Постановление правительства р еспублики казахстан




НазваниеПостановление правительства р еспублики казахстан
страница1/6
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/PPRK_100713942kz.doc
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН


2


013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 2013 года












данасы экз. №




№ исх: 214 от: 05.03.2013


«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Мақсаты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Мақсаты

Экономика мен халықтың көлiктік және логистикалық қызметтерге қажеттiлiктерiн толық көлемде қанағаттандыруға қабiлеттi көлiктік-коммуникациялық кешенді, сондай-ақ көліктік-логистикалық жүйені дамыту.

»;

«Мiндеттерi» деген жолда:

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2013 жылға қарай қатынас түрлері бойынша (экспорттық, импорттық және республикаішілік) жүктер тасымалдауға арналған тарифтерді кезең-кезеңімен біріздендіру;»;

мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстанның аумағында ел ішінде және шетелде жоғары және тиімді көліктік байланысты, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүк ағынын ұлғайтуды, жердегі, теңіз және әуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көліктік-логистикалық жүйені (автожол, темір жол, су және әуе көлігі) құру.»;

«Нысаналы индикаторлар» деген жолда:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) республикалық маңызы бар шамамен 3,9 мың км автожол салу, қайта жаңарту және 5,6 мың км автожолды, жергілікті маңызы бар 11,5 мың км жолды жөндеу;»;

5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) 439 км жаңа темір жол салу;

6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен транзиттік тасымалдар көлемін 10,3%-ға өсіру;

7) 2015 жылға қарай халықаралық көлік дәліздері бойынша контейнерлік жүк поездарының жылдамдығын 15-20%-ға, ал жолаушы поездарының жылдам қозғалу учаскелерінде 20-30%-ға арттыру;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) халықаралық әуе қатынасы санын 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайту;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) 3-экологиялық кезеңнің және 4-экологиялық кезеңнің экологиялық стандарттарын енгізу;»;

«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 2 713 409,4* млн. теңгені құрайды, соның ішінде:

1) республикалық бюджет – 962 483,6* млн. теңге, оның ішінде мынадай мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражаты:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – ККМ) – 798 713,3 * млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – ЭБЖМ) –
152 502,0 * млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) – 205,0* млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғанысмині) – 11 063,3* млн. теңге;

2) концессия – 2 000,0 млн. теңге;

3) қарыз қаражаты – 1 327 569,0* млн. теңге;

4) компаниялардың меншікті қаражаты – 421 356,8**
млн. теңге.

Ескертпе:

* – қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады;

** – қаражатты сыртқы және ішкі параметрлер мен факторлар өзгерісінде түзету мүмкін.


»;

«Кіріспе» деген 2-бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарлама экономика мен халықтың көліктік және логистикалық қызметтерге қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін, сондай-ақ көліктік-логистикалық жүйені дамытуға бағытталған. Республиканың ықпалдастырылған тұрақты көлік жүйесі экономиканың барлық секторларын теңдестіріп дамытуға жәрдемдесуі, сондай-ақ өзінде әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтуы тиіс.»;

«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:

«Автожол саласы» деген тарауда:

үшінші бөліктің 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту жобасын, сондай-ақ РФ шекарасы – Орал –Ақтөбе, Астана – Қостанай – Челябі, Щучье – Бурабай курорты аймағына кіреберіс және «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағына кіреберіс автожолдарын қайта жаңартуды аяқтау;

2) Таскескен – Бақты, Омбы – Павлодар – Майқапшағай, Бейнеу – Ақтау автожолдарын қайта жаңартуды жалғастыру;»;

«Автомобиль көлігі» деген тарауда:

жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Экологиялық кезеңдер стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу ескірген автомашиналарды кіргізуді шектеуге, қазақстандық автомобиль құрастырушы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шығарылатын және импортталатын отынның сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның ірі қалаларында автокөліктерден зиянды заттардың шығарындылары деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Автокөлік құралдары бойынша экологиялық стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1372 қаулысымен айқындалған.

2009 жылғы 15 шілдеден бастап 2-экологиялық кезең стандарттарына сәйкес келмейтін автокөліктерді ел аумағына кіргізу және өндіруге шектеулер енгізілді. Аталған шара Қазақстанның ірі қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, автомобиль тасымалдары қауіпсіздігін жоғарылатуға және елдегі автомобиль паркін жаңарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.»;

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Экологиялық кезеңдер стандарттарын енгізудің нәтижесінде 2015 жылға қарай 12 жылдан астам жүрген автокөлік құралдарының үлес салмағын 63%-дан 50%-ға төмендету жоспарланып отыр.»;

он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Көліктік қызмет көрсету нарығында таксомоторлы тасымалдар бойынша жоғары деңгейдегі бәсекелестік қалыптасқан. Бұл тасымалдарды таксомоторлы компаниялармен бірге жеңілдетілген патенттік жүйе бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар да, сол сияқты жеке автокөлік иелері де атқарады. Қалыптасқан жағдай заңсыз тасымалдаушыларының бар болуы салдарынан таксомоторлы кәсіпорындардың дамуына ықпал етпейді.»;

«Азаматтық авиация» деген тарауда:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2005 2009 жылдар кезеңінде 11,7 миллион жолаушы тасымалданды. 2005 жылы – 1,7 млн. жолаушы, 2006 жылы – 1,9 млн. жолаушы, 2007 жылы – 2,7 млн. жолаушы, 2008 жылы – 2,8 млн. жолаушы тасымалданды. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты 2009 жылы тасымалдау көлемдерінің төмендеуі байқалып, жылына 2,6 млн. жолаушыны құрады.

2014 жылы болжамды деректерге сәйкес жолаушыларды тасымалдау
7 млн. жолаушыдан асатын болады.»;

төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2005 2009 жылдар кезеңінде республиканың әуежайлары шамамен 24,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2005 жылы – 3,7 млн. жолаушы, 2006 жылы – 4,1 млн. жолаушы, 2007 жылы – 5,5 млн. жолаушы, 2008 жылы – 5,7 млн. жолаушы, 2009 жылы – 5,5 млн. жолаушы.

2014 жылы кемінде 12,2 миллион жолаушыға қызмет көрсету жоспарланып отыр.»;

он екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Ақтау қаласы әуежайындағы ұшу-қону жолағын және Көкшетау қаласы әуежайының аэровокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.»;

«Су көлігі» деген тарауда:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазіргі уақытта порттар жобалық қуаттарының шегінен асыра жұмыс істеуде. Мысалға, Ақтау теңіз портының қолданыстағы паромдық өткізу бойынша қуаты жоспарланған жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты жұмыс істеп тұрған порттардың өндірістік қуатын ұлғайту немесе паромдық терминалдары бар жаңа порттық инфрақұрылым құру талап етіледі.

Жүк теңіз тасымалы секторын дамыту қазақстандық паромдық кемелердің болмауынан тежелуде, бұл басқа Каспий маңындағы мемлекеттерге, атап айтқанда үнемі флот құрылысы мен порт инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салып отыратын Әзірбайжанға осы кешенді белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Қазақстан жүк ұйымдастыратын мемлекет болып табылатынын ескере отырып, көлік қуатын құру және қазақстандық көлік және ауыстырып тиеу активтерін пайдалана отырып, қазақстандық жүкті экспорттауға белсенді қатысу қажет.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау порты арқылы ауыстырып тиелетін мұнайдың 50%-дан астамы «Қазтеңізтрансфлот» ұлттық кеме компаниясының меншікті кемелерімен тасымалданады, оның сауда флоты Каспий теңізіндегі алты танкерден және ашық теніздердегі екі танкерден тұрады. Бұл ретте құрғақ жүкті тасымалдауды толығымен шетелдік кеме компаниялары қамтамасыз етеді. Сондықтан ұлттық теңіз тасымалдаушысының бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет.»;

«Транзиттік әлеует» деген тарауда:

тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Транзиттік әлеует және логистика»;

он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстандағы ең ірі Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай құрлықаралық автокөлік дәлізін ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру жалғастырылуда. Жобада Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстаннан шығатын барлық дәліздерді қайта жаңғырту қарастырылған. Бағыттың жалпы ұзындығы 8 445 км, соның ішінде: Ресей бойынша – 2 233 км, Қазақстан бойынша – 2 787 км (қайта жаңғыртуға жататыны – 2 452 км), Қытай бойынша – 3 425 км құрайды.»;

мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:

«Әлемдік тәжірибе және логистиканы дамыту деңгейі

Бірқатар еуропалық мемлекеттердің (Нидерланды, Германия, Польша, Венгрия, Чехия, Австрия) тәжірибесі осы елдер транзиттік қызметтерді өз бюджеттерінің елеулі кірістері ретінде қарастыратынын көрсетеді. Айталық, Голландияның қызметтері экспортының жалпы көлемінде транзиттік қызметтерден түсетін кірістер үлесі 40%-ға дейін құрайды, ол дамыған инфрақұрылым және көліктік-логистикалық желі есебінен Еуропаның маңызды транзиттік жолқиылысына айналды. Қазақстанда аталған көрсеткіш бүгінде 1% деңгейіне де жетпейді.

Қазақстан Австрия және Венгрия сияқты теңізге шыға алмайтын, Орта Азиямен белгілі бір ұқсастығы бар Еуропа елдерінің тәжірибесін де пайдалана алады, өткені олар еуропалық жүк ағындарының орталығында орналасқан.

Ел ішінде және көрші өңірлерде хаб және терминал желісін дамыту Германияға Еуропадағы жүк ағындарын үйлестіруші ең ірі орталыққа айналуына мүмкіндік берді. Хабтар Солтүстік (Мальмо), Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс (Зальцбург), Шығыс және Оңтүстік-Батыс (Париж) жүк ағындарын қамтитын Еуропаның негізгі көлік дәліздерінде орналасқан. Фридевальд орталық хабы жүктерді тиімді үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, Германиядан тыс хабтарды бірыңғай тұтас етіп біріктіреді.

Тиiмдi кеденнiң құрылуы Сингапурдың әлемдік сауда хабы ретінде дамуының түйінді факторларының бірі болды. Тиiмдiлiкке жалғыз терезе қағидатын және тауарларды электрондық декларациялауды енгізу және тиісінше кедендiк рәсімдердің өту мерзiмдерiн қысқарту арқылы қол жеткізілді.


Халықаралық саудада Қазақстанның көліктік логистикасын дамыту деңгейі


Дүниежүзілік Банктің (бұдан әрі – ДБ) LPI логистикасының тиімділігі деңгейінің көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан 2012 жылы 155 елдің ішінде
86-орынды иеленді.

Бүгінгі күні Қазақстан «Халықаралық сауда»-2012 индикаторы бойынша Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде әлемдегі 183 елдің ішінде 176-орында. ДБ есебіне сәйкес негізгі шығындар және тиісінше халықаралық саудадағы төмен көрсеткіш жоғары шығынды логистиканың есебінен қалыптасады, оған сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын ресімдеу рәсімдері және олардың үлкен тізбесі, инфрақұрылымның жай-күйі және терминалдарда жүктерді өңдеу рәсімі және басқа да көлік шығындары кіреді.

Мұның барлығы қызмет көрсетулер уақытына, құнына және сапасына әсер етеді, бұл ақыр аяғында, сауданың тежелуіне және тиісінше жүк тасымалдаушылардың неғұрлым қолайлы тасымалдау жағдайларын іздеуіне әкеледі.

Көлiктік-логистикалық жүйе Қазақстан өңірлері арасындағы экономикалық байланыстарды iске асырудың негiзгi құралы, сондай-ақ әлемдiк нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын басты өткiзушi болып табылады.

2011 жылы Қазақстанның әлем елдерімен тауар айналымы 126,2 млрд. АҚШ долларын құрады, мұнда алдыңғы жылға қарағанда өсу қарқыны
41,8%-ды құрады. Бұл ретте, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең үлкен көрсеткіші Еуропаға тиесілі, мұндағы қазақстандық экспорттың үлесі 69,8%-ды құрайды. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдарының негізгі көрсеткіштері экспорттық және ішкі тасымалдарға келеді, жүк тасымалдарындағы транзит үлесі 0,6 %-ды құрайды.

2020 жылға қарай Қазақстанның экспорттық операцияларының көлемi
96 млн. тоннадан 147 млн. тоннаға дейін 1,5 есеге өсуі мүмкін, бұл КЛЖ-дан Ресейге, Қытайға және Оңтүстiк Кореяға, Еуропаға, Орта Азияға қосымша жүк ағындарына қызмет көрсетудi талап етеді. Сондай-ақ Қазақстанға шектес елдер арасында сауда операцияларының көлемi 2020 жылға қарай 1,5 есеге өсетіні және 1 трлн. АҚШ долларына жететіндігі күтілуде, бұл Қазақстан Республикасы арқылы транзит әлеуетін жасайды. Тауар айналымының ең үлкен өсуi ҚХР және Еуропа мен Ресей елдері арасында болжануда. Мұны ескере отырып, даму үшін неғұрлым перспективалы транзит дәлізі «Қытай – Еуропа» және «Қытай – РФ» дәлізі болып табылады.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Постановление правительства р еспублики казахстан iconN 666 о внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года n 1037
Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года n 1037 "О лицензировании экспорта и импорта товаров...
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1099 о внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПрограмма развития
Республике Казахстан»; Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года №302 «План мероприятий Правительства...
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня
Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2002 года N
Признать утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан согласно приложению
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года №1114 Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об охране качества вод трансграничных рек
Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года №1114
Постановление правительства р еспублики казахстан iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2002 года n 815 "О реорганизации государственного учреждения...
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2002 года
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 1995 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики...
Постановление правительства р еспублики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2002 года
В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года "О бюджетной системе" Правительство Республики Казахстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница