Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница1/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Оқушыларға-патриоттық-интерноционалдық-т
  1   2   3   4   5


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ


Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру


Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………………………..3-6

І. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.

    1. Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің теориялық шарттары………………………………..…………………..7-18

    2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің ерекшеліктері.. ………………………………………...19-29

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді іске асыру жолдары.


    1. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің мәні мен мазмұны ...…………………………………..30-34

    2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді іске асыру (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі) ……………………………………………………………………….….35-46

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………..47-48

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………...49-50


Кіріспе


Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным"- деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы- бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған "социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.

Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің сипатын ашып айқындаудың, мектеп оқушыларында отаншылдық сана, сезім, отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.

Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:

- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю.К.Бабанский, Н.И.Болдырев, В.А.Сухомлинский т.б. зерттеулерінде дәлелденген;

- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, С.Мусин, А.Сембаев, Қ.Құнантаева, Б.Мұқанова, Г.М.Храпченков, Э.А.Урунбасарова т.б. қарастырған:

- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері Қ.Жарық6аев, С.Қалиев, М.Х.Балтабаев, И.Р.Халитова, Б.М.Бекмүхамедов т.б. еңбектерінен орын алған;

Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары мен кезендері ашылғанымен бастауыш мектептерде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің әлі де болса зерттелмеген тұстары көп.

Мектептердегі оқу-тәрбие практикасын зерделеу барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде және озық тәжірибелердің педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдаланбауының жеткіліксіздігі, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жаңа негіздегі мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларын отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеудегі мектеп сұранысы аралығындағы қарама-кайшылық туындап отыр. Бұл қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамыздың көкейкестілігін анықтайды. Сондықтан да бұл дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: Интернационалдық және патриоттық тәрбиені жетілдірудің жолдары.

1. Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие барысы.

2. Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылу жолдары.

3. Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге педагогикалық сипаттама бере отырып, 4 сынып оқушыларының бойына интернационалдық және патриоттық қасиеттерді сіңдіру.

4. Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеліп отырған тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге шолу жасау.

  2. Осы мәселеге байланысты педагогикалық озық тәжірибені жинақтап, оны іс жүрзіне асыру.

5. Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорыту т.б. әдістері қолданылды.

6. Қорытынды:
  1   2   3   4   5

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница