Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі




Скачать 261.9 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер261.9 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish688905_29661.doc
  1   2   3   4




Бақылау

2015ж.01.10.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 маусымдағы

№ 112 қаулысымен

бекітілді


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі


инвестициялық стратегия


(Өзгерістер мен толықтырулар:

  1. ҚРҰБ БҚ № 159 2015ж.16.09.)



1. Жалпы ережелер



1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия (бұдан әрі – Стратегия) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттары туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 292 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Стратегия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерін (бұдан әрі – АВА) басқарумен байланысты стратегиялық мақсаттарын және қызметіне шектеулерді айқындайды. Стратегияның ережелерін Ұлттық Банктің Басқармасы жылына кемінде 1 (бір) рет қарайды.

3. Активтердің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кірістілікті ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларда ұлғайту АВА-ны басқарудың мақсаттары болып табылады.


2. Стратегияда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



4. Стратегияда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) активтерді активтік басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан асатын түрі;

2) активтерді пассивтік (индекстік) басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан аспайтын түрі;

3) ақша нарығының құралдарымен жүргізілетін операциялар – репо, кері репо операциялары, депозиттер;

4) аударылатын активтер портфелі – аударым жоспарланған портфельдің талап ететін өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылатын уақытша портфель;

5) базалық валюта – АВА басқару кірістілігін бағалау мақсаты үшін пайдаланылатын валюта;

6) балама құралдар – ұзақмерзімді перспективадағы кірістілікті арттыруға арналған активтердің сыныптары (дамушы нарықтардың (Emerging Market equities) акциялары, кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) және Қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар (Real Estate), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co – investments);

7) композиттік индекс – белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар индекстерінің индексі;

8) кредиттік рейтинг – Standard and Poor's, Fitch және Moody’s халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредит тәуекелі деңгейінің көрсеткіші;

9) кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) – портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатысты портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқуының өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіш;

10) кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы – қағаз өтелгенге дейінгі орташа алынған мерзім. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге кірістілік көтерілген/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны шамамен қаншалықты төмендейтінін/көтерілетінін көрсететін көрсеткіш;

11) қолма-қол валюта – кастодиан банктердің ағымдағы шоттарындағы және мамандандырылған шоттарындағы (overnight шоттар) қолма-қол ақша, ақша қалдықтары;

12) құрылымдық өнім – активтер мен міндеттемелердің түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын комбинациясы;

13) оригинатор – бағалы қағаздардың шығарылу барысына және олардың инвесторлар арасында бөлінуіне басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға;

14) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол валюта;

15) тәуекелдерді хеджирлеу – қаржы тәуекелдерін және ықтимал шығындарды төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарының көмегімен белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату арқылы портфельді құру процесі. Ұлттық Банкте тәуекелдері хеджирлеу Стратегияда белгіленген АВА-ны эталондық бөлуге толық немесе ішінара қайтып келу арқылы жүргізіледі. Хеджирлеу мақсатында барлық туынды қаржы құралдары пайдаланылады. Стратегия инвестициялау үшін рұқсат еткен кез келген құрал хеджирлеу объектісі болып табылады;

16) туынды құралдар – форвард мәмілелері, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің комбинациясын білдіретін басқа операциялар;

17) үстеме кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма;

18) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін білдіретін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде шама болады. Эталондық портфель ретінде әлемнің жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және бақылайтын индекстер пайдаланылады.

19) транзиттік кезең – портфельдерге қатысты қолданылатын және оларды талап етілетін өлшемдерге сәйкес келтіру мақсатында белгіленетін уақыт кезеңі;

20) арнайы мақсаттағы компания (special purpose vehicle) – инвестордың немесе инвесторлар тобының мүддесі үшін және (немесе) солардың атынан инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған компания немесе әріптестік.


  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconАлтынвалюта резервтерін басқару
Шы жылдардың басында ксро ыдырағаннан және 1991 жылдың аяғында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін және елдің алтынвалюта активтерін...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы
Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі iconҰлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница