Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Скачать 298.26 Kb.
НазваниеҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
страница3/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер298.26 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/146166.doc
1   2   3

ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ


  1. тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.

Тіл - ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. Тіл - ойды жарыққа шығару. Тіл және қоғамдық сана. Тіл функциялары (қызметтері). Тіл туралы заң және тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.

Тілдердің қарым-қатынасы. Қостілділік (билингвизм) және мультилингвизм туралы түсінік. Қостілділіктің түрлі типтері. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, «тілдік одақтардың» құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б. Тілдің өміршеңдігі туралы түсінік. Тірі, өлі және құритын тілдер.

2- тақырып. Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым.

Тілдердің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері. Тіл дамуына әсер ететін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар. Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қалыптасуы. Тілдердің материалдық және құрылымдық ұқсастықтары.

Тілдегі жүйе және құрылым (структура) түсінігі. Вариант және инвариант. Тілдердің синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастары. Тілдік бірліктер және тілдің жүйелік қабаттары. Тілдің негізгі қабаттары және олардың арақатысы (байланысы).

3- тақырып. Фонетика және фонология.

Фонетика жүйесі туралы түсінік. Фонетика пәні және оның міндеттері.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктері. Дауысты дыбыстардың жасалу орнына қарай, еріннің қатысына қарай, мұрын жолына қарай топтастырылуы. Дифтонгтар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауысты дыбыстар. Дифтоног түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі вокализм жүйесі.

Сөйлеу ағынындағы дыбыстардың арақатысы. Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері. Негізгі фонетикалық процестер және олардың қазақ, орыс тілдеріндегі көріну ерекшеліктері. Позициялық өзгерістер: сөз соңында дыбыстардың айтылмауы, сөз басындағы протетикалық дыбыстар, редукция. Протетикалық дауыстылар –түркі тілдеріне тән құбылыс. Редукция және оның түрлері: аккомодация, ассимиляция, дауыстылар гармониясы, диссимиляция, диэреза, гаплология, эпентеза, метатеза, олардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі ерекшеліктері.

Фонетикалық және тарихи алмасулар. Дыбыс заңдары туралы түсінік. Тілдік бірлік болып табылатын фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема.

4-тақырып. Лексикология.

Лексикология салалары: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография.

Табу және эвфемизм. Десфемизм. Инвективтік лексика.

Арнаулы лексика. Термин және терминология. Сөздің эксперрессивтік-эмоционалдық бояуы. Актив және пассив лексика. Архаизмдер мен историзмдер, олардың айырым белгілері. Архаизм типтері. Жалпы тілдік және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер, окказионализмдер. Кірме сөздер, олардың кірігу жолдары мен түрлері. Кірме сөздердің негізгі белгілері. Сөздік қорды байытудың негізгі жолдары.

Этимология, этимология зерттеудің принциптері мен тәсілдері. Өтірік («халықтық») этимология құбылысы.

Ономастика: топонимика және антропология.

5- тақырып. Семасиология. Сөз мағынасының дамуы.

Сөз және зат. Сөз және ұғым. Сөз және түсінік, сөздің жалпылауыштық мағынасы. Лексикология жүйесіндегі сөз және лингвистикалық байланыс. Сөздің семантикалық құрылымы. Сөздің көпмағыналылығы (полисемия). Сөздің лексикалық мағыналарының типтері: біріншілік және екіншілік мағына, тура, номинативтік, еркін және фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік байлаулы мағына, конструктивті байлаулы мағына. Сөздің тура және ауыс мағыналары. Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері: метафора, функциялық ауысу, метонимия, синекдоха. Сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы. Көпмағыналы сөздер мен омонимдер. Омоним типтері және олардың жасалу жолдары. Синонимдердің жасалу көздері, синоним типтері. Синонимия және сөздің синонимдік қатары. Паронимдер. Антонимдер, олардың типтері, антонимдердің стилистикалық қызметі.

6- тақырып. Лексикография және фразеология

Лексикография. Сөздік түрлері. Сөздік құрастыру типтері: алфавиттік, кері, жиілік. Лексикографиялық еңбектерді компьютерлендіру.

Фразеология. Сөздердің еркін және фразеологиялық тіркестер. Семантикалық және құрылымдық тұрғыдан фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы.

7-тақырып. Паремиалогия.

Мақал-мәтелдердің зерттелуі. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден айырмашылығы мен ұқсастығы. Қос тағанды мақал-мәтелдер.

8 - тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы. Сөзжасамдық қалыптар (моделдер). Сөз таптарының сөзжасамы.

9-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Морфология – тілдің ең кішкентай бірлігі және сөздің құрамдас бөлігі. Морфема –мағынаның үш типін айқындаушы: заттық, деривациялық, реляциялық. Түбір және аффикстер. Сөз формасы – түбір мен форма тудырушы аффикстердің бірлігі.

Септік категориясы – есімнің негізгі категориясы. Шақ категориясы – етістіктің негізгі категориясы. Түрлі тілдердегі грамматикалық категориялардың берілу ерекшеліктері. Лексика-грамматикалық категория.

10- тақырып. Сөз таптары.

Сөздің үш топқа бөлінуі: 1) атауыш сөздер, 2)көмекші сөздер, 3)одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің түрлері.

11- тақырып. Сөз тіркесінің синтаксисі.

Сөз тіркесі. Есімді тіркестер. Етістікті тіркестер. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктері.

Сөздің синтаксистік байланыстары: қиысу, кординация, қабысу, меңгеру, инкорпоривтену, изафет. Изафет типтері.

12- тақырып. Жай сөйлем синтаксисі.

Сөйлем типтері. Сөйлем мүшелері. Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары. Сөйлем типтері мен сөз тіркесі формаларындағы тарихи өзгерістер. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.

13- тақырып. Құрмалас сөйлем синтаксисі

Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Қалыптасу, даму жолдары. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Бөгде сөз, оның түрлері.

14-тақырып. Тілдердің классификациясы(жіктелуі)

Дүниежүзі тілдерінің әртүрлілігі. Тілдік туыстық. Материалдық, құрылымдық және типологиялық ұқсастық. Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік.

Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар.

Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер. Тілдердің морфологиялық(типтік) классификациясы. Тілдердің даралаушы(түбір), жалғамалы(агглютинативті) және фузиялы(флективті) типтері.

15- тақырып. Жазу теориясы және тарихы

Дыбыстау тілі және жазу. Жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Жазу таңбалары және олардың типтері. Пиктография. Идеография. Буын және әріп жазуы. Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица. Қазіргі әлемдегі алфавиттік жазу түрлері. Алфавит және графика. Транскрипция және транслитерация. Орфография. Орфографиялық принциптер және түрлі тілдердегі орфографиялық ерекшеліктері.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



ОӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30 (1х30)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

25

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

6

Бақылау шараларына дайындық







10




Барлығы







90

4.4.2 Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар


1. Математика мен тіл білімінің байланысы жайлы ғылыми әдебиеттермен танысу

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-10 бет, [4], [2] 3-6 беттер.

2. Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. Экспоронто тілі, идо тілі т.б. Экспоронто тілі жүйесімен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 15-21 беттер.

3. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.

4 Жазу. Жазудың түрлері. Жазба тіл. Алфавит.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.

5. Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай-күйі. Өлген тілдер жайлы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.

5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.

2.

Қосымша әдебиеттер:

3.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы 1991 ж.

4.Бибеков Қ. Қазақ тілінің семантикасы. Семей, 2006 ж

5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

6.Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. Алматы, 1968ж.

7.Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978ж.

8.Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970ж.

9.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.

10.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997ж.

11.Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972ж.

12. Новиков Л.А. Семантика русского языка. М.,1982

13.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

14.Балақаев М. және басқалар. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974ж.



Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Тіл біліміне кіріспе

Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі ЖОБ негізінде


2

















135


45


90

1-семестр

2- семестр













30

15

4,50

85,10


СырттайЖБН негізінде




























1-семестр

2- семестр



























Кафедра меңгерушісі ______ __________ 2012 ж. «___»________

(қолы) (аты-жөні)
1   2   3

Похожие:

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница