады. Дегенмен, жұмыссыздық көрсеткіші 2013 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 12,0%-дан төмендеп, 2014 жылғы қарашада 11,8%-ды құрады. Көрсетілген кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық 24,1%-ды құрады, бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 24,2%-ды құрады.

2-сурет



АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2014 жылдың басынан бастап жақсара бастады, бұл ақша-кредиттік ынталандыру бағдарламаларын кейіннен қысқарту туралы қаржы нарықтарының болжалдарын күшейте түсті. Макроэкономикалық жағдайдың жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруымен, іскерлік белсенділіктің артуымен, мұнай қорының артуы мен тұтыну секторының өсуімен байланысты.

Қазіргі уақытта АҚШ экономикасында оң үрдістер орын алуда. ДБ сарапшыларының болжамына сәйкес экономикалық өсу 2015 жылы 3,2 %-ды, 2016 жылы 3,0%-ды, бұл ретте ХВҚ болжамы бойынша АҚШ экономикасының өсуі сәйкесінше 3,6%-ды және 3,3%-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің артуы түпкілікті ішкі сұраныстың артуына және бюджеттік факторлардың аз ықпал етуіне негізделетін болады.

Қытай. ДБ-нің бағалауы бойынша, Қытай экономикасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 7,4%-ға өсті. Елдің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштеріне қарамастан, дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда Қытайда өсудің экспортқа бағытталған моделінен ішкі тұтыну мен жоғарғы технологияларды қарқынды пайдалануға бет бұру орын алуда.

Тұтастай алғанда, сарапшылардың Қытайдың экономикалық өсуінің тұрақтылығы мен орнықтылығына қатысты күмәндары бар. Құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салықтық-бюджеттік ынталандыруды біртіндеп тоқтату және банктік емес кредиттеудің өсуін қысқартуға бағытталған пруденциялдық экономикалық саясатты қысқарту 2017 жылға қарай экономикалық өсудің бәсеңдеуіне әкеледі.

Ресей. Ресейдің ЖІӨ өсуі 2014 жылы РФ Экономикалық даму министрлігінің бағалауы бойынша 0,6%-ды құрады. Ресей экономикасындағы құлдыраудың негізгі себептері, бірінші кезекте экономиканың экспортқа бағдарланған моделі, бизнес үшін үлкен шығыстар мен елдің инвестициялық тартымдылығының жоғары болмауы болып табылады. Мұнайға әлемдік төмен бағаларды қоса алғанда, сыртқы факторлар, сондай-ақ Украинадағы жағдаймен байланысты күшейіп келе жатқан геосаяси жағдайлар мен содан туындаған өзара экономикалық санкциялар белгілі бір дәрежеде Ресей экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуін күшейтті.

РФ Экономикалық даму министрлігінің болжамы бойынша мұнай бағасы бір барреліне 50 доллар және инфляция - 12% болған кезінде 2015 жылы Ресей экономикасының құлдырауы 3%-ды құрайды. ДБ болжамы бойынша
2016 – 2017 жылдары Ресей экономикасы тиісінше 0,1-1,1% шегінде дамитын болады.

Тұтастай алғанда, орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың өсуі қолайлы болады. Экономикалық өсу АҚШ-ты және дамушы елдерді қоса алғанда, кірістер деңгейі жоғары елдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен бірге, дағдарысты үрдістерді қалпына келтіруге қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.

Бірінші тәуекел – мұнайды қоса алғанда, шикізат тауарларына әлемдік бағаның тұрақсыздығы.

ДБ сарапшыларының бағалауы бойынша, 2020 жылға қарай мұнай бағасы бір барреліне 69,4 АҚШ долларына үдемелі өсе отырып, 2015 жылы мұнай бағасы бір барреліне 53,2 АҚШ долларына дейін 44,6 %-ға қысқарады. Бірінші кезекте бұл тәуекел дамушы елдер экономикаларының бәсеңдеуі аясында әлсіз сұранысқа, сондай-ақ АҚШ пен Канада тарапынан мұнай мен қатпарлы газға ұсыныстың өсуіне байланысты.

Солтүстік Америка елдері тарапынан қатпарлы газ бен мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы негізгі мұнай және газ экспорттаушыларына біртіндеп қысым көрсетеді, бұл әлемдік мұнай бағасына теріс ықпал етеді.

Екінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-кредит саясатының өзгеруі. АҚШ-тың «сандық жұмсарту» бағдарламасының қысқаруына байланысты болжалдар әлемдегі қаржы нарықтарында құбылмалылықтың артуын ынталандырды.

Дамушы нарығы бар және төлем теңгерімі мен бюджет тапшылығы бар елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына неғұрлым бейім. Өтімділік көлемінің АҚШ-тағы «сандық жұмсарту» бағдарламасын тоқтатуға байланысты қысқаруы макроэкономикалық құрылымы әлсіз дамушы елдерден капиталдың ағылып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Бразилия, Индия, ОАР, Индонезия мен Түркияның дамушы экономикаларына АҚШ-тағы ақша-кредиттік ынталандырудың қысқаруына байланысты аса қысым көрсету қазірдің өзінде АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталар бағамына теріс ықпал етті. Жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының кейбір бәсеңдеуі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеменің тез өсуі кезінде, дамушы елдерге капиталдың кетуі 50 және одан да көп пайызға қысқаруы мүмкін. Дамушы нарықтарға капитал ағымының қысқаруы қосымша теріс факторлармен бірге дамушы елдердің халықаралық қаржылық нарықтарына шығу қолжетімділігін жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұдан басқа дамушы елдер әлемдік экономикалық дағдарысқа жауап ретінде бірқатар фискалды және монетарлық саясат шараларын қолданды және қазіргі уақытта ұлттық күштердің мүмкіндігі азайды. Нәтижесінде көптеген елдерде мемлекеттік бюджетте теңгерімсіздік, сондай-ақ ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы пайда болды.

Үшінші тәуекел – Украинадағы саяси шиеленістің эскалациясы. Қырым Автономды Республикасының Ресей Федерациясына қосылуы туралы референдумның жүргізілуімен және Украинаның оңтүстік-шығысындағы эскалацияға байланысты саяси дағдарыс Ресей экономикасына қысымды ұлғайтады. Ресей экономикасы үшін тәуекелдердің өсуі ұлттық валютаның құнсыздану тәуекелін және елден капиталдың кетуін күшейтеді. Ресейдің қаржы және валюта нарығы Мәскеудің қаржы биржаларында белгіленген бағалардың құлдырауымен және Ресей рублі курсының АҚШ долларына және еуроға шаққанда төмендеуі оқиғаларына ден қойды. Ресей экономикасындағы ахуал Украинаның оңтүстік шығысындағы белгісіз жағдайлар аясында Ресей және ЕО, АҚШ арасындағы қатынастардың одан әрі нашарлауы жағдайында шиеленісуі мүмкін.

2. Дамудың сценарийлік нұсқалары

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бес жылдық кезеңге болжамдау экономиканың дамуына ықпал ететін факторлар мен үрдістер байланысты үш сценарий бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен бірге әлемдегі геосаяси жағдайлардың эскалациясын және әлемдік мұнай бағаларының айтарлықтай төмендеуін ескере отырып, дамудың сценарийлік нұсқалары тек алдағы үш жылға қайта қарастырылды.

Негізгі даму сценарийлерін қалыптастыру үшін әлемдік экономиканың даму үрдісінің өзгеруі, әлемдік мұнай бағасының деңгейі және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайы негізгі факторлар ретінде қаралды.

3-сурет



Оптимистік сценарий әлемдік экономиканың 2015 – 2019 жылдардағы үдемелі дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыштық проблемаларының шешілуін білдіреді. АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі экономикалық белсенділіктің жақсартуы, жеке сектордың сұранысын және дамушы елдерден импортты қалпына келтіру бойынша жоспарланған шаралардың табысты іске асуы. Әлемдік экономиканың өсімі бұл сценарий кезінде 3,5-3,8%-ды құрайды.

Оптимистік сценарий кезінде 2015 – 2017 жылдары әлемдік мұнай бағасы бағалау бойынша бір барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде болады, 2018-2019 жылдары бір барреліне 70 АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Базалық сценарий кейіннен 2016 – 2019 жылдары үдемелі өсе отырып, 2015 жылы әлемдік экономиканың төмендеуін болжайды. Әлемдік ЖІӨ өсуі 2015 жылы 3,0%-ға дейін бәсеңдейді және 2019 жылы 3,4%-ға дейін ұлғаяды. 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде әлемдік мұнай бағасы бір барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады. 2018-2019 жылдары бір барреліне 60 АҚШ долларына дейін өседі.

Сценарий дамыған елдер (АҚШ, Еуроаймақ) жағдайдың жақсаруына байланысты жаһандық өсудің негізгі қозғаушы күші болады. Бұл ретте, нарығы қалыптасып жатқан елдер мен дамушы елдер дамыған елдер тарапынан сұраныстың ұлғаюы аясында экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен өсетін болады.


4-сурет



Пессимистік сценарий әлемдік экономика өсуінің баяулауына, ірі әлемдік экономикалардың – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің, атап айтқанда Еуроаймақтың, Қытайдың, Ресейдің қолайсыз дамуына, сондай-ақ энергия ресурстарының негізгі түрлеріне және Қазақстанның басқа да экспорт тауарларына әлемдік бағаның құлдырауына негізделген экономикадағы дағдарыстық көріністердің болуымен сипатталады. Бұл ретте, неғұрлым өзекті проблема жұмыссыздықтың жоғары, кірістің төмен болуы және соның салдарынан жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі факторларының болмауы болып қалады. Инвестициялық кірістер қысқарады, олардың донор елдерге репатриациясы күшейетін болады.

2015 – 2019 жылдары әлемдік экономиканың өсуі 2,8%-дан аспайды.

2018 – 2019 жылдары бір барреліне 50 долларға дейін кейінгі өсуімен 2015 – 2017 жылдары мұнайдың бағасы бір барреліне 40 долларға дейін төмендейді.

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістерін және әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды қалыптастыру кезінде параметрлері ағымдағы болжалдан елеусіз ғана ауытқу мүмкіндігімен неғұрлым ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары icon1. Экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттары
АҚШ-та сақталып отырған жоғары жұмыссыздық деңгейіне және Қытай экономикасының баяулауына негізделген әлемдік экономикадағы ұлғайып...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары icon6М060700- биология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
Гейлері, олардың құрлыққа шығуына байланысты ұлпалары мен мүшелерінің пайда болуы. Ұлпалардың классификациясы мен сипаттамасы. өсімдіктердің...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
Р етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconҚазақстан егемендік алғаннан кейін Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі салаларында сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік экономикалық
Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары icon8 класс Биология пәнінен ашық сабақ Тақырыбы: «Ішкі секреция бездері»
Білімділік. Ішкі және сыртқы секреция бездерінің анатомиясы, физиологиясы, бездер бөлетін гормондардың әрекеті, гуморольдық реттелу...
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconСартаева назгуль ташкенбаевна
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconЗоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау Павлодар
Зоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconПрограммалау технологиясы
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница