Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды




Скачать 375.41 Kb.
НазваниеДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер375.41 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/esembekova.doc
  1   2   3
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ӘОЖ 809.434.2.001.01: 802.0.001.01 Қолжазба құқығында


Есембекова Шырынкул Тукеновна


Қазақ-ағылшын тілдеріндегі махаббат концептісі


6М011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,

профессор Е.Н.Нұрахметов


Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты,

профессор М.Ержанов


Диссертация 2013 жылы «__» маусым сағат « » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 6М011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, №1оқу ғимараты).


Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауым бірнеше ғасырлардан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, салыстырмалы лингвистика, тарихи лингвистика,сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика, т.б. тармақтарға таратып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келді [1], яғни тілдің қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыста зерттеу мәселесі тасада қалып келді.

Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми-теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді.Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Бандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты [2].

В.фон Гумбольдт идеясының актуализациялануы, яғни адамды адам ететін тіл, тілді адам санасымен, ойлауымен, рухани тәжірибиелік әрекетімен тығыз байланыста зерттеу В.фон Гумбольдт идеясының өзектілігін білдіреді. Осыған орай түрлі лингвомәдени қауымдастықтағы ұғымдарды салғастыру заман талабы болып отыр. Тіл білімінің қазіргі дамуы кезінде лингвистика ғылымы тілді салғастырмалы зерттеуге баса көңіл бөледі. Осындай салғастырмалы зерттеулерде маңызды орын алатын қазіргі лингвистиканың лингвомәдениеттану саласы.

Сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдениетіміздің тілдегі көрінісі уақыт өте келе тіл қолданысынан шығып, немесе мағынасы күңгірттене бастаған тілдік белгілермен қатар, заман ағымымен өзгеріске ұшыраған ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы тілші мәденеиеттанушы ғалымдар тарапынан нақты ізденістерді талап етеді [2].

Қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз ішінде ғана зерттеу парадигмасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Тілді мәдениетпен өзара тығыз байланыста-антропоцентристік қағида негізінде зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр.

Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті, пәнаралық бағыттың бірі- ХХғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арақытынасы мәселелері түрлі деңгейлерде философтардың Платон, И.Гердер, Э.Кант, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе В.фон Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Кассирер, Л.Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми іздніс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары: А.Потебня, Н.Топоров, В.В.Иванов, А.Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар академик Ә.Қайдаров, Р.Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік), Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді [2].

Бүгінде «мәдениет» сөзіне мынадай екі түрлі анықтама беріліп жүр: мәдениет-адамзаттың өзіндік даму тарихында жаратқан барлық рухани және заттық байлығының жиынтығы. Әрине, бұл ұғым- бүгінгідей дамыған өркениетті мәдениетті емес, адамзаттың ең ертедегі мифологиялық, аңыздық ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми техникалық жетістіктері мен мәдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл- «мәдениет» сөзінің кең мағынадағы анықтамасы. Мәдениет жөніндегі келесі бір ұғым: мәдениет дегеніміз-қоғам дамуының әрбір басқышы мен кезеңдеріндегі адамдардың идеологиясы және соған сәйкес заңдары, тәртібі мен ұйымдық құрылымы. Бұл оның тар көлемдегі анықтамасы [1].

ХХІ ғасырда лингвистика тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол сияқты ұлттың мәдени коды ретінде қарастырып келеді. Мұндай бағыттың фундаментальды негізі В. фон Гумбольдт , А.А. Потебня және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы В.Гумбольдт «Менің ұлтымның тілінің шекарасы менің дүниетанымымның шекарасы» деген. Тіл тек ақиқат шындықты білдіріп қоймай, адамның өмір сүру ортасын жасайды, түсіндіреді.Тіл туралы ғылым лингвистика кез-келген гуманитарлық білімдер жүйесінде зор методологиялық ұстанымға ие және мұнсыз мәдениетті зерттеу мүмкін емес. Мәдени ақпаратты тасымалдаушы, тіл мен мәдениетті өзара байланыстырып қолданатын адам болып есептеледі. Тіл мен мәдениетті адам ұстанады. Адам болмаса тіл де, мәдениет те болмайды [3].

Тіл- қоғамдық өмірдің сәулесі. Одан қоғамдық өмірдің кез-келген өзгерістері айқын көрініс табады. Әсіресе тілдегі лексика бұл жағында өте сезімтал болып, қоғамның саяси, экономика, мәдениет, ағарту, өнер, идеология, мораль, т.б. жақтарындағы өзгерістер сөз жоқ лексикада бейнеленеді [1]. Тіл қоғаммен бірге өмір сүреді. Қазірде тіл ғылымы өзге қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар арасында орны айқындалып бекемделіп, өмірдің барлық саласында маңыздылығын танытып отыр. Адамдар тіл ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, өзге ғылымдар саласында қөрнекті табыстарға қол жеткізуде. Мұның басты себебі тілдің өзіне тән сәйкестік, жалпылық қасиеттерінен деуге болады. Демек , қазір көпшілік қауым «тіл деген не?» деген сауалына бұрынғыдай «тіл-адамдардың қатынас құралы» деген біржақты ұғымнан гөрі оның нақты, күрделі құбылыс екенін тани бастады. Тіл-мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет- оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады.

Зерттеудің өзектілігі. Ғасырлар тоғысындағы жаһандану –дүниежүзі халықтарын ортақ жүйе, ортақ модельге тоғыстыру үрдісі қазіргі заманда өмір сүріп отырған әр этностың ұлттық мәдениеті мен тіл ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесін тудырып отыр. Тақырыбымыздың өзектілігі мынада: 1) әртүрлі лингвомәдениетте эмоцияның тілдік концептуализациясы аз зерттелген; 2) аталған концептің -адамның ішкі жан- дүниесін сипаттайтын тірек концептісінің қазақ- ағылшын тілділер санасындағы жалпылама да айрықша да қолданысын атап көрсету.

Қарастырылатын концептің лингвомәдени талдауы қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісін лигвомәдениеттану шеңберінде айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны: Қазақ- ағылшын лингвомәдениетіндегі махаббат концептісі.

Зерттеу пәні: Қазақ- ағылшын тілдеріндегі махаббаттың тілдік концептуализациясы.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ, ағылшын сияқты түрлі жүйедегі тілдердегі махаббат концептісінің лингвомәдени сипатын ашу.

Зерттеудің міндеттері.

-шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың тәжірибелерін жалпылай отырып, концептің дүниенің тілдік бейнесінде алатын орнын айқындау және мәдени концептердің бір түрі ретінде «эмоционалдық концепт ұғымына» анықтама беру;

- қазақ- ағылшын тілдеріндегі махаббат концептісіне лингвомәдени талдау жүргізу;

-зерттеліп отырған концептің қазақ-ағылшын лингвомәдениетіндегі жалпы және ерекше сипаттағы қолданысын ашып көрсету;

- ұлттық реңктегі фразеологизмдерді образдық негізінде жүйелей отырып, лингвомәдени астарын туыс және туыс емес тілдер контексінде ұлттық дүниетанымдық құндылықтар көзін айқындау.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсат мен міндеттеріне қарай анықталды. Лингвомәдениеттану ғылымның пәнаралық саласы болғандықтан диссертацияда барынша зерттеудің кешенді әдістері беріледі. Зерттеу барысында салғастырмалы зерттеу әдісі, сипаттау, этимологиялық, концептуалды, контекстуалды топтастыру, логемеларға бөлу, лексико-семантикалық әдістер негізге алынды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ-ағылшын тілдеріндегі махаббат концептін жан-жақты зерттеу барысында әлемдік тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде: Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Ә.Қайдар, І.Кеңесбаев, Н.Уәлиев, А.Салқынбай, Б.И.Нұрдәулетова және т.б., шетел тіл білімінде: Ю.Апресян, А.Потебня, Ф.де Соссюр, Э.Сепир, В.Уорф, В.фон Гумбольдт, Н.Арутюнова, С,Аскольдов, А.Вежбицкая, В.Воробьев, С.Воркачев, Е.Кубрякова, В.Карасик, С.Тер-Минасова, А.Кунин, В.З.Демьянков, Н.А.Красавскии, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және т.б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында қазақ- ағылшын тілдеріндегі көркем шығарма, фразеологизмдер мен паремиядағы махаббат концептісіне салғастырмалы тұрғыдан лингвомәдени талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде екі түрлі лингвомәдениеттегі ұқсастықтар айқындалды. Қазақ тілінің фразеологиялық және паремиологиялық қабаты махаббат мағынасындағы тіркестер мен мақал-мәтелдерге бай емес. Ағылшын тілінде love лексемасымен келетін 172 бірлік қарастырылды. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер 4 логемаға бөлініп зерттелді. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат», Ш.Бронтенің «Jane Eyre» романдары бойынша жиналған мысалдар концептілік моделдерге бөлініп қарастырылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Махаббат концептісін соңғы жылдары ғылымдар тоғысуында пайда болған лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру – жаңаша көзқарастың дәлелі. Эмоциянальды концептерді туыс емес тілдерде салғастыра зерттеу дүниенің тілдік бейнесінің табиғатын барынша тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, лингвомәдениеттану ғылымының әрі қарай дамуына өзіндік үлесін қосады. Эмоцияны концептуализациялау теориясына өзіндік үлес қосады. Махаббат эмоциональды концептісінің лингвомәдени ерекшелігін анықтайды. Махаббат концептісін талдау ұлттық тілдік сананың ерекше сипаттарын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады. Концептілердің тілдік репрезентациясын оқыту әдісінің талдамасын жасауға, жоғарғы оқу орындарында «Тілі оқытылатын ел әдебиеті», «Америка әдебиетінің тарихы» курстарынан практикалық сабақтарда көркем шығарма мәтіндеріне филологиялық талдау жүргізуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында жинақталған материалдар және зерттеу нәтижелері тіл мамандарының, жалпы тіл үйренуші қауымның лингвомәдениеттану саласынан білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелері оқу процесінде лингвомәдниеттанудан арнайы курстарда, сондай- ақ студенттердің дипломдық және курстық жұмыстар жазуында қолданылуы мүмкін. Одан басқа, зерттеу материалдарын лексикографиялық практикада концептілер сөздігін құрастыруда қолданысқа енгізуге болады. Жинақталған зерттеу материалдары шетел әдебиеті курсында практикалық сабақтарда көркем шығарманы талдау үшін үлгі етіп пайдалануға мүмкіндік туғызады. Курстық және дипломдық жұмыс пен «Лингвомәдениеттану», «Когнитивтік лингвистика» пәндерінен магистранттар мен студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін баяндама, реферат, презентация тақырыптарын құрастыруда қолдануға болады.

Зерттеудің дереккөздері. Қарастырылып отырған тілдердегі көркем шығармалардан алынған мәтіндер мен түрлі сөздіктерден (этимологиялық, түсіндірме, аударма, синонимдік, мағыналас фразеологизмдер , фразеологиялық сөз тіркестер) келтірілген лексикалық, фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер, мақал- мәтелдер жинақтары.

Жинақталған мысалдар 375 бірлікті құрайды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

-қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісінің жалпылама сипаты мен ұлттық ерекшеліктері;

-көркем шағармадағы махаббат концептісінің лингвомәдени (аксиологиялық және образдық ) талдауы;

-тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердегі махаббат концептісінің лексикалық талдауы;

-ағылшын тіліндегі love лексемасымен келетін мақал-мәтелдердердің логико-семантикалық сипаты;

Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамалары мен нәтижелері Шетел тілдері және аударма кафедрасының ғылыми- әдістемелік семинарында тыңдалды. Зерттеу тақырыбы бойынша 2 мақала жариялануға ұсынылды.1 Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі // «Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде» Vжас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары // ( Алматы, 4.04. 2013)

2 Лингвомәдени концептер // «XXI ғасырдағы ғылым және студент» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми-теориялық конференция материалдары // (Қарағанды, 26.04. 2013)

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Негізгі бөлім

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі негізделіп, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу әдіс-тәсілдері, материалдары, дереккөздері,ғылыфми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылаиын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы анықталады.

Диссертацияның Концепт лингвомәдениеттанудың тірек ұғымы атты бірінші тарауда зерттеуге негіз болатын теориялық білімдер мен тұжырымдарды айқындау мақсатында концепт ұғымына теориялық сипаттама берілді. Концепт түрлері мен классификациясы және оның дүниенің тілдік бейнесіндегі орны туралы айтылады.

1.1Концепт ұғымына теориялық сипаттама

Концепттерді тілде зерттеу лингвистикалық ғылымдарда перспективалы бағыттардың бірінен саналады. Концепт мәдениеттану, лингвистикалық, философиялық және т.б. аспектілерде қарастырылып, түрлі интепретация, классификация мен зерттеу тәсілдері ұсынылып жүр. Концепт лингвистикада ментальдық әрі тілдік бірлік ретінде қаралады. Концепттерді зерттеу когнитивті лингвистика, психолингвистика, сондай-ақ дәстүрлі тіл білімі шеңберінде қарастыруға қызығушылық танытып отыр. Осы бағыттардың қай-қайсысында болмасын концепт тілдік заңдылықтарды ашу құралы қызметін атқарады. Тіл ұжымдық және тілдік санада өмір сүре отырып, мәдениетті тасымалдаушы болып табылады. Концепт термині Е.С.Кубрякованың анықтамасы бойынша ой мен таным мәселелерімен айналысатын, ақпаратты сақтап, өңдейтін бірнеше ғылыми бағыттардың пәндік аясын қамтып, шоғырландырып тұратын «қолшатыр» термин болып есептеледі. Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігіне сүйенсек, концепт ұғымы адамның ойлау процесіне сүйенетін және тәжірибесі мен білімінің мазмұнын бейнелейтін, барлық адам әрекетінің нәтижелері мен қандай да бір «квант» түрінде дүниені тану процесінің мазмұнын бейнелейтін ойларды береді.

Отандық лингвокогнитологияда концепт пен сөздің лексикалық мағынасының арақатынасы әлі де өзекті. Бұл екі ұғымның арақатынасы туралы мәселені алғаш рет С.А.Аскольдов 1928 жылы жарық көрген «Концепт и слова» еңбегінде көтерген болатын [4]. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде бұл мәселе В.В.Колесов, В.Никитин, М.В.Нименова , В.Д.Стернин, В.Д.Попов т.б. көптеген лингвистердің еңбектерінде зерттелуде. Концепт пен мағынаның басты айырмашылықтарының бірі олардың ішкі мазмұнына байланысты. Концепт пен мағынының арақатысы олардың категориалды статусынан анықталады. Мағына – тілдің семантикалық кеңістігінің бірлігі, яғни нақты тілдің мағыналар жүйесінің реттелген жиынтығының элементі. Мағынаға салыстырмалы түрде белгілі бір қауымдастыққа ғана жалпылама танымал бірнеше ғана семантикалық белгілер тән. Сөздің семантикасы коммуникация процесінде халықтың өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Лексикалық мағына- байқалатын, көрінетін тілдік құрылым. Ал концепт – ойлау процесі көріністерінің басты формасы болып табылады. Ол байқалмайтын күрделі, көпжақты, көпмағыналы тілдік- танымдық конструкт. Мағына- комуникация мақсатында тілдік белгімен бекітілген концептің бір бөлігі. Концепт пен мағына санада шындықтың с әулеленуі нәтижесін көрсететін ой- танымдық құбылыс.

Концепт (лат. Соnceptus-«понятие») көпмағыналы термин. Концепт терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцев, В.А.Маслова, А,Я.Гуревич, А.Вежбицкая еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырылды. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың тіл өрісінің, дүниетаным ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементттері ретінде таңбалай отырып, олардың мән – мағынасын қамтиды. Рухани- мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.

Концепт ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері» (А.Вежбицкая), «концепт – біздің нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы» ( В.Н.Телия), «құдайлық ілімді танудың, сол арқылы , соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени ментальдығын танудың кілті» (В.фон Гумбольдт) тәрізді анықтамалармен беріліп жүр. Жаңа гуманитарлық білімдер саласына концепт терминін алғашқылардың бірі болып, орыс ойшылы С.А.Аскольдов енгізген болатын [5].

1.2Дүниенің тілдік бейнесіндегі концептің орны

Дүниенің бейнесін адам жасайды. Дүниенің бейнесі дегеніміз-бұл тіршілік әрекетінің айнадай көрінісі емес, ол оның белгілі бір деңгейдегі түсіндірмесі. Дүниенің бейнесі адамның дүниетанымының өзегін құрайды және оның негізгі қасиеттерін бойына жинайды.

Дүниенің тілдік бейнесі-сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретіндегі өзара әрекеттерінің нәтижесі. Дүниенің концептуалды көрінісі ұғымының аясы өте кең, себебі оның жасалуы барысында ойлаудың көптеген түрлері қызмет атқарады, олардың қатарында тілдің бейвербальды түрлері де кіреді. Берілген ұлттық тілдің нұсқасына тән арнайы тәсілдер мен атау құралдары дүниенің тілдік бейнесінің ажырамас бөлшегі ретінде дүниенің номинативтік көрінісін білдіреді.Тіл дүниенің ұлттық мәдени көрінісін жүзеге асырады, оларды вербальдандырады, оны сақтайды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді. Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей бермейді, олар тек қана бейнелей алады. Біз мәдениеттің тілге алғашқы қатынасы немесе керісінше, тілдің мәдениетке деген қатынасы туралы саналы түрде айта аламыз. Шын мәнінде, осы аталған екі бейне бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл екі бейнеге қатысты себеп-салдарлық байланысты қолдану мүмкін емес [5].

Адамзат әлемде меже жасау үшін тілде, мифологияда, дінде, өнерде, ғылымда қандай да бір символдық белгілер жасайды. Символдық белгілер көмегімен ғаламның бейнесі жасалады. Ғалам туралы бейнелердің тілге түскен жиынтығы дүниенің тілдік бейнесі деп аталады. Дүниенңің тілдік бейнесі бар және концептуалдық бейнесі бар. Ғаламның концептуалдық бейнесі санада танылған ақпараттар мазмұнынан тұрса, ғаламның тілдік бейнесі нақты тілдік құрылымдағы семантикалық категориялар мен семантикалық өрісте бекітілген мағыналардан құралады [6].

Дүние бейнесі- адамның дүниетаным негізінде жатқан, дүниенің ғаламдық бейнесінен шығады. Дүние бейнесі адамның барлық рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады. Тілдік бейне концептуалдық бейненің бір бөлігі іспеттес. Б.А.Серебрянников пен Е.С.Постовалованың пікірінше концептуалдық бейне тілдік бейнеден кеңірек әрі бай, алуан түрлі. Себебі, концептуалдық бейненің қалыптасуына ойдың түрлі типтері соның ішінде вербальды емес типтер қатысады.

«Дүниенің тілдік бейнесі ұғымы» дүние бейнесі ұғымына ғана қатысты емес, сондай-ақ концептуалдық дүние бейнесіне де қатысты. Шындықты концептуализациялау процесінде тіл белсенді рөл атқарады; дүниенің тілдік бейнесі дүниенің концептуалды бейнесін вербальдайды. Е.С.Кубрякова атап өткендей, концептуалдық дүние бейнесі тіл арқылы жүзеге асырылады, ал оның бөлігі адам психикасында бейне, схема, сурет секілді басқа ментальдық репрезенттердің көмегімен орнығып қалады [7]. Дүниенің концептуалдық бейнесі тілдік бейнеден кеңірек әрі бай; дүниенің тілдік бейнесі аясы ішінде түрлі тілдік ықпал- әрекеттерді ажыратып көрсетуді қажет ететін концептуалды дүние бейнесіне бағыныштыдай бейнеленеді. Ең алдымен концепт пен ұғымның қалыптасуына тікелей әсер ететін аймақ айқындалады. Бір жағынан білім мен мәлімет сөйлеушінің вербальдық өңдеуінен өтіп тілдік формаға енеді. Екінші жағынан, жаңа ұғымның пайда болуы әлдеқашан тілде бар схемадан өтеді, яғни тілдік белгісі бар концептердің әсерінен өтеді. Сондықтан концептің де, ұғымның да берілуінің конвенциональды тілдік формасы бар. Бұл зонада концептуалдық дүние бейнесі толығымен концептуалдық тілдік бейнемен қабысады [8].

Әрбір ұлттың тілі сол тілде сөйлеуші адамдардың санасында ұғымдардың семантикалық жүйесі ретінде қалыптасқан, сол ұлтқа ғана тән белгілі бір дүние бейнесін жасайды. Әрбір жеке тұлғаның өзіне тән ұлттық тілі, мәдениеті, тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасы болғандықтан, дүниені өзінше қабылдап, өзінше тануы заңды құбылыс. Бұл ретте В.В.Красныхтың «ұлттық мәдени кеңістік» терминін әбден қолдануға болады [9].

Қорыта айтқанда дүниенің тілдік бейнесінде этнос менталитеті мәдени тірек концептілері арқылы көрініс табады. Өйткені концептер тілдік қауымның ментальдық ерекшеліктерін вербаль және бейвербаль әдіс-тәсілдердің көмегімен жеткізетін маңызды, мәдени реңктегі көпқырлы құбылыс.

1.3 Қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісінің ұлттық ерекшеліктері

Концептерді лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру көкейтесті мәселенің бірінен саналады, өйткені концептер тілдік ұжымның ментальдық ерекшеліктерін вербаль және бейвербаль әдіс- тәсілдердің көмегімен жеткізетін маңызды құбылыс. Лингвомәдени концептер құндылық элементтерімен басқа ментальдық бірліктерден ажыратылады. Сондықтан екі лингвомәдениетте аталмыш концепті аксиологиялық тұрғыдан қарастырамыз.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстететикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды.

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат-ғаламның, адамзат жаралуының телеолоиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық  ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы:  адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат.

Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат-имандылықтың, ер мен әйел махаббаты-отбасыныңОтанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты-білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббатт елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.

Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы:

1.иман,

2.Отан,

3.Отбасы махаббатқа негіз болар құндылықтар [10].

Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйінішқорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгіліккемейірімділіккеадалдыққа тәрбиелейді.

Ағылшын тілділер санасында махаббат рационализм мен саналылықтан айырылған сезім. Махаббат сау емес, ауру күймен астасады. Ғашық адам жаны ауырып, ақыл-есінен айырылғандай беймаза күй кешеді. Басқаша айтқанда, адам дұрыс ойлауға қабілетсіз болады. Бұл ағылшындардың махаббатты алып күшке теңейтініне қатысты болса керек.

Ағылшын тілінде махаббат күшпен, алаумен, бақытпен, дертпен, сұлулықпен, материалдық жағдаймен, адам өміріне зор ықпал ететін, белсенді әрекет ететін субстанция, өткінші сәт, алдамшы, адалдық, сеніммен ассоциацияланады.

Махаббат- эмоциональдық күй. Ол жағымды да жағымсыз да эмоциямен беріліп, түрлі лексикалық тіркестері болуы мүмкін. Махаббат концептісі басты жалпы адами ұғымды білдіретін кез-келген тілде кездесетін ұғым. Ағылшын тілділер санасында махаббат жағымды реңкте бақытпен/happiness; қуанышпен/ joy; іңкәрлікпен /affection; қызығушылықпен/interest; рақаттылықпен/pleasure; масаттанумен /delight; қамқорлықпен/care; толқумен/ excitement астасады. Махаббат қайғымен /sorrow; сағыну/ longing for; азаппен /suffering; дертпен/pain; үреймен/fear; торығу, қажумен/despair жағымсыз эмоциялармен берілуі де мүмкін Махаббат» концептісін лингво- мәдени эмоциональдық тұрғыдан қарастырудың маңызы зор. Эмоцияны вербальдайтын тілдік бірліктер концепттің тілдегі көрінісі болып табылады. Концепттің эмоционалды және рационалды деп бөлінуі шартты. В.И.Шаховский концепттің ұғымнан айырмашылығы оған эмоциональдық реңк тән, яғни барлық концепттер эмоциональды.

Диссертацияның екінші тарауы Қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісіне лингвомәдени талдау деп аталады.

Бұл тарауда негізінен қарастырылып отырған концепт төңірегіндегі көркем шығарма мәтіндері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерге талдау жүргізіледі.

  1   2   3

Похожие:

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аудармада берілу жолдары
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары(«Гүл» концептісі негізінде)
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма»
Ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісінің когнитивті-коммуникативтік аспектілері және оның аудармада берілу жолдары
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих, құқық және экономика институтының «Тарих, саясаттану...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің роман герман тілдері кафедрасында орындалды
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру (ағылшын тілі негізінде)
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды iconДиссертация 2012 жылы
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «Физика және фоә»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница