Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі




Скачать 434.36 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер434.36 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/bde751b8-ba53-11e4-bd4b-f6d299da70eeУМКД-3 каз. часть.doc
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-18-23.1.08/01-2014


ПОӘҚ

Оқытушыға арналған

пән

«Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» бойынша бағдарламасы


Баспа №__күні_____




ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі»


мамандық үшін 6М120200 – «Ветеринариялық санитария»


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2014


Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН


Құрастырушы ________ «___»____ 2014 ж. Серикова А.Т., в.ғ.к, профессор


кафедра «Ветеринариялық санитария»


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Кафедра мәжілісінде «Ветеринариялық санитария»


Хаттама № __«_____» _____________2014 ж.


Кафедра меңгерушісі ________ Дүйсембаев С.Т.


2.2 Аграрлық факультетінің оқу – әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды


Хаттама № __«_____» ___________ 2014 ж.


Төрайым ________ Г.Джаманова


3 БЕКІТІЛГЕН


Университеттің оқу – әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды


Хаттама № __«_____» _____________2014 ж.


Төрайым _______ Г.Искакова


4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН № 1 «__» 09.2013 ж


Дәріс №1. Лимфа түйіндерінің топографиясы.

Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді.

Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары). Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді.

Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).

Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр.

Ішкі мүшелердің лимфа түйіндері (өкпе, бауыр, ішек) пигменттердің болуына байланысты (гемосидерин, меланин т.б.) тілгенде көбіне қощқыл түсті болып келеді. Малдардың басы және ұшасының барлық лимфа түйіндері жұп (оң және сол) болады.


  1. Қай малдарда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей?

  2. Ешкілердің лимфа түйіндерінің пішіні қандай?

  3. Жылқылардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері қандай?


Дәріс №2. Ветеринариялық – санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және кәсіби жабайы жануарлардың лимфа жүйесі.

Ветеринариялық санитариялық эксперттер үшін малдардың лимфа жүйесін мұқият білу маңызды болып саналады, себебі ол сойғаннан кейінгі диагностикада және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі орын алады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикулоэндотелийальді жүйенің бір бөлігі болып, организмді лимфада болатын бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, ол метастаздар, инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болып, лимфа түйіндерінде спецификалық реакцияларды туғызады. Сондықтан ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады.

  1. Лимфа жүйесі организмді неден тазартады?

  2. Ұшаны сойғаннан кейін неге лимфа түйіндерін тексереді?


Дәріс № 3. Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.

Жақ асты лимфа түйіні – In. mandibularis – жұп, сопақ немесе домалақ пішінді, ұзындығы 2,0-4,5 см, жақ асты сілекей безі мен төменгі жақ сүйегінің ішкі беткейінің аралығында орналасқан. Лимфаны бастың төменгі және жақ бөлігінің терісінен, тістерден, ауыз және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғаларынан, тілден, үстіңгі және төменгі еріндерден, беттен, сілекей бездерінен жинайды.

Құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан төмен орналасқан, алдыңғы бөлігі терімен, ал артқы бөлігі – құлақ маңы сілекей безімен жабылған. Лимфаны бас терісінен және бұлшық етінен, үстіңгі және астыңғы жақтан, көзден, сыртқы құлақтан және бас сүйектен, мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғасынан, үстіңгі және астыңғы еріннен, тістің қызыл иегінен және молярларынан жинайды.

Жұтқыншақ лимфа түйіні (ортаңғы) - In. retropharingeus medialis – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 3-6 см, жұтқыншақ пен бас сүйегінің негізіндегі бас бүгілдіргіштерінің аралығында орналасқан. Лимфаны ауыз қуысының және жұтқыншақ қабырғасынан, тілдің түбінен және терең бөлігінен, мұрын қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жұтқыншақ бездерінен (миндалиндер), төменгі жақтан, тіл асты және жақ асты сілекей бездерінен, көмейден жинайды.

Бүйір жұтқыншақ лимфа түйіні - In. retropharingeus lateralis – жұп, ұзындығы 4-5 см, атлант қанатының алдында орналасқан және жартылай немесе түгелдей құлақ маңы сілекей безінің артқы бөлігімен жабылған. Лимфаны бас бөліктерінен (тіл, құлақ, ми), жұтқыншақ қабырғасынан, алдыңғы үш мойын омыртқаларынан және оларға бекінген бұлшық еттерден және қалқанша бездің мойын бөлігінен жинайды. Лимфаны бастың барлық лимфа түйіндерінен қабылдап, оны кеңірдектік лимфа өзегіне жібереді. Басты 3-4-ші кеңірдек сақинасының деңгейінде алғанда бұл лимфа түйіні баста қалады, ал алғашқы екі сақина деңгейінде алынса – ұшаның мойын бөлігінде қалады.

Мойынның беткі лимфа түйіні - In. cervicalis superficialis – жұп, ұзынша пішінді, ұзындығы 7-9 см. Жауырын-иық буынының алдындағы жағында және жоғарырақ орналасқан. Лимфаны мойын, шоқтың, арқа, кеуде қабырғасының (8-10-шы қабырғаға дейін) және кеуденің төменгі беткейінің бұлшық еттерінен және теріден, сонымен қатар алдыңғы аяқтардың терісінен, бұлшық еттерінен, буындарынан және сүйектерінен жинайды. Оң жақтағы лимфа түйіні лимфаны оң жақ кеңірдектік өзекке, ал сол жақтағы лимфа түйіні көбіне кеуделік өзекке береді.

Мойынның тереңдегі лимфа түйіні - Inn. cervicalis profundae – алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінеді. Мойында кеңірдектің екі жақ жандарында көлденеңінен орналасады: алдыңғы – қалқанша безінің маңында, ортаңғы – кеңірдектің ортаңғы бөлігінде, артқы – мойынның төменгі бөлігінде, алғашқы қабырғалардың жанында орналасады. Бұл түйіндердің ұзындығы 0,3-2 см, лимфаны мойын омыртқаларынан, мойынның терең бұлшық еттерінен, өңеш пен кеңірдектен, ал алдыңғылар сонымен қатар жұтқыншақ аймағынан, сілекей және қалқанша бездерінен жинайды. Олардың шығаратын тамырлары – кеңірдектік лимфа өзектерімен бірігеді. Кеңірдек пен өңешті алғанда бұл түйіндер әдетте бұзылады немесе қанмен ластанады және оларды табуға қиынға түседі.

Шошқа басының лимфа түйіндері

Шошқалардың басында жақ асты, құлақ маңы, жұтқыншақ лимфа түйіндері бар, олардың анатомо-топографиялық шекаралары ірі қара малының шекараларымен бірдей.

Ерекшеліктері: жақ асты лимфа түйіндері жеке бөліктерге бөлінген ( негізгі және қосалқы), ал құлақ маңы және жұтқыншақ лимфа түйіндері кейде екіге бөлінген болады; жұтқыншақ медиальді лимфа түйіндері көлемі өте кішкентай болғандықтан зерттеу өте қиын, бірақ олар қандайда бір патологиялық үрдіске жауап беру кезінде тез ұлғаяды.

Мойынның беткі лимфа түйіндері- үш топтан тұрады: дорсальді, ортаңғы және вентральді.

Мойынның дорсальді беткі лимфа түйіндері- басқа малдардың беткі мойын лимфа түйіндерімен сәйкес келеді және бір ірі, сопақ пішінді (4,5 см дейін) және 1-2 үлкен емес түйіндерден тұрады.

Мойынның вентральді беткі лимфа түйіндері- кеуде сүйек бағытымен күре тамыр сайында жатады, құлақ маңы сілекей безіне дейін, 3-8 түйіннен тұратын тізбекті құрайды.

Ортаңғы топ- 1-3 үлкен емес түйіндерден тұрады, дорсальді және вентральді түйіндердің ортасында орналасады.

Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей кеңірдектің екі жағында орналасқан және краниальді, ортаңғы және каудальді болып бөлінеді. Краниальді және ортаңғы топтар 2-3 (5-7 дейін) үлкен емес түйіндерден тұрады, ал каудальді топ- бір ірі түйіннен немесе ұсақ конгломераттардан ( 14 түйіншектерге дейін). Каудальді түйін кеңірдекке вентральді, кеуде қуысына кіреберісте орналасады.


  1. Ірі қара басындағы лимфа түйіндерін ата

  2. Жақ буынынан төмен орналасқан лимфа түйіні

  3. Шошқа басының мойынның беткі лимфа түйіндері қанша топтан тұрады?


Дәріс № 4 Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының басындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.


Жылқылардың лимфа түйіндері ірі қара лимфа түйіндерімен бірдей жерлерде (анатомо-топографиялық шекарасы) орналасады және бірдей қызметтерді атқарады. Бірақ жылқыларда лимфа бір лимфа түйініне емес, қап ретінде орналасқан үлкен емес лимфа түйіндерінің топтарына (8-10 және одан көп) жиналады (борпылдақ дәнекер ұлпасының қабатында).

Жақ асты лимфа түйіндері- жақ асты кеңістікте, терінің және тері бұлшық етінің астында, төменгі жақтың бұтағының ішкі бетінде орналасады ( қапта 35-75 түйіндер болады, әр жақта).

Тіл асты лимфа түйіндері- жақ аралық кеңістікте, төменгі жақтың бұтақтану бұрышына жақын жерде орналасады.

Құлақ маңы лимфа түйіндері- қапта 6-10 түйіннен болады, жоғарғы жақтың қырының артында, жақ буынынан төмен жатады; құлақ маңы сілекей безімен жабылған.

Жұтқыншақ лимфа түйіндері- екі топтан тұрады: медиальді және латериальді. Медиальді топ жұтқыншақтың жоғарғы қабырғасында орналасқан, ал латеральді топ ауа қапшығының бір жақ бетінде орналасады. Бастың барлық лимфа түйіндерінен лимфа беткі мойын лимфа түйіндеріне келеді.

Терең мойын лимфа түйіндері- краниальді, ортанғы, каудальді топтар түрінде болады, орналасуы ірі қаранікіндей. Шығарғыш өзектері кеңірдек лимфа бағаналарымен бірігеді.

Беткі мойын лимфа түйіндері- иық буынының алдында ( қапта 60-180 түйін), иық бұлшық етінің астында орналасады. Лимфаны бастың артқы бөлігінің, мойынның, алдыңғы аяқтардың терісі мен бұлшық етінен және тұлғаның кеуде бөлігінен жинайды. Лимфа кеңірдектің лимфа өзегіне барады.

Қойлардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері

Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130-дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп.

Енекелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері

Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес.

Түйелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері

Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен.


  1. Жылқылардың жұтқыншақ лимфа түйіндері қанша топтан тұрады?

  2. Жақ асты лимфа түйіндерінің орналасу жері

  3. Сойған кезде түйелерде қандай лимфа түйіндер табылмайды?



Дәріс №5. Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.

Ірі қараның қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria – жұп, ұзындығы 2,0-3,5 см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның подкрыльцовый лимфа түйініне береді.

1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері – Inn. axillares primae costae – олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75-1,5 см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1-ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді.

Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis – жұп, ұзындығы 1,5-3,0 см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиальді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4-7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді.


Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.

Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.

Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.

Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).

Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.

Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.

Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады.

Шошқадағы бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері- 1-5 ұсақ түйіннен тұрады, бірінші қабырғаның кеуде сүйегімен қосылған жерінде, каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері жақын орналасқан.

Қанат асты лимфа түйіндері шошқаларда әдетте болмайды, ал олардың қызметін негізінде каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері атқарады.


  1. Шошқаның жамбас лимфа түйіндері қайда орналасады?

  2. Қандай лимфа түйіндер шошқаларда әдетте болмайды?

  3. Шошқаның тізе қатпарының лимфа түйіндері қай жерде орналасады?

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Лист утверждения к рабочей ф со пгу 18. 1/06 программе дисциплины разработанной на основании
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттерге арналған «Сапа менеджменті жүйелері»
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
М070300 «Ақпарақаттық жүйелер» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
«Қазақстандағы ХХ ғ Шетел кәсіпкерлігінің қалыптасу тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница