Скачать 0.57 Mb.
|
Жұмыс бағдарламасы ![]() ПМУ ҰС 7.18. 3/31 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Биология және экология кафедрасы ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫАнатомия, спорттық морфологияның негіздері пәнінің 5В0108011 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналғанПавлодар![]() мамандықтың білім стандарты ПМУ ҰС Н 7.18.1/06 мен типтік бағдарлама негізінде әзірленген пәннің жұмыс бағдарламасына бекіту парағы БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор ________________ Н.Э.Пфейфер 2012ж «___»_____________ Құрастырушы: аға оқытушы Шарипова А.К. _______________ Биология және экология кафедрасы ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫАнатомия, спорттық морфологияның негіздері пәні бойынша 5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған Жұмыс бағдарламасы 5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖМБС 5.08.258-2006 және Қазақстан Республикасының 09.01.2006ж № 779 бүйрығымен бекітілген және іске қосылған типтік бағдарлама негізінде әзірленген Кафедра мәжілісінде ұсынылды 2012ж. «___» ____ № __ хаттама. Кафедра меңгерушісі ________________ Ш.М.ЖумадинаФакультет оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012ж. «_____»______________№____ хаттама ОӘК төрағасы ___________________ Р.Ж.НургожинКЕЛІСІЛДІФакультет деканы ________________ К.К.Ахметов «____»_____________2012ж.Жжәқб МАҚҰЛДАНДЫ ЖжӘҚБ бастығы _______________ А.А.Варакута «____»_____________2012ж. Пәнніњ мақсаттары мен міндеттері, оныњ оқу процессіндегі орныАнатомия — спорттың сан алуан түрінен жаттықтыругдыларды және дене төрбиесінен дәріс беретін мүғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық пән. Оның негізгі мақсаты тек қана білім обьектісін емес, мамандардың болашақ қызметін де қамтамасыз етпек. Адам анатомиясын зерттеу алдына мынадай міндеттер қояды:
Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:- ағзаның жасушаларына, ұлпалары мен мүшелеріне тән негізгі тіршілік әрекетінің жалпы көрсеткіштерін зерттеу; - ағзаның сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі эсерлеріне жауабын зерттеу; - жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында бұлшық ет қызметін камтамасыз ететін физиологиялык механизмдерді ашу; - адам ағзасы қызметінің мүмкіншіліктерін және оның арту механизмдерін зерттеу; - зертханалық сабактарда өз бетімен тәжірибелік ғылыми зерттеулер жүргізуге үйрету; - әртүрлі жастағы адамдармен жұмыс жасайтын мамандарды анатомия пәнінен алған білімдерін пайдалана білуге баулу. Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:- жас шамасы, конституционалдық, спорт морфологиясының, сондай-ақ жыныстық диморфизм негіздерін жөне спортшы денесінің қалыпты жағдайы мен қимыл - қозғалысының анатомиялық талдау тәсілі мен морфологиялық зерттеу әдістерін қолдану. - алған білімдерін практикалық әрекетте және басқа биологиялық пәндерді өткен қезде пайдалану. Пререквизиттері: анатомия және спорттық морфология, дене шынықтыру және спорт биохимиясы сиякты пәндерден алған білімдеріне негізделген. ![]() жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны Дәрістік сабақтардың мазмұны 1. Кіріспе Анатомия- ғылым әрі оқыту пәні. Анатомияның мазмүны жөне оның биология ғылымдарының ішінде алатын орны. Анатомияның міндеттері және медициналық - биологиялық және спорттық-педагогикалық пәндермен байланысы. Анатомияның өдістемелік негіздері. Адам организмінің қалыптасуындағы өлеуметтік биологиялық факгорлардың маңызы. Анатомиядағы зерттеулердің әдісі. Адамның дене құрьшысындағы симметриялық бірліктердің мөні, жазықтары. Организм және оның құрамдық компонентгері. Мүшел, мүшелер аппаратының немесе жүйелерінің компоненттері. Мүшелер аппараты мен жүйелердің таратудың негізгі принциптері. Қозғалыстарды атқару, реттеу және қамтамасыз ету мүшелері, аппараттары, жүйелері. 2. Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі Жасуша организмнің өмір сүру әрі даму құрылысындағы негізгі қызмет атқаратын бір бөлшегі. Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері. Жалпы және арнаулы мәндегі органеллдер, жасушаның қосылыстары. Органеллдердің, жасушаның пластикалық және энергетикалық процестеріне қатысуы. Ядро және оның құрылымдық компоненттері. Ядроның құрылысы мен пішіні. Хромосомдар. ДНҚ, тұқым туралы түсінік. Ядроның атқаратын қызметінің мәні. Өзін- өзі сезіну (жасушаның құрылымдық элементтерінің өздігінен өнуі). Жасушаның өмір сүру циклі. Жасушалардың бөліну түрлері. Адам организмінің жасуша аралық құрылымы. Ұлпалар. Ұлпалардың жалпы мінездемесі және топтастырылуы. Эпителиальдық ұлпалар. Олардың атқаратын қызметтері, шығу тегі мен құрылымдық ерекшеліктері. Жасушаның өз пішініне, қабатының қанша екендігіне қарай және де атқаратын қызметіне байланысты талдау. Қабықты, ауыспалы, бездер эпителийі. Бездердің түрлері, пішіндері мен құрылымы. Сыртқы және ішкі секрециялық бездер туралы түсінік. Эпителий ұлпаның регенерациясы. Ішкі ортадағы (дөнекер)ұлпалар, Олардың құрамы, қызметі және топтастырылуы. Қан және сарысу. Қан плазмасы мен формалық элементтері (олардың сипаттамасы мен сандық құрамы). Біріктіруші ұлпа: жеке дара біріктіретін ұлпаларды топтастыру. Бытыраңқы (қалыптасқан, қалыптаспаған) біріктіру ұлпалар, оның жасушалық элементтері (фиброциттер, фибробластар, гистоциттер, т.с.с). Жасуша аралық заттар (эластикалык, және коллагендік талшықтар). Тығыз талшықты біріктіру ұлпалар. Шеміршек ұлпа, оның сан алуан түрлілігі, құрылысы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы. Пластикалық сүйек ұлпа. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйектің пластинкалары, олардың құрылыстары және орналасуы. Остеон- құбыр тәріздес сүйектегі тығыздалған заттардың кұрамдық бөлшегі. Қатқыл талшықты сүйек ұлпа. Сүйек ұлпасының регенерациясы. Біріктіруші ұлпалардың сан алуан түрлерінің механикалық қасиеттерін қосқан кездегі беріктігі, созылу, ажырау, айналып кету. Бұлшық етті үлпалар. Бұлшық еттің өзіндік қасиеттері, алуан түрлілігі: біріңғай салалы, көлденең жолақты бұлшық етті үлпалар, жүректің бұлшық ет үлпасы. Біріңғай салалы бұлшық ет үлпасы, оның орналасуы және атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктері. Біріңғай салалы бұлшық ет жасушалары, миофибриллдер, протофибриллдер. Көлденең жолақ бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет талшығы (мион)-қаңқаның бұлшық ет ұлпаның негізгі элементі болып табылады, оның пішіні мен мөлшері. Бұлшық ет талшықтың біріктіруші (миофибрилл системасы), трофикалық (ядро-саркоплазмалық ққрылымының тұтастығы), мембранды (Т-системасы), тірек (бүлшық етгі талшық қабықшасы) және (М-жолақтар) және жүйке (сезім элементтері) аппараты. Саркомер. Протофибриллдер, олардың құрамы мен алуан түрлілігі. Бұлшық етті талшықтарын құрылымдық қысқаруы. Бұлшық ет талшықтардың түрлері: қызыл, ақ, ауыспалы. Олардың құрылымы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы, спорт тәжірибесіндегі мәні. Қозғалатын бөлшектер (үлкен, кіші) және олардың атқаратын қызметтері. Бұлшық ет көлемінің өздігінен жаңаруы және өсуі. Жүректің бұлшық ет ұлпасы, оның қаңқалык бұлшық еттерден айырмашылығы. Кардиомиоцит және оның құрылымдық компоненттері, олардың ажырауы. Жүректің ерекше бұлшық еттерінің сипаттамасы. Жүйке ұлпасы. Нейрон - жүйке ұлпасының негізгі қызмет атқаратын құрылымдық бөлшегі. Жүйке ұлпаның тіректік және трофикалық элементтері. Макро және микроглия.Нейрондардың құрылысы, пішіні және көлемі. Нейрон өскіндерінің қабыршақтары.Нейрондар өскіндердің сипаттамасы (нейриттер мен дендриттер). Синапстер және олардың жүйке импульстерін берудегі мәні. Рецепторлар. Нейронның түрлері. Жүйкелік діндер, перифериялық жүйке өскіндері, олардың қабықшалары құрамдарының вариативтілігі. Жүйке ұлпалары элементгерінің регенерациясы. 3 Организмнің өсу және даму заңдылықтары. Жыныстық жасушалар. Ұрықтану. Эмбриогенездің сатылары. Ұлпалар (гистогенез) мен мүшелердің (онтогенез) дамуы. Организмнің сырттай дамуы. 4. Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік. Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас, тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері. Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің мәні. Сүйектің пішіні жөне оның атқаратын қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы. Сүйектің эндесмальді, энхондральді, перихондральді түрлері туралы түсінік. Сүйектің ұзындығы мен қалындығы жағынан өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық салмақтың сүйектің интенсивті дамуына ықпал ету. Сүйектердің байланыстары туралы ілім. Сүйектердің байланыстардың топтастыруы: фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі), шеміршекті (синхондроздар, симфиздер). Буындар. Буынның негізгі элементтері. Қосымша пайда болған буындар. Буындарды топтастыру: байланысқан сүйектердің санына қарай, қызметтік таралу біліктердің санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы, аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен айналысатын біліктері, пішіндері. Буын пішіндері арасындағы қызметке қатысты тәуелділік. Қозғалыстың ауқымы мен буынның үстіңгі бетімен арақатынасы. Буындағы қозғалысты тежеу, өрі шектеу. Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері; Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз бен құймышақтың құрылысы. Омыртқалардың айланысы: омыртқалардың денелері арасында, доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы байланыстар. Омыртқа аралық дискілері және олардың құрылысы. Омыртқааралық буындар. Омыртқа бағананың байланыс аппараты. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. Сегізкөзбен қүймышақтың бірігуі. Омыртқа бағананың тұтастығы. Оның тіректік және серпімділік қасиеті. Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысы. Қозғалыс барысындағы омыртқа бағананың иілуіндегі өзгерістер. Адам денесінің сыртқы қабатында омыртқа бағананың құрылыстардың проекциясы. Кеуде қуысы. |
![]() | Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін оқыту кафедрасы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған | ![]() | Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні кредитгік технология бойынша оқытьщ студенттерге 050108- «Дене... |
![]() | 050108 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған Курс – 3 Семестр – 5 Кредит саны – 2 Практикалық сабақ – 30 сағат ожсөЖ – 30 сағат Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас... | ![]() | Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған |
![]() | Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін оқыту кафедрасы отырысында қарастырылды Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған жеңіл атлетиканың... | ![]() | Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... |
![]() | Ген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... | ![]() | Ген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... |
![]() | Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Аласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне... | ![]() | Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды... |